Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

АЙДАЙ СҰЛУ АЙДАЙ

$
0
0
АЙДАЙ СҰЛУ АЙДАЙ
07.12.2013 21:44 Дуанабай Жолдасбек 032
24 жастағы алматылық Айдай Исаева жаңа «Қазақстан аруы» атанды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлады.
Алматыда «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының 25 қатысушысының ішінен еліміздің ең әдемі қызы таңдалды. Мұндай атаққа С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 7 курс студенті 24 жастағы Айдай Исаева ие болды. Жеңімпаздың өзі айтқандай, «Қазақстан аруы» ол үшін еліміздегі соңғы сұлулық байқауы болады. Енді аруымыз «Әлем аруы» байқауының үздік ондығына кіруді көздеп отыр.
«Өте қобалжып тұрмын. Тәж маған бұйырады деп ойламап едім. Алайда енді мен «Әлем аруы» байқауына түсетініме сенімдімін. Бұл менің оныншы байқауым, сол себепті арманымды жүзеге асырып, бұл байқауда Қазақстан атынан қатысқым келеді. Жеңісімді ата-анам мен жақындарыма арнаймын. Мен сахнада тынбай еңбек еттім, бұл менің жеңіске жетуіме көмектесті»,-дейді ару қыз.
Байқауда ақтық сынға шыққан қатысушылардың ішінде жеңіске бір қадам жете елмай қалған аруларымыз болды. «Қазақстанның І вице-аруы» атағын «Көкшетау аруы» Лаура Шамғұнова алса, «ІІ вице-ару» «Дефиле аруы» Вера Душина атанды. «Қарағанды аруы» Диана Кеңесоваға «ІІІ вице-ару» және «Ғаламтор аруы» атақтары қосылды. Ал Семей аруы Әлем Мақанбекова «ІV вице-ару» атанды.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles