Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all 778 articles
Browse latest View live

Жоғалған кітапханалар

$
0
0

http://turkystan.kz/wp-content/uploads/2015/04/47-030-640x427.jpg
Кітап – қазақтың сегізінші қазынасы. Ғасыр жаңарып, жылдар алмасса да оған деген құрмет төмендемеген. Өйткені «кітап – білім бұлағы». «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» заманауи технология қарыштап дамып кеткенімен, интернет те, ұялы байланыс та білім мен ғылымның қайнар көзі саналар кітаптың орнын алмастыра алған жоқ.

Қанша ақылды болса да, компьютер кітаптың тереңдігі мен сарабдалдығын бере алмайтыны әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан кітапхана ілім-білім жинаймын деген адамның құтты мекені болып қала бермек.

Өткен жылдағы деректерге сүйен­сек, Қазақстанда кітапханалар саны 10 мыңға жеткен. Әр түрлі кедергілерге байланысты жабылып, тарих­тың көне беттерінде қалып қойған кітапханалар бүгінгі күнге жеткен болса, бұл цифр бірнеше есе көп болар еді.

Жойылған кітапханалар десе, аузымызға бірден қазақ даласындағы кітапханалардың бастауында тұрған Отырар кітапханасы түседі. Ол Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде өзі аттас қаламен бірге жер бетінен ізім-ғайым жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған шаһардан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан болатын. Солардың ішіндегі ең атақтысы – біздің ұлы бабамыз, Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби. Ғұламаны білім нәрімен сусындатқан – Отырар кітапханасы. Онда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Үлкендігі жағынан Александриядан кейінгі екінші кітапхана саналған білім ордасы басқыншылардың аяғымен тапталды.

Алайда, моңғол әскерінің Отырарды 6 ай бойы қоршауы кезінде кітапхана құпия түрде жер астына жасырылған дейтін дерек бар. Бірақ оның нақты қай жерге жасырылғаны беймәлім. Отырар кітапханасын табуға бағытталған археологиялық қазба жұмыстары әлі күнге дейін толастаған жоқ.

Көзсiз зорлық ғасырынан,

Надандықтың тасырынан,

Жер астына жасырылған

Дара тұлға бабалардың

ұшқыр ойы, санасы.

Ұяттыны толғандырған,

Қанаттыны заңғар қылған,

Күллi әлемдi таң қалдырған,

Рухыңмен қолда бiздi

Отырардың ұлы кiтапханасы! – деп Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай, әйгілі Отырар кітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер болғаны ақиқат.

Тарих беттерін парақтап шық­саңыз, тәуелсіздік қарсаңында да еліміздегі талай кітапхананың есі­гіне қара құлып салынып, қаншама қазынамыз талан-таражға түскеніне көз жеткізесіз. Тоқсаныншы жыл­дар­дағы оңтайландыру саясатының салқыны кітапханаларды да айналып өтпеді. Мәселен, 1993 жылғы есеп бойынша елімізде 7023 кітапхана болса, 2002 жылы соның 2630-ы ғана қалған екен. Тек бір ғана Алматы облысында 685 кітапхана өз жұмысын тоқтатқан. Жабылған кітапханалардың кітап қоры да талан-таражға түсіп, тістегеннің аузында, ұстағанның уысында кетті. Тіпті қазақ қаламгерлерінің құтты мекені – Қазақстан Жазушылар одағындағы кітапхана да өткен жылдардың естелігіне айналды.

Бертін келе еліміздің жағдайы жақсарып, халықтың еңсесі көтерілген соң мәдениетке қайтадан мән бере бастадық. Қазір әрбір мектеп пен жоғары оқу орындарында, тіпті балабақшалар мен әскери бөлімшелерде де кітапханалар бар. Бірер жылдың ішінде осыншама жетістікке жеткеніміз, әрине, көңіл қуантады. Бірақ сол кітапханалардағы кітап қоры қандай жағдайда? Дамыған елдер тәжірибесіне сүйенер болсақ, әр 10 жыл көлемінде кітапхана қоры толық жаңартылады екен. Халықаралық кітапханалар қауым­дастығы федерациясының ұсынысы бойын­ша 1000 тұрғынға 250 жаңа басылымнан келуі шарт. Ал әлемдік стандартқа сәйкес кітапхана қорының 50 пайызы соңғы 10 жылда шыққан кітаптармен толығуы керек. Бізде ше? Қазақстанда 1000 тұрғынға небәрі 67 дана жаңа кітап тиесілі. Өйткені жаңа басылған кітаптардың көпшілігі 2000-3000 таралыммен ғана шығады. Кітапқа сұраныс жоқ деген желеумен соңғы бес жылдың көлемінде таралым санын тіпті қысқарып кетті. Сұраныстың төмендеуі елімізде баспа ісіндегі насихаттың кемшін екенін көрсетсе керек. Ендеше, баспалар мен кітапханалар әлі де мемлекеттің жіті назары мен қамқорлығына зәру.


ИӘ, НЕГЕ МАҚТАЙ БЕРЕДІ?

$
0
0

МӘСКЕУ НЕГЕ МАҚТАЙ БЕРЕДІ?
20/04/2015 1 166
untitled
Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінен егемендігін алып, өз алдына бөлек-бөлек тәуелсіз ел болып кеткен республикалар ішінен, неге екенін қайдам, біздің елімізге деген ерекше қызығушылық Ресей тарапынан айлар мен күндерді былай қойғанда, минут-секунд сайын да толастамағанға ұқсайды. Қазақ елі аяқ астынан «күн тәртібіне» енген кезектен тыс президенттік сайлауға едел-жедел дайындалып, кенеттен келген көктемгі көшкінмен арпалысып жатқан уақытта… Мәскеуде тағы бір маңызды мәжіліске жинала-жинала қалды – саясаттың «жілігін шағып, майын ішкендер». «Қазақстан жолы: даму мен тұрақтылық факторы» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосқандар қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуының негізгі де шешуші аспектілері мен еуразиялық интеграция және Ресей-Қазақстан қатынастарының проблемаларын қызу талқылады.

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий ТОРКУНОВ мырза 1993-ші жылы Алматыда президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВпен қалай кездескенін, оның сол кездің өзінде-ақ Еуразия проблематикаларының ұңғыл-шұңғылын түсінікті де қарапайым тілмен қалай әңгімелегенін есіне алды. Оның айтуынша, Назарбаев әрқашанда әлемдегі экономикалық құрылымдарға қатысты жаңа идеялар тудырып, әрқашанда соларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын тауып отырғанға ұқсайды.

«Назарбаев жиырма бірінші ғасырдың алғашқы онжылдығында бүкіл әлемді қамтыған жүйелі дағдарыстан шығудың жаңа моделін өмірге келтіру идеясының катализаторы болды, — деді конференция барысында алғашқы болып сөз сөйлеген Торкунов, — ол сонымен бірге әлем саясаткерлері мен экономистерінің халықаралық деңгейде қызығушылығын тудырған бірқатар ұсыныстар да жасады. Оның «Дағдарыстан шығу жолы» атты көлемді статьясындағы идеялардың көпшілігі посткеңестік кеңістікте ешкім күтпеген резонанс тудырды…»

Мінекейіңіз, мәскеулік ректор осылай деп көсілсе, Ресей табиғи ғылымдар академиясының президенті Олег КУЗНЕЦОВ та әп-әжептәуір әңгімелер тиегін ағытты. Оның айтуына қарағанда, Қазақстан жеке-дара экономикалық саясат ұстану барысында өзінің басты межесі ретінде индустриалды-инновациялық даму жолын тиімді таңдаған екен, ал экономикалық дамудың бұл жолы елдің ресурстық-өндірістік потенциалының көңілге қонымды интеграциясын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, сонымен бірге білім беру мен ғылым деңгейінің де тұрақты түрде өсіп отыруын талап ететін көрінеді.

Конференцияда көсіліп сөйлеген білім-ғылым саласының майталмандарынан көршіміз халқының Мемлекеттік думадағы қалаулылары да қалысқан жоқ. Мәселен, Мемлекеттік дума депутаты, Еуразиялық интеграция, отандастармен байланыс және ТМД істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Татьяна МОСКАЛЬКОВА ханым Ресей парламентарийлерінің Қазақстан Республикасындағы тиімді басқару институттарының дүниеге келуіне негіз болған заң шығару тәжірибелерін көп жағдайда күнделікті жұмыс барысында басшылыққа алатындарын атап өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ТАТЬЯНА ханым, сондай-ақ, үш жүзге жуық келісім-шарттардан тұратын Қазақстан-Ресей қатынастарындағы келісім кешенінің де өте-мөте сапалы дайындалғанын айрықша әңгімеледі.

Қысқасы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Марат ТӘЖИН, Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор САДОВНИЧИЙ, Ресей президентінің халықаралық мәдени байланыс жөніндегі арнайы өкілі Михаил ШВЫДКОЙ және басқа да белгілі тұлғалар қатысқан осынау конференцияда біздің Елбасымыздың өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының бас кезіндегі саяси еңбектері сөз болып, қызу да қызу талқыланды.

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған аталмыш конференцияда қазақ елі мемлекеті басшысының қызметіне жан-жақты (?) баға берілді.

Ал біздің көңілімізге… аяқ астынан «атам заманғы еңбекті» ерекше мақтауды «күн тәртібіне» енгізген конференцияның сондағы мақсаты «НЕ БОЛДЫ ЕКЕН?» деген күмәнді сұрақ аяқ астынан ұялай қалды. Әлде бұл да президенттік сайлау қарсаңындағы халықаралық деңгейдегі «пиар-ходтардың» бірі ме? Мұны біз біле алмадық. Мәскеу мақтап жатыр тағы да, қысқасын қайырып айтқанда. «Біреуді құртқың келсе, оны қайта-қайта мақтай бер» деуші еді баяғының бір данышпандары. Соның кері келіп жүрмесе болды да?!

Марат МАДАЛИМОВ.

РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАННАН БАС ТАРТУЫ МҮМКІН БЕ?

$
0
0

14/04/2015 5 1 021
images
Әлем кеңістігінде «ақпараттар айқасының» жасырындау (кейбіреулер үшін әрине) болса да, жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқаны белгілі. Қазіргі заман – ақпараттар заманы: «…кто владеет информацией, тот владеет миром» деген ащы да болса «әдемі шындық» сөздің заманы болып тұр қазір. Ал енді қазіргі қазақ елінің кеңістігін (ақпараттар кеңістігін де, басқа кеңістігін де) шетелдік ақпараттардың, оның ішінде ресейлік ақпараттардың «әбден-әбден» жаулап алғанын ащы да болса, ашық айтуға тиіспіз.

Қысқасы, бұл бөлек әңгіме, ал бүгінгі қысқа-нұсқа әңгімеміздің негізгі желісі тағы сол баяғы – Еуразиялық экономикалық одақ деген ГӨЙ-ГӨЙ. Кеше ғана бірқатар ақпараттар ағынында «Қазақстан мен Ресей арасында «сауда соғысы» бұрқ ете қалды» деген гір-гір әңгімелердің жиегі байқала қалып еді, екі ел басшылығы бұл әңгімеге бірден елең ете қалды. Бірінші болып әдеттегідей Кремль кеудесін көтерді. Президент Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий ПЕСКОВ мұндай әңгімелерге ешқандай да негіз жоқ екені мәлімдеп еді, ресми Астананың «екі көзі бағжаң» етті – Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ мырза аяқ астынан асып-сасып… жөпелдемеде журналистер алдына шыға қалды да, Ресей мен Қазақстан арасында ешқандай да «САУДА СОҒЫСЫНЫҢ» болып жатпағанын, Ресей мен Қазақстан және Белорусь елдері арасындағы интеграцияның «полным ходом» (министрдің өз сөзі) жүріп жатқанын ресми түрде мәлімдеді де тастады. Оның айтуынша, айқай әңгіменің барлығы да «екі ел арасының шекараларынан» өтіп кетіп жатқан сапасыз тауарларға қатысты көрінеді.

Сондықтан да сапасыз тауарлар туралы әңгіме қозғалғанда біз бұл тауарларды Ресейдікі деп айтпауға тиіс екенбіз, біз бұл тауарларды – «Иванов» деген ЖШС-нікі немесе «Мыржықпаев» деген ЖШС-нікі деп айтуға тиіс екенбіз, Өскенбаевтың айтуына қарағанда. «Мұндай да мұндай сауда мен экономикаға қатысты мәселелерді мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтеріп, дау-даңғаза жасаудың қажеті жоқ» деді вице-министр. Қысқасы, Өскенбаев мырза өте әдемілеп айтып берді, Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай да «сауда соғысының» орын алмағанын. ХОШ дейік:

Осындай да осындай ырың-жырың әңгімелерге белгісіздеу де белгісіздеу деңгейде баға беріліп жатқан кезде қазақстандық белгілі экономист Мағбат СПАНОВ мырза ресейлік ақпарат құралдарына сырылдатып тұрып сұхбат беріп тастады. Сол сұхбаттарының бірінде МАҒБАТ мырза «…екі ел арасында, яғни Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай да «сауда соғысы» болып жатқан жоқ, — деді, — алайда екі ел арасындағы сауда-саттық мәселесінде көптеген түсінбестіктердің орын алып қалып жатқаны рас, бірақ бұл «сауда соғысы» емес. «Сауда соғысы» дегеніміз, мысалы, Америка мен Қытай немесе Ресей арасында болуы мүмкін, ал Қазақстан «сауда соғысын» жүргізуге әлі икемделе қойған жоқ.

Қайталап айтайын, ақпарат құралдарында айтылып жатқан «екі ел арасындағы сауда соғысы» дегеніміз әншейін ғана бизнесмендер арасындағы бәсеке емес пе! Ресей мен Қазақстан арасындағы экономика мәселесі біріне-бірі ұқсас болғандықтан екі ел арасындағы тауар айналымы да өте үлкен. Бұл сауда соғысы емес, ал егер алда-жалда сауда соғысы бола қалатындай болса, мұндай соғыстан Қазақстан ешқашанда жеңімпаз болып шықпайды, өйткені деңгейі төмен. Ал бірақ әлбетте, әжептәуір проблемалар тудыруы әбден-әбден мүмкін… бірақ біз бір нәрсені жақсы түсінуге тиіспіз: саяси реформа жасалмай, экономикалық реформа ешқашанда жасалмайды… біздің бизнесмендеріміз өздерін кәсіпкерміз деп ойлайды, ал іс жүзінде олар кәсіпкер емес, жай ғана саудагерлер ғой, шындығына келгенде.

Қазақстанның саяси да, экономикалық та басты проблемасы – осы. Егер Қазақстан экономикасы алдағы бес-алты жыл ішінде қайта құрылып, жөнге келмейтін болса, мұндай әріптестен, яғни Қазақстан сияқты әріптестен Ресейдің өзі-ақ бас тартатын болады. Қазақстандық тауар ешқашанда, тіпті ресейлік рубльдің девальвациясына дейін де бәсекеге қабілетті болған емес және жақын арада болмайды да. Ең басты экономикалық көрсеткіш, кейбіреулер «қақсап» жүргендей, ішкі жалпы өнім емес, керісінше – еңбек өнімділігі болып табылады. Бұл жағынан алып қарағанда Қазақстан Ресейден үш есеге, Еуропадан жеті-он есеге дейін қалып қойған…»

Міне, елімізге белгілі экономист осылай депті. Қай жағынан алып қарасақ та, құлаққа қонарлық әңгіме. Ал алдағы мамырдың сегізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үш елдің — Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерінің президенттері тағы да Мәскеуде бас қосады. Басқосуда әлбетте тағы да өзге мәселелермен бірге Одаққа мүшелікке енуге «екі алақанын» ысқылап тұрып дайындалып жатқан Қырғыз, Армения, Тәжікстан сияқты елдердің де мәселелері қаралуы әбден мүмкін. Ал СПАНОВ айтады – жақын болашақта Қазақстан экономикасы жаңаша қайта жаңғырмаса (реформаланбаса), бұл елмен әріптес болудан Ресейдің өзі-ақ бас тартады деп. Бүйте беретін болса, мұның соңы бара-бара… ЕАЭО-ның «етпетінен» түсіп, «оңбай құлауына» да апарып соқтыруы әбден мүмкін ғой? Әбден мүмкін.

Марат МАДАЛИМОВ.

Нұрекең сайлауда айқын басымдықпен жеңді

$
0
0

Назарбаев президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті

АСТАНА. 27 сәуір. Қазақстанның іс басындағы Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы ТАСС тілшісі хабарлады. «Бұған сайлаулар учаскелерінде жүргізілген сауалдама барысы айғақ болып отыр», — делінген хабарламада. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі жүргізген экзит-полдың нәтижелері бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың 97,5 пайызы дауыс берген. Сайлаудағы екінші кандидат – Қазақстан халықтық коммунистік партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов 1,87 пайыз дауыс алған. Үшінші кандидат – өзін өзі ұсынушы, Қазақстан Кәсіподағы федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов үшін электораттың 0,63 пайызы өз дауыстарын берген. Экзит-полл осындай нәтижелер көрсетіп отыр. Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауының қорытындылары туралы алдын ала мәліметі 27 сәуір күні жарияланады.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/27/59577

Құттықтау

$
0
0

Біз Қазақстанның іс басындағы Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында айқын да өте зор басымдықпен жеңіске жеткенін ТАСС тілшісінің хабарынан көріп қатты қуандық.
Бұл аса маңызды саяси іс-шараның нағыз демократиялық көрініс беруі, Ұлы халықтың елдігінің егейлігі мен белсенділігін, отаншылдығы мен жауапкершілдігін, ертеңге деген өте мықты сенімі мен сертін әйгілеуі, бүкіл барыстың әрі заңды, әрі мейрамдай өтуі бізді тіпті желпінтті.
Бұл Нұрекеңнің Ел іші мен халықарада зор абыройға ие тұлға екенін, сарабдал саясатпен Қазақстанднның дамуына тарихи да ірі үлес қосқанын, Қазақстанда бірінші дәрежеде маңызды орын ұстайтын тәуелсіздік пен орнықтылықты бекем ұстап келе жатқанын тіпті көрсете түсті.
Осы орайда президент Нұрсұлтан Әбішұлын, бүкіл Қазақстан халқын ыстық ықыласпен шын жүректен ең қызу құттықтаймыз!
Ұлы Қазақ Елі дамылсыз дамыған беті мәңгі жасай берсін!
Зор құрметпен
Сұлтан Рамазанұлы Жанболатов
Профессор, жазушы, тарихшы, эхспарламентар
Жақып Мырзаханов
профессор, тарихшы, жазушы, мемкеңес стипендиясының иегері
ҚХР
Үрімжі қаласы
2015-04-27

Қатерлi үш анық

$
0
0

Қатерлi үш анық: Путиннiң ұсынысы. «Алтын» ақша. Теңгенi жерлеу
Апта басында Алматыдағы “Астана” қонақ үйiнде өткен “Ортақ валюта: аңыз бен ақиқат” атты дөңгелек үстелде айтылған пiкiрлердiң кейбiр бөлiгi Ресей валюталық интеграцияны тым тездету арқылы геосаяси мақсаттарды көздеп жатыр дегенге сайды. Бүгiнгi нөмiрде назарларыңызға жиынға қатысқан экономистердiң баяндамасы мен азаматтық белсендiлердiң ой-пiкiрлерiн ықшамдап ұсынып отырмыз.

ВАЛЮТАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ТҰЗАҚТАРЫ
Дөңгелек үстелдi ұйымдастырған “Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың” жетекшiсi, саясаткер Төлеген Жүкеев Пу­тиннiң наурыз айында Ресей үкiметiне валюталық интеграция жөнiндегi iс-шараларды жасақтау туралы тапсырма жүктеуi Қазақстанда бiрыңғай валюта төңiрегiндегi пiкiрталас пен тал­қылауларға жол ашқанын еске салды. Т.Жүкеев бұл тақырыпта әртүрлi пiкiрлер айтылып жүр­гендiктен, жиынға экономикалық, инвестициялық мәселелермен жете таныс сарапшыларды шақырғанын айтты.
Осындай мамандардың бiрi, Tengri Partners-тiң басқарушы серiгi Әнуар ҮШБАЕВ “Еуразия­лық экономикалық одақ аясындағы валюталық интеграция тұзақтары” атты баяндама жасады.
– Ақша деген не? Бұл сұрақтың өзi экономистер ара­сында пiкiрталас тудырады. Ол қайдан пайда болады? Бiреу­лер оны үкi­мет жасайды десе, бiрi коммерциялық банктер жасайды дейдi. Ендi бiрi орталық банк жасайтынын алға тартады. Шын мәнiнде, орталық банк елдегi ақша массасының 2-3 пайызын ғана жасайды. Қалғанын коммерциялық банктер жасап шығарады. Қолыңызға ұстаған әрбiр теңге, доллар, сом, кез келген ақша бiрлiгi – бұл мемлекеттiң қарызы немесе коммерциялық қарыз.
Негiзi, валютаны кiм көрiнген шығара алады. Бiрақ басты мәселе – кiм көрiнген шығарған ақшаға тауар немесе қызмет сатып алуда. Мемлекет өзi эмиссия­лаған валютаның белгiлi бiр сұранысына кепiлдiк бередi. Әрине, ол үшiн қалыптасқан инс­титуционалды құрылымдар керек. Жеке сектор салық төлеуi үшiн оған мемлекеттiк валюта керек екенi түсiнiктi. Осылайша мемлекеттiк валютаға деген табиғи сұраныс қалыптасады. Бұдан кейiн осы валютада транзакция жүргiзу тәрiздi талаптар қойылады. Мұндай жағдайда жеке сектор өздерi пайдаланатын валютаны айналымға жiбер­мей, ақша табуға мәжбүр.
Ендi шығыс пен кiрiске келсек, кiрiстiң жалпы көлемi шығыс­қа тең. Барлық шығыс бiреудiң кiрiсiне айналады. Жалпылама алғанда, шығыс шығарып, кiрiс табатын үш-ақ сектор бар: бұл мемлекеттiк, жеке және сыртқы секторлар. Бiрақ белгiлi бiр жағдайда жеке сектор шығынын азайтып, өзi жинайтын ақша қорын арттыруы мүмкiн. Мәселен, дағдарыс туғанда немесе адамдар ертеңгi күнге сенiмдi болғанда осындай жағдай орнауы мүмкiн. Мұндай жағдайда қызық феноменды байқаймыз. Қорға жиналған әрбiр ақша бiрлiгi жұмсалмайды. Олай болса, бiреудiң қорда жиналған сомаға тең табысы төмендейдi деген сөз. Демек, жеке сектордың ақша жинауы табыстың төмендеуiне және ақша қорының азаюына әкеп соқтырады.
Өмiр сүрудiң деңгейi мен табысты қамтамасыз ету үшiн мемлекет мұндай жағдайда өз шығынын арттыру арқылы жеке сектор үшiн табыс тудыра алады. Алайда мемлекет өз шығынын облигация шығару арқылы қаржыландыратын болса, бiрақ инвесторлар болашаққа сенiмсiз болғандықтан бұл облигацияларды сатып алуға дайын болмаса ше? Немесе ақылға қонбайтын па­йыздық табыс сұраса ше? Бұл – өз валютасын шығаратын мемлекет үшiн мүмкiн емес жағдай. Өйткенi мемлекет әр уақытта орталық банктi кредитор ретiнде пайдалана алады. Әрине, бұл мемлекет күнi бойы ақша басып, оны жұмсау керек деген сөз емес. Өйткенi ондай жағдайда Зимбабве әлемдегi ең бай мемлекетке айналар едi. Кез келген шығынның инфляциялық салдары бар. Бiрақ бұл қаржы экономикадағы тоқыраған, тоқтап қалған ресурстарға жұмсалса, инфляцияның алдын алуға болады.
Еуроаймақтың тәжiрибесiне тоқталсақ, 1951 жылы Еуропалық декларацияға қол қойғандар бiрiгiп дамудың басты мақсаты – соғысты миға қонымсыз және материалдық жағынан мүмкiн емес нәрсеге айналдырып, демократияны күшейтудi көздедi. Яғни Еуроодақ Еуропаның бұрын­ғы Византия, Рим, Бiрiншi Француз империясы, Австро-Венгрия, т.б. түрiндегi империя мен одақтардың жаңа кейпiне ие болып, демократиялық принциптер мен жаңа бейбiт философия­ның бiрлестiгiне айналды. Бүгiн­де Еуроаймақтың бүкiл мем­лекет­терi де-факто АҚШ-тың жеке-жеке штаты тәрiздi. Әрi әр елдiң мемлекеттiк табыс көлемi жөнi­нен нақты бюджеттiк шектеуi бар.
Қызығы, Нобель сыйлығының лауреаты, канадалық Роберт Манделлды “еуроның әкесi” деп атайды. Десек те Р.Манделлдың өзi зерттеуiнде Еуроаймақ валюталық аймақ талаптарына жауап бермейдi деген қорытындыға келген. Еуропадағы монетарлы интеграция валюталық одақтың көптеген шектеуi мен кемшiлiк­терiне қарамастан , саяси инте­грация үшiн жасалды.
Одаққа мүше мемлекеттер монетарлы саясаттың кейбiр параметрлерiн өткiзiп беру ар­қылы тәуелсiздiгiн жоғалтты. Бұдан бөлек экономикалық құбылулар әр елге әртүрлi әсер еттi. Бұл да өзiнше бөлек проблема тудырды.
Р.Манделл мұндай ассиметрияны жою үшiн Еуроаймақ жұ­мыс күшiн емiн-еркiн геограциялық қозғалысына жол ашуы керек дедi. Ал американдық ғалым Питер Кенен фискалды интеграция­ның болуы немесе болмауы үлкен рөл ойнайтынын айтты. Он жыл өткеннен кейiн Кененнiң тео­риясы дұрыс болғанын көрсеттi.
Валюталық интеграцияны жақтаушылар мынандай дәлел­дердi келтiредi:1. Одақ iшiнде транзакциялық шығынның қысқаруы: 2. Валюталық тәуекелдер мен волатильдiлiктiң қысқаруы; 3. Бәсекенiң өсуi; 4. Қатысушылар арасында өзара сауда мен инвестицияның өсуi. Айта ке­тетiнi, еуроның енгiзiлуi Еуроаймаққа кiретiн елдер арасындағы өзара саудаға серпiлiс бере алмады. Оның үстiне Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты мұндай дәлелдер жүрмейдi. Өйткенi Ресей де, Қазақстан да одақ iшiндегi әрiптестермен салыстырғанда басқа елдермен көбiрек сауда-саттық жасайды. Еуропа қайта құру және даму банкiнiң зерттеуi бәсекенiң артуы қатысушы елдердiң экономикаларына әр кезде жақсы әсер етпейтiнiн көрсеттi. Мәселен, дамыған елдердiң одағында бұл жақсы нәтижелерге әкелуi мүмкiн, ал дамушы мемлекеттер одақ құрған жағдайда, өзара тең емес мүмкiндiктерге әкелiп, өзгелерден экономикасы жақсырақ дамыған ел пайда табады.
Қазiр Еуроодақтың болашағы көп талқыланып жүр. Мемлекеттер еуро аймағынан шығып, Еуропалық монетарлы жүйеге қайтып оралады деген пiкiр бар. Әрине, мұның бәрiн уақыт көрсетедi, десек те бiр анығы – еуропалықтар ортақ мемлекетке айналу үшiн тәуелсiздiгiн құрбан етуге дайын емес. Еуроаймақ фискалды интеграция мәселесiн шешетiн күн әлi де алыс тәрiздi. Осының өзi Еуропада ортақ валютаны дұрыс жетiлдiрiлмеген түрде енгiзу саяси консенсусты көздегенiн көрсеттi.
Еуроодақтың болашағы фискалды саясатқа байланысты. Ендi мұның анық-қанығын қарастырсақ. 2011-12 жылы Испанияның фискалды ахуалының (бюд­жеттiк дефициттiң/профициттiң iшкi жалпы өнiмге қатысы) Ұлыбританиядан айтарлықтай айырмасы болған жоқ. Бiрақ облигация арқылы 10 жылға қаржыландырудың құнында айтарлықтай айырма болды. Бұл айырма өз валютасын шығаратын эмитент-мемлекет техникалық дефолтқа ұрынуы мүмкiн емес, ал Еуроаймаққа қатысушы ел дефолтқа әбден ұрынуы мүмкiн екенiн көрсеттi. Бiрақ 1990 жылы инвес­торлар тарапынан ешқандай алаңдаушылық пен “қарыз бойынша дағдарыс” болған жоқ. Өйткенi еуроны енгiзгенге дейiн бұл елдер өздерiнiң жеке валютасының облигациялары бойынша дефолтқа ұрынуы мүмкiн екенiн ешкiм болжамады.
Жоғарыда айтып өткенiмдей, экономикадағы үш сектор ғана шығын шығарып, табыс таба алады: бұл мемлекеттiк, жеке және сыртқы сектор. Ал басқа бiр сектор тапқан табысынан көп шығын шығармаса, жеке үй шаруашылығы тапқан табысынан аз шығын жұмсай алмайды. Осы секторлардың арасында тәуел­сiз валютасы бар, шетелдiк валютада қарызы жоқ мемлекет қана өзi шығаратын валюта бойынша мiндеттемесiн орындай алмай қалуы мүмкiн емес. Мемле­кеттiк, жеке және сыртқы секторлар бiр уақытта профицитте немесе дефицитте болуы мүм­кiн. Жеке сектор үшiн ең ыңғайлы ахуал – оң мәндегi жиналған қор. Жеке сектордың несиеленуi өсе беруi мүмкiн. Бiрақ оның да белгiлi бiр шегi бар. Күндердiң күнiнде экономикалық белсен­дiлiк төмендеп, жарылатын “көпiршiк” пайда болады. Не­сиелендiру деңгейiн төмендету үшiн жеке сектор аз қаржы жұмсап, қарызды қайтару үшiн көбiрек ақша жинауы тиiс. Бұл табыстың жалпы деңгейi мен iшкi жалпы өнiмнiң төмендеуiне әкеп соқтырады. Осындай жағдайдың алдын алу үшiн кон­трцикл­дi фискалды саясат түсiнiгi бар. Қолжетiмдi ставкалар бойынша қорландыруға қол жеткiзе алатын мемлекет осы саясатты жүзеге асырмады. Бiрақ Еуропа мем­лекеттерi контрциклды фискалды саясатты iске асыра алмай қалды. Оларда жеке сектор қарызды өсiру есбiнен экономикалық өсiмге серпiн бере алмады. Мұның себебiн өздерiнiң валютасын қорландыра алмаудан iздеймiз. Еуроодақ ел­дерiнде ағымдағы төлем балансы бойынша табыс жоқ. Бюджет тапшылығын өсiру­дiң мүмкiндiгi де жоқ. Осы себептi экономистер Еуроодақтың тұтастығы мен болашағы мүше елдер ортақ бюджет пен ортақ үкiметi бар нақты федерацияға бiрiгуге бара ма, соған байланысты деп есептейдi.
Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасына қатыс­ты күлкiлi дәлелдер келтiрiледi. “Үлкен нарыққа жол ашыладыдан” бастап “бiздiң алтын әлем­дегi валюталарға қосылып, еуроны тықсырып шығарадыға” дейiн. Бiрақ бiз валюталық одақ­қа кiрсек, бастапқы кезеңде Қазақстан дағдарыс уақы­тын­да Ұлттық қордан жалпылама сұраныстың сыртқы компонентiн жасанды жолмен жасау арқылы iшкi сұранысты қамтамасыз ете алады. Ал ары қарай ше? Қазақстанның өз iшiнде аз тауар шығарылатындықтан, мемлекеттiк шығын импортталатын тауар түрiнде жұмсалады. Осылайша Ұлттық банк резервтерi мен теңгенiң айырбастау бағамына қысым жасайды. Сондықтан жауыр болған мәселе – индустриализация мен экономиканы әртараптандырмайынша, оны шеше алмаймыз.

“ЭКЮ” МЕ, ӘЛДЕ ЕУРО МА?
Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, экономист, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының жетекшiсi:
– 1994 жылы бұрынғы Кеңес одағына мүше мемлекеттер еркiн сауда туралы келiсiм жасады. Бұл жобаны Ресей ұсынды. Бұл уақытта әр мемлекеттiң өз валютасы болды. Айта кететiнi, баж салығы не төмен болды, не нөлдiк деңгейде болды. Демек, Ке­ден­дiк одақ­қа кiрмес бұ­рын баж салығында айтарлықтай айырма бол­ған жоқ. Сонда Кедендiк одақтың ер­кiн сауда аймағынан не айырмасы бар? Жоғарғы ұлттық орган пайда болды, iшкi шекара жойылды, кедендiк табыс бөлiндi. Бiрақ нарыққа қолжетiмдiлiк өзгерген жоқ. Интеграцияның келесi кезеңi – Еуразиялық экономикалық одақ. Мұның Кедендiк одақтан не айыр­масы бар? Кедендiк одақта тек тауар қозғалысы болса, мұнда қызмет пен еңбек күшiнiң қозғалысы қосылды.
Еуразиялық экономикалық одақтың төрт жобасы болды. Талқылай келе, алғашқы нұсқалардағы шекараны қорғау, ортақ парламент секiлдi саяси баптар алынып тасталды. Одақ туралы келiсiмге қол қойылған соң Еуразиялық экономикалық комиссия кеңсесi Мәскеуде, Жоғарғы экономикалық сот Минскiде болады деп келiсiлдi. Ал бiзге ортақ қаржылық қадағалау жағы бұ­йырды. Ол 2025 жылға қарай құрылады.
Валюталық одақтың форматы қандай? Мәселе осында. Егер жоғарғы ұлттық валюта жөнiнде сөз қозғалса, пiкiрталас өз-өзiнен шешiлер едi. Өйткенi жоғарғы ұлттық валюта мемлекеттiң ұлттық валютасымен қатар қолданыста жүре бередi. Сонымен, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қандай валюта жө­нiнде сөз қозғалып отыр? Ол еуро форматы ма, әлде “ЭКЮ” ма? “ЭКЮ” форматы болса, бұл ұлттық валютамен айналыста қатар жүре бередi. Ресейлiк ақпарат құралдары Қазақстан президентi ортақ валюта туралы айтқанда, еуро форматын меңзедi дейдi. Бiрақ бiздiң президент “ЭКЮ” форматын ғана айтты. Ұлттық валюта алынып тас­талады дегендi айтқан жоқ.
Ал егер ортақ валюта төңiре­гiнде сөз болса, бiз өз шығынымызды жаба алмай қаламыз. Орталық банктен валютаны алақан жайып сұрайтын жағдайға жете­мiз. Орталық банк Алматыда орналасады деген күннiң өзiнде эмиссия туралы шешiмдi қабылдау бiздiң ғана қолда болмайды.
Ал ендi валюта бағамының тұрақтылығына тоқталсақ. Бiз қазiр теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ете аламыз. Ал ортақ валюта енгiзiлсе, оның тұрақтылығы бiздiң қолымызда болмай қалады. Оның үстiне ондай ортақ валюта бағамының динамикасы 90 пайызға рубльге байланысты болмақ. Рубль онсыз да жиi құбылатын валюта екенi түсiнiктi.
Ал жоғарғы ұлттық валюта – “ЭКЮ”-ге келсек, ол Еуропада 1979 жылы енгiзiлiп, 1995 жылы алынып тасталды. Еуропаға оны ендiрмес бұрын 20 жыл қажет болды. Мұндай форматтағы валютаны ендiру үшiн алдымен ортақ қаржылық қадағалаушы орган керек. Келiсiмшарт бойынша, ол 2025 жылы құрылады. Демек, жоғарғы ұлттық валюта ендiру жөнiнде 2045 жылы сөз қозғауға болады. Ал бұл уақытқа жеткенше барлық тәуекелдер айқындалады. Бұл мәселе еуроның болашағына байланысты. Егер оған дейiн еуроаймақ ыдырап кетсе, мәселе өз-өзiнен ше­шiледi.
Жоғарғы ұлттық валютаға келсек, Ресей өз экономикасындағы мәселенi шешiп, рубльдi халықаралық резервтi валюта қатарына қосуға әрекет етуi керек. Егер оны iстей алмаса, жоғарғы ұлттық валютаны енгiзу пайда бермейдi.
Қысқасы, 2025 жылға дейiн ортақ қаржылық қадағалаушының құрылғанын күту керек. Оған дейiн көп нәрсе өзгередi, барлық салдарына көз жеткiземiз.

ЖОҒАРҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ДОЛЛАРҒА ТӘУЕЛДI БОЛМАҚ
Iлияс ИСАЕВ, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетiнiң доцентi:
– Әлемде валюталық инте­грацияның екi түрi бар. Алғаш­қысы – асығыс түрде қаржылық бақылаудың жоғарғы ұлттық органын құру. Елдiң өз бетiнше жүргiзетiн ақша‑несие саясатын сол органға өткiзiп берiп, ортақ валютаны құру. Екiншi нұсқа – бастапқы кезеңде есеп айырысатын бiрлiк (валюта емес) енгiзiп, оның ұлт­тық валюталармен қатар жү­руi. Екiншi нұсқаны кезiнде Еу­ропа ел­дерi қолданды. Ал алғашқы нұсқа әзiрге әлемнiң ешбiр елiнде қолданыс таппады. Екiншi нұсқаның өз проблемасы бар. Мәселен, Еуропа “ЭКЮ” бiрлiгiн енгiзбес бұрын ұзақ уақыт өттi.
Бiрыңғай валюта құрудың функционалды, экономикалық, техникалық, саяси және құқықтық аспектiлерi бар. 1978 жылы Еуропада валюталық комитет одағын құру ұсынылды. Осы одаққа бұрынғы орталық банк жетекшiлерi, ғалымдар кiрдi.
Әзiрге бiрыңғай валюта туралы сөз қозғау ерте. Валюталық, ақша‑несиелiк, фискалды саясатты үйлестiруге болады. Ал келесi кезең – үйлестiру. Үйлес­тiру кезеңiнде Еуропа “ЭКЮ” бiрлiгiн енгiздi. “ЭКЮ” мемле­кеттердiң ұлттық валюта бағамдарының ауытқу деңгейi мен доллардан ауытқу деңгейiн анықтауға көмек­тестi.
Еуропа еуроны енгiзудi 51 жыл күттi. 1948 жылы Еуропадағы өнеркәсiп соғысқа дейiнгi көрсеткiш деңгейiне жеттi, сөйтiп, сыртқы сауда мәселесiн көтердi. 1949 жылы одақ құрылды. 1999 жылы еуро шықты. Бiзге ортақ валютаға жету әлi қайда. Ресей болса, оны қысқа мерзiмде құрғысы келедi. Ол үшiн алдымен үйлестiру кезеңiн аяқтау керек. Өнеркәсiп өндiрiсi саласын үйлестiру қажет. Сосын машина жасау, азық-түлiк қа­уiпсiзiдiгi, ауыл шаруашылығы өнiм­дерiнiң одағын құрсақ қана Еуразиялық экономикалық одақтың валюталық интеграциясын талқылауға болады.
Экономикалық аспектiге келсек, валюталық интеграция – экономикалық өндiрiстiң соңғы кезеңi. Бiз әлi экономикалық өндiрiстi аяқтамадық. Сауда соғысы, АЭС салу төңiрегiнде, мұнай өңдеу зауыты жөнiнде талас-тартыс жүрiп жатыр. Еуропаның он екi мемлекетi саудасы алпыс пайызға жеткенде ғана валюталық жүйе жөнiнде мәселе көтерiлдi. 1958 жылы Батыс Еуропаның өзара экспорты 5,14 пайызға жеттi. Ал 1979 жылы бұл көрсеткiш 54 пайыздан асты.
Валюталық жүйенiң құрылуы Еуропа экономикасының жақсы жағдайымен тұспа-тұс келдi. Яғни, экономикасы өсу үстiнде болды, сосын еуропалық валюталық жүйе мәселесiн көтердi. Бұл уақытта Батыс Еуропа әлем­дегi алтын қорының 40 пайызына ие болған едi.
Егер ұлттық валюталармен қатар жүретiн бiрлiк енгiзiлсе, ол бәрiбiр долларға тәуелдi болмақ. Өйткенi орталық валюта бағамын долларға қатысты қарастырамыз. Ол уақытта юань ре­зервтi валютаға айналуы мүмкiн. Онда бағам доллар, юань, алтын­ға шағылып есептелуi керек. Ол қауiптi. Қажет десеңiз, АҚШ долларды құбылтып, валютаның негiзiн шайқауы мүмкiн.
Техникалық аспект бұл – эмиссия. Валюта өзiнiң жеке-дара кредиттiк эмиссиялық негiзiне қойылғанда ғана ақша жүйесi iшкi конъюнктураға тәуел­дi болады.
Саяси аспектiге келсек, Еуропада валюталық одақ мә­селесi Еуропарламент құрылғанда шешiлдi. Ал бiзде ондай ортақ парламент жоқ.
Екiншi форматтағы валютаға жету үшiн әлi инстуционалды құрылымдар жасақтау керек. 1950 жылдары Еуропалық төлем одағы құрылды. Оның мақсаты төлем балансын реттеу болатын. Кейiн бұл одақ Еуропалық валюталық келiсiм болып өзгердi. Ол келiсiм сосын 40 жылдан соң Еуропалық валюталық жүйе болып өзгердi. Валюталық әрiптес­тiктiң еуропалық қоры кейiн “ЭКЮ” эмиссиясының негiзi болды.
Қазiр валюталық жүйе мен одақтың қажеттiлiгiн зерттейтiн арнайы комитет пен топ құруға болады. Валюталық одақ – бұл экономикалық интеграцияның соңғы кезеңi.

ЛУКАШЕНКО АЙТАРЫН АЙТТЫ, АЛ НАЗАРБАЕВ ҮНСIЗ...
Тоқтар ЕСIРКЕПОВ, экономика ғылымдарының докторы:
– Астанаға келген Путиннiң айтуынша, бiрыңғай валюта енгiзсек, ортақ қаржы нарығымыздың қорғанысы берiк бола түседi-мiс.
Еуразиялық экономикалық одақтың шартында ортақ валюта туралы құқықтық норма жоқ.
2025 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердiң қаржы нарығын жүйелеп отыратын арнайы орган құрылады.
Еуразиялық экономикалық одақ­тың қалай өмiрге келгенi, идеяның авторы кiм екенi соқырға таяқ ұстатқандай белгiлi. Экономикалық одақ деген әп-әдемi атауды жамылушы, ар жағында саясы одақтың төбесi қараң-құраң ететiн бұл “апанға” жол бастаушы алғашқы баспалдақ – Ке­дендiк одақ болды. Одан кейiн бiрыңғай экономикалық кеңiс­тiкке енiп, жақындай түстiк. Еркiн сауда айналымы, валюталық одақ та саяси одақтың құрығын мойнымызға iлуге септiгiн тигi­зетiнi анық.
Одаққа мүше үшiншi ел Бе­ларустiң президентi Александр Лукашено “Блумберг” медиахол­дингiне сұхбат берiп бүй деген-дi: “Ортақ валюта енгiзiлсе немесе валюта одағы құрылса қалай жұмыс iстемек? Астанадағы бас­қосуда ортақ валюта енгiзу жайы сөз болып иi қанғанша тал­қыланды. Путин экономика саласы бойынша тереңге бойлап серiктесуге сеп болады деген болуы керек, ортақ валюта туралы сауалды талқылауды да ұсынды. Мәселен, Еуроодақтың валютасы бар, мүмкiн, сол секiлдi ортақ ақша айналымға енгiзiлетiн шығар. Бiрақ бұл дәл бүгiнгi күннiң шаруасы емес. Ортақ валюта туралы Путинмен ақылдасқанымызда ол бiзден осы мә­селенi сарапшылардың да сүзгiсiнен өткiзiп, саралауына қалай қарайсыздар деп сұрады. Бiз несiне қарсы боламыз, ортақ валюта туралы бұрыннан да айтып жүрмiз, сарапшылар да пiкiрiн бiлдiрсiн. Бұл мәселе бiздiң одағымыздағы соңғы әрекет болуы мүмкiн. Еуразиялық экономикалық одақтың атқаруға тиiс шаруалары шаш етектен. Әзiрге ортақ валюта енгiземiз деп даурығудың қажетi жоқ. Ең алдымен бiз ортақ валютаны айналымға шығаратын кезеңге жетiп алуымыз қажет. Ортақ валюта туралы әңгiменi талқыға сал­ған – ресейлiк сарапшылар. Шынтуайтына келсек, Еуразиялық экономикалық одақта мұндай сұрақ күн тәртiбiне шығарылған емес”, – дедi.
Лукашенко асықпайық деп аптығымызды басады. Бiз неге өлермендене ұмтылуымыз керек? Валюта одағын құру мәселесi екi-үш адамның ғана ақылдасуымен жүзеге аспауы керек. Кәдiгулi мамандар, ғалымдар, сарапшылар һәм осы салаға қатысы бар мамандардың қатысуымен талқыға салынуы тиiс.
“Еуразиялық интеграция” деген желеумен 2010 жылдың 1 қаңтарынан Кедендiк одақ қызметiн бастады, 2012 жылдың 1 қаңтарынан Бiртұтас экономикалық кеңiстiктiң бойына қан жүгiрдi. Биылғы қой жылының 1 қаңтарынан берi Еуразиялық экономикалық одақ аясында өмiр сүрiп келемiз. Соңғы кездерi Валюталық одақ жайлы да айтылып, құлағымызды үйрете бастағандай.

БIРЫҢҒАЙ ВАЛЮТАНЫ ҚОЙЫП, ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕП АЛСЫН
Меруерт МАХМУТОВА, экономист, Қоғамдық мәселелердi талдау орталығының жетекшiсi:
– Бiрыңғай валютаның айналымға енгiзiлу қаупiнен бұрын, басқа да негiзгi сұрақтарға тоқталып көрсек. Қазақстанның өз валютасынан бас тартып, Ресей валютасының ығына жығылу мәселесi әу баста қарастырылмады. Сол себептi Еуразиялық одақ аясында қол қойылған келiсiмшартқа сәйкес, Қазақстан ортақ валютаның шең­берiнде өз валютасынан бас тартуына қа­қысы жоқ. Сондықтан да мен бi­рыңғай валюта идеясын Пу­тин­нiң жүзеге асуы кү­мәндi же­ке ұсынысы деп қабылдаймын. Өйткенi Ресейдiң де Қазақстанның да экономикалық проблемалары уақыт өткен сайын қордаланып келедi. Ал бiздiң экономикамыз халықаралық сауда нарығына тәуелдi. Ресейдiң экономикасы 2015 жылы мұнай бағасымен бiрге күрт құлдырағаны мәлiм. Мұндай экономикалық құлдырау сол ел халқының әлеуметтiк жағдайының төмендеуiне де қатты әсер ететiнi белгiлi. Тұр­ғындардың кiрiс ақшасының көлемi азаюына, жұмыссыздықтың өсуiне, кедейшiлiк белдеуi­нiң артуына экономиканың тоқырауына үлкен әсер етедi. Сондықтан Қазақстан қазiргi кезде халқының кiрiс табысы көлемiнiң азаю мәсе­лесiне, әлеуметтiк проблемалардың көбеюiне жiтi назар аударып, экономикалық құлдыраудың алдын алуға кiрiсуi керек. Бұл тұрғыда елiмiзде Ұлттық қордағы қаржыдан ақша бөлу жолдары қарастырылды. Әрине, Ресей де, Қазақстан да жинақтаған қордағы ақшалармен мә­селенi шешуге кiрiсiп кеттi. Алайда қордағы қаржыдан гөрi экономикалық тығырықтан шығу үшiн ең алдымен мемлекеттiк шығындар көлемiн азайтуға тиiспiз. Мұндай шығындар қатарына ЭКСПО, олимпиада, универсиада өткiзу сынды iс-шараларды қосуға болады. Сондай-ақ, Ресейдегi секiлдi ке­дейшiлiк деңгейiн анықтап, орташа табыс мөлшерiн бел­гiлеп алғанымыз жөн. Өкiнiшке қарай, күнi бүгiнге дейiн Қазақстанда кедейшiлiк деңгейi мен ортақ табыс көлемiне қатысты шынайы дерек жоқ. Қазiргi кезде үкiмет пен билiк ең алдымен әлеуметтiк саясатқа жiтi назар салып, осы мәселенiң түйiнiн тарқатуға күш салуға тиiс. Ал ортақ валютаға келiсiм беру – Қазақстанның өз тәуелсiздiгiнен бас тартуы болмақ.

ИНТЕГРАЦИЯДА САЯСИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛМАҚ ТЕҢ БОЛУЫ КЕРЕК
Дастан ҚАДЫРЖАНОВ, саясаттанушы:
– Бi­рiн­шi – экономика, сосын – саясат дейтiн түсiнiктiң жаңсақ екенiн уа­қыт дәлелдеп бердi. Өйткенi экономика мен саяса­тты бөлiп қарастыру мүм­кiн емес. Сондай-ақ, саясат пен экономиканың байланысы бiздiң елдiң болашағын айқындап бе­ретiнiн ұмыт­пайық. Экономикалық интеграция тақырыбын сөз еткенде бiр тарап прагматикалық тү­сiнiк­ке негiздесе, келесi тарап көп аспектiлi өз ұстанымын ортаға салады. Интеграция мә­селесi бiздiң елден басқа да мемлекеттер арасында барын ескерсек, уақыт талабының өзi осындай интеграциялардың қажеттiгiн көрсетедi. Осыған дейiнгi интеграцияланған ел­дердiң тәжiрибесiне көз салсаңыз, экономикалық күш-қуаты басым елдiң саяси үстем екенiн де көруге болады. Интеграция дегеннiң қазiргi кездегi анықтамасы жаңа саяси күштердiң ортақ бiрiгуi дер едiм. Кезiнде осындай үлкен күшке АҚШ пен КСРО иелiк еттi. 1990 жылдары КСРО-ның күйреп, өзiнiң саяси, экономикалық күш-қуатынан айырылғаны мәлiм. Интеграцияның өзiндiк құндылықтары бар. Мәселен, Батыс елдерiнiң интеграция­сы демократиялық принциптерге негiзделген. Десек те, бұл ел­дердiң арасындағы интеграция әртараптандырылған. Мысалы, БҰҰ аясында құқықтық тақырыптар қамтылса, ал ендi бiр ел­дердiң ұстанымы мәдени-әлеуметтiк бағытты дамыту мақсатында. Кезiнде Араб әмiр­лiктерiнiң интеграциялық идеясына бiрнеше мемлекеттер топтас­қан едi. Араб елдерiнiң федерациясы, Араб елдерiнiң мем­лекеттерi деп, кейiнiрек Араб әмiрлiгiне қарасты елдер деп аталған бұл мемлекеттердiң қазiргi жағдайы қалай болғанына куәмiз. Судан, Ливия, Ирак, Иран секiлдi мемлекеттер өзара соғысып, саяси қарым-қатынасы тiптi ушығып кеттi.
Қазақстан мен Ресей, Беларусь елдерi арасындағы интеграцияны әзiрге экономикалық интеграция деп атап, сол байланыс аясында қызмет ету жоспары түзiлген. Алайда әзiрге осы үш елдiң арасында орнатылған интеграцияның өзара саяси, экономикалық салмағы тең емес. Өйткенi кез келген интеграцияның мәселесi сол мемлекет­тердiң iшкi мәселесiмен өлшенуi керек. Сондықтан осы орайда ортақ валюта тақырыбын жүзеге асырмас бұрын басқа да келелi проблемаларды шешiп алғаны жөн. Ал ортақ валюта – әлi пiспеген тақырып.

БIЗГЕ ТӘУЕЛСIЗДIК ТЕ, ТЕҢГЕ ДЕ ҚЫМБАТ
Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы:

rys51@mail.ru
– Еуразиялық экономикалық одақтың төл теңгемiзден айыру қаупiн төндiрерiн және саяси тұрғыдан да қысым жасаушылықтың басталатынын сан рет айт­қан едiк. Мұның бәрi түптеп келгенде, мемлекетiмiздiң Тәуел­сiздiгiне төнген нақты қатер боларын бұрын да ескерттiк, қазiр де қайталаймыз. Бiрыңғай валюта туралы Ресей тарапынан ресми түрде жасалған ұсыныс тықырдың таянғанын бiлдiредi. Бүгiнгi басқосуда кәсiби маман сарапшылардың дәлелдi, ғылыми негiзделген пiкiрлерiн тыңдадық. Отаншыл әрбiр азаматтың өз түйгенi бар. Мен сол тұрғыда сөз қозғайын.
Бiрыңғай валютаның тағдыры үш адамның қолында, олар қандай шешiм қабылдаса, солай болады. Ал ол үшеудiң кiм екенiн және бұлардың өз елдерiндегi денi дұрыс пiкiрлермен санаса қоймасын да бәрiмiз бiлемiз. Соған қарамастан, бұл тақырыпты бүгiнгi жиындағыдай жерiне жеткiзе талқылау керек. Тым құрығанда халықтың көзiн ашу үшiн, билiк басындағылардың қылмысқа тең қателiктерiн қаперлерiне салу үшiн. Бiрыңғай валюта күн тәртiбiнде тұрған жоқ қой деп жақауратушылардың сөзiнде пәтуа жоқ.
Президенттердiң бiреуi ойлап тапқан болып, екеуi қолдай жөнелген одақтың шынайы мәнi барған сайын ашылып келедi. Экономикалық ынтымақтастықтан саясаттың күлiмсiген исi бұрқырап шыға бастады. Путин ұсынған бiрыңғай валюта – жымысқы ойдан туған жұлынды үзер қатерлi ойын! Мемлекеттiк тәуелсiздiктiң бедерлi белгiсi саналатын төл теңгемiздi тәрк ету – Егемендiк туын жығу. Мұны патриоттық сезiмнен жұрдайлар да түсiнедi.
Ресейдегi путиндiк билiктiң көксегенi баяғы ұлы державаны барынша қалпына келтiру. Оны жасырып-жаппайды да. Өз еркiмен қосылған, бiрақ өз еркiндiгiн сақтаған, тәуелдi емес мемлекеттерден құрылған одақ арқылы ұлы державаға айналу мүмкiн емес. Одақтастардың еркiндiгiн шектеудiң, оларды тәуелдi етудiң бiр жолы – ұлттық валюталарды керексiз еткiзiп, өз елiнде, яғни Ресейде басып шығарылатын бiрыңғай ақшаны енгiзу.
Теңгесiнен ажыраған Қазақстанның жайын көзге елестетiп көрiңiз. Ол бұрынғыдай ақша – несие саясатын өз бетiнше жүргiзе ала ма? Экономикаға салар қаражат көлемiн дербес белгiлеп, қалағанынша, қаже­тiнше ақша жұмсау мүмкiндiгiн пайдаланады деп ойлайсыз ба? Несие беру үшiн бiреуге жәу­дiреп, алақан жаймасына кепiл­дiгiңiз қайсы? Бюджеттiң тапшылығын өздiгiнше қаржыландыруға қауқары жоқ ұлттық Үкiмет кiмге қызмет етедi? Пайыздық ставкiлердi белгiлеу үшiн ақша шығарушыдан әрi соны беру­шiден келiсiм сұраудың машақатын татпайды деуге иланасыз ба? Валютаның бағамын белгi­легенде Қазақстан мүддесiн ескеретiн кiм бар? Бұл сұрақтардың жауабына үңiлсеңiз, бiрыңғай валютадан түңiлерiңiз ақиқат. Ақша тек тауар мен көрсетiлген қызметке төлем жасаудың, сауданың құралы емес, ол саясаттың да құралы. Қаржылық тәуелдiлiк мемлекеттiң дербес­тiгiн номиналды жағдайға кел­тiредi. Бiзге керегi осы ма? Әрине, мұның бiзге түкке де керегi жоқ!
Қазақстанға ғана емес, Белоруссияға да қажетсiз. Айтарын лақ еткiзетiн Лукашенко бiрың­ғай валютаға қатысты көзқарасын дереу бiлдiрдi. Ал Назар­баев әлi үнсiз. Сайлау алдында Путиннiң қырына iлiнбеудi қалағаны ма дерсiң. Жұртшылықтың жүрегiн күптi еткен мәселенiң түйiнiн тарқатып берудiң орнына, “бiз неге Батыс Еуропа немесе Араб әмiрлiктерi, АҚШ- тағыдай өмiр сүрмеймiз” деген сауалға жауап айтып жүр. Аталған елдерден артта қалуымыздың себебiн ауа райына сiлтеп ақтал­ғанына күлген, президенттiң тапқырлығына таңданған ел-жұртына ол бiрыңғай валюта туралы өз сөзiн қашан айтар екен? Бәлкiм, сайланып алған соң Владимир Владимирұлының қалауына келiспейтiнiн, теңгемiздi тұғырдан түсiрмейтiнiн мәлiмдер. Оған батылы жете ме, жетпей ме, оны ешкiм де болжап болмас.
Ақорданың Кремльге мойынсұнуы, алдынан қия өтпеуге көндiгуi бiрыңғай валюта енгi­зiлсе, тiптi жеделдейтiнi хақ. Елiмiзге ондай күндi көруге жазбасын!

Мәкең Үкіметі отставкаға кетуі тиіс

$
0
0

10 мыңнан астам отандық және 1000-нан астам шет елдік байқаушылар бақылаған Қазақстандағы Президет сайлауында қазіргі елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы айқын басымдықпен жеңіп шыққаны туралы жазған болатынбыз. Бұл жолғы сайлау барысында біз, қазақстандықтар бұрын соңды болмаған белсенділік танытып, сайлауда дауыс берушілер саны бойынша сенсациялық көрсеткішті көрсеттік. Елбасы - жеңіске жетті.
Ендігі кезекте жаңа сайланған президенттің иннаугурациясын күту қалды.
Кейбір дереккөздерінің айтуынша, Президенттің иннаугурациясы 2015 жылдың 1 мамыр күні өтеді деп жоспарланған.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 70 бабында көрсетілгендей, бұрынғы Үкіметі жаңа сайланған Президенттің алдында өзінің барлық құқықтық лауазымын тапсыруы тиіс. Яғни, Конституцияға сәйкес, Қазақстанда 1 мамырда Кәрім Қажымұқанұлы Мәсімов мырза басшылық ететін Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Содан кейін, саяси партиялар фракциясымен кеңескеннен кейін жаңа президент, жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын Мәжілістің талқысына жібереді.
Мәжіліс депутаттары кандидатураны мақұлдаған жағдайда, Президент оны жаңа қызметке тағайындайды. Жаңа тағайындалған Премьер-министр он жұмыс күнінің ішінде Үкімет мүшелерін жасақтау туралы структурасын Президентке ұсынуы керек.
Нұрзат Тоғжан
"Қамшы" сілтейді

Ағзадағы әлсіздікті жеңудің 7 жолы

$
0
0

Астана. 28 сәуір. Baq.kz – Әлемде қаншама аурудың түрі бар және олардың қатары жыл сайын артып отырады. Сол кеселдердің көпшілігі адам ағзасының әлсіздігінен, иммунитетінің төмендгінен жұғатыны немесе пайда болатыны белгілі. Ал, иммунитетті қалай көтеру керектігін қарапайым адамдар біле бермейді. Дәрігерлердің айтуынша, адам иммунитетін көтерудің ең тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстану. Ал, біз оқырмандарға ағзадағы әлсіздікті жеңудің 7 жолын ұсынамыз.

1. Дене шынықтырумен айналысу – мықты денсаулыққа бірінші қадам. Әлсіз адам жиі серуендеуі керек. Жаяу жүру – дене шынықтырудың ішіндегі ең қолжетімдісі. Бұл рете дүкеннен дүкенге жаяу жүріп, уақыт өлтіру есептелмейді. Серуенді асықпай, таза ауады өткізу керек. Ойыңызды табиғатқа бөліп, қоршаған ортаның сұлулығын тамашалаңыз.

2 Жылдам жүру. Ағзаға аздап күш түсірсеңіз, Сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарайды. Ағзадағы зат алмасу жылдамдап, тотығу-түзелу жаңаланып, көңіл-күйіңіз көтеріледі, яғни көңіл-күй жақсарса, иммунитет те көтеріледі. Бірінші күні – 1 шақырым, мұнан кейін күндегісін күніге бұл қашықтықты 5 шақырымға дейін жеткізу керек. Қалалық жағдайда жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін бір-екі аялдама жылдам жаяу жүрсеңіз жеткілікті. Иммунитетті көтеру үшін таза ауада серуендеуден гөрі жылдам жүру пайдалырақ.

3. Салқын сумен жуыну. Иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаны жөн. Алдымен аяқтарыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден төмен қарай, сосын иықтан төмен қарай, ең соңында төбеден бастап төмен қарай салқын сумен құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет жуынып, уақыт өте көбейтіңіз.

4. Спортпен шұғылдану. Фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға және сұлулана түсуіне көп ықпалын тигізеді.

5. Құнарлы ас ішу. Тамақтану арқылы да иммунитетті нығайтуға болады. Ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Олар: жеміс-жидек, көкөністер, бал, ет және т.б. Қанты көп тағамдарды және қуырылып дайындалған тағамдарды аз пайдаланғаныңыз жөн, өйткені ол тағамдарды қорыту үшін ағзадағы пайдалы заттар жұмсалады, тиісінше иммунитет әлсірейді.

6. Пайдалы тұнбалар пайдаланыңыз. Иммунитетті нығайту үшін әртүрлі шөптердің жапырақтары мен тамырларынан алынатын тұнбалар және шырындар бар, олар: тамыр дәрісі (женьщень), қытай лимоншасы және лимон қосылған көк шәй, итмұрын шырыны.

7. Сонымен қатар, иммунитетті көтеруге қышқыл сүт тағамдары, айран, йогурттар да пайдалы. Олар ас қорыту жолдарын пайдалы бактериялармен толықтырып, денсаулықтың шынығуына зор үлес қосады.


ҚОРҒАНЫСЫМ МЫҚТЫ ДЕЙ АЛМАЙМЫН

$
0
0

Қанат ИСЛАМ, кәсіпқой боксшы: ҚОРҒАНЫСЫМ МЫҚТЫ ДЕЙ АЛМАЙМЫН
null

10271308_688220204637917_7090472035111768471_o
2015/04/28 Ол - қазақ 6 Пікір 416 Рет
– 23 наурызда Колумбиядағы жекпе-жегіңіз сәтті өтті. Жеңісіңізбен құттықтаймыз! Жалпы, кәсіпқой бокстағы 19 кездесуіңіздің де жеңіспен аяқталатынына сенімді болдыңыз ба?
– Рахмет! Барлық нәрсе Алланың қалауымен болады ғой. Сондықтан сендім немесе сездім деу артықтау шығар. Ең бастысы, кездесуге ұзақ уақыт, яғни екі ай тыңғылықты да­йындалдым. Сол еңбектің нәтижесі деп ойлаймын. Рас, адам толыққанды, жан-жақты дайын болғанда өзіне деген сенімі артады. Жалпы, мен әр кездесу алдында тиянақты дайындаламын. Осы жолы да командамның, жаттықтырушыларымның алға қойған жоспары сәтті аяқталды.
– Дегенмен қарсыласыңызды жеңу оңай болмаған сияқты. 4-раундта нокаутпен құлатсаңыз да, сізге барынша қарсыласып бақты...
– Иә, барынша қарсыласып, маған тойтарыс беруге тырысты. Олай істейтін жөні бар. Өйткені жекпе-жек оның Ота­нында, өз жерінде өтіп жатты. Сол үшін намысты қолдан бергісі келген жоқ. Өз еліңде, өз жанкүйерлеріңнің алдында жеңілу – спортшы үшін өте ауыр жағдай. Оның үстіне бұл кездесу оның жеңіске жетуіне үлкен мүмкіндік беріп отыр. Себебі төрешілер де, комиссия да, тіпті жанкүйерлер де соның жағында. Сол мүмкіндікті беріп қоймас үшін оны айқын басымдықпен жеңуіме тура келді. Егер тепе-тең түсіп қалсақ, онда жеңіс маған бұйырмас еді. Сондықтан кездесуді тезірек аяқтауға тырысып, айқын басымдықпен жеңуге бар күшімді салдым.
– Осы кездесуіңізді видеодан көрген бір жанкүйеріңіз ғаламторға: «Қанат бұрын соққы жібермеуші еді. Қазір қорғанысы нашар. Әлде қарсыласын оңай аламын деп ойлады ма?» деп жазыпты. «Қорғанысым нашар» деп ойламайсыз ба?
– Әр спортшының артықшылығы да, кемшілігі де болады. Мүмкін, менің кемшілігім дұрыс қорғанбауымда шығар. Негізі, о бастан қорғанысым мықты дей алмаймын. Кейде қарсыласыңа әдейі солай көрінуге тура келеді. Өйткені кейбір спортшыларды ашық ұрысқа шақырмасаң, бетпе-бет келмейді. Ал кейде мықты, жойқын спортшылармен қарсылас болғанда міндетті түрде қорғанысыңды күшейте түсесің. Жалпы, жанкүйерлерімнің осылай сын айтып әрі жанашырлық білдіріп жатқандарына қуанамын.
– Кездесулеріңізді қайталап көресіз бе?
– Әрине. Көрмесе болмайды ғой. Мәселен, жазған мақалаңыз жарық көргеннен кейін сіз «Қандай қателік кетті? Қай жерінде кемшілік бар?» деп сын көзбен қарап, қайталап оқып шығатын шығарсыз? Сол сияқты біз де жарыс өткеннен кейін видеоларды көріп, жіберген кемшіліктерімізді бақылап қараймыз. Сосын келесі кездесулерде қайталамауға тырысамыз.
– Осы жеңісіңізден кейін тікелей эфирде «Менің әрбір жеңісім Қазақ елі үшін!
Бауыржан аға, сізге көп рахмет!» деп ерекше алғысыңызды білдірдіңіз...
– Жағымпазданайын деген жаман ойым жоқ. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді ғой қазақ, Бауыржан Оспанов аға – жалғыз менің емес, мен секілді сан мыңдаған қазақтың баласына қамқор болып, қолдау көрсетіп жүрген ел ағасы. Қоғамдағы, еліміздегі үлкен мәселелерге араласып, шешімін табуға септігін тигізіп жүрген азамат. Ең бас­тысы, екеуміздің мақсатымыз бір. Еліміздің көк туын желбіретіп, қазақ елінің атақ-абыройын көтерсек деп армандаймыз. Менің тілеулесім, жанашырым. Сондықтан бірінші Аллаға, екінші Бауыржан ағаға алғысым шексіз!
ӘУЕСҚОЙ БОКСТА ТАНЫМАЛ ШЫҒАРМЫН, АЛ КӘСІПҚОЙ БОКСТА ТАНЫМАЛ ЕМЕСПІН
– Әлеуметтік желілерде тағы бір жанкүйеріңіз: «Бір өкініштісі, Қанат мықты боксшылармен кездесе алмай жүр. Соған қарағанда промоутерінің мүмкіншілігі шектеулі болуы керек» депті...
– Көп адамдар біздің ішкі жұмы­сы­мызды түсіне бермейді. Сондықтан болар, мені Геннадий Головкин сияқты кәсіби бокста үлкен нәтижелерге жеткен спортшылармен салыстырады. Гена – үлкен мектептен өткен спортшы. Ол осындай жетістікке жету үшін талмай еңбек етіп, көптеген қиындықты басынан өткізді. Оның да жарыстарға қатыса алмай, жолы болмай қиналған сәттері болды. Ал қазір Генаның атақ-абыройы артып, әлемдік деңгейдегі мықты спортшылардың қатарына қосылды. Қаншама қиындықты артқа тастады. Қазір соның жемісін көруде. Мен де сондай сатылардан өту керекпін. Әншілер сахнаға шығып ән айту үшін жан-жақты дайындалады ғой, спортшыларға да сондай дайындық керек. Өзін дәлелдеу керек. Кәсіби боксқа келгеніме екі-ақ жыл болды. Бұл – 2-сыныпта оқитын бала секілді деген сөз ғой. Соған қарамастан жанкүйерлерім менің тезірек мықты спортшылармен кездескенімді қалайды (жымиды). «Неге тезірек Гена сияқты дәрежеге жетпейді? Неге теледидардан көрсетпейді?» дейді. Әуесқой бокста танымал шығармын, ал кәсіпқой бокста танымал емеспін. Сондықтан Генаның жүріп өткен жолынан мен де өтіп, оның басынан өткен қиыншылығын мен де көруім керек. Бір сөзбен айтқанда, әлі де тер төгіп, еңбек ету керекпін.
– Ал промоутеріңіз туралы не айтасыз? Промоутеріңізді ауыстыруыңыз мүмкін бе?
– Жоқ. Мен екі жылда 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеттім. Шынын айтқанда, мұның өзі оңай емес. Үлкен жеңіс! Рингте көшеде жүрген, спорттан хабары жоқ адамдармен кездесіп жүрген жоқпын. Құдайға шүкір, 19 кездесуімде де жеңіске жетіп, дәрежемді көтердім. Мықтылармен кездесетін сәт енді туады.
– Сізді «Кәсіпқой бокстан Мәскеуде өткен жекпе-жектер сайысына қатысады» деді. Одан кейін «промоутерінің қаржысы болмағандықтан Мәскеуге келе алмады» деген ақпарат тарады. Осының барлығы қаншалықты шындық?
– «Қанаттың қарсыласы ауысыпты, Мәскеуде өткен додаға промоутерi Лопес ақша таппағандықтан келе алған жоқ» дегеннiң бәрi бос сөз. Олармен келiсiм-шарт та жасаған емеспіз. Тек Колумбияда өтетін кездесуімді Ресейдің «Боец» арнасынан көрсету мақсатында ғана арамызда келісім-шарт болды. Бірақ аяқ астынан «1 наурызда Мәскеуде жарыс болады. Қанат келіп қатысуы керек» деді. «Қатысуы керек» деп талап қоятындай олар менің промоутерім емес қой. Келісім беріп едік, бізден бірден қаражат талап етті. Қатысуым үшін маған ақша төлеудің орнына олар менен ақша талап етіп отыр. Ондай заң қайда бар екен?! Осыдан кейін-ақ орыстілді БАҚ-тар «Қанаттың қатысуына промоутерінің ақшасы жоқ екен. Сол үшін қатыса алмады» деп шулады. Осыдан кейін барып орыстардың бағасының біздің қазақтар үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Олар әлі де бізге «ағалық» еткісі келеді.
– Сонымен Неге Мәскеуге бармай қалдыңыз?
– Мәскеуге барып айқас өткiзу бiздiң о баста жос­парымызда болған емес. Біздің бір жыл бұрынғы қаражатымыз шешіліп, алдағы уақытымыздың барлығы жоспарланып қойылған.
– Ресейдің бокс және жекпе-жек саласының сарапшысы Сергей Завилейский: «Карлос Гальван – Исламға сай келмейтін қарсылас. Мұндай «әлсіз» қарсыласты таңдау – промоутердің қателігі» деп, промоутеріңізді сынға алды. Бұған не дейсіз?
– Мұндай жел сөздерді мен Алматыға келген соң естідім. Олар мен туралы «бірнеше рет қарсыласын ауыстырды» деп даурықтырды. Мұның барлығы бос сөз. Мен ешқандай қарсылас ауыстырған жоқпын. Олардың сарапшылары жақсы десін, жаман десін, мен өз мақсатыма жеттім, WBA Fedelatin нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалдым. Сондықтан олардың сынымен, пікірімен сөз таластыруға менің мұршам жоқ. Қазір келесі кездесуіме дайындық үстіндемін.
– Осыдан кейінгі кездесуіңіздің АҚШ-та өткенін қалайды екенсіз. Кезекті қарсыласыңыздың кім болатыны анықталды ма?
– Иә, анықталды. Қазір Нью-Йоркте екі жақтың промоутерлері сөйлесіп, келісім-шарт жасалып жатыр.
– Қазақстанда осындай жекпе-жектің өтуіне қалай қарайсыз?
– Жақсы болар еді. Болашақта менің жекпе-жектерім Америкада және Астанада өтуі мүмкін. Алдағы күндерде промоутермен келісіп, уақыт мәселесін шешеміз деп ойлаймын.
– Сізді шетелдік бірнеше клуб өз құрамына шақырған екен...
– Аллаға шүкір, қазір мені Америкада екі-үш келісім-шарт күтіп тұр.
Геннадий Головкиннің америкалық клубтармен келісім-шарты бар. Олар маған да демеуші болып, қаржыландырғысы келеді. Бірақ рингке өз елімнің атынан шығамын.
– Болашақта Қазақстаннан өз атыңыздағы мектептер ашқыңыз келмей ме?
– Әрине, мектеп ашу ойымда бар. Қазір көп жігіттер маған осындай өтініш білдіруде. Спорт додасында «бағымды сынаймын» деген талантты жігіттерді осы жақта да, Америкада да дайындап, соларға жол ашсам деймін. Қазір Америкада кәсіпқой бокстан көп нәрсе үйреніп жатырмын. Спорт саласында жақсы дүниелер үйренуіме үлкен мүмкіндіктер туып жатыр.
– Балаларыңыздың өзіңіз секілді спортшы болғанын қалайсыз ба?
– Әсия, Зере есімді екі қызым және Мансұр деген бір ұлым бар. Олардың таңдауына мен қашанда құрметпен қараймын. Бірақ бокстан басқа спорт түрімен айналысқанын қалар едім. Өйткені бокс – спорттың өте ауыр түрі. Бір үйге бір боксшы да жетер (жымиды).
– Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз?
– Мен бала кезімнен кітап оқығанды жақсы көремін. Әлі де қолым қалт етсе кітап оқимын. Өткен жылы Жәнібек батыр бабамыздың 300 жылдығына орай жарық көрген кітаптарды сыйға алған едім, жақында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай шыққан біршама кітаптарды алдым. Осы жолғы жарыс алдында сол кітаптарды оқып, біздің батыр бабаларымыздың жекпе-жек алдындағы толқыныстарын, көңіл-күйлерін сезін­гендей болдым.
– Туған жерді сағынғанда мауқыңызды қалай басасыз?
– Туған жер туралы жыр-термелерді көп тыңдаймын. Жеріміз, табиғатымыз туралы видеолар көріп, сағынышымды басамын. Мен шетелдерде көп жүрдім ғой. Солардың заңдарын, өмір сүру салттарын, тұрмысын көріп, әлемде қазақ еліндей өмір сүруге тыныш, ыңғайлы, қолайлы ел жоқ екеніне көзім жетті. Өз елімде өмір сүріп жатқаныма Аллаға мың да бір шүкіршілік айтамын.
Сұхбаттасқан Самал ӘДІГЕНҚЫЗЫ
"Жұлдыздар отбасы"

Ол - сужүрек

$
0
0

Юрий Швец, КСРО-ның бұрынғы барлаушысы: Путин – өте қорқақ адам

Юрий Швец – Украинаның тумасы, Кеңес одағының бұрынғы барлаушысы әрi Федералдық қауiпсiздiк қызметкерi Александр Литвиненконың жұмбақ өлiмiне қатысты Лондонда өтiп жатқан сот тыңдауындағы басты куәгерлердiң бiрi. Қазiр ол АҚШ-та тұрады. Ресей президентi В.Путинмен МҚК институтында бiрге оқыған. Украинаның “Гордон” сайтына сұхбат берген Ю.Швец Путиннiң ресми өмiрбая­нын­да айтылмаған кейбiр жайттарды жария етiптi. Ықшамдап жариялауды жөн деп таптық.

– Кеңес одағының Андропов атындағы мемле­кеттiк қауiпсiз­дiк коми­тетi институтында Путинмен бiрге оқығаныңыз рас па?
– Бұл дерек 2001 жы­лы Ресейдiң сыртқы барлау сайтында жарияланды. Онда менi сатқын етiп көрсетiп, “80-жылдардың басында Юрий Швец МҚК академиясында Владимир Путинмен бiрге оқыған” деп жазды. Бұлардың менi не үшiн “әшкерелеуге” тырысқаны белгiсiз. Мен ешқашан Ресей азаматы болған емеспiн. 1993 жылы АҚШ-қа кеттiм де, үш жылдан соң “Вашингтон резидентурасы: Америкадағы шпиондық өмi­рiм” атты мемуарым шықты. Кiтаптың шыққаны сол-ақ екен, “Швец – сат­қын, құпияның бәрiн ашты” деп шулап қоя бердi.
– Бәлкiм, сiз бар­лау­шы Путин туралы көп бiлетiндiктен шабуылдаған болар?
– Путин ешқашан бар­­лаушы болған емес. Андропов институтын бi­тiрген соң Путиндi МҚК-нiң аймақтық органына – Ленинград қаласы мен Ленинград облысына жiбердi. Андропов институтында бiрге оқыған ленинградтық жiгiттер МҚК-нiң бiрiншi басқармасына – барлауға кеттi. Ал Путиндi аймақтық бас­қармаға жiбердi.
– Неге?
– Путин – жұрт арасында айтылып жүрген аңыздағыдай “Джеймс Бонд” емес, көптiң бiрi ғана. Ленинградтық жi­гiттердiң бәрi барлауға кетiп жатқанда Путиндi аймаққа жiберуi – оның кәсiби деңгейiнiң ортадан да төмен болғанын көрсетедi.
– Ленинград Мәс­кеу­ден кейiнгi екiншi қала екенiн естен шығармайық.
– МҚК-нiң Ленинград бойынша басқармасының өзге аймақтардағы бөлiм­шелерден артықшылығы болған жоқ. Ленинградта “барлаушы Путин” жоқтан өзгемен айналысты: сту­денттердi – профессорлармен, профессорларды – ректорлармен шағыстырумен күнi өттi.
– 1985 жылы Ре­сейдiң болашақ прези­дентiн Шы­ғыс Германиядағы Дрезден қа­ласының резидентурасына жiбердi ғой. Бұл туралы не бiлгенiңiз бар?
– ГДР-де МҚК-нiң резидентурасы болған емес. МҚК кеңестiк режимге оң көзбен қарайтын елдерде барлау жүр­гiзген жоқ. Бұйрық солай болған. Шығыс Германияның шпиондары онсыз да жақсы жұмыс iстедi. Олар­ға тек кедергi келтiр­ме­сең болғаны. Өздерi-ақ бәрiн Мәскеуге баяндап отырды.
КСРО кезiнде азаматтардың шетелге шығуы өте қиын едi. МҚК-нiң аймақтық бөлiм­шелерi кеңес азаматтарының шетелге шығуына көмектесумен айналысты. Пу­тиннiң Дрездендегi КСРО-ГДР достық үйiнiң директоры ретiн­дегi негiзгi мiндетi мынау едi: Мәскеуден келетiн жоғары шендiлердi әуежайдан күтiп алу, iшкiзу-жегiзу, дүкен аралату, тағы да iшкiзу-жегiзу, одан кейiн өле мас ес-түссiз шендiнi қайтадан ұшаққа салып жiберу. Мiне, “барлаушы Путиннiң” ГДР-дегi негiзгi мiндетi осы болды.
Путиндi бiлетiн адамдармен көп сөйлестiм. Оның интеллектуалдық деңгейi орташа болғаны өз алдына, бi­летiндер оның тұла бойы комплекске толып қалғанын айтатын. Әсiресе, ол бойының аласалығына қатты қорланады. Мұндай адамды барлаушы етiп жiберуге болмайды. Мұндай адамды керi жұмыс iстейтiн шпион жасап жiберу оп-оңай. Путин кемшiлiктерiн жасыруға тырысып, дзюдомен де айналысты. Спортта қандай жетiстiкке жеткенiн бiлмеймiн, ал МҚК-де ештеңеге қол жеткiзе алмады.
– Сiз орташа деп бағалаған Путин он бес жылдан берi әлемдегi ең үлкен мем­лекеттердiң бiрiн басқарып отырған жоқ па?!
– Кеңес үкiметiнен қалған дәстүр бүгiнгi Ресейдiң саяси жүйесiне де бойлай енген. 1953 жылы Никита Хрущевтi не үшiн бас хатшы етiп сайлады? Ол қолынан ештеңе келмейтiн сайқымазақ, надан, бiлiмсiз адам едi. Ал оның артында күштiлер тұрды.
Брежневтi екi жылға ғана сайлап, кейiннен “темiр Шурик” – Александр Шелепин оны ауыстыруы керек болатын. Алайда қуыршақ Бреж­невтi айналасына тиiмдi болғандықтан 18 жыл бойы ұстап отырды.
Путиннiң оқиғасы да осыған ұқсас. Путиндi президент жасаушылардың бiрi Борис Березовскиймен әңгiмелес­кенiмде ол былай деген: “Маған бiр телеарнаны берiңдер, мен одан Ресейдiң келесi президентiнiң астына орынтақ жасап шығарамын!”. “Путин қалай президент болды?” деген сұраққа жауап осы.
– Ресейде мемлекеттiк төңкерiс болуы мүмкiн бе?
– Әбден мүмкiн. Путинге жақын жүргендер батыстың санкциясынан қатты зардап шегiп жатыр. Оларға Қырымның да, Донбастың да көк тиын­ға қажетi жоқ. Путин өле-өлгенше президенттiктi еш­кiмге бермейдi. Ресейдегi басты стратегиялық те­кетiрес – осы. Егер Путин бұдан әрi де тақта отыра берсе, онда Ресей Солтүстiк Корея сияқты үшiншi сортты елге айналады.
– Путин ядролық қару қолдануы мүмкiн бе?
– КСРО мен АҚШ арасындағы “қырғи-қабақ соғыстың” тұсында әскери-стратегиялық мәселенi зерттеумен айналыстым. Ол кезде ядролық соғыстың қаупi анағұрлым жоғары едi.
Ядролық соғыс бастау деген не? Ол – бiрiншi болып соққы беру, қарсыластың зымырандарын жойып жiберу, ұшып үлгерген зымырандарды жарты жолда қағып түсiру. КСРО-да бiрiншi болып соққы беретiндей қауқар болған жоқ. КСРО-да болмағанда, Ресейде ондай қауқар қайдан болсын?!
Ресейдiң ядролық зымырандары АҚШ-тың Нью-Йорк, Сан-Франциско сияқты iрi қалаларын жоюы мүмкiн, бiрақ шахталық зымырандарын тоқтата алмайды. Ал АҚШ-тың зымырандары Ре­сейдi жер бетiнен тұтастай жоқ етiп жiбере алады. Путин мұны жақсы бiлгендiктен ядролық қару қолдана алмайды. Ол – өте қорқақ адам. Жыл сайын 7-10 күнге жоқ болып кетiп, бетiнiң терiсiн тарттырып, ботокс (әжiм кетiруге арналған арнайы препарат – ред.) құйғызатын Путиндi шынымен де ядролық соғыс бастайды дегенге сенесiздер ме? АҚШ-тың қарсы шабуылын ойлағанда-ақ оның бетiн­дегi ботоксы қорқыныштан ерiп кетедi. Тiптi ол ақы­лынан түбегейлi алжасып, ядролық шабуыл жасамақ болған күнде де, айналасындағы ақыл­ды адамдар қандай жолмен болса да оны тоқтата алады.
КСРО-ның түбiне жеткен тамыз бүлiгiнен екi жыл бұрын бiздi сараптама жұмысына жектi. Кеңес одағының әр түкпiрiнен ақпарат жинап, не болып жатқанын түсiнуге тырыстық. Сол кезде-ақ КСРО-ның демi таусылуға айналғанын анық сезгенмiн. Дәл сондай жағдай бүгiнгi Ресейде қайталанып жатыр. АҚШ президенттiгiне жаңа Рейган келуiне Путин барлық жағдайды жасап бердi. Оның мақсаты – билiктен айырылып қалмау. Ресейдiң түбiне жетiп тынатынын Путин ешқашан ойлаған емес.

erik_r@bk.ru
Дайындаған – Ерiк Рахым.

Артықша үрейлену ме?!

$
0
0

WashingtonPost: Ресей Украинадан кейін Қазақстанға ауыз сала ма?

Жақында АҚШ-тың WASHINGTONPOST басылымы Қазақстанның қазіргі саяси позициясын өзінше бажайлай келе тұжырым жасаған көлемді мақала жариялады. Мишел Бирнбаум (Michael Birnbaum) АҚШ журналистінің 2 мамыр күні жарық көрген мақаласын «Қамшы» порталы қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.
Астана, Қазақстан - Қазақстандағы саяси жағдайлардың ақыры Украина сценариіне әкеліп соғу мүмкін. Себебі, Қазақстандағы орыс ұлтшылдарының ел территориясында орыс тіліне қысым жасалып, шектеулер қойылып жатқанын ескертеді.
Былтыр, Ресей дәл осындай желеумен Украинадан Қырымды тартып алған болатын.
Биылғы жылғы сайлауда Президент Назарбаев 98 пайызға жуық дауыс жинап, кезекті жеңісіне жетті. Алайда, 74 жастағы Назарбаев өзінен кейін таққа отыратын кандидатты (мұрагерін) әлі атап көрсеткен жоқ. Қазір, елдегі екі ұлттың да өкілдері Президент Назарбаевтан кейінгі елдегі саяси ахуалдарға алаңдаушылықпен қарайтыны мәлім.
Қазақстан халқының 1/4-ін орыс халқының өкілдері құрайды. Иә, Қазақстандағы орыс ұлтшыларының да айтары сол Украинадағы орыс диаспораларыныкіндей. Бір сценарий. Кейбір орыс ұлтшылдары қазірдің өзінде, тілдік жағынан қысым көріп жүргендерін айтуда. Олардың айтуынша, Қазақстанда орыс тілі аясының тарылуы көптеген келеңсіздіктерге әкеліп соғуда. Тіпті, кейбір этникалық орыстар Кремльден аталмыш мәселеге қатысты көмек сұрап, хабарласқан. Десе де пост-кеңестік аппаратшы Назарбаев Қазақстандағы орыс этникасына аса қамқорлық танытатыны белгілі. Ал Қазақ лидері ел ішінде этникалық алауыздықты болдырмауға уәде еткен.
Президент Назарбаев, сайлау алдында Қазақстан халқы ассамблеясымен кездесуінде (конгресс этнических групп, предназначенных для построения кросс-културное единство)"Біз Қазақстанда этникалық радикализмді болдырмау үшін барлық шараларды атқарамыз",-деген болатын. Ол былтыр, ел территориясындағы сеператизмді болдырмау үшін, нақты тапсырмалар беріп, жазаны күшейткен. Сондай-ақ, Назарбаев мырза этникалық қазақтарды елге қайтаруға бар күшін салуда. Ол Қазақстандағы этникалық орыстар елдің солтүстік аумағына шоғырланған.
Ал Ресей Президенті Путиннің Ресей жастарымен кездесуінде жасаған мәлімдемесі Қазақ қоғамында дау тудырды. Ол былтыр, жастармен кездескенде "Президент Назарбаев тұңғыш болып Қазақ мемлекетін құрды. Бұрын қазақтарда мемлекет болмаған болатын", деген болатын. Сол кезде Путин бүкіл әлемдегі орыс тілділердің құқығын қорғайтынын айтқан еді. Қазіргі таңда, Қазақстан уран өндірісі жөнінен әлемдік лидерлер қатарына кіреді. Ал Ресей өз кезегінде буфер ретінде рөл ойнауға ниетті екені тағы рас.
"Назарбаевтан кейін біз өтпелі кезеңге ауысамыз. Өте қауіпті өтпелі кезеңге! Тіпті, Про-ресейлік сеператистер елдің шығыс территориясын басып алғаны секілді, Украина сценариі бізде де қайталануы мүмкін. ", - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Қазақстан өте нәзік саясатты ұстанып отырған мемлекет. Ол көп ұлтты. Өйткені, бұрынғы кеңестер одағы тұсында Қазақстан саяси қоқыс алаңы рөлін атқарған. Кеңес саясаты мен соғыс жылдарында мұнда саяси депортацияғы түскен (жер аударылған) түрлі этникалық топтар мен тұтқындар жер аударылып әкелінген. Содан бері, олар осы жерге тұрақтап қалған. Осылайша, түрлі ұлттардан құралған мемлекет 1991 жылы тәуелсіздік алып, бұрынғы партия өкілі Назарбаев мырза елді басқарып келеді. Ол сондай-ақ, осы ұлттарды тату-тәтті, ұйыстырып басқаруда. Президент Назарбаев халықтың басым көпшілігі тұтынатын ислам дініне жол ашып, мұсылмандарға көмек берді. Сонымен қатар, ол елдегі экономикалық саясатты да өте ұтымды шеше білуде. Ол Ресей мен Қытайдың ортасында отырып, соларға ғана арқа сүйемей, Батыс елдерімен де байланысын арттырды. Соның нәтижесінде АҚШ қазақ мұнайына миллиардтаған инвестиция салды.
Дегенмен, Қазақстан этникалық қарама-қайшылықтар мен жанжалдардан таза емес. Қазақстанның 38 пайыз халқын этникалық орыстар құрайды. Бұл 17 миллион халқы бар елдің бесінші бөлігі секілді. Ал ресми деректерде Қазақстан халқының 66 пайызын қазақ ұлты құрайды деп көрсетілген және бұл көрсеткіш өсуде. Себебі, Президент Назарбаевтың этникалық қазақтарды ата жұртқа әкелу саясаты бар. Көптеген орыс этникасы өкілдері Ресейге қоныс аударуға мәжбүр болған. Ал Қазақстанда қалғандары "бұлар Назарбаевтан кейін басқа саясатты әзілеп жатыр. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік ортада біздің тіліміз, дініміз шектелуде",-дейді.
2300-ethnicRussian
Бұл жерде БАҚ-тың да рөлі ерекше. Мысалы, кешегі Қырым аннекциясы кезінде барлық ресейлік телеарналар националистік жүйеге ауысып кетті. Бір ғана мысал, "Киев этникалық орыстарды аяусыздықпен өлтіруге дайын" деген материал жарық көрді ғой. Сол секілді, Қазақстандағы бірқатар, бұқаралық ақпарат құралдарының да көздегені Ресей мүддесі екені анық. Украинада қақтығыстар басталғанда Қазақстандық арналар Ресейдің ақпаратын беріп отырды. Әрине, біржақты.
Соңғы кездері, Қазақстандағы қазақ тілінің статусы көтеріліп келеді. Барлық мемлекеттік қызметтегілерге қазақ тілін білу шарт болып бекітілген. Елдің демографиясы да қарқынды өсуде. Президент Назарбаев жастардың үш тілді еркін білгенін қалайтынын айтқан. (Қазақ, орыс және ағылшын тілдері).
"Біз Қазақстанда тұрамыз. Сондықтан қазақ тілін білуіміз керек",-дейді парламент мүшесі Светлана Ромоновксий. Бірақ, іс жүзінде...
Рас, Қазақстандағы орыс этникасының алдағы кезеңдерге қатысты уайымы белгілі. Тіпті, кейбір орыс бірлестіктері басшылары Мәскеуге хат та жолдаған.
"Ауылдық жерлерде білімі таяз азаматтар жетерлік. Оларды орыстаға қарсы қою өте оңай. Қырымның Ресей құрамына қосылуынан кейін Қазақстанда анти-орысшылдардың қатары күрт өсіп кетті. Назарбаев мырзадан кейін елдегі жағдай қандай болатыны белгісіз. Сондықтан бізге қолдау керек, көмек керек. Тез арада",- дейді ҚХА, Орыс бірлестіктері өкілі Юрий Бунаков.
Көптеген саясаттанушылар Ресей Қазақстанды Қытай мен Батысқа бергісі келмейді. Сондықтан, бар күшін салып, өзінің одағында алып қалуға тырасады деп есептейді. 1 қаңтардан бастап күшіне енген құрамында Белорусия, Ресей, Армения және Қазақстан кіретін ЕАЭО аясында, Путин мырза ортақ валюта енгізбек болып еді, Президент Назарбаев мырза, Путиннің бұл әрекетіне тоқтау салды.
Шенеуніктер, Қазақстанның қазіргі көпұлтты саясаты Назарбаев Президенттіктен кеткеннен кейін де сақталып қалады дейді.
Ал, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрі Ерлан Ыдырысов мырза болса, аталмыш қауіптердің барлығы негізсіз екенін айтқан.
Бірақ, мынаны естен шығармаған жөн. Бұл саяси "мачт" болса, ондаған жылдар бойы тең түсіп келе жатқан ойын, бір-ақ, күнде үлкен жеңіліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кез-келген мулти-этникалық мемлекетте ұлтаралық кикілжіңдер ішін-ара болып тұратыны тағы рас. Мұның арты халықаралық жанжалғарға дейін баруы да бек мүмкін.
Түпнұсқа мақаланың сілтемесі осы жерде
Ағылшын тілінен аударған: Нұргелді Әбдіғаниұлы
Сурет: washingtonpost.com
"Қамшы" сілтейді

Амиштер мен кержактар кімдер?

$
0
0

Амиштер мен кержактар. Олар кімдер?

Астана. 8 мамыр. Baq.kz - Мінезі жібектей, жұмысына тиянақты адамдар болады. Бірақ мұсылман емес. Уәдесіне берік, жауапкершілігі мол, үнемшіл адамдар бар. Алайда, мұсылман емес. Ең­бек­қор, идеясы мол, жаңашыл, ғылымда үлкен жетістікке жеткен. Кірпияз, көшеге қоқыс тастамайды.

Бірақ, мұсылман емес. Енді осы мұсылман еместерді кейбір мұсылмандар­мен салыстырып көрейікші. Біз, мұсылмандар, құлшылыққа мән беретін шығармыз, бірақ айтқан уәдеде тұрамыз ба? Жұмысқа салғырт қараймыз, ғылымда артта қалып жатқанымыз бәлки содан шығар. Өзіміз мұсылман бола тұра, шаш-етектен шашылып ысырапқа ба­рамыз. Дәрет-ғұсылға барынша берікпіз, бі­рақ көше тазалығын сақтай бермейміз. Бір ғана мысал, менің қиялымдағы Арафат деген нұр шашқан тау сияқты болатын. Сондағы әр жерде шашылып жатқан қоқысты көрге­німде, жүрегім қан жылап кетті. Неге бұлай? Сауд Арабиясына барсаңыз, тамақ ішіп отыр­ған дастарқанынан аттап өтетін, жеп отырған нанын қоқыс жәшігіне тастай салатын мұсылманды кезіктіресіз. Ал мұсыл­ман емес елдерде қалай? Оларда мәдениет бар, әдеп бар. Сонда қайсы мұсылман?

Мысырдың бір шейхы Еуропаға ба­рып­ты. Қайтып келгеннен кейін айтқаны мынау екен. «Еуропада исламды көрдім, алайда мұ­сылмандарды кездестіре алмадым. Ал бізде (авт. Мысырда) мұсылмандар бар екен, бірақ ислам жоқ». Расында, мұсылмандар мен исламның қандай айырмашылығы бар? Бү­гінгі мұсылман емес халықтардың бойынан мұсылмандық сипаттың көрінуі нені білді­реді? Осындай сұрақ қойсаң болды жұрт бірден «Бәлкім, бұлардың арғы аталары мұ­сылман болған шығар?» дейді. Шынында, солай ма?

Ел арасында орыстардың арғы аталары мұсылман болған деген әңгіме жиі айтылады. Мысалы, княздар Федор Иванович Мсти­славскийдің сауыты мен Андрей Стариц­кийдің қанжары, Иван Грозныйдың, Александр Невскийдің дулығаларын қарасаңыз, арабша жазуларды, анығында Құран аят­та­рын көресіз. Өзі христиан адам неге сауыт-сайманына аят жаздырған? Алайда, көп адам бұған иланбайды. Кім біледі, татар, ноғай секілді мұсылман халықтарын басып кір­генде, олжалаған болар. Немесе мұсылман­дар­дың патшалары орыстарға тарту етуі де мүмкін ғой. Бірақ нақты дәлелдер де бар.

ІХ ғасырда өмір сүрген орыс саяхат­шысы Афанасий Никитин өзінің «Хождение за три моря» кітабында: «Олло акберь, акши худо илелло акши ходо, иса руход аалик­со­ломъ; Олло акберь аилягяила иллелло, Олло перводигерь ахамду лилло шукуръ худо афа­тадъ; бисмилна гирархмамъ ррагымъ. Гирь помоги рабу своему», – деп жазады. Осы кітапқа орыс шіркеулері әбден шүйліккен. Тіпті, бірқатарын өртеп те жіберген. Осыған қарағанда, бір кездері орыстардың тілін кәлимаға келтіргені белгілі болып отыр. Владимир Путиннің өзі бір жерде қызды-қыз­дымен: «Православие ближе к исламу, чем к ка­толицизму» деп айтып қалды. Путин неге бұлай деді? Оның айтқаны рас нәрсе, өйткені православтардың бетін тырнасаң, ар жағы­нан мұсылмандарды көресің.

Рас, православтардың діни түсінігі бұрын мүлдем бөлекше болатын. Билікке Ро­мановтар әулеті келген кезде, орто­доксальды христиандықты ұстанатындардың қолты­ғына су бүркіп, дін саласында төңкеріс жасады. Ескі сенімдегі адамдарды әбден қудалады. Бағынбағандарының басын шап­ты. Деректер бойынша, сол кезде 20 мыңдай адам «жаңа дінді қабылдағанша, өлгенім артық» деп өздерін өртеп жіберіпті. Осы­лай­ша жаңа дінді күштеп тықпалады. Тепкіге көн­бегендері, орман-тоғайды паналап бы­тырай қашты. Мына қызықты қараңызшы, ескі дінді ұстанған сол халық әлі де бар екен. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласына барған сапарымызда көрдік. Оларды жергілікті жұрт «староверлер» дейді. Рас, бүгінгі староверлердің христиан­дардан айырмасы аз. Біраз, арғы аталары ұстанған дін исламнан айнымайды екен.

Риддер тарихи өлкетану мұражайынан жайнамазға, таспихқа ұқсайтын қызық жәді­герлерді көрдік. Сөйтіп, бұлардың не екенін мұражай маманы Елена Путенцевадан сұ­ра­дық. «1654 жылы Романовтардың тапсырма­сымен Патриарх Никон орыс православие шіркеуіне реформа жасады. Мәскеулік діни кітаптар XVI ғасырдағы грек кітаптарымен сәйкестендірілді. Константинополь Со­бо­ры­ның пәтуасы бойынша, саусақпен шо­қынудың өзгеше ережесі бекітілді. Мұның соңы орыс монастырларының пайда болуына әкеп соқтырды. Никонның атсалысуымен 1655 жылы Успен соборы салынды. Міне, осы діни реформаға кейбір орыс шаруалары түбегейлі қарсы болды. Жаңа дінді күштеп мойындатуға көнбеді. Сөйтіп бірі – Поль­шаға, енді бірі – Белоруссияға, тағы бірі Алтай Республикасына қоныс аударды. Ре­формаға қарсы шығып, үдере көшкен сол топ «староверлер» деп аталды. Олардың өзге православтардан өзгешелігі болатын. Право­славтар құдайға құлшылық еткенде иіліп қана тағзым қылады. Ал староверлер болса «подстилкаларды» жерге төсеп, маңдайын соған тигізеді. Егер старовер өзін күнәһар се­зінсе, күніне мың рет осылай кешірім сұ­раған. Староверлер де мұсылмандар секілді таспих ұстады. Оны «листовка» деді. Лис­тов­каның парақшаларын санап отырып, дұға оқыған» деді мұражай қызметкері. Шы­нын­да, подстилка дегендері – жайнамаз, лис­тов­касы таспих қой. Бұлар мұсылман­дардың мүлкі емес пе еді?

Негізінде, кержак атауы «керженец» сөзі­нен шыққан. Нижегород губерниясында Керженец өзені бар екен. Бұлардың көп­шілігі сол жерден тараған. Мұражай ма­манының айтуынша, Риддердегі кержактар Ресейден Алтайға ауғандардың тұқымы екен. Бұлардың болмысының өзі қызық. Саяқтау өмір сүргенді қалайды, бөтен діндегілермен сөйлеспейді. Өздерінің сенімдерін ғана құр­меттейді. Ерлері сақал қойып, әйелдері ора­мал тағады екен. Жаулықты кеудесін жаба­тындай қылып түсіреді. Мұсылмандар сияқ­ты бұлар да құлшылық алдында дәрет алады. Кітаптарында «Молитесь чистыми руками» деп жазылған. Соңында манағы листовканы тартып отырып, дұға қылады. Бір қызығы, кержактар картоп жемейді екен. Картопты «шайтанның алмасы» деп есептейді. Шәй ор­нына, қайнаған су ғана ішеді.

Ұлттық киімге қатты мән береді, көбіне ашық түсті киім киеді. Әйелдері ұзын сара­фан, сәнді көйлек киеді. Тіпті түнде де ора­малын басынан тастамайды. Ешқашан шалбар кимейді. Ерлері ешқашан сақалын қырмайды. Ұзындығы тізеге дейін жететін жейде, биік жұмсақ етік киеді. Галстук тақ­қанды өлердей жек көреді. «Иуда повесился на веревке» деп, галстук таққандарды Иуда­ға ұқсағысы келгендер деп есептейді. Кері­сін­ше, белбеуге қатты мән береді. Ел алдына белбеусіз шығуды күнә деп түсінеді. Белбеусіз жүруді шектен шығу деп қабылдайды. Ішім­дік ішу, темекі тарту, абортты үлкен күнәлар қатарына жатқызады. Кержактар, тіпті өрке­ниеттің жетістіктерін көзге ілмейді. Интер­нет, тіпті теледидар қолданбайды. Оралхан Бөкей: «Біздің Алтайда Кеңес өкіметінің ор­нағанын елуінші жылдары естіген кер­жақтар бар» депті. Соған қарағанда, бұ­лар­дың саясатқа да қақ-соғы жоқ.

Сырт келбеті еврейлерге ұқсағанмен, өмір тіршілігі мұсылмандарға келетін тағы бір халық бар. Олар – амиштер. Амиштерді АҚШ-тан, Канададан кездестіруге болады. Амиштердің негізгі отаны Швейцария екен. Бұлар Мартин Лютер секілді протестант реформаторлардың тепкісіне ұшыраған. Ақырында, 1693 жылы кержактар сияқты қуғынға ұшырап, 200 отбасы Еуропаны тас­тай қашқан. Амиш сөзі сол кездегі көсем­-­дері Якоб Амманның атына байланысты шыққан екен.

Америкадағы амиштердің ең көп шо­ғырланған жері – Пенсильвания, Огайо, және солтүстік Индиана. Көпшілігі шаруа­шылықпен айналысады. Өздері не өсірсе соны талғажау етеді, дүкенге бармайды. Ке­рісінше, өздері ет, құс, сүт, жұмыртқа, ірім­шік өндіріп сатады. Олардың жасаған ағаш жиһаздарын американдықтар қырылып алады екен. Себебі, сапалы. Үйлерінің бар­лық жиһазын өздері қолдан жасап алады. Тіпті балалардың ойыншығына шейін мата­дан тігеді.

Ешқайсысы көлік мінбейді, ат арбамен ғана қатынайды. Жерді де ат жегіп соқамен жыртады. Тіпті олар электр энергиясын да пайдаланбайды екен. Электр сымдары о дү­ниемен байланысты үзеді, бұл дінге қайшы деп түсінеді. Қажет жағдайда, тек газ гене­ра­торын ғана пайдалануға рұқсат, ал орта­лық­тандырылған электр жүйесін қабылда­май-ды. Сондықтан да теледидар, радио, ин­тер­нетті қолданған емес. Барынша, фотоға да түс­пейді.

Бұлардың да мұсылмандармен ұқсас­-тығы көп. Неке қиылмайынша, қыз бен жігітке бірге болуға рұқсат берілмейді. Тәр­тіпке, тазалыққа қатты мән береді. Қара­пайым ғана киінеді, сән әлемнің не екенінен хабары жоқ. Амиштердің киім киістері де өзгеше. Әйелдері бір түсті кең көйлек киеді, алабажақ киім киюге, шаш қиюға тыйым салынған. Үйленген жігіттер міндетті түрде сақал қояды, ал мұртты басады. Сақал де­ген­нен шығады, сақалы жоқ еркекті ешкім көзге ілмей, адам құрлы көрмейді екен. Осыны біл­ген кейбір есерсоқтар бірде өздері ұнат­паған амиш жігітті жабылып ұстап алып, са­қалын қырып тастапты. Сол қылығы үшін олар 15 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Тағы бір қызық жайт, амиш бозбала кәмелетке толған кезде, ары қарайғы өміріне өзі таңдау жасай алады. Амиш болып қалғысы келсе, тіпті жақсы. Басқа американ­дықтар сияқты өмір сүргісі келсе, оған да рұқ­сат. Бірақ туған жерін, отбасын мәңгі­лікке тастап кетеді. Басқа христиандар сияқ­ты баланы туыла сап шоқындырмайды, ақыл тоқтатқан кезде дін таңдауды өз еркіне бе­реді. Былайша айтқанда, мұсылмандар сияқты «дінде зор­лық жоқ» деген ұстанымда.

Үйді құлшылық жасайтын орынға ай­налдыру керек деген ұстанымдары бар. Құл­шылық жасар алдында аяқтарына шейін жуып, дәрет алады. Бұлар да староверлер се­кілді өздерін ең таза жолдамыз деп есеп­-тейді. Иса көктен түседі, сосын мың жылдай ел басқарады деп сенеді.

Өмір сүрудегі ұстанымдары: рухани құн­дылықтарды сақтау, ауыр жұмысқа жегілу, әйелдің еріне бағынуы, қарапайым киіну, мемлекеттен жәрдемақы талап етпеу, техни­каның барлық түрін тәрк ету. Және бір-бірі­не жәрдемдеседі. Мысалы, бір амиштің үйі өртеніп кетсе, қалғандары жабылып, жаңа үй тұрғызып береді. Бұларда ажырасу, ыдыс-аяқ сылдыры деген атымен жоқ. Әр отбасында 6-10 баладан болады, баласының көптігімен мақтанады. Тойлары да қарапайым дастар­қанда өтеді. Ұзатылатын қыз көкшіл көйлек киеді. Бірақ ешқашан боянбайды. Тіпті бұ­лар­да неке жүзігі деген де ұғым жоқ.

Сол сияқты жерлеу рәсімдері де қара­пайым. Марқұмның бейітіне басқа хрис­тиан­дар сияқты гүл қоймайды, оны айта­-мыз-ау құлпытасына қайтқан адамның аты-жөнін де жазбайды. Бәрінің құлпытастары бірдей болады.

Амиштер кішкентай бала сияқты. Жеку, ұрсу дегенді білмейді. Мысалы, бір амиштің сақалынан тартсаң немесе жағынан салып жіберсең, ол саған дүрсе қоя бермейді. Кері­сінше, сенің әрекетің үшін өзін кінәлі сезі­ніп, құдайдан кешірім сұрайды. Амери­кан­дықтар сол үшін де амиштерге құрметпен қа­райды екен. Осыдан екі-үш жыл бұрын, Америкада мынадай жағдай болыпты. Чарльз Карл Робертс деген американдық жігіт есі­нен адасып, амиштердің мектебіне баса-көктеп кіреді. Ақылынан алжасқаны сондай, 7 амиш қызды қанжоса қылып, артынша өзі атылып өлген. Міне, сол 7 қыздың аналары қанішердің үйіне барып, әйелінен кешірім сұрап, күйеуінің кінәсіз екенін айтыпты. Тіпті артында үш баласы қалғанын біліп, қор ашып, балалардың оқуына қажетті ақша жиып беріпті.

Амиштер мен кержактарды неге айтып отырмыз? Әңгіме кейбір христиан, басқа да діндегілерден мұсылмандық сипат бай­қа­латыны турасында екен ғой. Кім біледі, осын­­шама ұқсастығы бар болғанына қара­ғанда, ел айтып жүргендей олар да бұрын мұ­сылман болған шығар? Исламнан ажы­раған, бірақ мұсылмандығы қалған. Әрине, бұлай бол­мауы да мүмкін. Бірақ осының өзі бізге са­бақ емес пе? Рас, біз, мұсылманбыз. Амалы­мызға да берік шығармыз. Бірақ сол мұсыл­мандығымыз іс-әрекетімізден қанша­лықты байқалып жатыр? Сын сағатта мұсыл­ман­дығымызды сақтай алып жүрміз бе? Туыс, дос, бауырға қамқормыз ба? Мысыр шейхы Еуропадан исламды көргенін айтып­ты. Кім біледі, басқа діндегілердің осындай мұсыл­маншылығы бір күні исламды қабыл­дауына себеп болар. Өйткені пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қиямет жақындағанда күн батыстан шы­ға­ды» дегенді бекер айтпаған ғой.

отыз жыл бойы жалаңаяқ жүрген адам

$
0
0

Осыдан біраз уақыт бұрын «Алаш айнасы» басына кәстрөл киіп жүретін әйел туралы жазған болатын. Егде жастағы әйелдің әрекетін біреулер көпшіліктің назарын аудару үшін істейді десе, енді біреулер психологиялық ауытқу деп те ойлайды. Бүгін «Алаш айнасы» отыз жыл бойы жалаңаяқ жүрген адамның құпиясын түсінуге тырысты.

Еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде сабақ беретін ұстаз, ғалым Нұрғали Қойшыбаев қысы-жазы жалаңаяқ жүреді. Физика ғылымдарының докторы, профессордың ғимарат ішінде де, далада да кез келген мезгілде жалаңаяқ жүруін алғаш көргендер ерсі қабылдайтыны заңдылық. Бірақ оның айналасындағы адамдар Нұрғали ақсақалдың бұл кейпіне әбден үйренген.

Жақында жалаңаяқ жүретін ақсақал «Кешкі кездесу» бағдарламасына келіп, өзінің неге жалаңаяқ жүретіні туралы айтып берген еді. Осы бағдарламада Нұрғали Қойшыбаевтың өз аузынан айтылған деректерді оқырман зазарына ұсынып отырмыз.

Нұрғали ақсақалдың айтуынша, ол жалаңаяқ жүруді Африкаға іссапармен барғанда өмір бойы бір шолақ шалбармен өткен физиктің шәкіртінен үйреніпті. Алғашында жалаңаяқ жүруді денсаулығым сыр бергендіктен, мәжбүрліктен үйрендім дейді ол.

Алғашында қысты күні жалаңаяқ жүрген кезде табаны ісіп, іріңдеп те кетіпті. Табанын біртіндеп жалаңаяқ жүруге үйретіп жүрген кезінде кейіпкеріміз айналасындағы адамдардан қысылып, ғимаратқа кіргенде аяқ киімін киіп алады екен. Кейіннен оның өзі де, өзімен бірге жұмыс істейтіндер де, студенттері де Нұрғали ақсақалдың жалаңаяқ жүретініне үйреніп алған.

«Алғаш қыстың күні жалаңаяқ жүргенімді көрген адамдар маған таңғалып, қорқып қарайтын. Полиция қызметкерлері не үшін жалаңаяқ жүргенімді тергеп-тексеріп есімді шығаратын. Келе-келе бұған үйреніп алдық қой. Мен далада да, үйде де жалаңаяқ жүремін. Адам көк пен жердің арасында екі жақтан да энергия алады. Кішкентай сәбилердің еңбегі былқылдап тұрады ғой. Ол көкпен байланыс. Ал табан арқылы адам жерден қуатты энергия алады. Ал біз басымызды да бүркемелеп жауып, табанымыздан да энергия ағзаға берілуіне мүмкіндік бермейміз. Мен 3 жылдай іссапармен Африкада болдым. Сол жақта денсаулықты жақсартудың осындай әдісін үйрендім. Бас кезінде мұндайға менің шыдамым жетпейтін шығар деп едім. Бірақ уақыт өте келе ең алдымен жұқа, жеңіл киіне бастадым. Сөйтіп алғаш ұлпа қарды жалаңаш табаныммен басып көрдім. Сөйте-сөйте қысы-жазы жалаңаяқ жүруге етім үйреніп кетті. Алғашқы кезде табанымды үсітіп те алғам. Үсіктің орны жазылу үшін жақпаған емдік майым жоқ. Бірақ ешқайсысы көмектеспеді. Кейінен уринатерапия қолдандым. Адам нәжісін дәрі-дәрмек ретінде қолдану бұл ғылымда бұрыннан бар. Мен әлі күнге уринатерапияны қолданамын. Бұл туралы көп оқыдым, зерттедім. Қазір өзім 77 жастамын, денсаулығым жақсы», дейді Нұрғали Қойшыбаев.

Жер бетінде Нұрғали Қойшыбаев секілді дәстүрлі емес медицинаны қолданатын санаулы адамдар бар. Олардың бұл әрекетін психологтар адамның өз ішкі сеніміне байланысты қолданатын емдік әдістері деп есептейді. Ал ислам діні тазалыққа қайшы келетін ғылымның мұндай саласын қолдамайды. Өйткені ғылымнан да Аллаға деген сенім күштірек болу керек деп есептейді дінтанушылар. Ал Сіз қалай ойлайсыз оқырман, денсаулықты жақсарту үшін жалаңаяқ жүрер ме едіңіз, ал уринатерапияға қалай қарайсыз?

Айнұр Нұрсабет

Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/otyiz-jyil-jalanayak-jurgen-professor-68421/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Үндістандағы кісі етін жейтін сектанттықтар

$
0
0

Италиялық фотограф Кристиано Остинелли үнділердің каннибал сектанты – агхорлар жайындағы фото-жобасын ұсынды, деп жазады islam.kz порталы.
http://turkystan.kz/wp-content/uploads/2015/05/PztLhs2HIIp.jpeg
Діни порталдың жазуынша, Үндістандағы кісі етін жейтін сектанттықтардың соқыр нанымға негізделген ғұрпы адамның жанын түршіктіреді: олар кісі етін жеумен шектелмей, мәйіттің үстінде жатып ұйықтайды, адам өртелген жерде медитация жасайды және адам бас сүйегін тостаған қып, сусын ішетін көрінеді.

Бір қызы адам етін жейтін Агхорлар арақ ішіп, есірткі қолданбайды екен. Алайда, адам етін жеу олардың соқыр сенімінің салдарынан туындаған. Оларды әлемнің көсбашы діндері будда мен индустарда каннибалдарды тағылар, сенімдері әдет-ғұрп, руханиятқа жат деп санайды. Қатыгез сектанттардың қармағына көбіне хат танымайтын сауатсыз адамдар көбі ілігетін көрінеді. «Каннибал сектантындағылар тек жабайы ғұрпымен ғана емес, сонымен қатар, сыртқы келбетімен де ерекшеленеді: жыртылған киім, ұйпа-тұйпасы шыққан шашы, жылдар бойы жуынбағандықтан кірден баттасып кеткен денесі елден ерекшелеп тұрады» — деп жазады дін порталы.

Бүгінде адам жегіштер Үндістанның аумағында өмір сүреді. Сонымен қатар, ола Бенгалияның батысында орыналасқан Таралит қаласында шоғырланған деген дерек келтіреді интернет басылым.

101 ЖАСЫНДА ЖАҢАЛЫҚ ЖАСАДЫ

$
0
0

101 ЖАСЫНДА ЖАҢАЛЫҚ ЖАСАДЫ
11.05.2015 09:40 Дуанабай Жолдасбек 016
Қартаюдың орнына жасаруда! Қызылорда облысының Жаңақорған елді-мекенінде осындай бір ерекше құбылыс болып жатыр. 101 жастағы соғыс ардагері Жүніс Қабыкенов жасару қасиеті ие болған.
Қарияның ағарған шашы қайта қарайып, түгел түсіп қалған тістері қайта шыға бастапты. Қазір бір емес, 4 тісі бар. Аяқ астынан жасару ақсақалды да, ағайын-туысты да қуантуда.

101 жастағы Жүніс Қабыкеновтің үйінде қазір күнде жиын, күнде қонақ. Бәрі де – соңғы уақытта ақсақалдың бойында пайда болған құбылысты естіп келгендер. Ғасыр жасаған соғыс ардагері енді жасаратын қасиетке ие болған. Алдымен кезінде түгел түскен тістерінің біразы өсіп шығыпты.

“Әр-әр жерден 4 майда тіс шықты”, – дейді соғыс ардагері Жүніс Қабыкенов.

Тістен бөлек ақсақалдың ағарған шашы да қайта қарая бастаған. Оны бірінші немерелері байқапты.

“Шашымның қарайғанын өзім көріп отырған жоқпын. Балалар шашымды алдырғанда сыпырытқанда, ағы мен қарасы араласады. Апарып тастай саламыз. Былайша балалар “ата, шашыңның әр жерінде қарасы бар” деп айтты”, – дейді қария.

Жүніс қарияның әбден қартайғанда қайта жасаруына мамандар да таңқалып отыр. Әсіресе , тіс дәрігерлері. Өйткені шаштың кері қараюы болмаса, тістің қайта шығуы мүмкін емес екен.

“Адам өмірінде тіс жақ бетінің дамуы екі кезеңнен ғана тұрады. Ол кезең белгілі бір өзінің жасына сәйкес келеді. Ол сүт тістер шығу кезеңі және тұрақты тістер шығу кезеңі. Бірақ енді мынадай жағдай біздің тарихымызда кездескен емес”, – дейді тіс дәрігері Пернекүл Әлібекова.

Жалпы әлемдік тәжірибеде адам жасы, егер күтінер болса, 200-ге дейін жететіні дәлелденген. Және кәрілік белгілі бір межеге жеткенде кері жасару процесі жүруі мүмкін екен. Жүніс қария сол қасиетке ие болса керек.


Бiздiң мемлекеттер арасындағы қатынастардың тарихы терең

$
0
0

Бiздiң мемлекеттер арасындағы қатынастардың тарихы терең
06.05.2015 22:14
Шахрат НҰРЫШЕВ, Қазақстанның ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі:
– Қазіргі кездегі Қазақстан – Қытай ынтымақтастығының дамуын сіз қалай бағалайсыз? Қандай жаңа кезеңдер мен үдерістерді атап өтер едіңіз?

– Қытаймен жан-жақты стратегия­-лық әріптестікті дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдық­та­рының бірі болып табылады. Бұл тек құ­жаттың ғана талабы емес, тарихи және сая­си ақиқат.

Біздің мемлекеттер арасындағы қаты­настардың тарихы терең. Бүгінгі күні бұл қатынастар барлық бағыттар бойынша қар­қынды дамуда. Арамыздағы 1700 ша­қырым жалпы шекара біздің елдерімізді бөлмей, керісінше, жақындататынын атап өту керек.

Соңғы 23 жыл ішінде біз тату көршілік пен өзара түсіністік жағдайында дамып жатқан аймақтағы үлгілі мемлекетаралық қатынастарды орната алдық.

Сонымен бірге ҚР-ҚХР қатынас­тары жоғары және ең жоғары деңгейдегі саяси диалогтың арқасында белсенді түрде тереңдеуде. Мемлекет басшыла­ры­ның өзара сапарларының қарқыны және көпжақты іс-шаралардың аясындағы кездесулері, екіжақты және көпжақты қа­тынастардың өзекті мәселелері бойынша, тұрақты сұхбат орнатылғанын дәлелдейді.

7 мамырда ҚХР төрағасы Си Цзинь­пин Қазақстанға ресми сапар жасайды. Бұл сапар 26 сәуірде өткен президенттік сайлауда Елбасымыздың күмәнсіз жеңісі­нен кейін шетел басшысының біздің мем­лекетке бірінші сапары болады.

ҚР-ҚХР арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі екіжақты әрекеттесудің бар­лық салаларындағы жаңа жобалармен толатынына сенемін. Бұған ҚР Прези­-денті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол»

Жаңа экономикалық саясаты бастама­сын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин-ның – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «ХХІ ғасырдағы Теңіз Жібек жолы» атты екі стратегиялық жобасын қамтитын «Бір белдеу, бір жол» бастама­сын іске асыру да өз септігін тигізеді.

Осы орайда Қазақстан экономи­ка­сы­ның құрылымдық дамуына бағытталған «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бір-бірін жарасымды толықтыратынын атап өткен жөн.

– Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялар және экономика сала­ла­рындағы ынтымақтастықты қалай баға­лай­сыз?

– Қытай соңғы бірнеше жылдар бойы Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда се­ріктесі болып келеді. Оның еліміздің жал­пы сауда тауар айналымы көлеміндегі үлесі 20% асады.

Өз алдына, Қазақстан ҚХР-дың Ор­та­лық Азиядағы ең ірі және Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында Ресейден кейінгі екінші ірі сауда серіктесі болып та­былады.

Қазақстан Еуразия құрлығының жү­регінде орналаса отырып, Қытай, Еуропа, Ресей және ТМД мемлекеттері нарық­тарын байланыстырады және Еуроодақ, Орталық Азия және Парсы шығанағын көлік дәліздерімен байланыстырады.

Сонымен бірге 2014 жылы екі ел ара­сындағы теміржол мен жүк тасымалдау көлемі 14,8 млн тонна құрап, оның ішінде қазақстандық тауарлар 8,44 млн тонна болса, қытайлық тауарлар 6,42 млн тоннаға жетті.

Менің пікірімше, Қытайдан Еуропа бағытына жүк транзиттерін Қазақстан арқылы жаңа контейнерлік пойыздармен жіберу, қытайлық компанияларға өз тауарларын Еуропа мен ТМД нарық­тарына шығарудың жылдамдық және се­німділік сияқты артықшылықтарын беру­мен қатар, екі ел аймақтары арасындағы сыртқы сауда байланыстарының дамуына қосымша түрткі бола алады.

Биыл Ляньюньган (Цзянсу өлкесі) теңіз портында орналасқан қазақ­стандық – қытайлық логистикалық тер­ми­­нал өз жұмысын бастады. Бұл терминал ар­қылы қазақстандық тауарларды Жа­по­ния, Оңтүстік Корея, Азия – Тынық мұ­хиты аймағы елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік ашылады. Бұған қоса, біріккен кәсіпорын халықаралық мультимодальдық тасымалдауларды, жүк тиеу-түсіру жұ­мыстарын, консультациялық және көлік-экспедиторлық қызметтерін көрсететін бо­лады. Аталған терминалда 2015 жылы шамамен 250 мың жиырма футтық экви­ва­лентегі контейнерлерді өңдеу жоспар­лануда.

Сонымен қатар «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлі­зінің құрылысы аяқталуда. Аталған көлік желісі жүктердің Қытайдан Еуропаға дейін жеткізілу мерзімдерін теңіз жолымен са­лыс­тырғанда 3,5 есе қысқартпақ. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға және жүк­тердің транзитінен табыс алып, логисти­каны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Соңғы уақытта тараптар арасын­дағы өндірістік қуаттар саласындағы ынты­мақ­тастық жөнінде жиі айтылып келеді. Бұл жөнінде толығырақ айтып берсеңіз, оның не екендігін және бұл бағытта қандай жұмыс жасалғанын таныстырсаңыз?

– 2014 жылы желтоқсандағы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэ­цянның Қазақстанға жасаған ресми са­пары барысында тараптар арасында ин­дустрияландыру және инвестициялар салаларында ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Екі ел сарапшыларының төрт ай бойы жүргізген қарқынды жұмысының нәти­жесінде, жалпы сомасы 25 млрд доллар асатын 48 инвестициялық жобалар ірік­теліп, ҚР Инвестициялар және даму ми­нистрлігі мен ҚХР Мемлекеттік даму және реформа жөніндегі комитеті ара­сында индустрияландыру мен инвести­ция­лар саласында ынтымақтастық жө­нінде Меморандумға қол қойылды.

– Өткен жылдан бері ҚР мен ҚХР арасында инвестициялық ынтымақ­тас­тықтың айтарлықтай белсендiлiгі бай­-­қалды. Қазақстан қытайлық компания­лармен ынтымақтастықты орнату бары­сында қандай басымдықтарды басшы­-лыққа алады?

– Ең алдымен, Қытай соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстанның негізгі шетел­дік инвесторларының қатарына кіріп ке­летінін айтқан жөн. Тек қана соңғы екі жыл ішінде, тараптар жалпы сомасы 73,5 млрд доллар құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде екіжақты құжаттарға қол қойды.

Біздің статистикалық мәліметтерге сәй­кес, 2014 жылы 31 желтоқсанға дейін Қазақстанның экономикасына 18,65 млрд доллар қытайлық инвестициялар тарты­лып, оның ішінде тікелей инвестициялар – 4,08 млрд доллар құрды.

Сонымен бірге ҚХР-ға жасалған қа­зақ­стандық инвестициялар көлемі 3,06 млрд доллар құрап, оның ішінде тікелей инвестициялар – 188,7 млн долларға жетті.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру шеңберінде Қытайда Азиялық ин­фрақұрылымдық инвестициялар Банкі (АИИБ) және «Жібек жолы» қоры құры­луда. Олардың ауқымды қаржы ресурс­тары шетелдегі перспективті жобаларды іске асыруға бағытталады. Ал біздің алды­мызда болса, еліміздің экономикасын ин­дустрияландыру мен жаңғырту мақсаты тұр.

Осыған байланысты, менің ойымша, біз қазақстандық экономиканы әртарап­тандыру мақсатында Қытайдың инвес­тициялық әлеуеті мен сыйымды нарығын тиімді әрі ұтымды пайдалануымыз қажет.

– Жақында Қазақстан-Қытай өткізу бекеттерінде ауылшаруашылық өнімдерін жеделдетіп өткізуге арналған «Жасыл дә-ліз» ашылған болатын. Сіздің ойыңызша, атал­ған шешім қаншалықты дұрыс болды және Қазақстандағы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлеміне кері әсерін тигіз­бей ме?

– Ия, шыныменде, 2013 жылы жел­тоқсанда Қазақстан – Қытай шекара­сын­дағы «Бақты» (ҚР Шығыс Қазақстан об­лы­сы) және «Покиту» (ҚХР) өткізу бе­кетінде «Жасыл дәліз» жобасының ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Аталған өт­кізу бекетін таңдауға оның жағрафиялық орналасуы, сонымен қатар еліміздің же­келеген аймақтарын (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыс­тары) және Ресейді (Батыс Сібір, Алтай аймағы) ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету қажеттілігі себеп болды.

Аталған жобаны іске асырар алдында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, сақ­тау, тасымалдау және ҚХР кәсіпорын­да­рының осы өнімдерді сату шарттары то­лығымен зерттелген. Нәтижесінде, өткі­зілген бақылау жұмыстарының оң қоры­тындысы өткізу бекеттерінің жұмысын одан әрі тұрақты тәртіпте жалғастыруға септігін тигізді.

«Жасыл дәліз», кейбір жерде айтылып жүргендей, өнімдерді бақылаусыз өткізу арнасы болып табылмайтынын айта кету қажет. Керісінше, екі мемлекеттің кеден және карантин мекемелерінің арқасында «Қос бақылау» жүргізіліп отыр. «Қос ба­қы­лау» кеден саласындағы тәртіп және заң бұзушылықты төмендетуге, сонымен қа­тар тез бүлінгіш өнімдерді жеделдетіп өткізуге (70 минуттан аспайтын) көмек­те­суде.

Одан басқа «Жасыл дәліз» еліміздің ауылшаруашылық өнімдірінің Қытайға экспортын ынталандырып отыр. Алайда осындай тауарлар көлемі мен түрлері (ба­лық, бал және т.б.) аз болғанымен, келе­шекте Қазақстан Қытайға ауылшаруа­шылық өнімдерінің көлемін ұлғайтып, экспортын арттырады деген сенімдемін.

– Қазақстанның 2014 – 2020 жыл­дарға арналған Сыртқы саясат тұжы­рым­дамасында сыртқы саясаттың гумани­тарлық бағытын дамытуға маңызды рөл бөлінді. Бұл шын мәнінде, шетелдегі ҚР азаматтарының құқығы мен заңды мүд­делерін қорғау бойынша жұмыстың ба­сымдылығы аталды. Осы орайда Қытайда қандай шаралар атқарылуда?

– Ең алдымен, шетелдегі қазақстан­-дық азаматтар Қазақстан Респуб­лика­сының қорғауы және қамқорлығында екенін айта кету керек. Олардың құқық­тық жағдайы Қазақстанның заңды акті­лерімен реттеледі, ал шетел­дегі біздің аза­маттарымыздың құқығы мен мүдделерін қорғау Қазақстан Респуб­ли­касы Сыртқы істер министрлігі және оның шетелдегі ме­кемелерінің маңызды басым­дықтары болып табылады.

Екі елдің экономикалық және инвес­тициялық қатынастарының өсуіне орай, қазақстандық азаматтардың Қытайға сапарларының саны айтарлықтай көбейді. ҚХР Ұлттық саяхат әкімшілігінің мәлі­метіне сүйенсек, 2014 жылы ҚР азаматтары осы елге 340 мыңнан астам сапар шеккен.

Сонымен бірге соңғы уақытта жағымды сауда-экономикалық және мәдени-гума­нитарлық серпінмен қатар ҚХР аумағында біздің азаматтардың қатысуымен визалық тәртіпті бұзудан бастап, қатаң қылмысқа дейін баратын оқиғалардың өсуі орын алуда.

Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігі (Бей­жің қ.), Шанхай қ. Бас консулдығы және Үрімші қ. ҚР СІМ Паспорттық-визалық қызметі біздің азаматтарымызға тосын оқиға мен уақиғаларға түскен жағдайында ұдайы түрде барынша жәрдем көрсетеді.

Консулдық жұмыскерлер қызметтік міндеттері бойынша, ҚХР азаматтарына визаны рәсімдеумен ғана шектелмей, Қытай аумағында ұсталған Қазақстан азаматтарының құқықтық қолдауы мәсе­ле­лерімен де айналысады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихты киімде таңбалаған көрме

$
0
0

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихты киімде таңбалаған көрме өтті (ФОТО)
upКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинкаКартинка left right
Астана. 12 мамыр. BAQ.kz – Бүгін Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде суретші Аңсаған Мұстафаның Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Шашу» атты қазақы нақышта салынған суреттерінің көрмесі өтті.
Енді үстімізге ағылшынша жазылған жеңіл сөз бен жат елдің жұлдыздары, өзге ұлт пен елдің таңбасы салынған футболкаларды емес, ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН, қазақтың хандары мен батырлары, арыстары мен алыптары, ұлттық салт-дәстүрімізден көріністер және қазақ өмірімен бағзыдан байланысып келе жатқан қыран бүркіт, көк бөрі және жылқы бейнелері өрнектелген жеңіл жейделерді киюімізге мүмкіндік бар.

Аңсаған Мұстафаның Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап өткізген көрмесінде осындай 55 ұқсамаған ұлттық үлгідегі жеңіл жейде таныстырылып, олардың суреттері қойылды.
Тарлан тарихтың тау тұлғаларын таңдауда шеберлік танытып, елдіктің тұғырын қазақ өмірімен де байланыстырған суретшінің тілегі ендігі жерде осы жеңіл жейделерді бір адам болса да киіп, киім арқылы өзінің ұлттық рухын көрсетсе екен дейді.
«Бұл көрме Қазақ хандығының 550 жылдығына арналғандықтан суреттерімде тарихта өткен тұғыры биік тұлғаларды, салт-дәстүрді, ұлттық ойындарымызды бейнеледім. Өйткені біздің елдігіміз хандар билігі мен батырлар білегінің күшімен ғана қалыптасқан жоқ, тарихты қалыптастыруда бүкіл қазақ қоғамының рөлі өзгеше. Бес ғасырдың ішінде ата да, бала да, батыр да бар. Ұлттық дәстүріміз бен салтымыз бар. Сондықтан 55 түрлі суретті бір-біріне ұқсамайтын 55 үлгіде салдым. Бұл ойды қуа берсең 500 сурет те салуға болады. Бірақ, мен уәдемді 55 суретке бергеннен кейін осы дүниелер өмірге келді. Суреттерді түрлі-түсті және жеңілдеу етіп жастар жағына бағыттадым»,-дейді А.Мұстафа.

Қазіргі телеарналар сайқымазаққа айналды

$
0
0

Тоқтар Жақаш: Қазіргі телеарналар тәрбие құралы емес, сайқымазаққа айналды
Есенгүл Кәпқызы 6 Мамыр, 2015 / 527 рет оқылды 0

Қазақстандық телеарналарда 15 жылдан астам жұмыс істеген, алғашқы еңбек жолын КТК телеарнасынан бастаған Тоқтар Жақаш мырзаның қазіргі телеарналардағы ақпараттық саясат туралы айтары мол. Тоқтар Жақашпен арамыздағы әңгіме қазақтілді телеарналардағы ақпараттық саясат мәселесіне арналды.

– Тоқтар аға, соңғы кездері телеарнаның ыстығына күйіп, суығына тоңған біраз телеқайраткер жұмыссыз қалып жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын «Хабар» арнасында продюсер қызметін атқарған Арман Сқабылұлы, Серік Абас-Шах секілді майталмандар қазір жұмыссыз жүр. Бұның сырын айтып бере аласыз ба?

–Мемлекеттік телеарналарда кәсіби журналистиканың қоясын ақтарған адамдар өте сирек. Бүгінгі басшылық сондай, алтынға айырбасталмайтын қызметкерлерді бағалай алмай отыр. Күндіз шамның жарығымен іздеп таппайтын құнды кадрдан айырылу — қазіргі телеарна топ-менеджментінің ең басты қателігі. Өйткені, телеарна басшылығы көп жағдайда ішкі интрига мен өздерінің жеке амбициясынан аса алмайды. Ұлттық, мемлекеттік мүддені өздерінің бір күндік, бір сәттік амбициясына жығып бере салады. Ал мемлекеттік саясатқа сай, халықтың сұранымына жауап беретін, тұщымды бағдарламалардың жоқтығын да осындай кадрлық «солақайлықтан» іздеген жөн. Қазіргі кәсіби мамандардың басым көпшілігі бос жүр. Ол тек Серік Абас-Шах, Арман Сқабылұлы, Дина Төлекова ғана емес. Жұмыссыз қалған кәсіби мамандардың ұзын-ұзақ тізімін жасап беруге болады. Бір кездері қазақ тележурналистикасының жұлдызына айналған Дана Нұржігіт қайда? Қазақ басшылығына «қажетсіз» болып қалғандықтан, КТК телеарнасында орыс тілінде бағдарлама жүргізуге көшкен. Камалия Байтілеу қайда? Жүргізушіліктен ақырын-ақырын ысырылып, соңында бір телеарнаның жарнама бөліміне ауыстырылды. Жүргізуші мен пиардың арасы соншалықты жақын ба еді? Кісінің күлкісін келтіреді. Камалия қазір ол жерден кетіп қалыпты. Былайша айтқанда, тележурналистиканың элитасын тарыдай тоздыруға қадам жасалуда. Өйткені, бүгінде кәсіби мамандардың емес, Абайдың Мәнкісінің заманы туды. «Солай ма, Мәнкі?» десе, «солай!» деп жауап беретіндер ғана қажет…

– Менің білуімше, шетелдік телеарналарды қарап отырсаңыз, оны жүргізушілердің көбі, әсіресе саяси-экономикалық, сараптамалық бағдарламаларды, ток-шоуларды жүргізушілердің жасы қырық, елуді еңсеріп, тіпті алпысты алқымдап қалған адамдар. Өйткені олар жасаған сараптамалар өте жан-жақты әрі салмақты болады деген түсінік қалыптасқан. Ал бізде керісінше, жастарға көбірек иек сүйейміз.

–Бұл – біздің телеарналардағы ең басты қателіктердің бірі. Телевидение тілінде өмірлік тәжірибесі жоқ жүргізушілерді «говорящая голова» деп атайды. Өйткені, олардың көбі жазып берген мәтінді суфлер арқылы ғана оқып береді. Ал Қазақстандағы орыс тележурналистикасы бұл үрдістен айныған жоқ. Мәселен, Артур Платонов «Слуги народа», ал Пономарев күні кешеге дейін КТК арнасындағы «Портрет недели» бағдарламасын жүргізіп келді. Олардың сөзіне көрермен көпшілік иланады. Өйткені, кез келген мәселеге сарабдал түрде сараптама жасай білетін жастағы адамдар. Ал біздің қазақ телеарналары неге екенін білмеймін, ондай бағдарламаларды аузынан ана сүті кеппеген, университетті де бітірмеген жас балаларға сеніп тапсырады. Одан кімнің не ұтатынын телеарна басшылары ғана біледі.

– Қазір қазақ телеарналарында сараптамалық бағдарламалар, ток-шоулар жоққа тән. Жаңа өзіңіз айтып өттіңіз, 2007 жылға дейін телеарналарда сараптамалық бағдарламалардың шоғыры қалыптасқан еді. Телеөнімдер қоғамдық пікірді қалыптастырушы күшке айнала бастаған болатын. Алайда, неге екенін кім біледі, соңғы кездері ондай бағдарламалардың орнын сайқымазақ бағдарламалар басып кетті.

– Бағдарламалар сапасының төмендігіне – рейтинг қуған аутсорсингтің де әсері зор. Жалпы, әлемдік тәжірибеде бағдарламалар өндірісін аутсорсингке берген өте дұрыс. Бірақ бізде аутсорсингтің өзі заңмен реттелмеген. Мемлекеттік тапсырыс болса да, «ҚР Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңына бағынбайды. Яғни, айналып келгенде, қыруар қаржы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық арқылы «өзі әдемі, көзі әдемі» тамыр-таныстарға ғана үлестіріледі. Мысалы, сіз де аутсорсингке бағдарлама алуға тырысып көріңізші. Маңайына жолатпайды! Көз алдау үшін құрылған «қоғамдық комиссия», «Көркемік Кеңес» дегендердің отырысы қашан, қай күні болатынын білмейсіз де. Байқаудың талаптары мен шарттары баспасөзде жарияланбайды. Сонда бұл неғылған «құпия»? Тіпті, мемлекеттік құпиядан да құпиялау дүние өзі. Былтыр мен осы тақырыпта журналистік зерттеу жүргізген едім. Үлкен резонанс туды. Бірақ айналып келгенде, күткендегідей нәтижесін көрген жоқпыз. Бұл мәселені мен биыл да назарда ұстап, міндетті түрде баспасөзде жариялайтын болам. Яғни, біз дәл осы аутсорсинг мәселесі бойынша алты басты айдаһардың басын кесіп тастамасақ – қазақ тележурналистикасының көрі де алыста емес.

«Хабар» телеарнасында «Жеті күн», «Қазақстан» арнасында «Апта», «7 каналда» «Біздің уақыт», «Астана» арнасында «Нысана» секілді саусақпен санарлық бірнеше ақпараттық-сараптамалық бағдарлама ғана бар. «Хабар» мен «Қазақстан» телеарнасын түсінуге болады, олар мемлекеттің саясатын насихаттайды, жақсы жаңалықтарды сараптайды, ал «Нысана» мен «Біздің уақыт» мәселенің әлеуметтік жағына көбірек назар аударады, әрі олардың көрермені жоқ деп айта алмас едім.

Қалғаны тек көңіл көтеретін бағдарламаларымен эфирді құр толтырып отыр. Бұрын коммерциялық теларнаның біразында қазақтіліндегі сараптамалық бағдарламалар болған еді. Мәселен, КТК арнасында «Шарайна», «Алаң жұрт», «31 каналда» «Дода», «Еркін сөз», т.б. Алайда, телеарна әкімшілігі бұндай сараптамалық бағдарламалардан бас тартып, «біз коммерциялық телеарна болғаннан кейін, бізге жарнама әкелмейді, тиімсіз, рейтингі жоқ» дегенді желеу етіп, жауып тастады.

– Ол рейтингті кім жүргізеді?

–Телеарналардың барлығы «Геллап-Медианың» рейтинг көрсеткішіне тәуелді. Телеарнаға жарнама берушілер алдымен сол компанияның көрсеткіштеріне назар аударады. Осы компанияның рейтингтік көрсеткіштеріне назар аударсаңыз, «Еуразия1»телеарнасы үнемі көш бастап келеді.

Гэллап болса, пиплметр деген құрал арқылы кімнің қай арнаны, қайсы бағдарламаны көп көретінін «анықтайды». Бірақ оның нақты дерегі күмән тудырады. Өйткені, пиплметрдің қай қалада, қандай тілді отбасыға, тіпті кімге тағылғаны белгісіз. Сондықтан, рейтингтің белгілі бір жарнаға тәуелді болуы, телеарналармен «жең ұшынан жалғасуы» да әбден мүмкін. Білуімізше, Гэллап 100 мыңнан кем тұрғыны бар қалаларда ондай зерттеу жүргізбейді. Яғни, қазақ халқының 45 пайызы қоныстанған ауылдар мен елдімекендер мүлдем ескерусіз қалады. Айналып келгенде, монополист Гэллаптың кесірі – мемлекеттің тіл туралы заңына кесірін тигізіп отыр. Мен осы компанияға бірнеше рет сауалнама жолдап, пиплметрді кімдерге беретінін анықтауға талпынып көрдім, алайда олар менің өтінішіме құлақ аспады. Бізде өкінішке орай, мемлекеттік тілдегі хабарлардың рейтингін жасайтын арнайы агенттік жоқ.

Сондықтан, «Нұр-Медиа» жанынан қазақ тілді аудиторияның пікірі мен қазақ бағдарламаларының рейтингін түзетін мемлекеттік, керек десеңіз Ұлттық медиаөлшем құратын уақыт жетті. Еуразия, 31-арна, КТК, НТК, Отырар, ТДК сияқты арналардың орыстілді бағдарламаларына жел бітірген Гэллаптың әуселесі сонда белгілі болар еді. Демек, мемлекеттің телеарна саясатына реттеуі керек мәселесі әлі де болса шаш етектен.

– Соңғы жылдары ұлттық немесе мемлекеттік телеарналарда бір үрдіс пайда болды. Есіңізде болса, Ғалым Доскен басшылық етіп тұрған кезде «Қазақстан» телеарнасы қазақ тілінде өте жақсы өнімдерді бере бастады және телеарнаның рейтингісі әжептәуір өсті. Алайда, ондағы басшылықтың орнынан кетуіне байланысты арнаның 120 қызметкері бір күнде жұмыстан кетті. Сондай жағдай осыдан екі-үш жыл бұрын «Алматы» телеарнасында қайталанды. Онда да телеарнаның ақпараттық саясатына Алматы қалалық әкімшілігің араласуы салдарынан қырықтан астам журналист телеарнаны тастауға мәжбүр болды. «Алматы» арнасы да әжептәуір ұлттық сараптамалық бағдарламаларымен ерекшеленетін еді. Бұл не ұлттық рухқа деген қарсылық па?

– Осы әңгімені ары қарай өрбітер болсам, сол «Алматы» телеарнасындағы оқиғадан кейін, мен сонда бас продюсер болып бардым. Сол кезде менің түйгенім, қазақ журналистикасына орыстілді билік мән бермейді. Санаспайды. Олар тек саяси науқан кезінде ғана көңіл бөледі. Мен «Алматы» арнасына барғаннан кейін, біраз жобаларды ұсындым. Алайда, телеарна муниципиалитетке қарағандықтан, тек қана мемлекеттік тапсырыстарды орындау туралы талап қойды. Ол дегеніміз не? Қаланың тек күнгей бетін ғана насихаттау, ешқандай сыни ақпаратқа жол бермеу. Бұрынғы команда қаланың коммуналдық қызметін сынай алатын болса, бізге оған да рұхсат етілмеді. Яғни, телеарнаның саясаты әкімнің табанының астында қалды.

– Өткенде бір топ фейсбук пайдаланушысы «Еуразия1» арнасын сынға алып, онда ұлттық саясаттың мүлдем жүргізілмейтіндігі, қазақтілді бағдарламалардың прайм-таймға қойылмайтындығы, қойылған күннің өзінде ол «Тілдер туралы» заңның талаптарын орындамайтындығы туралы, оған бөлініп жатқан қаржының бір бөлігі салық төлеушілердің қалтасынан төленетінін, алайда олардың салық төлеушілердің пікірін ескермей отырғандығын жазған еді. Сол топтың бастамашысы ретінде, жалпы, Қазақстандағы телеақпараттық саясат туралы не айтар едіңіз?

– «Еуразия» телеарнасы бұрын Рахат Әлиевтің «Алма-медиа» холдингіне енген еді. Кейін оны мемлекет қайта сатып алды. Бірақ, елге белгілі кланның адамдары осы телеарнаның басшылық орындарында қалып кетті. Оған сырттан дем берушілер әлі бар. Телеарна басшысы С.Киселев қазақтілді бағдарламаларды түннің бір уағына қояды. Байқасаңыз, ол жерде тек орыстілді бағдарламалардың сапасына мән беріледі. Қазақ тілінде іліп аларлық ештеңе таппайсыз. Жалпы, коммерциялық телеарналарда ұлттың мұң-мұқтажы ешкімді толғандырмайды. Оның үстіне биліктегілердің бәрі орыстілді. Олардың көңілінен шығатын өгізді де өлтірмес, арбаны да сындырмас бағдарламалар болса жетіп жатыр. Өйткені, телеарналарда қазақтілді бағдарламалар көбейіп, жұрттың бәрі қазақтіліне бет бұрып кететін болса, олардың өзі түгілі қазақ тіліне мұрнын шүйіріп қарайтын балалары да аш қалатын түрі бар.

– Қазіргі қазақ телеарналарының бет-бейнесі жайында қысқаша айтып өтсеңіз…

– Мемлекеттік телеарналардың бағдарламаларының көбі арзан ойын-күлкіге құрылып кетті. Даңғаза ток-шоулардан көрермендер жалығып, мезі болып бітті. Андрей Малаховтың «Пусть говорят» секілді жұртты жалықтырмайтын ток-шоулар жоқтың қасы. Сосын әншілерден аяқ алып жүргісіз.

Қазақ телеарналарында сайқымазақтың жұлдызы жанып тұр. Ырбық-ырбық қылжақ кімге дәрі? Телеарна басшыларының рухани деңгейі сол ғана ма, әлде, жастарды жындысүрейге айналдырудың тиімді тәсілі ме? Мүмкін, «әйтеуір, эфирді толтырсақ» деген далбаса ма? Ондай болған күннің өзінде сапасы өзгермейтін «Қазақша КВН», «Жайдарман» дегендерді НТК, ХитТВ сияқты даңғаза арналарға көшіру қажет! Ұлттық арнаның ұлттық, мемлекеттік ұстамына мұндай бағдарламалар лайық емес деп санаймын. Өз басым, ержеткен ұлдарыма осы сайқымазақтарды көрсетпеймін.
Сайқымазақтың ушыққаны соншалықты енді «Хабарда» «Пәленшеевтер», НТКда тағы бірдеңе деген комедия мен сатираға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «комедиялар» қосылыпты. Арзанқол, мағынасыз, іші қуыс идеологиямен ауызданған жастардан ертең кім өсіп шығады? Олар ұлттық, мемлекеттік құндылықтарды әлемдік деңгейде насихаттап, қорғай ала ма?
Ендеше, мына екпінімізбен – сайқымазақ пен бос қылжақты бірте-бірте ұлттық мәдениетімізге айналдырып жатқан жоқпыз ба? Тіпті, ащырақ айтсақ – бұл сайқымазақтардан гөрі порнография көрсеткен әлдеқайда дұрысырақ шығар?! Ең болмаса эстетикалық ләззат аламыз.Бұның барлығының қазақ халқына зияны болмаса, пайдасы жоқ.

Демек, телеарналардың бүгінгі сиқын жөнге салу үшін, билікте қазақтілді буын қалыптасуы керек.

–Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Қазақ мәдениетін сақтап қалған француз кітапханасы

$
0
0

Қазақ мәдениетін сақтап қалған француз кітапханасы

Франция Ұлттық кітапханасы – Еуропадағы ең ежелгі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі жағынан әлемнің алып кітапханалары қатарында, анығында, жетінші орын иеленеді. 1368 жылы негізі қаланған корольдік кітапхана Франция королі Карл V-тің кезінде (1348-1380 ж.ж.) Лувр музейінде қызмет көрсете бастаған.

1988 жылы Францияның экс-президенті Франсуа Миттеран (1981-1955) кітапханаларды реформалау бағдарламасына қолдау білдіреді. Соған сәйкес, негізгі қор Париждің XIII округіндегі заманауи үлгідегі зәулім ғимаратқа көшірілді. Бұл кезеңде кітапханадағы баспа өнімдерінің саны 9 миллионнан астам болған.

Франция Ұлттық кітапханасы симметрия пішініне негізделген. Жоба латынның «L» әрпі формасындағы төрт бұрышты мұнаралар көмегімен жасалған. Мұнаралар бір-біріне қарама-қарсы қарап, ашық тұрған кітапты көз алдыңа әкеледі. Осы ашық кітаптар ішінде кітапхана залдары және алып эспланадалар бар. Эспланада – таңғажайып гүлзармен көмкерілген көпшілікке ашық қолжетімді айдынды алаң, ол оқуға әрі кездесуге арналған. Жоба – адамзаттың асыл ойы мен шығармашылығының айнасы. Бұл жабдықтардың артықшылығы – кітаптарды сақтауға қолайлы жағдай жасалатындығы, сондай-ақ күнделікті пайдаланушының жанға жайлы жағдайды сезінуі, тиімді мониторинг пен басқару жүйесінің болуы.

Бұл кітапхана 1793 жылғы дерекке сай дүниежүзі бойынша ең алғашқы ақысыз қоғамдық кіапхана болып саналады. Мемлекеттік мекеме ретіндегі Франция Ұлттық кітапханасының міндеті – Францияда жарияланған материалдар көшірмелерінің коллекциясын жасақтау. Заңға сәйкес, баспа өнімдері осында сақталуы тиіс әрі олар қоғам үшін қолжетімді болу керек. Француз Ұлттық кітапханасы 2010 жылы сегіз миллион еуроға белгілі италиялық жанкешті жазушы Джакомо Джироламо Казанованың жазбаларын сатып алды. Мұны неміс баспагерлері 200 жыл бойы сақтап келген.

Француз суретшілері XIX ғасырда өмір сүрген қазақ халқының мәдени-тарихи генотипін, салт-дәстүрін, ұлттық нақышын айқын бейнелей білген. Бұл көшірмелер Франция Ұлттық кітапханасының суреттер бөлімінде сақталған. Өкінішке орай, түпнұсқаларының қай жерде сақталғанын анықтау мүмкін болмады.

Ұлттық идеологияның ядросы

$
0
0

Ұлттық идеологияның ядросы немесе қазақ қоғамы жауап іздеп жүрген бір сұрақ

Ұлттық идеология ойдағы бірліктен басталады. Осы күндері идеология керек деумен жүрміз. Сан түрлі мақалалар жазылып та жатыр. Айтылып та жатыр. Аталған мақалалар мен айтылған сөздерде идеологияның ядросы мен оның негізгі табиғаты қозғалмай жалпы сипаттамасымен келеді. «Неге билік жасамайды ортақ идеология? Зиялылар не істеп жүр? Жастарымыз неге жат ағымның құрбаны? Орыс тілді қазақ пен қазақ тілді қазақтың талқылайтын тақырыптары мен олардың мәселіні қабылдауы неге екі түрлі?» міне осы аталған сұрақтар идеология тақырыбына жатады. Қоғам болып сұрақ қойсақ та, қоғам болып жауап іздеп жатқан жоқ сияқтымыз. Отандық саясаттану ғылымында мынадай бір парадокс бар екен. Ең көп зерттелген тақырып қауіпсіздік бойынша болса да, тұшымды жаңалық пен теория пайда болмаған тақырыпқа жатады екен. Сол сияқты идеологиямызда көп айтылсада, нәтижесі мардымыз, ғылымдағы парадокс болып тұр. Жоғарыда айтқандай идеология туралы айтылған сөзбен, жазылған мақала мен монографиялар жетіп артылады. Бірақ осылардың ешқайысы идеологияның негізгі өзегіне мән берместен әркім өзінің ойына келгенді айтып, сананы сан саққа жүгірітіп ортақ ой мен пікірге келе алмай жүрген жайы бар. Бізде идеологтар, саясаттанушы және философтардың ойына мән берсеңіз «идеологияны ойдан жасап халыққа ұсынуға болады» деген қате түсінікті де кездестіруге болады. Осы күнгі идеология мен идеялық бірлік мәселесіне қатысты жобалар сарыны мен жасалу сипаты бір. Барлығы коммунистік идеологияның әдісінен бастау алады. Кезінде коммунистер «интернационалист» деген ұран салса, біз «толеранттылық» деген сияқты. Осының жасаушылар коммунисттік идеолгияның әдіснамасын басына сіңіріп өсірген аға буын зерттеушілер. Идеялық бірлік тақырыбындағы бағдарлама, құраттар ең алдымен теориялық деңгейде жасалып, айтар ойы былай келеді: «Идеология ол тез арада қол жететін нәрсе болмауы керек, ол сағым сияқты болуы керек» дейді. Кезінде коммунистер «біз коммунизмге көз жететін сағымда қол жеткіземіз» деді. Енді сұрақ, адам шын өмірде сағымға жете ме? Әрине жоқ. Осы коммунистік әдіснамамен бүгінгі таңда идеялық бірлік тақырыптары жасалып жатыр. Бұл жобалар практикалық тұрғыда өмірі іске аспайтын жобалар болып қала береді, асса да асуы тек халыққа зиянын тигізумен әсері болады. Содан келіп "Қоғамда неге идеология жоқ?" деген сұрақтар күн тәртібінен түспейді. Идеология - идеядан тұрады. Идея іске асқанда ғана идеологияға айналады. Идеяны қазақшаласаң "ой" дегенге саяды. Енді біздің қоғамда ортақ идеяда ма? Оны нақты дөп басып айту қиын. Ортақ ой дегеніміз оның бойында ұлт үшін, ел үшін қажетті идеялармен қамтамасыз етілген идеялардың компоненті.
Қазақ Елінің басты арманы не?
Қазақтың негізгі болмысы қандай?
Ұлттық психологиясы қандай?
Өмірге деген көзқарасы қандай ұлт ретінде?
Өмірді қабылдаудағы танымы қандай?
Ұлттық мүддесі не?
Осындай сұрақтарды қарастырады.
Жоғарыдағы қазақ жастарының жат ағымға кетуі, екі қазақтың бір уақыт кеңістігінде тұрып, бір мәселені екі түрлі түсінуі... Осы мәселелерге шешім іздесек.
Идеогияның негізі ортақ ой қазанын қалыптастырудан басталады. Ортақ ой қазанын қалыптастыру бір оқымыстының ойы мен қиялынан тұрмайды. Халықтың сан ғасырлық бойына жинаған өмірге деген таным түсінігінен туындайды. Ортақ ой қазаны деген тақырыпты сәл басқа қырынан алып қарасақ. Кезінде Кеңес үкіметі К.Маркс пен Ленинның кітаптарын ел болып оқуды басты назарда неге ұстады? Себебі осы кітаптар коммунистердің құрып жатқан мемлекетінен негізгі ой қазаны еді. Олардың идеясы керемет болмаса да қоғам болып оқығаннан кейін «көп өтірік бірігіп бір шындыққа айналады» деген принцип аясында жүрді. Ақылы, таным-түсінігі барлар мұны ажырата білді, танымы төмендер коммунистердің құр қиялын ақиқат санады. Советтер Одағы осы арқылы жетпіс жыл мемлекет құрды. Елдегі жат ағым құрбандары да осындай жағдайда, олардың өзі бас аяғы санаулы кітаптары болады. Сол кітаптарды тіпті жаттап алады. Іші толған догма. Көп догма қосылып шындыққа айналған болады. Басқамен салыстырып оқымағаннан кейін оны өздері ақиқат деп түсінеді. Оқыған кітаптары оларға қоғамға, дүниеге деген көз қарасты қалыптастырып береді. Қоғамға қөп догмаға негізделген шаблондармен қарайды. Ұстанымдарына дәлірек айтқанда шаблондарына сай келмесе, қоғамды қаралай бастайды. Орыс тілді қазақ пен қазақ тілді қазақтың аудиторияларындағы тақырыптар бір-біріне сай келмейтініне осыдан келіп шығады. Орыс тілді қазақ дүниеге орыс көзқарасымен қараған болады. Сол көзқарасымен қазаққа қараса «бұл халық әліде артта қалған» деген оймен жүреді. Қазақ тілді қазақ дүниеге қазақы көзқараспен қарап, айналасындағы орыс тілді қазаққа қарап, «оларда ұлттық рухы төмен» деген оймен жүреді. Біздің елдегі екі философты бір тақырыпта сөйлетсеңіз, екеуі екі түрлі сөйлеуі анық. Себебі, біреуі батыс философиясы Гегель, Конттың ой қазанынан нәрланған, екіншісі Абай мен Шәкарымнан нәр алған. Осындай жағдайда ұлттық идеология қалай дүниеге келеді. Біз ең алдымен әрбір қазақ оқуға тиіс деген жиырма кітаптың тізімін жасаумыз керек. Әр қазақ сол жиырма кітапты оқуын қоғамдық деңгейде бастама жасу керек. Ортақ ойға келу деп осыны айтады.
Ол жиырма кітапқа мынадай кітаптардан басталу керек деген ойдамыз. Абайдың екі томдық кітабы, Мәшһүр-Жүсіптің кітаптарынан екі томын таңдамалар жиынтығы, Шәкәрімның кітаптары, Алаш ардақтыларынын кітаптары мен мақалаларынан таңдамалар. Осылай біз ортақ ой қазанын құрасақ төмендігідей идология формасы шығады:
Untitled
Осылай біз ұлттық идеологияның қалыптастырушы ядросын анықтап алған болар едік. Неге мұны айтып отырмын, мәселен жапондарда отбасы болып ойнайтын бір ойын бар екен. Ол ойынды ойнау үшін жапон халқының жүз томдық жырларын оқыған болуың керексің, ойын желісі сол жырларға қатысты. Ол ойынды сол әулеттің үлкен атасы, орта жастағы буын және жоғары сыныпта оқитын немересі барлығы ойнайды екен. Жоғарғы, орта, жас буын барлығы бір жерден нәр алған, олардың барлығының арман-мұраттары бір болады. Себебі ойдағы бірлігі бар. Біздің қоғамда дәл қазір жүз кітап деуге қалыптасқан танымдық деңгейі жетпейді. «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деген ойдағы ел басқарып отырған азаматтардың деңгейін «жүз кітап оқиық» деген өреге жеткізу асыра сілтеу болатын сияқты.
Қонаққа барғанда барған үйдін бір нәрсесіне баса мән беремін. Ол сол үйдің сөресінде қанша кітап бар екен және олар қандай кітаптар. Шынында көп үйден кітап көрмейміз. Ал көргендерімнің басым бөлігі кітаптар ата бабасын мақтаған, рушылдықты астарлы нәсихаттайтын ортанқол кітаптар. Әр үйде жаңағы біз айтқан жиырма кітап тұрса, оны оқып сусындап өскен ұрпақ рушыл емес ұлтқа қызмет етуші болып өскен болар еді. Қоғам болып, зиялыдан қатардағы жұмысшыға дейін осы жиырма кітапты алдымен анықтап, одан кейін барлығымыз оқитын болсақ. Ойдағы бірлікке сөзсіз қол жеткізетін болатын едік.
Жат ағымға кеткендер мәселесі де осымен шешілуіне негіз болар еді. Абай, Шәкәрім, Мәшһү-Жүсіпті оқығанның ақидасы (сенімі) мен фиһқдағы иммунитеті қалыптасып, кім қөрінгеннің жетегінде кетпеген болар еді. Орыс тілді мектептерде орыс әдебиетінің алып тастап орнына қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетін енгізу бастамасы өте дұрыс. «Әдебиет -халықтың санасы, рухани өмірінің бояуы мен жемісі» дейді. Орыс мектебі болсын, орыс тілін жетік меңгерсін. Оған ешкім дұрыс емес демейді, бірақ дүниені қазақы танымда тануы керек. Ортақ ой қазаны ол идея мен идеологияның негізгі ядросы болып табылады. Осыны іске асыра білсек, қазіргі таңдағы бес жүз мың азаматымыз шетелден үй алып, болашағын сол жақпен байланыстырмаған болар еді. Шетелде оқыған студентіміз сол жақтан қалмастан осы «Қазақ Елі үшін еңбек етемін» деп елге келген болар еді. Қандастарымыз жат ағымның құрбаны болмай, «әр кімдікі өзіне» деген ұстанымды ұстанған болар еді. «Менің арманым мен болашағым Қазақ Елімен бірге, одан бөлек жарып қарай алмаймын» деген Елшіл азамат пен ұрпақтың бет бейнесі қалыптасқан болар еді. Біз жиырма кітапты барша қазақ болып анықтап оны ортақ ой қазаны етсек. Біздің ұлттық идеологиямыздың негізгі ұстындарын шығарған болар еді. Идеология мен идеялық бірлік біреудің қалтасынан шығаратын нәрсе емес, осыны идеология саласын ту етіп ұстаған азаматтар мен қоғам болып түсінсек жөн болар еді.
Жоғарыдағы :
Қазақ Елінің басты арманы не?
Қазақтың негізгі болмысы қандай?
Ұлттық психологиясы қандай?
Өмірге деген көзқарасы қандай ұлт ретінде?
Өмірді қабылдаудағы танымы қандай?
Аталған кітаптарды миллиондаған тиражбен шығарып, миллиондаған оқырырман болып оқығанда ғана жауап берген болар едік. Бұлай жасамасақ «аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деп сенделіп жүре береріміз айдан анық. Ұлттық идеология мемлекет құрушы ұлтың өзінен бастау алу керек. Ал қазақ еліндегі басқа эностарға қатысты басқа жолы мақалада жаза жатармыз.
Руслан Ахмағанбетов, саясаттанушы
"Қамшы" сілтейді

Viewing all 778 articles
Browse latest View live