Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Интернет-сыйлығы

$
0
0

ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы конкурсы басталады

130926-logo-2Елімізде Интернеттің дамуы үйреншікті жағдайға айналғаны соншалық, біздің қоғам осы бүкіләлемдік торсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жетті. Қазақстанда осы Интернет және IT-технология саласымен айналысатын көптеген үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істеуде. Жақында ғана ашылған «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі қазақша Интернет-кеңістікті дамыту мәселелерімен айналысуды көздеп отыр. Ол үшін ол негізінен осы бағытта жұмыс істейтін сайт жасаушыларды, сайт иелерін, тіпті қарапайым қолданушыларды ынталандыру мақсатында іс-шаралар өткізіп тұрмақшы.

Ертең ұйымдастырылатын баспасөз конференциясы ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығын өткізу мәселелеріне арналмақшы. Бұл шара Қазақ Интернетінің дамуына ерекше серпін береді және жаңа ақпараттық технологияны ендіру мен ҚазНеттің жетістіктерін насихаттау үшін қызмет етеді.

ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы Ұлттық Интернет Ассоциациясының жыл сайынғы өткізілетін конкурстық жобасы болып табылады және ҚазНеттегі ана тіліміздегі үздік сайттарға, сайт жасаушыларға және Интернет пайдаланушыларға беріледі. Биыл конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілмекші:

1. Мемлекеттік органдар;
2. Білім және ғылым;
3. БАҚ және жаңалықтар;
4. Жеке сайттар;
5. Мәдениет;
6. Спорт;
7. Қоғамдық ұйымдар;
8. Мекемелер мен компаниялар;
9. ҚазНет тұлғалары

Конкурстың соңғы кезеңі биылғы желтоқсан айының басында жоспарланған Екінші Астана Интернет Форумы кезінде өткізілмекші.
Осы жағдайларға байланысты ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы конкурсының жұмысына ат салысамыз деген барлық адамдар мен заңды тұлғаларды қолдау көрсетуге шақырамыз.

Ұлттық Интернет АссоциацияныңБаспасөз қызметі


Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles