– Балам өскенде кім болғың келеді?
– Аяз ата!
– Неге?
– Оның несі жаман? Бір апта жұмыс істейсің де, бір жыл демаласың!
***
Бір қария емханаға қаралуға келеді:
– Дәрігер балам, жүрегімді тыңдап берші.
– Не болып қалды, ақсақал?
– Біреуіне шыққанда-ақ алқына бастаймын, екіншісіне шықсам, өкпем қысылады, үшіншісіне шықсам, жүрегім шаншиды.
– Дегенмен, ақсақал, сіз мықты екенсіз. Мен жас болсам да, үшеуіне бірден шыға алмас едім.
– Қой, сендей жігітке баспалдаққа шығу сөз болып па?!
***
Әріптестер әңгімесінен:
– Кеше кешкісін үйге келсем, әйелім жейдемнің жағасына жағылып қалған қызыл далаптың ізін көріп қойды.
– Шу шығарған шығар?
– Шығармағанда! «Маған да тура осындай далап алып бер» деп қоймады.