Ет жегеннің миы жақсы жұмыс істейді
Астана. 29 қараша. Baq.kz - Ет, жұмыртқа және сүт өнімдерінің құрамында болатын аспарагин амин қышқылы мидың қалыпты дамуы үшін аса қажет. Канадалық ғалымдар вегетариандық ас мәзіріне шамадан тыс әуес болмауға кеңес береді. Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, Монреаль университеті мен Сэнт-Жюстин госпиталінің ғалымдары адам ағзасынан аспарагиннің әрекетінен болатын мутация кодына тәуелді генді тапты. Аспарагин ферменті тапшылығынан ми жасушаларының көбеюі тоқтайды. Сол себепті мида сирек кездесетін генетикалық ауытқулар пайда болып, ақыл-ойдың дамуы тежеледі, мидың семуі (церебральді атрофия), іс-әрекетке қабілетсіздік сияқты кеселдер туындауы мүмкін. Ғалымдар мұндай қауіптен сақтану үшін ет өнімдерінен түбегейлі бас тартпау керектігін ескертеді.
↧
Рас айтады
↧