Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

ЕЛ ЕҢСЕСІ ТҮСКЕНДЕ, «ЕМШІ» ҚАПТАЙДЫ

$
0
0
ЕЛ ЕҢСЕСІ ТҮСКЕНДЕ, «ЕМШІ» ҚАПТАЙДЫ
27.11.2013 17:14 Тәшенов Төреғали 098
Кеңес Одағы тарқамай тұрғанда, дұрысы 1988 жылы алғаш рет теледидардан көрініп, одан кейін миллиондаған тұрғынды «көк жәшіктің» алдына жіпсіз байлап тастаған атышулы экстрасенстер Кашпировский мен Чумак естеріңізде болар.
Бұл екеуі мыңдаған шақырым жердегі қашықтықтан  150-160 млн адамның миына әсер етіп, бастарын айналдырған. Күллі кеңес халқы бұл екеуінің «шоулары» басталғандателевизордың алдына стақан толы су қойып, «заряд» алатын.  «Әулиенің» фотосуретін ауырған жеріңе баса қойсаң, жазыласың деп құдайдай сенетін.  Аса қатты беріліп кеткендері телевизордың алдында отырып-ақ қолдарын бұлғаңдатып, бастарын шұлғып шыға келетін.Үлкендерді былай қойғанда, оқушыларға дейін мектептегі сабағына бармай, Кашпировскийдің телесеансына телміріп, зомбиға айналған.Демі таусылуға жақын  КСРО материалдық тұрғыдан ғана емес, сыйқыршыларды қоғамдық сахнаға шығару арқылы моральдық тұрғыдан да «сындырылып» жатты.
Кремльдің бал ашатын жұлдызшыларының көшінде бұл екеуі ғана емес, атышулы Джуна да болатын. 1993 жылы Джунаға әскери медицинаның генерал-полковник атағы беріліп, мереке кезінде ол құрметті қонақ ретінде Қызыл алаңның трибунасында Ресей президенті Борис Ельцинмен қатар қол бұлғап тұратын. Бұдан 20 жыл бұрын, 1993 жылы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі бес жыл бойы күллі Кеңес Одағының халқын жаппай гипноздап келген Кашпировский мен Чумактың сеанстарына қатаң тыйым салғаннан кейін, алдыңғысы Америкаға, кейінгісі Еуропаға бой тасалауға мәжбүр болған-ды.
Он бес жылдай «жоғалып» кеткен бұл екеуі қайтадан бас көтеріп, енді Қазақстан халқын емдей бастағанына күлесіз бе, жылайсыз ба? Әлі де «әулиелердің» табынушылары аз емес екен. Анатолий Кашпировский Астананың қақ төріндегі Пирамидада екі апта бойы тегін сеанс өткізеді. Алматыдағы Студенттер сарайында әйелдер аталмыш «емшінің» аяғына жығылып, кейбірі жылап, кейбірі талып құлаған. Одан кейін бұл қасқаң бірталай облыс орталықтарында халықты емдеп, бұдан былай жиі-жиі келіп тұратынын айтып, қимай-қимай қоштасқан. Алан Чумак сексенге кеп селкілдеп тұрса да, биыл Орал қаласында жүздеген адамды жиып, дүркіретіп тұрып сеанс өткізген. Ал оның қанша адамның миына сына қаққанын кім біледі? Онсыз да өзіне өзі қол жұмсаудан алда тұрған қазақ елін одан әрі сынаққа салудың соңы қайбір жақсылық дейсіз?!
Қазір әлемде психологиялық және демографиялық соғыс қызу жүріп жатыр.Батыстан келген «сексуальдық революция» БАҚ құралдары арқылы жастар санасына күн сайын, сағат сайын сіңірілуде. Мектептерге енгізіліп жатқан жыныстық тәрбие беру бағдарламасының артында түптің түбінде болашақты тұқымсыз қалдырумәселесі тұр.«Валиология»сынды зияндыпәннің енгізіліп кеткені – соның бір көрінісі.Бұдан басқа,қаншама зиянды секталар жастар санасын ашық та, жасырын да улап жатыр. Ондай зиянды секталардың аржағында ФБР мен ЦРУ-дің адамдары тұр дейді білетіндер.
Гипноз – сыйқыршылықтың қуатты әрі қауіпті құралдарының бірі.Өткенге үңілсеңіз, соңғы жүз жылда гипнотизм тарихта аса ауқымды рөл атқарғанын аңғарасыз.Кеңестік арнаулы қызмет сонау НКВД кезеңінен бастап құпия лабораторияларда адамның жүйке жүйесіне әсер ететін гиноздау әдісіне жиі-жиі жүгініп отырған. Ешкімге сенбейтін саққұлақ Сталиннің өзін жұлдызшылар иландырып отырыпты. Бойында экстрасенстық қабілеті бар жастарды КСРО барлау мектебінде арнайы бағдарламамен оқытып, құпия қызметке пайдаланған. Мұндай гипнотикалық өнер бүгінде әскери барлау қызметінде әлі де жалғасып жатқаны күмәнсіз.
Білгіштер экономикалық тығырық таянғанда, дағдарыс келгенде, халықтың көңілін басқа жаққа бұра тұру үшін билік басындағылар елдің көңілін Кашпировский секілділерге бұрып қояды деседі. Кім білсін?! Кашпировский секілділер қайта «тірілгеннен» кейін басқа да бақсы-құшынаштар елімізде қаптап кетпесе болғаны дейсің. Бір заманда қара-құрым жұрт шапанының етегін бір сүйіп қалуға таласқан өзіміздің Сары Әулие де бір күні «гастрольге» шығып жүрсе таңғалуға болмайды. – Анатолий Кашпировский психикаға әсер ету арқылы емдейді. Алан Чумак дыбыс толқындары арқылы, сезіммен емдейді. Джунаның емдеу тәсілі – биоөріс. Ал мен шариғат жолымен емдейтін рухани емшімін, – деген Сары Әулие өзінің дәрежесі түркі әлеміндегі ең қымбат дәрігер санатына жататынын айтыпты. Соған қарағанда болашақта жиылған жұрт алдында өзінің төбе көрсетіп қалуы да ғажап емес-ау. Бірақ әл-әзір Сары Әулиенің емес, көріпкел Бақыт Жұматованың дәуірі жүріп тұр. Жұматова, тіпті 2018 жылы жер бетінде барлығы 1 миллиард адам өмір сүреді деген тосын пікір айтудан тайсақтамайды. «Қытай және Ауғанстан жер бетінен мүлде жоғалады» дейді. Тұтас қалалар жер бетінен әп-сәтте жойылып, тіпті миллиондаған адамдарды жерлеудің өзі қиындық туғызатын заман келуін жоққа шығармайды. Арты әйтеуір жақсылық болсын деңіз.
Өзін «адамзатты құтқару үшін қайта тірілген Иса Мәсіхпін» деген көріпкел, секта әрі партия жетек­шісі болған шымкенттік жерлесіміз Григорий Грабовойды ұмытпаған боларсыз. Ол 1991 жылдан бастап Өзбекстан президенті мен жоғары шенді шенеуніктері мі­нетін ұшақтарды қашықтан бақылап-басқарумен айналысқан. Әуе апатта­рын болжап, алдын ала сақтандырған. Осы үшін өзбек әуекомпаниясы оған қомақты ақша төлеп отырған. 1996 жы­лы Ресей асып, Мәскеудегі меди­цина училищесін бітірген Г.Грабовойдың техника және фи­зи­ка-математика ғылымдарының док­торы, профессор, Ресей және әлемнің бірнеше ғылым академияларының академигі деген салақұлаш атағы бар. Саудыраған орден, медальдан да кенде емес еді. Емшілігі, материяны қашықтан басқару, өткен мен болашақ жайлы болжамдары, көріпкелдік қасиеттері айтылатын «Басқару практикасы. Құт­қару жолы» атты үш томдық еңбегі бар. 2000 жылы ТВ-6 телеканалы бойынша «Григорий Грабовой. Ден­сау­лық формуласы» атты бағдар­ламаның жүргізушісі болған. Сол жылы өзінің атындағы қор жанынан «Басқару-болжау түрлері» деген басы­лым шыға бастаған. 2002 жылы Мәде­ниет министрлігінің кинематография қызметі «Григорий Грабовойдың мис­сиясы» деген фильмді қаржыландыр­ған. Сол жылы ол «Ресей Қаржы ода­ғы» мемлекеттік бағдарламасын қол­дау қорында вице-президент лауазы­мын атқарған. 2004 жылы құрамында Мәскеу мэрі Лужков, депутат Кобзон, губернатор Громов сияқты белгілі тұлғалар мен бұрынғы әскери және арнаулы қызмет өкілдері бар қауіпсіз­дік, қорғаныс және құқық қорғау проблемалары бойынша қоғамдық академияның мүшесі болған. Мәскеу­дің ірі залдарында мыңдаған адамдар­ды жинап, қомақты ақшаға лекция оқып тұрған. Айтпақшы, Грабовой Кремльге де жол тапқан. Борис патшаның сеніміне кіріп, Ельциннің күзет қызметінде істеген, жеке кеңес­шісі, жұлдызшысы болған. ТМД аспа­нын бақылап, ұшақ апаттарын бол­дыр­мау және болжаумен шұғылдан­ған. Ельциннің ұшағы Грабовой батасын бермей, көкке көтерілмеген. Ресейдің Төтенше жағдайлар министр­лігі балгермен бірлесіп жұмыс істеген. Мемлекеттік Дума депутаттарының біразы шылауына оратылып жүрген. Президент тағына жаңадан отырған Владимир Путин жолын кеспегенде, өткен ғасыр басында ақ патшаның ақ төсегін арамдап, тағын тартып алмақ болған Григорий Распутиннің карьерасын қайталауға сәл-ақ қалып еді. 2005 жылы Гри­горий Грабовой баспасөз мәслихатын өткізіп, онда өзін «дүниеге қайта келген Иса Мәсіх­пін» деп жариялады. «Бесландағы мектепте өлген балала­рыңды тірілтіп беремін» деп содырлар қолынан қаза тапқан балалардың аналарын сенде­л­тіп қойды. «2008 жылы Ресей прези­денті боламын» деп соқты. 2006 жылы алдап-арбау фактісі бойынша бірнеше қылмыстық іс жамалып, Мәскеудегі «Космос» қонақүйінде тұтқынға алын­ды. Ол тұтқынға алыны­сымен АҚШ-тың Чикаго қаласында Григо­рий Грабовойдың арнаулы шіркеуі ашылған. Бүгінде Грабовой құрған «ДРУГГ» (Г.Грабовойдың ілімін таратушы еріктілер) партиясының әлемде ондаған өкілдіктері бар. Олар қарап жатқан жоқ, алдап-арбау арқылы ауадан ақша жасап жатыр.
2008 жылы сегіз жылға сотталған осы Грабовойдың әлі күнге Ресей түрмесінде жатқаны, не бостандыққа шыққаны белгісіз. Мүмкін, бостандыққа шығып, уақытша қара көлеңкеде тасаланып жүрген шығар?!
Не десек те, бүгінде халықты арбаушылар мен алаяқтар жетерлік. Соның бір түрі – қаржылық пирамида, яғни бизнес-желі. Мавроди деген алаяқтың Қазақстанда қанша халықтың қалтасын қаққаны белгілі. Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде құзырлы органдар қаржы пирамидаларының заңсыз әрекетіне қатысты 61 қылмыстық іс қозғаған. Күмәнді құрылымдардың кесірінен 4000-дай адам жапа шеккен. Арбауға түскен қарапайым халық 767 млн теңгесінен айырылған. Қазақстанда қаржы пирамидасына тыйым салынғандықтан, осындай астыртын әрекеттер енді ғаламторда бой көрсете бастады. Қаржы пирамидасы үшін әл-әзір қолайлы кеңістік. Ашықауыздар енді ғаламторға желінуде.
Алматы облысы Ұйғыр ауданында Фархат Абдуллаев есімді азаматтың басшылық етуімен құрылған «Алла-аят» ұйымы ше? Марқұм Абдуллаев өзін «Алланың жердегі елшісі – пайғамбармын!» деп жұртты дүрліктіргені белгілі. Фархат атаның ізбасарлары күннің сәулесімен, тұз қосылған шаймен жұртты емдеп, қыруар ақша жасаған. Еліміздің аумағында әрекет етуге тыйым салынғанына қарамастан, әлемге қанатын жайып кеткен бұл ұйым өкілдері әлі күнге әр облыстан төбе көрсетіп, жұртты шулатып жүр. Жетекшілері ұсталғанмен, «күнмен емдеушілердің» қатары сетінейтін түрі жоқ. Солқылдақ заңы бар елде ауадан ақша жасаудың жолын тапқандардан әлі де небір құйтұрқылықты күтуге болады.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles