Қазақ тілі қолдану аясы жағынан әлемде 63 орында
Статистика мәліметіне сүйенсек, әлемде барлығы 3500-дей тіл бар, ал, қазақ тілі қолдану аясы жағынан 63 орында тұр. Бұл жайында бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Оразгүл Асанғазы мәлімдеді.
«Елбасы жүргізіп отырған саясаттың бірі ұлтаралық татулық екені бәрімізге мәлім. Еліміздегі барлық ұлттардың достық пен татулықта тұрып жатқаны барша әлемге аян. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың осыншалықты тамыр жаюы мемлекет құрушы халық – қазақтардың мейірбандығы мен қонақжайлығына үйренген басқа ұлттардың өзара татулығының нәтижесі деу орынды. Өңіріміздегі барлық этномәдени бірлестіктердің күн сайынғы жұмысы татулықты, келісімді сақтауға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойған еді. Алайда, қазақ болып туған әр азамат өз тілінің мемлекеттік тіл екендігіне мақтанып, сол тілде сөйлеу керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде статистикаға жүгінсек, қазақ тілі әлемдік тілдер қатарында қолдану аясы жағынан 63 орында тұр. Мемлекеттік тіліміз араб, ағылшын тілдерден кейінгі үшінші бай тіл қатарында» деді О.Асанғазықызы.
Айта кетейік, ҚХА мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылады.
↧
Қазақ тілі 63- орында
↧