Астана. 9 шілде. Baq.kz – Қазіргі адамдарда, әсіресе жастарда көзге түсетін күштің көбеюінен соңғы онжылдықта көз аурулары жиі туындай бастады. Компьютермен жұмыс істеудің әсерінен ғана емес, бөлмелердегі салқындатқыштың ауаны кептіріп жіберуінен де «құрғақ көз» синдромы пайда болады. Экологияның нашарлауы, күйзеліс және өзге де сыртқы факторлар түрлі офтольмологиялық аурулардың туындауына алып келеді дейді окулист мамандар.
Егер сіз көзіңіздің айналасындағы ауруды сезінсеңіз, қабынуды байқасаңыз, көзіңізден шаршағандық және қызарғандық көрінсе, көзіңіз жасаураса немесе көруіңіз нашарласа, онда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Тек көз маманы ғана ауруыңыздың неден екенін анықтап, оның емдомын жасап бере алады. Ал, егер дәрігерге көрінуге мүмкіндігіңіз жоқ болса үй жағдайында көзге түрлі жаттығулар жасау арқылы да көз ауруынан айығуға болады.
Көздің көру қабілетін қалыпқа келтіретін тәсілдер:
1. 20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз. Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз.
2. Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз.
3. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңыз да, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз.
4. Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.
5. Компьютерде немесе жұмыс орнында көзіңіз шаршағанда мынадай жаттығу жасауыңызға болады. Екі қолыңызбен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзіңізді жауып отыруыңыз керек. Көзіңіздің демалғанын сезгеннен кейін қолыңызды босатуыңызға болады.
6. Дәрумендерді көбірек пайдаланыңыз. Әсіресе көкөністер мен жемістердің құрамында көздің көру қабілетін жақсартатын дәрумендер көп болады.
7. Күн сайын қайнатылған қырық қабат жапырағын жеңіз. Күн сайынғы тамақтануда қайнатылған және шикі сәбізді және грек жаңғағын пайдаланған дұрыс.
8. Шаршаған көзді сумен шайып шаршағанын басуға болады.