Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Жамалхан Қарабатырқызы жайлы сөз

$
0
0

Жамалхан Қарабатырқызы жайлы сөз
жыр олимфиядасының ертеңін де
ескеруге тиіс

1
Бұрын өткен бір алыптың «патшасы ақынын сыйлаған ел бақытты» дегенін естіген шығарсыздар. Біз бақытты халықпыз. Немістер: «өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп» деседі екен. Біз өсер елміз. Бұл арада (немістерше айтқанда) айтыскерлерді де қамтыған нағыз философ ақындар мен оларға бейілі жоқ, қабілетсіз, мансапқор, өзімшіл әкімдер меңзеліп отыр. Шүкірлік, бізде ақындарды ардақтайтын ұлтжанды, қабілетті әкімдер де, олар сыйлап келе жатқан, сөз патшасына ағып тұрған атақты ақындар да, айтыскерлер де аз емес. Жамалхан Қарабатырқызы осындай ақынымыз, айтыскеріміз. Осы арада, ең әуелі, қарапайым қаламгерлер уәкілі ретінде, Жмалхандай ақынымызды, айтыскерімізді ардақтаған, мәдени мұрамыз арқылы әдебиетімізді, айтысымызды қастерлеген, азаматтығы алашқа әйгілі, әрі елағалары, әрі ақын Тілебалды Әбдірашит пен Байқожа Меркітбайларға және осы бауырларым арқылы Тарбағатай аймағының, Дөрбілжін ауданының басшыларына, бұларды қолдаған Үрімжі мен Құлжадағы жетекші органдардың бастықтарына шын жүректен алатаудай рахмет айтамын!
Ал, Жамалхан Қарабатыр қарындасымды халқымыздың ең асыл мұрасы, анатілімізбен орындалатын ардақты дәстүріміз айтыстың ұрпақтан ұрпаққа жалғануына, өзінен бұрынғылардың ұмытылмауына, өзінен кейінгілердің жетілуіне жасаған пәрменді рөлі үшін, «өлең олимфиядасы» атанған қазақ айтысының бүгінгідей мазмұнды, өрелі, танымал, жоспарлы іс-шараға көтерілгеніне қосқан үлесі үшін шын жүректен зор рахмет айта отырып, ең қызу құттықтаймын!

2

Сөзге шығушылар көп екен. Берілген уақыт қыс. Сондықтан мен, кәсіби сыншылардың талдау тақырыптарына да жармасбай, жаңағы басшылар лебізіндегі мәнді мазмұндарды да қайталамай, ойымдағы мына бір неше пікірді ғана білдірейін:
1.Жамалхан айтыскерлер ішінен топ жарған дарабоз.
Барлықтарыңызға аян, қазір біз жазба ақынды да, суырыпсалма айтыскерлерді де, терминдік жақтан аражігін ашпай, ақын деп жүрмыз. Ал, айтыскерлердің Жамалхан сықылдылары әрі жазба ақын, әрі жүйрік айтыскер. Жазба ақындардың көбі айтыскер емес, өлеңін тоқсан толғана отырып әрең жазатын «шабандар». Былайғы жерде бұл есте болуы керек. Қазірше қолда бар анықтамалармен бәрін де ақын деп сөйлей тұралық.
Ақын дегеніміз – поезиялық туындыларды ауызша не жазбаша шығаратын, сөздің тілін де, мазмұнын да шебер құрайтын, сол арқылы халықтың сөз патшасына тән көркемдік дәстүрлерін дамытатын, жырау, жыршы, өлеңші, т.б. ларды да қмтып жатқан кең мағынаға ие, ұлтымыз ерекше қадірлейтін қастерлі ұғым.
Біздің Жамалхан Қарабатырқызы осы топтағы, сөз патшасын халқымызға ауызша да, жазбаша да төгетін жыр сүлейі, танымал жұлдыз, ұлт тарихындағы кезеңі арыдан басталатын, тамыры тереңде жатқан поезия дейтін саланың кесек тұлғасы.
Жамалханның жазба ақындығы, ол арқылы өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанры, стилі, тілі өзге жазба ақындардікі секілді өз алдына бір бөлек тақырып. Бұл арада оған соқпаймын.
Ал, Жамалханның импровизаторлық (суырыпсалмалық) қарқыны, көркемдігі, шеберлігі мына жиынымыздағы басты тақырып. Қазір мұндай қасиеті бар жырау, жыршы, термеші, төкпе өлеңшілерді, жазба ақындардан парықтап, айтыскер деу ғылымға ене бастады. Жамалхан – осы бөлекше жасампаздық өңірдің де топ жарған тұлғасы.
Сөз реті келгесін айта кетейін. Тарихымызда бір дәуір етек алған, әлі үзіле қоймаған, реті келсе қайта гүлдене түсуі де мүмкін жазбаша айтыс пен жазбаша айтыскерлер де осы жасампаздық өңірге жатады. Өйткені оның сипатын, қалам мен қағаз емес, қасиет белгілейді.
Айтыс пен айтыскерлік, дәл қазір өзге ұлттарда жоқтың қасы, толық мүшесімен тек бізде ғана бар. Халқымыз айтыскер, жырау, жыршы, термеші, төкпе өлеңшілерді жоғары бағалайды. Мысалы, ғалымдар: жыраулар «ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау-жырларды шығарып айтушы. ...Ойшыл, ақылшы, көреген сәуегей» ( М. Әбәлқасымов) деседі. Әрине биік баға. Ал, жыршыны «ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, ... сөзге шешендік пен ой өткірлігіне дауыстың әуезділігін, асбаптық сүйемелді, орындау шеберлігін қосып» жырлаушылар мен айтушылар дейді. Бұл тіпті биік баға.
Ендеше айтыскер дегенді дағдымызға енгізуді ұсына отырып, Жамалханды әрі жазба ақын, әрі қазақ маңдайына біткен ең үздік айтыскер демекпін. Бұл атақ «желқабыз жүйрік, сөз өнерінің дарасы, бүгінгілердің сарасы, айтыскерлердің анасы» атанған Жамалханға дүп түсіп-ақ тұр.
2. Жамалханның бұл жиыны қазақ айтысын ілгерілете түсуі керек.
Алдымен, орны биік Жамалхан мен Құрманбектердің ғылыми талқы жиындары, өткізілетін орны мен атқарушы органы аудан болса да, қатысушылар аумағы мен мәртебесі ауданнан әлде қайда жоғары болуға тиісті.
Айтыс – қазақ мәдениетінің ішіндегі әдебиетті кіндік еткен, тек өзіне ғана тән, бай мазмұнды, көп ерекшелікті тамаша болмыс. Сондықтан мыналарды ескерте кетпекпін:
(1) Айтыскер, ақын, жыршылар жоқ жерде айтыс та жоқ. Әр істе адам факторы бірінші орында. Айтыс үшін тіпті де солай. Оларды барынша сыйлау керек.
Бүгінгі Жамалхан мен Құрманбек бастаған топ пен олардың артына ерген Гүлсынай, Нағыман, Ержанат, Еркін, Қайрат, Әбдіғани, Мақан, Ғазиза, Гүлден сықылдылар болмаса, айтыстың бүгінгі өресін көруіміз де қиын еді. Ұлт үшін, ұлт мәдениетінің жалғасты дамуы үшін, ана тіліміздің аясының тарылмауы үшін, айтыстың мәңгі үзілмеуі үшін жастарды ана тілге, білімге, әдебиетке, ақындық пен айтыскерлікке мықтап тарта алатын, олардың белсенділігін қоздыратын, шабытын өршітетін нақты саясат, амал, шара да болуы керек. Талайдан бері айтыла-айтыла келіп, жуықтан бері ресми ашылған айтыскерлік кәсібі – осындай шаралардың бірі. Біз мұндайды әрі баянды етуіміз, әрі дамытуымыз керек.
Саясат пен шаралар қатарына енуге тиістілер бұл ғана емес, әрине. Мысалы, заңдастыра отырып, айтыскерлерге кәсіби техникалық (профессор, доцент, лектор немесе посдоктор, доктор, магистр, бакалауыр сықылды) атақтар берілсе тіпті құба-құп болар еді. Әлбетте оның нақты атауы өз ұлтымыздың дәстүріне (мысалы, сал, сері, т.б. ға) үйлессе тіпті жақсы. Ал мұндай атақтың ту төбесі Құрманбек пен Жамалханға берілуі керек.
(2) Айтыстың кем дегенде бүгінгі қалпын сақтау мен жалғастыру үшін ол сүйенетін заң, ережені тұрғызу керек.
Өзгермес дүние жоқ. Бәрі өзгерген. Өзгеріп те жатыр. Былайда да өзгеретін болады. Айтыс тәбиғатін сақтаған беті өзгеріп дамуы, жалғасуы тиіс. Қоғамдық жағдай құбылса да, басшы командалар ауысса да, тіпті ұлт сапасында да өзгерістер туылса да, мәдени мұраны қорғау – ұлт арыстары мен ұрпақтың борышы.
Ұқықты, заңды мемлекетте қорғаудың ең пәрменді амалының бірі – заң. Қорғалуы мен нақты амалдары заңға кірген дүниелер ғана өміршеңдеу келеді. Қазақ айтысы жөнінде арнайы ереже жасап, оны жоғарғы халық құрылтайларының бекітуінен өткізіп қою – осы бір асқарымызды баянды етудің, оны заманына лайықтап дамыта берудің кепілдерінің бірі.
(3) Асқарымызды аласартпауға барлығымыз жабыла күш салайық.
Қазақтағы «біреудікі біреуге қыздай көрінеді» деген, тек ер мен әйелге ғана қаратылған емес. Меніңше оның мағынасы кең.
Өзге ұлттардағы «он екі мұқам», «манас», «жәңгір» сықылдылар сол ұлттарға, тіпті күллі адамзатқа тән асылдар мен асқарлар. Біз бұларға зор құрметпен қарауға тиіспіз. Бірақ оған орынсыз, формалдық еліктеу ерсілікке саяды. Тіпті ұятқа да қалтырады. Егер ол еліктеудің астарында қолдан жасап көрініп қалу сықылды нысай болса тіпті нашарлық.
Біздің өз мұраларымыз өзімізге жетіп асады. Соны қадірлей, қорғй білсек болғаны. Қазақ өзінің айтысы – өлең тойы, жыр олимфиядасы, ... арқылы мейлінше мақтана алады. Біздің мәдени мұра өңіріндегі барша қайратымыз бұл асқардың орнын өзгеге беруге де, онымен өзге бірдеңені жарыстыруға да, әр түрлі әуенмен бұл асқарды аласартуға да жұмсалмауы тиіс. Әйтпесе халқымыз алдында қылмысқа жығылатын, өзге жұрт алдында ұятқа қалатын боламыз.
Ықыластарыңызға рахмет!


Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles