Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Құттықтау

$
0
0

Біз Қазақстанның іс басындағы Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында айқын да өте зор басымдықпен жеңіске жеткенін ТАСС тілшісінің хабарынан көріп қатты қуандық.
Бұл аса маңызды саяси іс-шараның нағыз демократиялық көрініс беруі, Ұлы халықтың елдігінің егейлігі мен белсенділігін, отаншылдығы мен жауапкершілдігін, ертеңге деген өте мықты сенімі мен сертін әйгілеуі, бүкіл барыстың әрі заңды, әрі мейрамдай өтуі бізді тіпті желпінтті.
Бұл Нұрекеңнің Ел іші мен халықарада зор абыройға ие тұлға екенін, сарабдал саясатпен Қазақстанднның дамуына тарихи да ірі үлес қосқанын, Қазақстанда бірінші дәрежеде маңызды орын ұстайтын тәуелсіздік пен орнықтылықты бекем ұстап келе жатқанын тіпті көрсете түсті.
Осы орайда президент Нұрсұлтан Әбішұлын, бүкіл Қазақстан халқын ыстық ықыласпен шын жүректен ең қызу құттықтаймыз!
Ұлы Қазақ Елі дамылсыз дамыған беті мәңгі жасай берсін!
Зор құрметпен
Сұлтан Рамазанұлы Жанболатов
Профессор, жазушы, тарихшы, эхспарламентар
Жақып Мырзаханов
профессор, тарихшы, жазушы, мемкеңес стипендиясының иегері
ҚХР
Үрімжі қаласы
2015-04-27


Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles