Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Тарғақ

$
0
0

Тарғақ
http://acbk.kz/cms/uploads/images/Krechetka bird.jpg
Тарғақ ( Vanellus gregarius) – Қазақстанда және Ресейдің оңтүстігінде ғана ұя салатын, көгершіннен біраз үлкен әдемі құс.
Көбінесе ұясын ауыл маңатында, аласа шөпті жерде кішкентай шұңқырға салып, төрт жұмыртқа басады. Түрлі жәндіктермен қоректенеді. Өткен ғасырда тарғақтың саны күрт төмендеген - Украинада ұя салуды қойып, оңтүстік Ресейде де сирек көрінетін болды, 2004 жылы оны халықаралық Қызыл кітапқа енгізді. Құстың жалпы бояуы ақшыл, сұр-қоңыр; басы мен көздерінің бойында қара бояу бар. Еркектердің басында қара "баскиім" және төсінде қара бояу болады. Ұшқан тарғақты қанаттарының айқын түсіне қарап, алыстан тану оңай. Олар кішігірім топ құрып ұялайды. Топтардың арасы 20-30 метрді құрайды. Негізінен тарғақ балшықшы құс болғанымен, далалы жерде мекен етеді.

ҚБСА-ның тарғақты қорғау және зерттеу жұмысы

Тарғақты зерттеу. 2004 жылы қазақстандық мамандар шотландиялық Сент-Эндрюс университетінің зерттеушілерімен бірігіп, Оңтүстік Қазақстанда тарғақтардың ұялауын алдын-ала зерттеу жұмыстарын өткізді. "Тарғақ" ғылыми және табиғатты қорғау жобасын 2005 жылы ҚБСА және RSPB зерттеушілері бастады. 2006 және 2009 жылдары жоба "Дарвин инициатива" (Ұлыбритания) бағдарламасынан қаржылай көмек алып, жобаны 2011жылға дейін созуды шешті. Бірнеше жылдар бойы халықаралық топ Теңгіз-Қорғалжында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Таңдалған жоба территориясында мамандар қажетті ақпаратты жинады: құстың таралуы, ұялар жағдайы, балапандардың тіршілігі және т.б. Нәтижесінде, тарғақтар негізінен ауыл маңатында, шөбі аласа болып келетін мал жайылымдарында қоныстанатыны анықталды.

Ұяларды зерттеу. Негізгі жеті маусым ішінде, 2005 – 2011, жоба территориясында 1000 ұя анықталып, олардың дамуы бақыланып отырды. Нәтижесінде тарғаққа қатысты көптеген ғылыми ақпарат алынды. Құстардың ұялау әдеттерін басқа да тарғақ топтарымен салыстыру үшін 2007 жылы Павлодар өңірінде қосымша жоба территориясы белгіленді. Бұл территорияда 140 ұяны бақылау бойынша жұмыс атқарылды. Тарғақтардың ұялау мекеніне жақын орналасқан ауылдардағы мал жайлау бағыттарын анықтау мақсатында, үй жануарларына арнайы GPS қондырғылары орнатылды.

Фотокамераларды пайдалану. Жылдан жылға тарғақ жұмыртқаларының жарылу және жоғалу жағдайы көбейе берді. Фотокамералардың көмегімен зиянкестер анықалды. 2005 және 2007 жылдары жұмыртқаларды көбіне жабайы аңдар ойрандатса, 2006 жылы жұмыртқалар үй малының аяқ астында қалып жарылған.

Тарғақты сақиналау. Тарғақтың тіршілікке қабілеттілігін анықтау мақсатында, ересек құстар мне балапандарға арнайы сақиналар тағылды. Сақиналау арқылы балапандардың өміршеңдігі, қайта ұялау және басқа популяциямен араласу бойынша ақпарат алуға болады. Сақиналанған бірнеше тарғақ күзгі қоныс аудару кезінде кездескен еді. Қазақстанда сақиналанған тағы екі тарғақ Ресейдің оңтүстік батысында Ставрополь өңірінде анықталды. Бес сақиналанған тарғақ үлкен шығыс Түркияда қоныс аударушы топ арасында көрінді. Соңға 7 жыл ішігде Қазақстанда барлығы 1400 тарғақ сақиналанған, 100-ден аса тарғақтар қайта белгіленді. Соңғы 4 жыл ішінде жүзге жуық сакиналанған тарғақ анықталды.

Тарғақ санын зерттеу. Жыл сайын жоба мүшелері тарғақтың мекен орындарын, оған қоса өткенде ұялаған жерлерді зерттейді. Ресейдің құстарды қорғау Қоғамының мамандары жобаға қолдау көрсетіп, оңтүстік Ресей өңіріндегі тарғақтың белгілі тарихи мекендерін зерттеп өтті. 2010 жылы жоба шеңберінде жиналған ақпаратқа сүйене отырып, тарғақ саны 11200 дана құрады деген шешімге келді.
Серік хабарландырғышын орнату. Жобаның басты жетістігі деп тарғақтың қоныс аудару жолдарында атқарылған жұмысты атауға болады. 2007 жылдың қазан айында түрік орнитологтары 3200 тарғақтан құралған үлкен топты анықтады. Бұл соңғы 100 ішінде алғаш рет табылған топ болды. Бірнеше ай бұрын орталық Қазақстанда бір тарғаққа серіктік (спутниковый) хабарлағыш орнатылып, оның ұшу жолы бақыланып отырған болатын. Осы бір құсты бақылай отырып, тарғақтардың аса үлкен тобын анықтау мүмкін болды. Түркияға жеті үшін "біздің" құсқа 5700 шақырым жерді ұшып өту керек болған. Хабарландырғышы бар екі тарғак ары қарай сапарын Суданнның оңтүстігіне дейін жалғастырып, сол жерде қыстап, біреуі қайта Қазақстанға оралды. Алғаш рет тарғақтың қоныс аудару жолдары картаға түсіріліп, оның қыстау орындары анықталды. Жоба аясында арнайы дерекқор жасалды: онда 83 елден тарғаққа қатысты ақпарат жиналған. 2010 жылы тағы 8 тарғаққа серіктік хабарлағыш орнатылды. Алғащ рет екінші -шығыс қоныс аудару бағытының бар болуы дәлелденді. 2011 жылы біз тағы 2 хабарлағыш отнаттық, бұл жолы құстар қыстауға ұшып кетті. Барлық хабарлағышардың ішінде тек қана 4-уі бүгінгі күнге дейін ақпарат беруде.
Жоба шеңтерінде қызмет ететін мамандар тарғақ бойынша толық дерекқор жасады. Бұнда 150 жылды қамтитын 83 елден жиналған 1200 мағлұмат бар. Жобаның шеңберінде тарғақ санының азаю себептерін анықтау мақсатында талай жұмыс атқарылды. Алайда, нақты жауап табу оңай іс емес. Құстар санның азаюы ұялау орындарында емес, қоныс аудару жолдарында болуы әбден мүмкін. Ендігі зерттеу жұмысы осыны анықтауға арналатын болады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles