ҚАНАТ ИСЛАМ ОН БЕСІНШІ КЕЗДЕСУІНДЕ ЖЕҢДІ Уақыты: 30-Қараша, 2013 || Бөлімі: Бокс || 609 рет оқылған || Пікірлер саны: 11 (3 дауыс, орташа есеппен: 5,00 / 5)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің кезекті он бесінші кездесуінде колумбиялық Эмилио Хулио Хулионыжеңді. Кездесу Эквадордың Кито қаласында өтті.
Бұл Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі он бесінші кездесуі және он бесінші жеңісі.
Қазір қазақ боксшысы АҚШ-тың Майами қаласында жаттығып жүр. Промоутері – «Nelsons» компаниясының менеджері Нельсон Мендес.
Қанат Ислам WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedecaribe (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) титулының иегері.
«Nelsons» компаниясының дерегіне сүйенсек, Қанат Ислам келесі он алтыншы кездесуін 14-ші желтоқсанда Майами (АҚШ) қаласында өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.
Тегтер: Қанат Ислам
↧
Қанатың қатая берсін!
↧