Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Бір әумесер – бір трагедия

$
0
0

Жандос ҚҰСАЙЫНОВ. Бір әумесер – бір трагедия
Бір ғана адам халық үлгі тұтқан тұлғаға айналып жатыр. Бір ғана адам сол қоғамның дауасыз дерті бола алады. Әншейінде мән бермейтін ұсақ «бытовой қақтығыстардың» ұлтаралық өшпенділікке ұласуына бір ғана әдепсіздің қайта-қайта айта берген арамза пікірі жетіп жатыр.
ҚАРЫМТА / 13.04.2015, 12:12 / 925 / 1
Ол бір кезде «Егер орыс тілін қысымға ұшыратып, жергілікті ұлттың мүддесін жоғары қоятын болсаңдар, сендерге Қырымның кері келеді. Солтүстік, бәлкім бүкіл Қазақстан Ресейдің қол астына өтеді» деп қоқан-лоққы көрсеткен. Елімізде тұрып жатқан (батька-матушкалары Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде, тың игеру, колхоздастыру науқандарында Қазақияға ауып келген, яғни, бөтен жерден Қазақ жеріне КӨШІП келген!) орыс ұлтының кейбір (!) өкілдері оның бұл пікірін қоштай жөнелді.

Жүзден аса түрлі ұлт өкілінің ынтымағы үшін тіліміз бен дінімізді, ұлттық мүддеміздің кейбір тұсын құрбан етіп үйренген бізге мұндай әділетсіз айыптаулар, орынсыз әлімжеттіктер ауыр тиетіні рас. Ішіміз қылп етті. Бұл секілді элементтердің бір бармағы бүгулі тұратынын бұрыннан білеміз ғой, бірақ тұтас ұлтты, мейлі ол қазақ, мейлі орыс болсын, «жаман» деп айыптау – арсыздың ісі емес пе? Арсыздың қай сөзімен алысып жатасыз, жыны басылар деп күткенбіз.

Басылмады. Сол Татьяна Шевцова-Валованы бір топ Фейсбук қолданушылары ұлтаралық араздыққа себеп болған пікірлері үшін сотқа тартып тынды. 21 наурызда сот үкімі шықты – төрт жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Осымен бұл бикештің хикаясы тамам болуға тиіс еді. Алайда, антиқазақы пікірлер әлі күнге тынған жоқ. Қайта үдей түскендей әсер беруде. Ол кейін «Мені орыс болғаным үшін ғана қуғындап жатыр» деген сыңайда сұхбат берді. «Мен ешқандай қазақ ұлтына қарсы сөз жазған жоқпын. Оны менің атымнан біреулер жазды. Арандатты» деп ақталған.

Алайда, күні кеше ол әлеуметтік желілерде баяғы әуеніне тағы басты. Бұл да Шевцованың атынан жазып жатқан фейктің әрекеті ме? Егер олай болса, неге ақталып жазбайды? Бір –екі рет кездейсоқ болуы мүкін. Бірақ, қайта-қайта майқұйрыққа тиген аяқтың ізін сүрте-сүрте, сол «артымыздан» ұят болып бара жатыр. Рател сайтына берген сұқбатында өзін құрбан етіп көрсетіп, Ресейге шағымданып отырғандай әсер беретін бұл құйтырқы қылығы ақтауға келмейтін әрекет. Өйткені, Қазақстанда қандай да бір ұлттың атына айып таңып, ұлтаралық араздықты қоздыруға үндейтін пікір айту - заңмен қудаланатын іс. Бұл қазақ, орыс, ұйғыр, татар және т.б ұлтқа қатысты бап.

Ендеше, Татьяна Шевцова-Валова жоғарыда айтқан қоғамның дауасыз дерті ме? Бұл ханым тұтатқан тезектің түтіні тынысымызды бітеп, тыныштығымызға сызат түсірмей ме деген заңды сұрақ туады. Бұл турасында арнайы мамандар жауап бере жатар. Ал біз бұл бикеш жайлы мынандай пікірдеміз:

1. Татьяна Шевцова-Валова жай ғана әйел. Жалпы, барлық ақымақ әйелге тән қасиет – өзі бірдеңені арнайы түрде бүлдіріп, кейінгі зардабымен күресуде күйеуіне, ағасына немесе әкесіне, қала берді ұлтына сенім артып отыратыны. Бұны психология тілінде «Питер Пен синдромы» деп атайды. Яғни, өскісі келмейді. Бұл жердегі «өсу» сөзін тура әрі ауыспалы мағынасында түсініңіз. Нақтырақ айтқанда, кез келген ситуацияны ақымақ баланың көзімен бағамдау. Татьяна жасағысы келіп жатқан образ мынау секілді: бұл тек орыс болғаны үшін ғана қазақтан қысым көріп жатыр. Ендеше, дядя Владимир, кел, әскер кіргіз. «Қазақтың иесіз, сұраусыз» жерін басып ал. «Ух, как страшно». Ендеше, проблеманың шешу жолы – емдету. Кәдімгідей психотерапевтке жаздыру. Шовинизм маниясынан емделуге болады – толық изоляция.

2. Татьяна Шевцова-Валова жай ғана қуыршақ. Мысырдағы көтерілісте басты тұлғаға айналған қарапайым интернет белсендісі есіңізде ме? Әлгі Гуглде істеп жатқан жерінен Мысырдағы билікке қарсылық акциясын басқаратын Фэйсбуктегі парақшаның администраторы болған Уаил Гоним есімді жігіт ше? Шевцова қазақстандық Гоним болуы әбден мүмкін. Әйтпесе, ол неге тыншымайды? Орысша айтқанда, почему она не может угомонится?

Төрт жыл , әзірге шартты түрде бас бостандығынан айырылғаннан кейін де айылын жимай жүргені оның батырлығы ма, әлде басқа ма? Иә, бір ғана адам күллі ұлттың трагедиясына айнала алады. Орталық Азиядағы тұрақтылыққа себеп болып отырған Қазақстан мен Ресей, қала берді, қазақ пен орыс ұлтының достығына сызат түсіру - аймақтағы өрттің тұтануына таптырмайтын қадам. Қырым оқиғасынан кейін жекелеген шовинистердің сайтаны құтырғанын білеміз. Сол сайтан бұл құралды қолданбай бекер жатсын ба?

Қит етсе бәлені сырттан іздейміз деп шамдануыңыз мүмкін, оқырман. Бірақ, тағы сол орысша айтсақ, «против фактов не попрешь». Әлем елдеріндегі көтерілістер, ұлтаралық қақтығыстар осындай өте қарапайым жолмен іске асырылады. «Сен қазақсың, мен орыспын және мен сені жек көремін». Бітті. Орны толмас өкініш. Ендеше, проблеманың шешу жолы тағы да сол - толық изоляция. Енді төменде сол ханымның пікірлерінен бірнеше мысал береміз. Материалды жазудағы мақсат орыс ұлтына қатысты жеккөрініш пен өшпенділік тудыру емес. Керісінше, қоғамның бір тал дертін сол қоғамды құраушы орыс ұлтынан бөліп қарау. Әлеуметтік желіде аузына келгенді айтып жүрген бұл ханым орыс емес бәлкім, ол синдром. Өйткені, «жаман ұлт болмайды», тек «есть плохие люди»...


Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles