Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Алып жылан адам жұтты

$
0
0
Алып жылан адам жұтты
Астана. 29 қараша. Baq.kz – Үндістанның Мумбай қаласында адам шошынарлық жағдай орын алды. Ұзындығы 4 метр болатын алып питон жол жиегінде ұйықтап жатқан адамды жұтып жеп қойған. Жергілікті тұрғындар адамды толықтай жұтып, әрең демалып жатқан жыланды көргенде жағаларын ұстады. Куәгерлер питонның жанынан арақтың бос шөлмегін тауып алған. Кейін белгілі болғаны, құрбан болған жан өлерінің алдында ішімдікке "тойып", жол шетінде қалғып кеткен екен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары, жыланды сойып, ішінен адамның мәйітін алып шықты. Сараптама көрсеткендей, питон алдымен өз жемтігін буындырып өлтіріп, кейін жұтқан. Мамандардың айтуынша, әдетте мұндай бауырымен жорғалаушылар денесі шағын жануарларға тіс салатын көрінеді. Ал, адамды жұтып қою өте сирек кездесетін құбылыс дейді олар.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles