Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Айтқалидың құттықтауы

$
0
0

Айтқали Оспанұлы
(Ақын, жазушы, сақа редактор)

Сұлтан ағаға
Сала мүйіз серкелердей қой бастаған,
қар жамылып, басына тоң жастаған.
Мықтылар-ай десеңші көкірегі ояу,
аумайтын тізгін жұлар тор қасқадан.

Сұлтан аға сол топтың адамысың,
Жиырма томға арнаған ар-намысын.
Жанболатов атыңнан айналайын,
Қазақта бетке басар адал үлсың.

Мақтанбай мен қалайша тұра аламын,
ұшырмай жырдың сұлу құралайын.
Ұрпағы Құлекенің шашу жырым,
тойында қанат қақсын нұрағамның.

Тауынан Тарбағатай ұшқан қыран,
сен үшін арналады лаулап жыр-ән.
Бастың сен көксеректей ор түлкіні,
Сақиядан шыға келген, қағып сылаң.

Біз ішкен Еміл өзен суын балдай,
жүруші ем әлі оған шөлім қанбай.
Еліңді сусындаттың қаталаған,
маған да тіл бітіріп алтын таңдай.

Роман деп жан дүниең тартқан азап,
қол соғып тәнті болған күллі қазақ.
Біртуар азаматсың сен әлемде,
бірегейдің өзісің туған ғажап.

Тіріліп Елжау күнби арамызда,
Алыптың рөлін ұстап даламызда.
Саңқылдап сахараның өр төсінде,
Ой тастайды жаңаша санамызға.

Құдайы – фантастика әңгіменің,
Айналдым дарыныңнан салкүреңім.
Бір жанр қалыбымен құйып бердің,
бағыштап әдебиетке ақ жүрегің.

«Біз» деген трилогия кітабың да,
жетті асқан атақтарға жұрт алдында.
Сәбихан, Баяхымет, Әмір досың
қалды өшпес тарих болып бір ағымға.

Жатса да ел арғы бетке қопарылып,
босса да тұяқ біткен қотарылып.
Жыртысын жыртып келдің мұндағының,
өзіңнен жастайыңнан кұткен үміт.

Көп жүрдің арғы бетте, бергі бетте,
шарықтап ой-қиялың самғап көкке.
бөленіп барша қазақ құрметіне,
көңілінен орын алып, жағып көпке.

Біз жүрміз бабалардан қызық көріп,
замана картинасын сызып берік.
Жетелеп асқақ арман биіктерге,
аққудай көлге қонған жүзіп келіп.

Ұрпақсыз о адамзат өсеміз бе....
Біреулер Сұлтаның кім десе бізге,
Ай маңдай асыл ұлды тауып берген
мың алғыс айтар едік шешемізге.

Сөке аға қайтпай беттен алған бүгін,
жырлауға қармана бер елдің мұңын,
Миллиярдта арман қуған біздік ұлсың,
күн болып аспанымда қаққан күлім.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 778

Trending Articles