ҚАНАТ ИСЛАМ ПРЕЗИДЕНТТІК КЛУБҚА ҚОСЫЛУҒА ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
Уақыты: 12-Желтоқсан, 2013 || Бөлімі: Бокс || 40 рет оқылған || Пікірлер саны: 1
(Баға беріңіз)
«Астана» президенттік клубы Қанат Исламды өз қатарларына алғысы келеді. Клуб Қанат Исламға ұсыныс жасаған. Егер боксшы бұл ұсынысты қабылдаса, ол алдағы жазғы олимпиадаға қатысуы мүмкін.
- Қанат Ислам президенттік келсе «Астана арландарына» қосылуы мүмкін. Және АИБА ұйымдастыратын APB жобасына қатысып, Рио же Жанейро олимпиадасына жолдамаға таласуына болады. Егер Қанат өз келісімін берсе біз оны «Астана» құрамына қабылдауға дайынбыз, — деп мәлімдеді президенттік клуб төрағасы Бақтияр Артаев.
Қанат Ислам қазір Майамиде Нельсон промоутерлік компаниясымен бірге кәсіпқой бокста жүр. Ол рингте он бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.