Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Р.Әлиевтің А.Сәрсенбайұлы өліміне қатыстылығына заттай дәлелдемелер бар

$
0
0

Р.Әлиевтің А.Сәрсенбайұлы өліміне қатыстылығына заттай дәлелдемелер бар

Астана. 20 желтоқсан. Baq.kz – Бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко Алтынбек Сәрсенбайұлы, Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынның өліміне байланысты осындай мәлімдеме жасады. 
«Тергеу нәтижелерімен жаңадан ашылған мән-жайлар өз дәлелін тапты.
Атап айтқанда, 2006 жылы Рустам Ибрагимов полиграфологиялық зерттеу және АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросының агенттеріне берген сұхбатынан кейін оларға адам өлтірудің шын мәніндегі тапсырыс берушісі Рахат Әлиев екендігін айтқаны анықталды.
Бұл ретте, Ибрагимов Әлиев пен Мұсаевтың тарапынан өзінің отбасының қауіпсіздігі қатерінен құқық қорғау органдарына ресми жауап беруден бас тартқан және бұл ақпаратты жарияламауды сұраған.
Қазіргі уақытта Рустам Ибрагимовтың арызын тергеу шеңберінде АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросы бұл ақпаратты өзара әрекеттесу барысында тиісті құжаттарды ұсына отырып, растады.
Жаңа тергеу барысында Ибрагимов жеке бас араздығына орай, расында да Ержан Өтембаев одан Алтынбек Сәрсенбайұлын ұрып-соғуды сұрағанын көрсетті. Бұл жөнінде Рахат Әлиевке мәлім болған. Ол Әлнұр Мұсаевпен бірлесіп, жағдайды пайдаланып қалуды шешкен және Ержан Өтембаевтің тапсырысын орындау сымақ болып, Ибрагимовқа Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруді тапсырған», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары.
Сонымен қатар, ол, Ибрагимовтың уәждері тергеу барысында жинақталған объективті дәлелдемелермен толықтай растайтынын және де Әлиев пен Мұсаевтың Алтынбек Сәрсенбайұлын және оның екі жолсерігін өлтіруге тапсырыс беруге және ұйымдастыруға қатыстылығы жөніндегі версияны растайтын жаңа заттай дәлелдемелер мен куәлердің жауаптары алынғанын атап өтті.
 
Абылай Сырлыбай


Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles