Астана. 13 желтоқсан. Baq.kz – 2013 жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ болжамалы бағалау бойынша нақты көріністе 6% артты. 2013 жылғы ЖІӨ деңгейі нақты көріністе 1991 жылғы ЖІӨ деңгейінен екі есеге артық және 206,9%-ды құрайды. Болжамалы бағалау бойынша 2013 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ шамамен 13 мың АҚШ долларын құрайды.
Тәуелсіздік жылдарындағы инвестициялық қызметте оң серпін байқалады. 1991 жылдан бастап 2013 жылғы қаңтар-қарашаға дейін негізгі капиталға салынған инвестицияларға қаражат салымдары 44,7 трлн. теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың ағылуы қолайлы инвестициялық климаттың құрылуымен байланысты және экономикалық өсімнің негізі болып табылады.
Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты өсуін қамтамасыз етті. Тұрғын үй құрылысына жыл сайын бағытталатын инвестициялар соңғы он жылда 7 есеге дерлік ұлғайды.
Жалпы құрылыста орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады, ол 2012 жылы 2,3 трлн. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2012 жылы 1991 жылғы деңгейге қарағанда 42,6% жоғары, ал 2013 жылдың соңғы 11 айында ол нақты көріністе тағы 2,9% артты.
Тәуелсіздік жылдарында республикада (2013 жылғы 11 айдың есебімен) 89,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 44,2 млн. шаршы метрі жеке салушылармен, 860,1 мың пәтер тұрғызылды. 2012 жылы 6,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 9,8% артық, оның ішінде халықпен 3,3 млн. шаршы метр, бұл 1991 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық, 2013 жылғы 11 айда 5,9 млн. шаршы метр іске қосылды, халықпен – 3,4 млн. шаршы метр.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өнімінің өндірісі нақты көріністе 26%-ға артты. Отандық машина шығаруда өндіріс 3 есе артты. Мысалы, 2013 жылғы қаңтар-қарашада 75 дизелді локомотив, 32479 жеңіл автомобиль және 439 астық жинайтын комбайн шығарылды.
Химия өнеркәсібінде 2013 жылғы қаңтар-қарашада 18 мың тонна пропилен полимерлері, 172,7 мың тонна азотты және калийлі тыңайтқыштар, 83,1 мың тонна фосфор, 1739,7 мың тонна күкірт қышқылы, 46,1 мың тонна натрий үшфосфаты, 8,4 мың тонна фторид сутегі өндірілді.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында ішінде әлемдік экономикаға терең интеграцияланды. Қазіргі уақытта республика іс жүзінде әлемнің барлық елдерімен сауда-саттық жүргізеді, барлық континенттердегі 212 мемлекет және аумақтар Қазақстанның сауда серіктесі болып табылады. Сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 1995 жылғы 9,1 млрд. АҚШ долларынан 2012 жылы 132,8 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2013 жылғы қаңтар-қазандағы сыртқы сауда тауар айналымы 108,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
↧
Жан басына шаққанд 13 мың АҚШ доллар
↧