Қазақ халқының осы қастерлі өнері ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
Бұл күндері Намибияның Виндхук қаласында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясы өтіп жатыр. Оның жұмысы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс – импровизация өнері» атты номинациясы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді.
Бұл шараға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізге белгілі айтыскерлер Б.Имашев пен А.Тұрсынбаева қатысуда. Айтыскерлердің сессияның отырысында сөз етіп отырған асыл өнердің таныстырылымын көрсетуі жоспарланған.
Еске сала кетейік комиссияның былтырғы отырысында елімізден ЮНЕСКО тізіміне «Қазақтың дәстүрлі домбыра күй өнері» және Қырғызстанмен бірлесіп ұсынған «Киіз үйді жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» атты номинациялар енген болатын, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
↧
Айтыс ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
↧