Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Нұрекең сайлауда айқын басымдықпен жеңді

$
0
0

Назарбаев президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті

АСТАНА. 27 сәуір. Қазақстанның іс басындағы Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы ТАСС тілшісі хабарлады. «Бұған сайлаулар учаскелерінде жүргізілген сауалдама барысы айғақ болып отыр», — делінген хабарламада. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі жүргізген экзит-полдың нәтижелері бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың 97,5 пайызы дауыс берген. Сайлаудағы екінші кандидат – Қазақстан халықтық коммунистік партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов 1,87 пайыз дауыс алған. Үшінші кандидат – өзін өзі ұсынушы, Қазақстан Кәсіподағы федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов үшін электораттың 0,63 пайызы өз дауыстарын берген. Экзит-полл осындай нәтижелер көрсетіп отыр. Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауының қорытындылары туралы алдын ала мәліметі 27 сәуір күні жарияланады.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/27/59577


Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles