Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all 778 articles
Browse latest View live

Қазақты ұлтсыздандыру үрдісі

$
0
0

Қазақты ұлтсыздандыру үрдісі қалай жүрілді?

Отарлаудың бір құралы қару болса, екіншісі — идеология. Соңғы үш жүз жылда Шығыс халықтарының арасына ібілістік идеологияның білдіртпей еніп, рухын жаншып, ұлттық келбетінен бірте-бірте айыруының нәтижесі ХХ ғасырда айқын көріне бастады. Қарумен халықтың санын азайту арқылы жерін иелену бірден көзге көрінетін іс жүзіндегі соғыс әрекеті болса, идеология — шексіз, шекарасыз кеңістікке кеңінен жайылып бір ұлтты ғана емес бірнеше халықты рухани улап, жоюдың бірден бір амалы. Ұлтсыздану идеологиясына дауа жоқ, одан тек сақтану керек.
Қазақты ұлтсыздандыру саясаты ХІХ ғасырда басталды. Өйткені ұлы халықты біртұтас ұлт ретінде біріктіріп, дінін де, тілін де, салт-дәстүрін де берік сақтап тұрған хандар мен билер институты батыстың ұлтсыздандыру идеологиясының әсерімен әлсіреп, соңғы демін 1860 жылдары бірақ шығарды. Бұл саясат тек қазаққа ғана емес, Шығыстың бірталай елдерінде қатар жүргізілді. Егер Орта Азияны орыс жаулап алса, Жапония аралдары американ әскерлерінің жойқын күшіне төтеп бере алмай Күншығыс елі АҚШ-қа қалай мойынсұна бастағанын байқауға болады. Кеңес кезінде қанаушылықтың бір символы ретінде санаға сіңген феодализм шын мәнінде шығыстың ұлылығын ұстап тұрған бір тетігі еді. Феодализм хандардың, билердің, батырлардың берекелі дәуірінің бір белгісі. Ұлттық тұтастық сол феодализммен бірге 1860 жылдары құлдырады. Қазақта хандық институт қалай жойылса жапонда да сондай процесс қатар жүрді. ХІІІ ғасырда зорлықпен, күштеп еніп алған американдық күш 1868 жылы Жапониядағы феодализмді біржолата келмеске кетірді. Жалпы қазақтың да, жапонның да тарихында айтылмаған шындық көп. Ақиқатты ашу алдағы іс.
ХХ ғасырда қазақ орыстанып жатқанда жапон еуропаланып, америкаланып жатты. Шығыстың екі ұлы елін ұлтыздандыру саясаты Орта Азияда патшалық Ресей арқылы, ал Күншығыс елінде Батыс пен Америка арқылы жүргізілді. Күншығыс елі қазақ секілді ресми түрде біреудің отары болмаса да, батыстың рухани отарына айнала бастады. Бірақ бір ғажабы жапондар өзінің ана тілін, ұлттық жазуын сақтап қала алды. Бодандықтан босаған қазақтың өз ұрпағын ана тілінде сөйлете алмай дал болуы секілді мәселеге жапон ұрынбады. Бірақ ұлттық болмысынан бірте-бірте айырылудың көріністері қос халықта бірдей көрінді. Ұлттық сана-сезім, салт-дәстүр, ана тілдің жаңа замандағы ұрпаққа бөтен болуы елдің елдігін жоғалтуға апара жатқандығын қазақтың ақын-жазушылары шығармаларында астарлап болса да жазды. Ұлт проблемаларын 1960 жылдан кейінгі қазақ қаламгерлері аз жазбады. Оған тоқталмай-ақ қояйық.
Дүниежүзінде ұлттық келбетін барынша сақтаған саналатын жапон халқын ұлтсыздандыру идеологиясының қалай жүргізілгенін әдебиеті арқылы зерделесек. Әлемдік әдебиетте көрнекті туындылармен ерекше орын алған жапон жазушылары аз емес. Солардың арасында ұлттың рухани қауіпсіздігі, ұлттық тұтастық, ұлттық рух тақырыбына қаламын молынан сілтеген Нобуо Кодзиманы көруге болады. 1915 жылы Гифу қаласындағы Будда священигінің әулетінде дүниеге келген Нобуо Кодзима 1941 жылы Токиодағы император университетінің филология факультетін тәмамдаған. 15 жасынан бастап әңгіме, повестер жаза бастайды. 1955 жылы «Американ мектебі» деген әңгімелер жинағы үшін Акутагава атындағы сыйлыққа ие болады. Оның көптеген туындыларының ішінен 1965 жылы шыққан «Мива отбасы» деп аталатын романы ерекше көзге түседі. Сол уақыттағы ең беделді деген Танидзаки атындағы әдеби сыйлыққа талай туындының арасынан тұңғыш рет осы роман ие болған.
Нобуо Кодзима бұл романында бір отбасының аясындағы көріністерді суреттеу арқылы тұтас ұлттың ұлтсыздану процесінің ішкі қатпарларына дейін ашып көрсеткен. Жазушы әлеуметтік өмірді шынайы суреттермен бере отырып, ұлттық қауіпсіздікке, жапон елінің рухани болмысына ХХ ғасыр төндірген қатерді айқындап берген. Романның бас кейіпкері Сюнсукэ — қаламгер, ғалым, аудармашы. Рухани саланың өкілі бола тұра отбасы тұтастығын сақтай алмаған, дәрменсіз, рухани әлсіз жан. Ол Америка мен Еуропаны ұзақ іс-сапарлармен жиі аралайды. Жапонияға келіп, жинаған материалдардың негізінде, батыстың мәдениеті, американдық отбасы жайында лекциялар оқиды, батыс қаламгерлерін аударумен айналысады.
Қалам иесі болса да, Сюнсукэні руханият адамы, зиялы деуге бола ма? Ол өзінің дәрістері арқылы жапондарға рухани азық беріп жүрмін, білім нұрын сеуіп жүрмін деп есептейді. Бірақ сол арқылы ұлтына қастандық жасап жүргенін білмейді. Сюнсукэ адамдық рухани болмысынан айырылған, батыстың мәдениетіне бой ұрам деп, хайуандық деңгейге түскен тип. Көптеген дәрістері мен аударған кітаптарынан оған мол қаржы түсуде. Дегенмен, сол байлық рәсуа болуда. Өйткені, ұлттық келбетінен айырылған отағасы өз балаларына да, әйеліне де ие бола алмайды. Ақырында бәрінің құлына айналады.
Сюнсукэ үлде мен бүлдеге орап қойса да әйелі оны менсінбейді. Тіпті ол іс-сапарға кеткенде де, ол үйде болғанда да американдық солдатпен көңіл көтеруін тоқтатпайды. АҚШ-тан келген Джордж есімді солдат Мива отбасының әлсіздігін біліп алған. Ол Сюнсукэнің үйінде тұрғанмен қоймай Токикоға күйеу болып алады. Сюнсукэге әйелінің ісін Мичио деген күтушісі жеткізгенде, ол қауқарсыз күйде болады. Жазушы Сюнсукэ болмысы арқылы әлсіреген, малғұндық деңгейге жеткен типті сыйдырған. Бұрынғы намысқой самурай жоқ. Егер бұрынғы жапон феодалы үш-төрт әйелге төре болса, қазіргі бейшара еркек бір әйеліне де ие бола алмауда. Токико — өз ұлтын менсінбейтін надан әйел бейнесі. Ол күйеуі Сюнсукэден американдық өмір салтын талап етеді. Мива отбасының бар мүлкі американдық, ішетін тағамы да американдық, көретін киносы да американдық. Олар үшін Джордж — тұлға. Токико үшін Джордждың жейдесі де, галстугі де өз күйеуінікінен әдемі. Сюнсукэ Токико үшін дүниедегі ең құнсыз. Сюнсукэ әйелінің көңілін табу үшін оған үй шаруасын да істетпейді. Кірі бес батпан еденді де қолына шүберек алып өзі жуады. Бірақ шамасы бәріне жетпеген соң үй шаруасын істейтін әйелді жалдайды.
Үй шаруасына жалданған қандай әйел болса да Мива отбасының рәсуа тірлігінің куәсі болады. Ал Токикоға ешбір адам жақпайды. Сюнсукэ әйелінің тірлігіне намыстанбайды. Ол американдық рух билеген заманда намысы өлген пенде. Ол да Джорджды әулиедей көреді. Ал американдық солдат болса жапон жерінде бизнесін дөңгелетіп, тасы өрге домалап тұр. Ол Мива отбасына миығынан күліп, мазақтай қарайды. Сюнсукэ мен Токико болса «американдықтың иелуіне түстік-ау, ол бізді басынып алған» деп те ойламайды. Джордж үшін бәрін беруге дайын. Сюнсукэ үшін оның әйелі мен Джорджтың байланысы қалыпты тірліктей көрінеді.
«Көргім келмейді осы американдықтарды. Иісі де жиренішті» дейді Норико. Алайда Сюнсукэ үшін ол жиренішті емсе. Көңілі жай таппаған Токико күйеуіне жаңа үй алғызады. Сюнсукэ «бәлкім жаңа үйге көшсек, отбасымыз бақытты болар» деп ойлайды. Сюнсукэ бәрін шет елдіктің көңілі үшін деп істейді. Іштей қаламаса да, көңілі тартпаса да, Токиконың ырқымен әрекет етеді. Жазушы жан-дүниесінде ұлттық белгіден ештеңе қалмаған жапон азаматын шебер бейнелеген. Сюнсукэ әйелі мен американдықтың әрекетіне тыйым салғысы келіп, бір рет Токиконы ұрып та көреді. Алайда, аяушылық сезімімен шет елдікке деген көңіл жықпастығы қатаң шараға жібермейді. Оның отбасындағы берекесіздік, рәсуа тірлікке жаны күйзеледі. Отбасын бақытты етемін деп, Токикодан, ұлы Рйоичи мен қызы Норикодан барын аямайды. Сөйтіп жүріп жүрек ауруына шалдығады. Ол дәрігер профессордан кеңес сұрайды. Сюнсукэ мен Токико ұлттық қана емес, адами болмысынан ажыраған анайы бейнедегі ерлі-зайыптылар. Жазушы кейіпкерлердің диалогы арқылы жабайы мәдениетке еліктеп, соны бойына сіңірген, ежелгі жапонның өр мінезді айбынды ер, тылсым сұлу нәзік әйел бейнесін жоғалтқан екі аяқты хайуандар типін шебер бейнелеген. Ұлттың ұлылығы оның жұмбақ табиғатында. Сюнсукэ мен Токико сол тылсым табиғилықтан алыстап, хайуан бейнесіне түскен ақырзаман кейіпкерлері.
Нобуо Кодзима реалистік сипаттағы романында әлеуметтік пафосты шынайы бейнелеп, ұтымды тіркестермен ұлттық проблеманы әсерлі жеткізген. Ұлтсыздану отбасынан басталатындығын шығарманың тақырыбы арқылы бейнелеген. «Мива отбасының» шешуші сәтінде Токико қатерлі ісік ауруынан көз жұмады. Сюнсукэ бар дүниесін аямастан оған қымбат операциялар жасатқанмен, шипа болмайды. Қызы Норико мінезі бұзылып, дөрекіленіп кетеді. Ұлы Рйоичи болса үйінен кетіп қалады. Сюнсукэ баласының үйінен кетуімен шығармасы тәмамдалады. Ұлтсызданған әулеттің иесі ер бала, мұрагер де ер бала, сондықтан романның ер баланың жоғалуымен аяқталуы американдық, еуропалық өмір салтына бой ұрып, өзінің ұлттық болмысынан жұрдай болған елдің келешегінің қандай болатындығын білдіреді.
Мива отбасының күйреуіне себеп болған санасыз еліктеу, жүгенсіздік. Бәрінің басында Шығыс ұлтына тән өмір салтынан ажырап, ұлттық рухын шет елдікке таптатуға жол беріп, азғындық жетегіне өз еркімен ерген ессіздік тұр.
Ұлттық рухтың жас ұрпақ санасынан алыстауын мынандай факторлардан көруге болады. Біріншіден, Жапонияда Нобуо Кодзиманың «Мива отбасы» романы жазылған кезеңде ағылшын –американдық идеология ана тілді де өз құрсауына алған болатын. Содан бергі кезеңдегі жапон жастары сән ретінде ағылшын сөздерін жиі қолданатын болды. Ал қазіргі ғылыми-техникалық дамудың шыңындағы Жапонияның қай саласын алсаңыз да ағылшын тіркестері жаппай пайдаланылады. Ойын жеткізуге ұшан-теңіз иероглифтерінің арасынан сөз табылмағандықтан емес, жеңілге әуес кейінгі буын төл сөзін айтуды ауыр санап, айтуға оңай, тілге жеңіл ағылшын сөзін қолдана салады. Бірақ қазақпен салыстырғанда жапон ана тілін сақтаған, өз тілін білмейтін жапон кездеспейді. Дегенмен, жапон зиялыларының жанын жегідей жейтін бір қауіп бар. Ол аумағы 20-30 жылда жапон жастары мыңдаған жылдан бері қолданылып келе жатқан төл жазуы — иероглифті қолданыстан шығарып, тек ағылшын тілінде сөйлеп кете ме деген қауіп. Қазірдің өзінде жапон жастарының көбісі көне иероглифтерді білмейді, компьютердің тұрмысты жаулап алғаны соншалық, жапон жасөспірімдері кейбір иероглифтерді жаза алмайды.
Екіншіден, Ата-баба дінінен алыстау қаупі. Жапон халқы негізінен Буддизм мен Синтоизм жолымен жүріп келгендіктен, дінге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтаған. Бірақ, ХҮІІІ ғасырда Португалия арқылы зорлықпен кіргізілген христиан діні мыңдаған жапонды өзіне тартып әкетті. Сондықтан дүниеге келгенде Буддизм салты, өмірден өткенде Синтоизм ғұрпы орындалғанмен, көптеген жапондар үйлену тойын христиандық салтпен өткізуде. Бүгінгі күнде жапон өміріндегі синтоистік үйлену ғұрыптарының орнын христиандық басқан. Өз дінінен біртіндеп айырылу деген осы. Оның үстіне Еуропаға, АҚШ – қа тұрмысқа шығып, сол жақта қалып, христиан дініне өтіп алған жапон қыздары да бар.
Үшіншіден, ата дәстүр, бабалар салған өмір салты, ұлттың рухани қазынасы техника заманында ығысып, кейінге қалуында. Еуропалық киім үлгілері, шошқа еті қосылған тағамдары, жиһаздары жапондардың күнделікті тіршілігінің айнымас бөлігіне айналған. ХХ ғасырда басталған еуропалық урбанизация адамдардың ми қабілетін төмендетіп, ұлттың рухын аласартып, дүмшелікке, мәңгүртікке жетелеп барады. «Прогресс, цивилизация» деген атпен жарнамаланған еуро-американдық өмір салты Шығысты шырайынан айыруда. Кеңпейілдігі мен ақкөңілдігі жағынан қазаққа өте-мөте ұқсас жапон халқының тарихында еуропацентризммен, басқыншылықпен, батыс иедологиясымен күрес жүргізген азаматтары аз емес. Әсіресе ХІХ ғасырдағы жаугершілік заманында жапон елі үшін жанын пида еткен соңғы самурай Сайго Такамори қазақтың Махамбетімен тағдырлас. Такамори жайында қанша еңбек жазылса да, ұлт қаһарманының шындығы әлі ашылған жоқ. Батырының басы қайда екенін ұрпақтары әлі білмейді. Сондай-ақ Такаморидің батырлығымен қоса ақындығы, реформаторлығы оны Махамбет Өтемісұлына жақындастырады.
Батысқа керегі Шығыс халықтарының арасын жақындастырмау, сөйтіп жеке-жеке қарусыз жаулап алу идеологиясын жүргізу болатын. Орта Азия халықтары, әсіресе қазақ елі Ресей империясының боданында болуы нәтижесінде ұлттық рухын жоғалта жаздаса, Жапония мен Үндістан Еуропаның үстемдігіне еріксіз мойынсұнуға мәжбүр болды. Шығыс халықтарының ортасындағы Қытай мен Корея ғана қатқылдық танытып, ұлттық рухына бөтеннің қолын тигізбейді. Ал енді ХХІ ғасырдағы жағдайға келсек, Кеңестің құрсауынан босаған қазақ халқының рухани тұрғыдан әлін жинай алмай отырғанын жасыруға болмайды. Сол әлсіреген қалпы қазақ батыстық идеологияның ішіне қалай еніп кеткенін байқамай қалды. Өйткені, тәуелсіздік алған соң қазақтың рухын көтеріп, ұлттық мүддесін асқақтататын мүмкіндік болмады. Ана тілдің мәртебесі, ұлттық идеология деп, зиялы қауымның қазақтың қамы үшін тер төккенінен не пайда, жастардың дені билік пен материалдық қамсыздықтан басқаны қажет етпесе. Бүгінде ұлт мүддесінен гөрі жеке бас мүддесі үстем боп тұр. Өйткені, қазақтың ұлттық рухы басыңқы. «Біз тәуелсізбіз, салт-дәстүріміз, тарихымыз жаңғырып жатыр» деп, атой салғанмен ұлттық рух асқақтамайды. Патшалық Ресейдің заманындағы мәңгүрттік артта қалмады, оның еуропалық жаңа түрі бар. Нобуо Кодзиманың «Мива отбасы» романының кейіпкерлері ортамызда жоқ демеңіз.
Өзінің ұлт ретіндегі рухани болмысы бүтін елдің ғана әлемдік аренадағы беделі бекем болмақ.
Шарафат Жылқыбаева
"Қамшы" сілтейді


Жарайсың Ислам ака!

$
0
0

Ислам сөзiнiң астары: «Алмазбек, саған айтам...»

Жеңiстiң 70 жылдығына арнап өткiзген Мәскеудiң әскери шеруi әлем мемлекеттерi басшыларын екiге жарғандай әсер қалдырды. АҚШ пен батыс елдерiнiң жетекшiлерi қолдарын сiлтеп, бiрауыздан байкот жариялады. Жеме-жемге келгенде Лукашенконың өзi бармайтынын ашық айтты. Ал Назарбаев күнi бұрын жететiнiн iлгерiде мәлiмдеп қойған. Сөйтiп, бiреу барып, екеу бармаған Кремльдегi парад та тарих тұңғиығына кеттi. Дегенмен бiздiң бүгiнгi айтпағымыз парадтан бiр күн бұрын­ғы әңгiме. Бiрақ мұнда да бөлiнiп-жарылудың ыңғайы аңдалып қалды. Мәскеудегi ТМД мемлекеттерi басшыларының бейресми кездесуi де толық құрамда өткен жоқ. Қызығы, келмегендерге сын айтпақ болған Алмазбек Атамбаев Каримовтың кәрiне ұшырады. Жағымпаздықтан жиiркенген өзбек басшысы Алмазбектiң сыбағасын берген соң, оның арғы жағында отырғандарды да сыпыра соқты.

Алдымен “ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының жиыны” дейтiн дардай аты бар басқосуға кiмдердiң қатысқанына назар аударыңыз. Ресей президентi Владимир Путин, Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь президентi Александр Лукашенко, Өз­бек­стан президентi Ислам Каримов, Тәжiкстан прези­дентi Эмомали Рахмон және Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаев. Мiне, бар болғаны осы – алтау. Украина мен Молдованы айтпай-ақ қояйық, Түрiкменстан мен Әзiрбайжан басшылары қай­да? Олар неге келмедi? Еуразиялық одаққа жаңа кiрген Армения президентi қайда жүр? Кремльдiң бет-беделi таразыға түсiп жат­қан дәл осындай кезеңде Ереванның елден бөлiнуi ненi бiлдiредi?
Мұндай сұраққа басы ауыратын бiр адам болса, ол – Путин едi. Алайда ол iшi алай-дүлей болып жатса да, қылшығы қисаймаған адамның кейпiн танытты. Ал Атамбаев ше? Сөзiн Владимир Путинге алғыс айтудан бастаған қырғыз басшысы Же­ңiстiң 70 жылдығына ар­нал­ған салтанатты шараларға кейбiр ел басшыларының келмей қалғанына өкiнiш бiлдiрдi. Онымен қоймай, “олардың бұл әрекеттерi отан үшiн от кешкен ата-апаларды сыйламау, өткендi ұмыту” дедi.
Осындайда сөз бола ма? Сонда соғыста опат болған ата-апалардың аруағы Мәс­кеуге бармаған адамға разы болмай ма? Әлде Мәскеуге бару – аруақты сыйлаудың үлгiсi ме? Әрi-берiден соң, келмегендер келмей-ақ қойсын, оған неге Атамбаевтың қимасы қышуы керек?
Мұндай сөзге Мәскеудi құбыла көретiн өзгелердiң етi өлiп кеткен болуы керек, ешкiм тiс жармады. Ал Ислам Каримов шыдаған жоқ: “Мұндай ескерту айтудың өзiн жөнсiз деп санаймын. Бiздiң досымыз Алмазбек Атамбаев бiреулердiң бiр­де­ңенi ұмытып кеткенiн айтқысы келiп отырған сияқты. Ол жақсы емес және ешқандай жақсылыққа апармайды. Жеңiс – ортақ. Бұл жеңiс елдi фашизмнен құтқарды. Әрбiр ел, әрбiр халық, әрбiр сайланған мемлекеттiң басшысы мұндай мерекенi қалай тойлау қажеттiгiн өзi шешуi тиiс және бiреудiң жасағанын бiреу қайталауға мiн­деттi емес” дедi.
Қапелiмде сасып қалған Атамбаев “бұл менiң жеке пiкiрiм едi...” дей берген. “Өте жақсы! Бiз сiздiң пiкiрiңiздi баяғыдан бiлемiз” деп кесiп тастады Каримов. Сөзiнде ащы мысқыл бар. “Бiреуге жағыну үшiн өзгеге соқтықпа! Өз жөнiңдi бiл!” дейтiн сұс аңғарылады жү­зiнен.
Мұндайды ешкiм күтпесе керек, дөңгелек үстел басындағы ел басшыларының көздерi дөңгеленiп кеттi. Путин ернiн тiстелеп, қолын уқалап әлекке түстi. Бiтiмгер Назарбаев аспаннан бiрдеңе iздеп жүргендей, әлде люстраның шынысын санап жатыр ма, әйтеуiр жоғарыға қарап қалған. Рахмонның көзi жыпық-жыпық етедi. Бiрақ өзгелер сөзiмдi жақтырмады-ау деп қаймыққан Каримов жоқ. Ол ендi әңгiменi басқа қиырға салды.
“Ең бастысы, сол қанды қасаптан сабақ алдық па? Ондай соғысты қайталау, болмаса жаңасын бастау керек пе? Ендi дүниежүзiлiк соғыс болса, ол әлемдегi ең соңғы соғыс болады. Оны ешкiм де тоқтата алмайды. Тағы қайталап айтам, ендiгi соғыс бүкiл адамзат тарихындағы соңғы соғыс болады. Мұны түсiну керек. Үлкен өкiнiшке қарай, қазiр iрi державалардың арасында, тiптi БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiне мүше елдер арасында қарсылық орын алып жатыр. Бұл – өте қауiптi үрдiс, дұрыс емес шаруа. Бұлай жалғаса берсе, оның арты жақсылыққа апармайды. Бүгiнгi ең маңызды мәселе, – Украинадағы жағдайдың ше­шiмi. Оны жасырудың, оған бола ешкiмдi жазғырудың қажетi жоқ. Бiреудiң кiнәсi аз, бiреудiкi көп, бiрақ ары қарай жалғаса берсе, жағдай мүлде ушығады. Сондықтан оның шешiмiн табу керек. Ал ол үшiн не керек? Қарапайым сенiмдi қалпына келтiру керек? Ең құрыса, екiншi дүниежүзiлiк соғыс алдындағы сенiмдi. Әсi­ресе iрi мемлекеттердiң, оның iшiнде АҚШ пен Ресей арасындағы сенiмдi. Көптiң көкейiнде жүрген осы мәселенi менiң әрiптесiм Владимир Путин де ойлайды деп үмiттенемiн. Және оған сенiмдiмiн”.
Осындай сөздi өзге адам айта ала ма? Жоқ, айта алмайды. Мұны өзбек басшысы да сезiп отыр. Сезгеннен кейiн де ол Атамбаевқа айтқанын қырғыз басшысы секiлдi бас шұлғуға әдеттенген әрiптестерiне тегiс арнады. Қолын шошайтып, үс­телдi ұрып отырып сөйледi. Путиннiң екi аяғын бiр етiкке тыққандай еттi. Неге? Себебi екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн iле-шала құрылған БҰҰ-ның Қауiп­сiздiк Кеңесiне АҚШ, Қытай және Ұлыбритания секiлдi мемлекеттермен бiрге Ресей де мүше. Бiрақ Ресейдiң бүгiн Украинаға, кеше Грузияға көрсеткен қысас­тығы Қауiпсiздiк Кеңесiне мүше елдiң қылығына ұқсай ма? Әрине, жоқ. Ендеше оны ТМД құрамындағы әрiптестес ел басшылары неге айтпауы керек? Украинаның басына туған күн ертең өзге елдiң басына түспесiне кiм кепiлдiк бередi? Каримовтың қайта-қайта айтқан “сенiм” туралы пiкiрi де осыны меңзесе керек.
Өзбек басшысының жоғарыдағы сөзi қазiр “Каримовтың “алтын сөзi” деген тақырыппен ғаламторды шарлап жүр. Расында да, алтын деуге тұратын-ақ сөз. Ал ондай сөздi ұлттық мүдденi бәрiнен жоғары қоятын, тәуелсiздiгiн сақтап қалу үшiн ештеңеден тайынбайтын, өз­генiң алдында бас ұрып, тө­мешiктемейтiн, құлдық санадан арылған, өзiн бүтiн бiр халықтың әкесi санайтын адам ғана айта алады.
Қызығасың әрi қызғанасың...

Сансызбай НҰРБАБА

Қуаныш Сұлтанұлы

$
0
0

Тәуелсіз елдің тұңғыш баспасөз министрі
"Түркістан" газетінің авторлары 8 Мамыр, 2015 / 147 рет оқылды 0

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Өзбекәлі Жәнібековтей дана саясаткердің мектебінде шыңдалған еліне ардақты, халқына қалаулы азаматтардың бірі. Ол – Қуаныш Сұлтанов.

Қазақ халқы үшін Өзбекәлі Жәнібековтің орны бір бөлек. Қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан жан өз шәкірттеріне өнегелі тәрбие берді. Мемлекет пен ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсетті. Бұл мектептен өту – екінің бірінің маңдайына бұйырмаған. Жастайынан қағілез, қандай іс тапсырылса да тындырымды атқаратын Қуаныш Сұлтанұлы Жәнібековтің шекпенінен шыққан ұлттық үлкен тұлға.

Қуаныш Сұлтанұлының қазақ тәуелсіздігі жолында азды-көпті еңбегі сіңсе, ол Жәнібековтей ұстаздың арқасы. Сонымен бірге сол кездегі қазақ үкіметінің жас басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты көре білетін кемеңгер қасиеті дер едік. Өз тұстастары арасынан Қуаныш Сұлтанұлының адамдық, азаматтық қабілет-қарымын ол кісі ерте байқады. Еліміздің Тәуелсіздігі жарияланған тұста, тар жол, тайғақ кешу кезеңінде өзіне жақын тартты, талай жауапты жұмысты сеніп тапсырды.

Кез келген адамның өмірлік ұстанымы болады. Қуаныш Сұлтанұлы жастайынан еңбек дегеннің не екенін біліп өсті. Өмірге қазіргі кейбір жастар секілді биліктің жоғарғы қабатындағы терезеден қараған жоқ. Ащы тірліктің дәмін ерте татты.

Ол еңбекке ерте араласты. Кеңестік кезеңде сатылап өсу үрдісі бар-тын. Оның өмірбаянына көз салған адам қай салада жұмыс істесе де жанын салып істейтін жауапкершілік қырын бірден байқар еді. Мемлекет ісіне жоғары біліммен, өмірлік мектептен өтіп, барынша даярлықпен келген азамат қызмет баспалдақтарынан сүрінген жоқ. Жас болса да бас бола білді. 36 жасында Орталық партия комитетінің әуелі мәдениет, одан кейін ұйымдастыру бөлімдерін басқаруы – осының айқын дәлелі. Екі жылдай Қарағанды облыстық партия комитетінің хат­шысы болды. Қазақстан Комсомол комитеті, Орталық партия комите­тіндегі қызметтер – Қуаныш Сұлтанұлының елге қызмет ету жолындағы алғашқы баспалдақтары еді.

Қазақстан комсомолы қызметінде жүргенінде Қуаныш Сұлтанұлының шарапаты тиген жандар өте көп болды. Соның бірі – Уәлихан Қалижан. Ол өзінің бір естелігінде сол бір күндер туралы былай деп сыр шертеді. «Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет ете жүріп, сырттай аспирантурада оқыдым. Енді диссертациямды қорғайын деп жүргенімде мені комсомолдың Орталық Комитетіне қызметке шақырды. Бірақ мен бармадым. Қазақша айтсақ, менің ол кезде үйім бар, партияның мүшесімін, диссертациям қорғалайын деп тұр еді. Соны қорғап алсам, ҚазМУ-де оқытушылық қызмет істегім келіп еді. Мен соны армандадым. Сол кездегі Қазақстан комсомол Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, бүгінгі Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов еді. Ол кісі менің жағдайымды естіп таңқалыпты. «Бұл жерге жұрт кіре алмайды, ал, бұл жігіт кіргісі келмейді, шақырың­даршы, танысайын», – депті. Мен қойқалақтап, барғым келмей жүргем. Бірақ сол кездегі «Лениншіл жас», қазіргі «Жас Алаш» газетінің Бас редакторы Сейдахмет Бердіқұлов мені шақырып: «Әй, сені Қазақстан Комсомол Орталық Комитетінің бірінші хатшысы шақырса, неге бармайсың, ұят емес пе?! Бар. Алдынан өт. Қызмет істегің келмесе, оны да айт», – деді. Сонымен не керек, мен Комсомолдың Орталық Комитетіне бардым, бірінші хатшы қабылдады. Мен ол кезде, Алматы облыстық Жетісу газетінде «Жас түлек» дейтін жастар бетін шығарамын. Алматы облыстық комсомол комитетінің мүшесімін. Ол кезде Қазақ радиосында жастар проблемасына қатысты көптеген материалдарым өтіп жүрген, біршама адамдар да танып қалған кез еді. Сосын бірінші хатшы маған: «Адам деген бағын сынап көрмей ме, мына жерге телефон соғып қызметке алыңыз деп қаншама адам тұр. Сен енді кәсіби журналист болыпсың, мынау баспасөз қызметі, сен сол қызметте істеп көр. Сен сонда Комсомол Орталық Комитетінен қайтадан журналист болып кете алмаймын деп ойлайсың ба, әлде, комсомолдан ҚазМУ-ге мұғалім болып кете алмаймын деп ойлайсың ба? Қазір бұйрық шығады, бүгіннен бастап қызметке кіріс», – деп шорт кесті. Бұл бетбұрыс менің бүкіл тағдырымды өзгертіп жіберді. Мен сонда біраз қызмет істеппін. Қазақстан Орталық Комсомол Комитетіне қарасты біраз журналдар мен газеттер бар еді. Мен солардың идеологиялық, шығармашылық ауқымы немесе заманға сай болуына бағыт-бағдар беріп тұратын жұмыс істедім. Қуаныш Сұлтановтың өзі журналист болған соң, тілшілерді жоғары бағалайды. Көптеген мәселелерде Бас редакторларға телефон соғып, жиі шақыратын. Мысалы, «Балдырған» журналынан мүйізі қарағайдай Мұзафар Әлімбаев секілді тұлғалар қатысатын. Ол кезеңдердегі редакторлардың қаншама кеңестік жүйе деп айтқанменен, олардың азаматтық ұстанымы, көзқарасы ерекше болатын. Қалай болғанда да, ұлттық мәселеге келгенде, партияның Орталық Комитетінің өзі осы жастар газетінде шыққан материалдарға аса шұқшия қарамай, тепкілемей, қоғамдық ойды қозғайтын. Ұлтжанды азаматтар кез келген кезеңдерде болған», – деп жазады.

Ұлт мәдениетіне ерекше көңіл бөлуінің бір сыры – Жәнібеков салған сара жолды меңгергендігі болса керек. 1990 жылдары ел тәуелсіздігіне қадам басар алғашқы сын сағаттарда сол кездегі Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Әбішұлының шақыруымен идеология бөлімін басқарды. Еліміздің бас идеологы болып қызмет атқарған Қуаныш Сұлтанұлы кейін Қазақстанның тұңғыш Баспасөз министрі болды. Бұл тұста КСРО ыдырап, одақтық байланыстар үзіліп, мемлекеттің баспа-полиграфиялық қызметтері қатты дағдарысқа түскен болатын. Сондай қиын шақта көптеген қазақ газет-журналдарына жабылып қалу қаупі туды. Қағаз, қаржы тапшылығынан бірқатар басылымдар айлап, жылдап шықпай қалды. Газет-журналдар көптеп жабылып, ел дағдарысқа ұшыраған қиын кезеңдерде, қазақ газеттерінің өміршең болуы үшін күресті. Тіпті, қазақ баспасөзін құлдыраудан аман-есен алып шықты десек те болады. Қазақ журналистикасының жауынгерлері Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердіқұловтың еңбектерін­де Қуаныш Сұлтанұлының сол кездегі қайраткерлік әрекеттері айқын да, ашық жазылады.

Қазақ баспасөзіне оның бүйрегінің ерекше бұруының да жөні бар еді: ол жастайынан қағаз бен қаламды өзіне рухани қару етті. Жазу – оның жай хоббиі емес, негізгі кәсібі мен нәсібіне айналған. Өзі журналист болған соң қазақ қаламгерлерінің жағдайын жақсы түсінді, шамасы келгенше ұлт зиялыларына кеңінен қолдау білдірді.

Қуаныш Сұлтанұлы Премьер-министрдің орынбасары, Қытай Халық республикасындағы өкілетті елші, Сенаттың Халықаралық комитетінің басшысы, Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қызметтерін адал және абыроймен атқарды. Қай қызметте жүрсе де, Қуаныш Сұлтанұлы Елбасының сенімді үзеңгілес серігі болып келеді.

Қуаныш Сұлтанұлы Тәуелсіздіктің қазақ үшін қастерлі екенін айтады. «Алайда Тәуелсіздік үшін көп дүниені дәлелдеуге тура келді, сол бағытта қыруар жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде Тәуелсіздік жарияланды. Ал бүгін Қазақстандағы қазақтардың саны 65 пайызға жуықтады. Мінеки, осының өзі – Тәуелсіздіктің арқасымен келген ұлы жетістік. Тәуелсіздік – бүкіл қазақ елінің өсуі мен дамуының қайнар бұлағы, бастауы. Соны сақтау, жан аямай қорғау – міндетіміз, азаматтық ұлы парызымыз. Кейбіреулер ендігіде Тәуелсіздікке қауіп жоқ дегенге саятын пікірмен сөйлейді. Лайым, солай болсын. Бірақ бұл – жеңіл қараушылық. Бұл – өте-мөте жаңсақ айтылған сөз. Тәуелсіздікке қауіп көп әрі ондай қауіп әр кезде де болады. Ал оны сақтау жұмылған халықтың, береке-бірлігі жарасқан жұртшылықтың ғана қолынан келеді. Тәуелсіздік болмаса, бүгінгі жетістіктің бірде-біреуі болмас еді» деуі сондықтан.

Ұлттық сана, ұлт мәдениеті десе, ішкен асын жерге қояды. Қандай лауазымды қызметте жүрсе де, ұлт мүддесін алдыңғы кезекке қоюы осыдан болса керек. Ұлттық санамыз қалыптасып, әлемдік деңгейдегі елге айналсақ, мұның бәрі тәуелсіздігіміздің жемісі деп біледі. «Бізді Кеңес Одағы кезінде шетелдерде «орыс» дейтін. Қазір олай айтпайды. Нұрсұлтан Назарбаевты ешкім еш елде орыс демейді. Керісінше, Елбасына қарап, қазақты таниды. «Мықты қазақ» дейді. Ешкім «Неге Назарбаев?» – деп сұрамайды. Сол сияқты Олжас Сүлейменов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Тимур Бекмамбетов, Марат Бисенғалиев, Айман Мұсақожаеваны ешкім «орыс» демейді. Бұл – Қазақтың тәуелсіздігінің арқасы. Тәуелсіз болған соң, ұлтымызды да мойындайды», – дейді Қуаныш Сұлтанұлы.

Қазақстанның ішкі саясатында жүрсе де, тіпті сыртқы саясатта болған кезінде де, оның ұлт мүддесі үшін қызмет етпеген кезі кемде-кем. Әрдайым, мемлекетшіл идеялар сын сағатқа түскен кезде, қол қусырып қарап тұра алмады. Елдің бірлігі мен берекесі жолында жан аямай күресті.

Қуаныш Сұлтанұлының мемле­кет­тік тіліміздің мәртебесін көтеру жолындағы жанқиярлық еңбегін көп адам бағалай білмей жүр. Туған тіліміздің өрісін кеңейтіп, пәрменділігін арттыру жолындағы оның өзекті ойлары кім-кімді де ойландырғандай.

«Мемлекеттік тілді қалыптас­тыруда аз дүние жасалып жатқан жоқ. Алайда неғұрлым көп шаралар жүзеге асырылғанымен, соғұрлым көптеген қазақтар мемлекеттік тілге немқұрайды қарауын тоқтатар емес. Әрине, ешкімге өкпе айта алмаймыз. Ешкім қазаққа қазақша сөйлеме деп жатқан жоқ. Сол қажеттілік қазақтың өзінің санасына жетпей жатыр. Қандай шара қолдансақ та қазақтың өзінің санасы оянбай жатыр. Қазір қараңыз, кез келген мемлекеттік құзырлы орындарда министрліктерде, әкімдіктерде, Үкіметте, Парламентте мемлекеттік қызметкерлердің 90 пайызға жуығы қазақтар. Бірақ, бәрі бір-бірімен кеңседе, асханада, көшеде де көбіне орыс тілінде сөйлеседі. Әсіресе, жас қызметкерлер. Кейбір ата-аналар да балаларымен орысша сөйлеседі. Тіпті Кеңес Одағын көрмесе де, көбіне қалалық жерде оқыған қазақ жастарының арасында мүлдем қазақ тілінен мақұрымдары бар. Елімізге шеттен келген қандастарға «орысша білмейсің», «қағазды орысша толтыр» деп жүргендер де қазақтың жас шенеуніктері. Олар тағы онысына қысылмайды. Ескерту айтсаң, одырайып, дөрекілікпен жауап береді. Елдің бәрін, бүкіл мемлекетті кінәлайды, тек өзі ғана «періште». Ал, екінші жағынан бұл келеңсіздікті эгоизмнің «жемісі» деп айтар едім. Кейбір ресми отырыста мемлекеттік тіл туралы айта бастасаң-ақ, «осы кісі-ақ қоймайды екен» дегендей жақтырмай қарайды. Қауіптісі – Ресейдің солтүстік халықтарының (чукча, ханты, мансы, ненец, эскимостардың), Алтайдағы этностардың тағдыры ешкімді ойлантпайды. Анығында, бұл біз үшін үлкен сабақ болу керек еді.

Сондай-ақ, біздегі тілдік кемістік – жүйедегі кемшіндіктен де болар деп ойлаймын. Қазақ тілінде сөйлегісі келмейтін қазақтардың ұлттық сана туралы тіпті де ойламайтыны анық. Сондықтан, тілдік орта, талап, міндет, қажет ұғымдарын қалыптастыру үшін әлі көп жұмыс жасау керек. Әрине, көп уақыт та керек болар. Санада мемлекеттік тәуелсіздіктің құнын, бағасын түсінбеушілік сіресіп тұр. Жаңа ұрпақ тек еркіндікті біледі. Бұрынғы бодандық жағдайынан хабары жоқ. «Өмір бүгінгідей қалыптасқан екен, ылғи осылай болады екен», – деп ойлайды. Сондықтан келер ұрпаққа тәуелсіз мемлекеттігіміз туралы, оны сақтау, қорғау қажеттігі, ұлт пен тіл болашағы жайында айтудан жалықпауымыз керек», – деп жазады мемлекет және қоғам қайраткері.

Қуаныш Сұлтанұлының туған жерге деген іңкәрлігі алабөтен. Ол өзінің туған ауылында мешіт салдырды. Мұндай сауапты іс атқаруға не түрткі болуы мүмкін? Әрине, оның бойындағы елге, жерге, туған ауылы – алтын бесігіне деген ыстық махаббат. Алайда қашан да атқарған ісін айқайлап, «мен жасадым» демейтін асыл қасиетін осы бір сауапты тірлігінен де аңғаруға болады.

– Бастамашылдық – менікі. Ауыл тұрғындары да өтініш білдірді. Бірақ жұмысты тындырған інім мен ұлым. Кіндік қаным тамған алтын бесік ауылым – аталарым, әкем, анам, бауырларымның жатқан жері. Өзі кішкентай ғана мешіт. Одан тыс, туған ауылға ауыз су құбырын жүргізуге, кезінде екі қабатты орта мектепті, соңғы жылдары мәдениет үйін, кітапхананы жөндеуге және телефон жүйесін жүргізуге тікелей ықпал ету мүмкіндігім де болды, – дейді Қуаныш аға ағынан жарылып.

Өзі армандағанындай, әрдайым ұлт сапасын көтеруге еңбек етті. Елбасы сенген, Елбасы үміт артқан үзеңгілес серіктерінің бірі де осы Қуаныш Сұлтанұлы еді. Ол – жоқ пен барды қадірлей білген, еңбекқор, шыншыл, қаламгер, өнерпаз, еліне-халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан мемлекет қайраткері. Бұл күнде ардақты ата, бір әулеттің ғана емес, тұтас ұлттың абыз ақсақалына айналған Қуаныш Сұлтанұлының жүзінен де, ісінен де жастықтың лебі еседі. Өмір бойы адамдарға жақсылық жасауға ұмтылумен келе жатқан осы бір ізгі жанның бойындағы жастық жалын сөнген жоқ. Біз соған қуанамыз.

«Асыл адам айнымас» дейді хал­қымыз. Өмірлік ұстанған бағытынан, азаматтық ұстанымы мен адамдық асыл қасиеттерінен бір жазбай келе жатқан Қуаныш Сұлтанұлы ел Тәуелсіздігін баянды ету жолында білек сыбанып, бел шешіп еңбек ете береді.

Сағымбай Қозыбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Алмагүл Құрманбаева, аға оқытушы

Үрімжіде ұлы Абай атындағы анимация (动画) академиясы ашылады

$
0
0

Үрімжіде ұлы Абай атындағы анимация академиясы ашылады
Жәнібек ҒАЛЫМ 14 Мамыр, 2015 /
http://turkystan.kz/wp-content/uploads/2015/05/B52CB5CC-E91BFB181-640x478.jpg

Қытайдағы қандастармыз Абай атындағы анимация академиясын ашпақ. Бұл туралы, «Абай жолы» анимациялық компаниясының директоры, кәсіпкер Ғұсман Қажытайұлы «Түркістан» газетінің тілшісіне хабарлады.

Абай атындағы анимация академия­сы маусым айында Үрімжі қаласынан ашылады деп жоспарлануда. «Әуелде жеке орталық ретінде ашамыз деп едік. Кейіннен, Үкімет оқу-ағарту заңына байланысты Үрімжідегі университетпен бірлесе жұмыс істеуімізді талап етті. Академияны оқып бітірген шәкіртке халықаралық дәрежедегі дип­лом беріледі» – дейді, кәсіпкер Ғұсман Қажытайұлы. Кәсіпкер бұл академия Шынжаң автономиялы аумағындағы анимация саласы бойынша қазақ тілінде білім беретін тұңғыш орталық екенін мақтанышпен айтады.

Қыркүйекте оқу бастайтын академия 8-сыныпты бітірген 50 шәкіртті арнайы емтихан арқылы қабылдамақ. Олардың арасынан жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 30 талапкерді тегін оқытады. Ал академияда Қытай еліне танымал аниматорлар мен «Абай жолы» анимациялық компаниясының 2009 жылдан бері арнайы оқытып дайындаған тәжірибелі мамандары дәріс береді. Сондай-ақ, академия алдағы жылдары қазақстандық оқушыларды да қабылдап аниматор мамандарын даярлауға ат салыспақ.

B722C849@B3510F07
«Абай жолы» анимация компаниясы оқтып тәрбиелеген жас аниматорлар
Анимация академиясын ашуға кә­сіпкер 5 жыл дайындалған. Әуелде жеке компания ретінде құрып, он шақты қазақ баласын өз қаражатымен Үрімжі қаласында анимация өнерін игеруге тәрбиелеген. Шәкірттердің көбі әлеуметтік жағдайы төмен от­басылардың балалары екен. Бүгінде «Абай жолы» компаниясы дайындаған шәкірттер «Абайдың балалық шағы» туралы 3D форматында 104 сериа­лы анимациялық фильм жасауды қолға алып, екі-үш сериасын дайындап үлгерген. Ұлы ақын өміріне арналған анимациялық туынды 3 жылда толықтай аяқталмақ. Кәсіпкер мульт­фильмге қазақ актерларына дубляж жасатып, қазақстандық телеарналарға ұсынбақ.

«Қазақ анимациясын халықаралық өрге жеткізу үшін, сапа мен мазмұнға ерекше көңіл бөлуіміз керек. Ал биік өреге жету үшін бізге білікті маман қажет. Біз кемінде 500-ден астам қазақ азаматын анимация саласын игеруге тәрбиелеп шығуымыз керек. Академия­ны ашудағы мақсатымыз да осы», – дейді кәсіпкер Ғұсыман Қажытайұлы. Қытайдағы анимация қоғамының ұсын­ған дерегі бойынша, бүгінде аталған елде төрт мыңнан астам анимация саласымен айналысатын компания бар екен. Онда 400 мыңға жуық адам қызмет етсе, олардың 260 мыңнан астамы тех­никалық жұмыспен шұғылданды.

8FC569D0@75007D2F
Үрімжідегі жас аниматорлар
Ал Қазақ анимациясының тарихы 47 жылды артқа тастады. Алайда әлі күнге жеке дара анимациялық академия құрылмай отыр. 1967 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін түсіріп Қазақ ани­мациясының негізін қалаған Әмен Қайдаров та бұл арманына жете алмай 92 жасында қайтыс болды. Қазақ анимациясының қарқыны басылған тұсы кейінгі жылдар, 1991 жылдан кейін тоқырауға ұшырап, назардан тыс қалды. Тек, жекелеген аниматор мамандардың жанкешті әрекетінің арқасында, 2009 жылдан бастап қазақ анимациясына қайта қан жүгіре бастады. Алайда, «Қазақфильм» жанындағы анимациялық орталық ұсынған туындылардың саны саусақпен санарлық. Олардың саны бар болғанымен сапасы, мазмұны көрермен талғамына толықтай жауап бере алады деп айта алмаймыз.

Қазақ анимациясының қамына тұсау салған дүние – Қазақ анимациясының дербес мемлекеттік мекеме болып құ­рылмауында. «Неге қазақ мульт­фильм студиясын ашпаймыз? Уақыт жетті ғой» – деген пікірді режиссер-аниматор Нұрбақыт Қожахметұлы бастаған мамандар біраздан бері айтып келеді. Мультипликатор-режиссер Қайырғали Қасымов: «Қазақ мультфильмі дербес мекеме болуы керек» – дейді. Ал мамандар айтқан дербес мекеме қазіргі тендрлік жолмен анимациялық жобаларды ұтып алып, өнім дайындайтын, сапаға емес санға көбірек мән беретін пысықай студиялардың жұмысын қадағалау қажет. Мысалы, Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында қазақ ертегілерінің желісі бойынша түсірілген мульт­фильмдер жинағын шығарды. Жинақтағы 14 дискіден тұратын 40 сериялы мультфильмді қазақтың халық ертегілерінің желісі бойынша «Azia animation» компаниясының иелері Игорь Краус пен Артур Краус түсірген еді. Жинаққа «Алдаркөсенің көңілді оқиғалары» атты 85 сериялы мультфильмі әлем халықтары ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 50 слайд-шоу ертегі, «Бізді қоршаған әлем» атты 1000 сөзді қамтитын орысша-қазақша суретті аудио-сөздік енгізіліпті. Біз сондағы 40 сериалы өнімді түгелдей көріп шықтық. Бірақ, көңіліміз толған жоқ. Бұл әрине, жай кемшілік ретінде қалатын дүние емес. Мұндағы дүниелердің балаларға кері тәрбие беретіндігі ашындырады. «Алдаркөсенің қызықты оқиғалары» туралы айтылған ертегілерде шық бермес Шығайбайдың бәйбішесінің аузынан шығатын «кәрі қақпас», «есалаң», «оңбаған» деген сияқты бейпіл сөздерді әлі күнге қазақ баласы тыңдап жүргені ақиқат. Аталған туындыдағы Алдаркөсенің бейнесі, түр-сыйпаты бөлек әңгіме…

Ал, Қазақ анимациясына биыл «Ел аманаты» атты әрқайсысы 10 минутты қамтитын алты бөлімді анимациялық фильм қосылмақ. Анимациялық фильмде Керей мен Жәнібек хандардың жастық шақтары мен хандық кезеңдердегі өмірі көрсетілмек. Өнімнің қандай бо­латындығын алдағы уақыт көр­сетер…

P.S. Анимациялық өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Бұл саланы мемлекет мықтап қолға алса, әуелі ұрпақ тәрбиесі, қала берді мыңдаған адамды жұмыспен қамту, шетелдік мультфильмдер жаулаған отандықты нарықты игеруге де өз септігін тигізер еді. Бір кем дүние…

Жәнібек ҒАЛЫМ

Қазақстан 49-орынға жайғасыпты.

$
0
0

Әлем елдеріндегі білім беру сапасының рейтингі жарияланды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әзірлеген тізімнің көш басында Азия елдері тұр.

Аталмыш рейтинг математика және жаратылыстану ғылымдарына арналған халықаралық тестің нәтижесінде жасалыпты. Тізімді дайындау үшін 76 елдегі емтихан бағалары салыстырылған. Білім беру сапасы ең жоғары болып Сингапур танылса, одан кейінгі орындарға Гонконг пен Корея жайғасқан. Ал үздік бестікті Жапония мен Тайвань елдері қорытындылапты. Қазақстан бұл тізімде 49-орынға жайғасты. Еліміз білім сапасы жөнінен Армения, Иран, Малайзия сынды мемлекеттердің алдын орап кетті. Аталмыш тізімде Ұлыбритания 20-шы, АҚШ 28-ші, Ресей 34-ші орынға орналасқан.

Қысқа күлдіргілер

$
0
0

Гульназ
gul_naz91_91@mail.ru
12-03-12 12:20
Әйелі күйеуіне:
- Мен ұрса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің? – деп сұраса, күйеуі:
- Қымбаттым, кім бірінші тоқтайды екен – сен бе, әлде сағат па деп қараймын, - деп әзілдей жауап беріпті.
Осындай әзілі мен шыны ылғи да қатар жүретін, жүрегі кең азаматтарымыз үшін!

Жемпірім бар
10-11-11 19:44
Ореке
17-10-11 04:17
Ері мен әйелі
әңгіменің мәйегі.....
=====
Күшті...
Ғалымжан
abay.04
10-11-11 11:14
калайсындар бизге каникул болып жатыр соган ангыме берди тез беиндерши

Ореке
17-10-11 04:26
Сәлем бердік барша лқырмандарға. mc_oreke@mail.ru ға автор. жіберіндерші. Дос болайык.
Ореке
17-10-11 04:17
Жол бойында МАИ қызметкері көлікті тоқтатып, жүргізушіге:

- 100 доллар беріңіз. Әйтпесе сіздің көлігіңіз бен өзіңізді де қамауға аламыз.

- Басеке, мен ереже бұзған жоқпын ғой.

- Маған не қыл дейсің. Сен қашан ереже бұзады деп күтіп жүреді екенбіз ғой, сол...

*****

Ері мен әйелі

әңгіменің мәйегі.....

Үйленбей тұрып.

Жігіт: Ура! Ақыры бұл күнге де жеттім-ау!

Қыз: Мүмкін, мен кетермін?

Жігіт: Жоқ ,тіпті де олай емес!

Қыз: Сен мені сүйесің бе?

Жігіт: Әрине!

Қыз: Сен менің көзіме шөп салып па едің?

Жігіт: Жоқ, сен қалайша мұндай ойды ойлайсың?!

Қыз: Мені аймалайсың ба?

Жігіт: Иә!

Қыз: Мені ұрасың ба?

Жігіт: Ешқашанда!

Қыз: Саған сенуге болады ғой?!

Үйленгеннен кейін, осыны төменнен жоғары қарай оқыңыз
Ореке
17-10-11 04:06
Бірде тойда дастархан басына голубцы әкелді. Қасымдағы апа: «жақсы тамақ екен, үйдегі келінге пісіртіп жейін десем, аты орысша екен, қазақшалап бересің бе» дегені. Содан: «апа, анау тұрған бұрыш, ішіне тыққан күріш, қасындағысы капуста, ішіндегісі закуска» дей салдым. Естіген жұрт қыран топан күлкіге батты.

*****

Сұрақ:

- Қыз балаларды неге әскерге шақырмайды?

Жауап:

- Өйткені олар "Жатыңдар" деген команданы дұрыс орындамайды.

*****

Бүйте берсе...

Жалаңаш қалып қыздардың қарындары,

Ышқырлары төмен қарай түсіп барады.

Бүйте берсе бір күні,

Шалбарлары шешіліп, түсіп қалады.

*****

Сұрақ-жауап:

- Сіз әйеліңізбен 40 жыл бірге өмір сүргеніңізді қалайша есепке алмайсыз? Не үшін жас әйел алдыңыз?

- Сендер не үсінесіңдер? Кәрі кемпірмен тұру оңай дейсіңдер ме? Түнімен оны күзетіп шығасың, дәрісін бересің, терезені ашып, үйге таза ауа кіргізесің, аяғын уқалайсың, айтқанының бәріне көнесің... Ал жас әйел қыдырыстап үйде тұрмайды ғой... Ең болмаса ұйқың тыныш болады.
Ореке
17-10-11 04:01
Бәке, кеше кешкілік паркте жаныңда отырған сымбатты бикеш сіздің қызыңыз болар?

- Әлбетте! Басқа кім болушы еді... тек сол көргеніңді әйеліме айта көрмеші...

*****

- Жәке,сен білесің бе, менің әйелім сұмдық ақылды. Ол өзінің ескі көйлегінен маған тамаша галстук тігіп берді.

- Тәйірі, сол да ақылдылық па! Ал біздікі менің ескі галстуктарымнан өзіне тамаша көйлек тігіп алды.

Жолаушы
20-03-11 06:38
Сәлем бәріңе!
Менде бір күні қызық болды. Ағам екеуміз жеңіл көлікпен жолға шыққалы дайындалып (ұзақ жолға), енді жүргелі тұрғанда кішкентай інім жүгіріп келіп, бірдеңе айтайын деп қоймады, ал айта қой десем,
Алтын күн аспаны
шопырдың сасқаны
тормызы ұстамай
адамды бастығой
милиция мықтығой
шопырды тықтығой
деп қараааап тұр.
Ағам екеуміз бір бірімізге қараймыз, адамның алыс жолға шығарда ырымшыл боладығой.
Осындай бір күлкілі жағдай есімде...
шопи
wolpan_almuhanbet
19-03-11 20:17
Әңгіме айтыңдаршы
ana
kaisar.azat@yahoo.com
19-02-11 11:04
hehhehehe
Фельдшер жігіт
01-12-09 07:10
Мұнда біреудің пікір жазбағанына көп болыпты. Жомарттың жазғанын іліп әкетейін.
Екі Қазақтың баласы орыс кемпірдің үйін жалдап жатады. Кемпірдің үйінде қызы мен күйеу баласы бар. Бір күні кешке жұмыстан келсе, дастарханды жайнатып қойған. Себеп, кемпірдің шалының о дүниелік болғанына пәлен уақыт өткен екен соны еске алу. Әдеттегідей арақ құйылады. Жігіттер тегін араққа мәз. Бірінші жігіт орнынан тұрады. "Пуст земля ему будет пухом!" деп тартып салыпты арақты. Екінші рет құйылғанда екінші жігіт орнынан тұрып "Пуст земля будет похим"-деген екен. Білмей, жаңылыс естісең сондай.
Жомарт
Zhomart_e @ mail.ru
03-11-06 13:09
Бізде Қазбек деген жігіт болды .
Орыстардың пасха уақыты. Жан дегенде жалғыз , ауылдағы
жалғыз орыстың үйіне ,, Христос - воскрес ''- деп айтпақ болып
есігін қағады ғой баяғы.
- Кто там ,- деп гүрілдеген дауыс шыққанда.
Қазбек айтар сөзін ұмытып қап:
- Христос пришел ,-депті.
Іштен:- Раз уж Христос пришел, тогда заходи !- деген екен.
Арғын қыз
Шасси
03-11-06 10:46
Мен де 5 қосумен қояр едім. Мұғалімнің түйсігі бар екен қайта.

Шасси
03-11-06 09:43
Руслан, мени де бес кояр ед1м :)
Руслан
shrj@mail/ru
01-11-06 09:09
Бірде сабақта отырғанымызда апайымыз шығарманы кім жақсы жазады , - деуі мұң екен, арт жақта жыбырлап отырып, мен деп сыбырлағанмын. Апайым естіп қалып, алдыңғы партаға отырғызып, тақырыбың Фердоуси бір пара уақытың бар, - демесі бар ма?! Содан шамалап өмірінен еске түсіріп, Шахнама, Рүстем дастаннан қосып 4-5 бетке шаққа жеткізіп, енді не жазам деп отырғанымда, шпаргалка келіп жетті. Қуанып апайға білдірмей ашып оқысам, Қаныш деген группаласым жазған екен. Сондағы жазғаны мынау:
Басыңа бәле тілеп ұзын тілің,
Білмеймін не боларын енді күнің,
Арттағы мына отырған бізге жетсін
Күңіреніп Фердоуси деп шыққан үнің.
Жалма-жан соңындағы Қаныш деген қолын көріп, мына екі жолды жалғап қайтармақ болғанмын:
Соңына қойыпсың қол Қаныш деген,
Нең қалды енді сірә қан ішпеген.
Әрекетімізді байқап қалған апай қағазды тартып алып, оқып қойды да ішек-сілесі қатқанша күліп, осы мінездерің үшін бір-бір ьестен қоямын деген.
Арғын қыз
---
27-10-06 09:40
Бір танысыммен нан алуға дүкенге кірдік. (Мерекеден кейінгі күн болатын) Танысым дүкеншіге:
-Бір бутылка нан берінізші,-де-е-п тұр!
Асылжан
05-10-06 13:47
Студенттік кез. Группада 2 ер бала болдық. Қарық қылып сабақ оқып жатқан біз жоқ. Бірақ, қолымыздан келмейтін іс болмады. Университеттің бүкіл қоғамдық жұмыстарына атсалысып жүрдік. Көбіне сол еңбегіміз арқылы семестерлерден, сынақтардан өтіп кететінбіз. Бір күні, қыс мезгілі ғой, қасымдағы жігітті оқытушылар дүкенге жұмсапты сабақ уақытында. Гвоздик алып кел деп. Ал әлгі аңқаулау досым дүкеннен барып шыршаға тағатын дождиктер сатып алыпты ғой. Және оларды әдемісінен таңдап алыпты. Мәз өзі. Қызыл, көк, жасыл... деген түрлерінен. Сосын, апайлар шай ала сал десе керек. Енді оқу орында кім шай шығарып отырады дейсің. Пакетиктегі шайды меңзеген ғой. Ал ауылдан жаңа келіп жатқан қазақтың қасқа аңқауы дүкенге барғанда Аламан шайын сатып алыпты ғой. Соның бәрін кейін естіп біліп күлкіден жарыла жаздаған кезіміз бар. Не керек қайта барып әр жерден сатып алған дождиектерін қайта тапсырды. Ақшасын қайтып алғанына қуанып сұраған гвоздиктерін әкеліп берді. Сөйтіп бір сынақтан да өтті ғой...
Лелик
29-09-06 17:33
11 сынып оқып жүргенде басқа ауылдан келген ұлдар болатын солар қыдарға хат жазатын. Сонда Менің Мера деген құрбы қызым "Лелик, смотри только не кому не говори пожалуйста"-деп маған хат беріп тұр қарасам қластасс Аслан деген ұл хат жазыпты қазақша сен маған ұнайсың деп. Менде давай сен жауап жаз десем "Ой не надо я его не люблю" дейді мен жай ерігіп жазамыз сен жазбасаң онда сенің атыңнан мен жазамын дедім. Ол келісті. Сабақта отырып алып қыздарға записка жаздым осылайда осылай Аслан Мераға хат жазыпты деп соған жауап жазу керек деп. Сабақ біткесін сабақтан қалатын болдық хат жазуға. Біреуі айтушы мен тақтаға жазушы үшіншіміз сол қолмен параққа көшіруші Мераның жазуы секілді қазақша жазу керек орысша оқыған класс болғасын. Сонымен хатымыз " менде сені сүйем. сенсіз маған өмір жоқ, үйде жағатын көмір жоқ! екеуміздің махаббатымызға арнап сен кешке 250 теңгенің шоколадын алып кел дедік. Сол шоколадты жеу үшін дикотека жасадық біздің ауылда дикотекаға рұқсат алу үшін біздің ол үлкен бөлек әңгіме школ директорының қызыңың көңілін табуымыз керек. Сонымен жасадық Асылан келді қолы бос сұрасақ таба алмадым дейді.
сонымен не керек арада хат та үзілмеді сүйем күйем деген Козы мен Баян секілді 1 жетіге созылды шоколаттың жыры. Асланнан күнде сұраймыз әйтеуір "СУФЛЕ" деген шоколадты жейтінде күн туыпты. Қыздар ұлдар жеп алдық оны әкеп бергені де қызық болған дикотекада билеп жүрсем Мера болмаған ол күні Аслан шақырып школдың артына алып кетті бірдеңе айтамын деп. Жүрек сезіп тұр шоколад екені, шокодалдты туалтеттің қасына бағанның түбіне қардың астынан алып берді Мераға апарып берші деп. Біз келсек бәрі мені іздеп жатыр екен. Қолыңдағы не десе папкағой деймін күліп.
Соны жеп алған соң жарты сағаттан кейін хат келді а біз де жындымыз керегімізді алғасын жазуға еріндік. Содан Аслан Мераға жаман сөздер айтып хат жазып жіберіпті. Сосын барлық қыздар болып сыбағасын бердік ешкіммен араласпайтын етіп. Сонад Аслан өлуге дейін барып ешкімді тынамай жынданп кетті.
Артынан келіп кешірім сұраған бірақта кешірген жоқпыз.
Осындай мекпете қызықтар көп қой
Арғын қыз
forest35@minagri.kz
29-09-06 14:00
Менің бұрын жұмыс істеген орнымда үлкен адам бар еді. Өзі сондай беймаза, не болса, соған кірісе беретін. Бір күні жұмыстас жігіт ауырып қалды ма, есімде жоқ әйтеуір жұмысқа келген жоқ. 2-3 күн өтті. (Екеуіміз қатты қалжыңдасатын едік) Жұмыста отырмыз. Бір кезде мен оның үйіне звондап, халін сұрап отырғам, ағай әдетінше "Телефонның даусын шығаршы "деп қоймай қойды.(Қалалық телефон ғой, соның громкоговорителін) Мен даусын қосып қойдым, Ағай әңгімемізді тыңдап отыр. Бір кезде ол жігіт сөйлесіп тұрып "Ана шалың тірі ме?" дегенде мен күлкіден құлап қалдым.
Алем
29-09-06 11:21
8- жылдық кішкентай мектепте оқушы едік , бізді Сентябрь айының 22 сіне ауылдан 100 км. жерге бір жарым айға мақта теруге алып кететін, 7-8 класс қосылып бар болғаны 23 окушы болып бардық, көбісі әр түрлі сылтаулармен бармай қалып қалатын, барғандардың көбісі қыздар еді, бізді айдалаға бір совхоздың мақта теретін бір бөліміне алып келді, автобуспен. Айдала болғанда айнала ұшы көрінбейтін қамыс қаптаған, кішігірім бірнеше көлдер бар, одан ары мақталар өсіп жатыр, айналада ешқандай елді мекен жоқ, 2-бөлмелі жатаққана және палаткамен айналасы қоршалған, үсті жабық сарай бар екен, ішінде екі қабатты екі кроват бар екен, , бір бөлмесіне жатаққананың, қыздар жайғасты, екінші бөлмесіне басқа балдарды кіргізіп, біз төрт бала болып әлігі кроватка жаттық, күн ыстық далада жатамыз деп.
Мен үстіне жаттым, қасымдағы дос бала астына жатты.
Түнде астымда жатқан бала ұйқтап қалдыда мен екінші кроваттағы баламен сөйлесіп жатқан едім.
Бір кез ырылдап қиқулаған иттердің дауысы шығып бізге қарай жақындап келе жатыр, аузымыз ашылып бұнысы несі деп жатырмыз, бір кезде әлігі палатаның асты жерден кішкене көтеріліп тұратын, астынан аяқтар көрінеді палатканы тістеп жұлқылап бізге қарай топырақ шашып жатыр, ал біздің кроваттар палаткаға жарты метр тақалып тұр, айқайлайын десек дауысымыз шықпай қалды, астымда жатқан баланың қойнына кіріп кеттім, ол еш нәрсе білмейді, ұйқы беріңдершеу деп қояды, кейн муғалімдер даладағы прожекторды жақты, сонда ғана кетті Шағалдар шибөрі дейме.
Әлігі 23 оқушының екеуі повар болды қыздар және мен кашегар от жағып шәй қайнататын болдым, қалған 20 сы таң ертеңнен кешке дейн мақта тереді, түскі тамақты басына автобуспен апарып беретін едік. Таң ертең шәй қайнатуға ерте 6 да тұрып ошақтың басына барайын десем, жабайы шошқалар жүреді, сол жаққа қалған тамақтарды төгушедік, прожектордың жарығы олжаққа түспейді, олар қорықпайдыда, айқайласан тымтырыс, от жағып отырсаң қайта шығады қамыстың арасынан.
Сол ырылдаған Шағалдардың шуы, қабандардың қорқылдап жүргендері әлі күнге деуір ойымнан кетпейді, әлде қызықпа , қорқынышпа өзімде білмеймін.
Қазір ойласам олардың жақсылап емін еркін жүрген жеріне, бір күнде бізді әкеп тастағансоң олар қумақ болған екенғой бізді деп ойлаймын.

Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы

$
0
0

Қырғызстанда Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығын атап өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығын атап өтеді. Шараны өткізу туралы тиісті Жарлыққа ел президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды, деп хабарлайды «Синьхуа».
Ж.Баласағұнның есімі қырғыздар мен басқа түркі халықтары мемлекеттілігінің тарихында үлкен маңызға ие. Шығыс-мұсылман ренессансы дәуірінің ұлы ойшылы, танымал мемлекеттік қайраткер елді басқарудың теориясы мен тәжірибесіне, түркі әлемінің рухани және мәдени өміріне үлкен үлесін қосып өткен.

Сәрсенбіде Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2015-2016 жылдары Ж.Баласағұнның 1000 жылдығы жоғары ұлттық және халықаралық деңгейлерде атап өтіледі.

Бір әумесер – бір трагедия

$
0
0

Жандос ҚҰСАЙЫНОВ. Бір әумесер – бір трагедия
Бір ғана адам халық үлгі тұтқан тұлғаға айналып жатыр. Бір ғана адам сол қоғамның дауасыз дерті бола алады. Әншейінде мән бермейтін ұсақ «бытовой қақтығыстардың» ұлтаралық өшпенділікке ұласуына бір ғана әдепсіздің қайта-қайта айта берген арамза пікірі жетіп жатыр.
ҚАРЫМТА / 13.04.2015, 12:12 / 925 / 1
Ол бір кезде «Егер орыс тілін қысымға ұшыратып, жергілікті ұлттың мүддесін жоғары қоятын болсаңдар, сендерге Қырымның кері келеді. Солтүстік, бәлкім бүкіл Қазақстан Ресейдің қол астына өтеді» деп қоқан-лоққы көрсеткен. Елімізде тұрып жатқан (батька-матушкалары Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде, тың игеру, колхоздастыру науқандарында Қазақияға ауып келген, яғни, бөтен жерден Қазақ жеріне КӨШІП келген!) орыс ұлтының кейбір (!) өкілдері оның бұл пікірін қоштай жөнелді.

Жүзден аса түрлі ұлт өкілінің ынтымағы үшін тіліміз бен дінімізді, ұлттық мүддеміздің кейбір тұсын құрбан етіп үйренген бізге мұндай әділетсіз айыптаулар, орынсыз әлімжеттіктер ауыр тиетіні рас. Ішіміз қылп етті. Бұл секілді элементтердің бір бармағы бүгулі тұратынын бұрыннан білеміз ғой, бірақ тұтас ұлтты, мейлі ол қазақ, мейлі орыс болсын, «жаман» деп айыптау – арсыздың ісі емес пе? Арсыздың қай сөзімен алысып жатасыз, жыны басылар деп күткенбіз.

Басылмады. Сол Татьяна Шевцова-Валованы бір топ Фейсбук қолданушылары ұлтаралық араздыққа себеп болған пікірлері үшін сотқа тартып тынды. 21 наурызда сот үкімі шықты – төрт жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Осымен бұл бикештің хикаясы тамам болуға тиіс еді. Алайда, антиқазақы пікірлер әлі күнге тынған жоқ. Қайта үдей түскендей әсер беруде. Ол кейін «Мені орыс болғаным үшін ғана қуғындап жатыр» деген сыңайда сұхбат берді. «Мен ешқандай қазақ ұлтына қарсы сөз жазған жоқпын. Оны менің атымнан біреулер жазды. Арандатты» деп ақталған.

Алайда, күні кеше ол әлеуметтік желілерде баяғы әуеніне тағы басты. Бұл да Шевцованың атынан жазып жатқан фейктің әрекеті ме? Егер олай болса, неге ақталып жазбайды? Бір –екі рет кездейсоқ болуы мүкін. Бірақ, қайта-қайта майқұйрыққа тиген аяқтың ізін сүрте-сүрте, сол «артымыздан» ұят болып бара жатыр. Рател сайтына берген сұқбатында өзін құрбан етіп көрсетіп, Ресейге шағымданып отырғандай әсер беретін бұл құйтырқы қылығы ақтауға келмейтін әрекет. Өйткені, Қазақстанда қандай да бір ұлттың атына айып таңып, ұлтаралық араздықты қоздыруға үндейтін пікір айту - заңмен қудаланатын іс. Бұл қазақ, орыс, ұйғыр, татар және т.б ұлтқа қатысты бап.

Ендеше, Татьяна Шевцова-Валова жоғарыда айтқан қоғамның дауасыз дерті ме? Бұл ханым тұтатқан тезектің түтіні тынысымызды бітеп, тыныштығымызға сызат түсірмей ме деген заңды сұрақ туады. Бұл турасында арнайы мамандар жауап бере жатар. Ал біз бұл бикеш жайлы мынандай пікірдеміз:

1. Татьяна Шевцова-Валова жай ғана әйел. Жалпы, барлық ақымақ әйелге тән қасиет – өзі бірдеңені арнайы түрде бүлдіріп, кейінгі зардабымен күресуде күйеуіне, ағасына немесе әкесіне, қала берді ұлтына сенім артып отыратыны. Бұны психология тілінде «Питер Пен синдромы» деп атайды. Яғни, өскісі келмейді. Бұл жердегі «өсу» сөзін тура әрі ауыспалы мағынасында түсініңіз. Нақтырақ айтқанда, кез келген ситуацияны ақымақ баланың көзімен бағамдау. Татьяна жасағысы келіп жатқан образ мынау секілді: бұл тек орыс болғаны үшін ғана қазақтан қысым көріп жатыр. Ендеше, дядя Владимир, кел, әскер кіргіз. «Қазақтың иесіз, сұраусыз» жерін басып ал. «Ух, как страшно». Ендеше, проблеманың шешу жолы – емдету. Кәдімгідей психотерапевтке жаздыру. Шовинизм маниясынан емделуге болады – толық изоляция.

2. Татьяна Шевцова-Валова жай ғана қуыршақ. Мысырдағы көтерілісте басты тұлғаға айналған қарапайым интернет белсендісі есіңізде ме? Әлгі Гуглде істеп жатқан жерінен Мысырдағы билікке қарсылық акциясын басқаратын Фэйсбуктегі парақшаның администраторы болған Уаил Гоним есімді жігіт ше? Шевцова қазақстандық Гоним болуы әбден мүмкін. Әйтпесе, ол неге тыншымайды? Орысша айтқанда, почему она не может угомонится?

Төрт жыл , әзірге шартты түрде бас бостандығынан айырылғаннан кейін де айылын жимай жүргені оның батырлығы ма, әлде басқа ма? Иә, бір ғана адам күллі ұлттың трагедиясына айнала алады. Орталық Азиядағы тұрақтылыққа себеп болып отырған Қазақстан мен Ресей, қала берді, қазақ пен орыс ұлтының достығына сызат түсіру - аймақтағы өрттің тұтануына таптырмайтын қадам. Қырым оқиғасынан кейін жекелеген шовинистердің сайтаны құтырғанын білеміз. Сол сайтан бұл құралды қолданбай бекер жатсын ба?

Қит етсе бәлені сырттан іздейміз деп шамдануыңыз мүмкін, оқырман. Бірақ, тағы сол орысша айтсақ, «против фактов не попрешь». Әлем елдеріндегі көтерілістер, ұлтаралық қақтығыстар осындай өте қарапайым жолмен іске асырылады. «Сен қазақсың, мен орыспын және мен сені жек көремін». Бітті. Орны толмас өкініш. Ендеше, проблеманың шешу жолы тағы да сол - толық изоляция. Енді төменде сол ханымның пікірлерінен бірнеше мысал береміз. Материалды жазудағы мақсат орыс ұлтына қатысты жеккөрініш пен өшпенділік тудыру емес. Керісінше, қоғамның бір тал дертін сол қоғамды құраушы орыс ұлтынан бөліп қарау. Әлеуметтік желіде аузына келгенді айтып жүрген бұл ханым орыс емес бәлкім, ол синдром. Өйткені, «жаман ұлт болмайды», тек «есть плохие люди»...


"Ашамайға мінгізу"

$
0
0

Дәстүр сөйлейді. "Ашамайға мінгізу"

Дәстүр сөйлейді.

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.

Ашамайға мінгізу (салт). Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиеләк салттың бірі – осы ашамайға мінгізу болып табылады. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп "сен азамат болдың" деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдарының бірі – осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осындай қуанышты сәтте ақсақалды атасы баласына:

Ал, ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақжол болсын –

немесе:

Асқар-асқар таудан өт,
Ағыны қатты судан өт.
Ит тұмсығы батпайтын,
Іргесі биік нудан өт.
Айдын-шалқар көлден өтіп,
Жеті қылым елден өт.
Құс қанатын талдырған,
Қу мекиен шөлден өт!
Жолсыз жерде жол баста,
Жаугерлік болса қол баста.
Сәйгүлігің сай болсын,
Тілегім осы әу баста Әумин, –

деп бата берілген соң, баланың қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады. Баланы атқа мінгізгесін жігіт атты ерттеп, көрші-колаң, ауылды аралатады. Есігінің алдына ашамайға мінгізу рәсімін өткізген балаға келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне үкі, шашақ, теңге, моншақ қадайды. "Бала шаршады-ау" деген кезде үсті-басы әлем-жәлемге, әшекейге толып ауылға қайтып оралады. Сол күні мал сойылып, ат шаптырылып, той жасалады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Бірте-бірте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды, сонымен бір жеті ішінде ашамайды тастап ерге отырады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдынан салтанатпен жүргізген.

Сейіт Кенжахметұлының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабынан...

Әдебиет адам болмысына қалай әсер етеді?

$
0
0

Әдебиет адам болмысына қалай әсер етеді?

Әдебиет адам баласын қай деңгейге көтере алады? Білесіз бе? Мені де осы дәрежеге жетелеген сол – әдебиет. Расында, әдебиеттің бар болмысы адамның қалыптасуына барынша қолдау көрсете алады. Ал адам баласы бұл орайда еріншектікке бой алдыратын болса, оның қалпы көкке қарай самғамайды. Әлемді құшағына алмайды ...

Қазіргі қоғам әдебиетті оқудан кемтар қалған деседі. Ал біреулер: «Жоқ, оқуға құмар жандар әлі де көптеп табылады», - дейді. Шындығында бұл – парадокс. Ешкім де оның салмағын анықтауға қауқары жетпейді. Кез келген зиялы көзі ашық адам осы тектес пікірін тек айналасындағы жастарға қарап білдіреді. Демек, оның әр қалай болуы рас.

Әдебиет – мен үшін белгісіз білім бұлағы. Олай дегенім мүлде кітап ашып көрмедім деген сөз емес, әрине. Оқыған болармын. Мен тек әлі көп оқу керек екенімді ғана білемін. Бала кезімде әкем кітапті міндеттеп оқытатын. Сол кездері әкемнің осы талабын ұнатпаушы едім. Шындығында, жек көруші едім. Дегенмен қазір рақмет айтамын. Әдебиет маған жақсы мен жаманды ажыратып білуге, дұрыс пен бұрысты айыруға, оң мен солды тануға, ақыл мен танымға толысуға көмектесті.

Қазіргі жастар классикалық әдебиетті оқуға жалығады. Мен де. Расында қарбалас өмірде бір суреттеуді 15 бетке дейін созып отыруға көптің төзімі жете бермес. Бірақ сол әдеби мардым қажетімізге жарарын білмейміз. Соңсоң, біз әдеби туындыларды таңдап алуда адасуымыз мүмкін. Мысалы, антика әдебиеті мен көне дәуір ертегілерін бала кезімде оқыған болсам, мектеп жасында шытырман оқиғаға толы романдар (Марк Твен, Вальтер Скотт, Александр Дюма) мен ғылыми-фантастика жанрындағы (Жюл Верн, Толкин, Роулинг) шығармаларды іздеп оқыдым. Қазақ әдебиетінен де кенде қалмадым. Мектептегі Әлия есімді ұстазым әдебиет сабағына кітап оқып дайындалып бармасақ, жас баладай ренжитін. Ұстазымды еш ренжітпеуге тырысатынмын. Біршама уақыт өте кітап сені емес, сен кітапты іздейтінің белгілі-ақ. Кейіннен жаңа дәуірдегі француз әдебиетіне (XVIII-XIX ғ.ғ.) өттім. Себебі бұл дәуірдегі француз әдебиеті көне грек аңыздарын қайта жандандырған болатын. Осылай Антика әдебиетінің бала кезімде түсіне алмаған беттерін ашып алғанмын. Кейін орыс пен жапон әдебиеті мені тәнті етті. Олардың аты әлемге танымал болуына не себеп болған?

Жалпы тұрғыдан алғанда, жазушы бүкіл әлемге танымал болуы үшін өз туындыларында адам баласына ортақ проблеманы көтере білуі керек. Ал ұлттық деңгейде, яғни белгілі бір аймаққа қатысты сұрақты алға тартатын болса, оның өзектілігі де сол ұлттың шеңберінде қалып қояды. Сосын аударылған шығарманы өзге ұлттың өкілдері түсіне қоймайды. Нобель сыйлығына лайық болса да, алмаған жазушылар қатарының көптігі де осы сынды түсініспеушіліктерден туындап отыр. Мысалы, Драйзерге бермей, Синклер Льюис алды. Мен мұнда Льюисті нашар жазушы деп тұрған жоқпын. Айтайын дегенім, Драйзер одан жоғары дәрежеге лайық. Ал орыстың бетке тұтары Толстой ұсынылған, десе де ол өзі алудан бас тартқан екен. Классикалық әдебиетті оқыған адамға қазіргі заманның әдебиеті ұнай қоймайтыны белгілі. Менің де заманауи әдебиетте тұрақты іздеп оқитын жазушым жоқ. Себебі қазіргі заманның бестселлерлері психология, өзін-өзі дамыту немесе ақша табудың жолдарын үйрететін кітаптар. Атап айтқанда Роберт Кийосаки, Дейл Корнеги т.б.

Жапонның Рюноскэ Акутагава есімді ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген жазушысы бар. Мен үшін ол жапон әдебиетіндегі ең биік тұғырға ие әдебиет майталманы. Рюноскэ ешкім білмейтін жапон әдебиетін сол дәуірдің өзінде бүкіл әлемге танытты. Әдебиетке ұлттық нақыш бере отырып, адам психологиясының танымдық өзгешеліктерін көрсете алған. Ал Харуки Мураками ерекше қолтаңбасы бар стилист болғанымен, ол ұлттық шеңберден аса алмаған. Рю Мураками шығармаларындағы қоғамның оғаш өмірін көрсету арқылы атын шығарғысы келді. Дегенмен, бұл бағыт оған танымалдылық алып келмеді. Себебі Рю натуралистік көркемдеуді қолдана алмады. Сонымен қатар, еңбегінің соңында сюжет тағылымының болмауы да мен үшін тартымды бола қоймады.

Жапон жазушылары адам психологиясына аса көп көңіл бөледі. Бір кез, ақын досым Айбол Исламғалиев: «Әдебиетке жаңадан келген оқырманды жапон туындыларынан аулақ ұстау керек. Себебі олардың тұңғиықта жатқан психологиясын пайымдау үшін әдеби білім керек. Оны бұрыс қабылдағандар, адасып кетуі мүмкін», - деген болатын. Расында, солай. Менің әдебиет әлемімде де жапон әдебиеті 5-інші деңгейде тұрғанын жоғарыда айтып өттім. Демек, әкем дұрыс бағдар көрсете білген екен ...

Толстой

$
0
0

Мұхаммедтің үмбеті – Толстой
Патша өкіметі де, кеңес өкіметі де ұлы жазушының рухын түсінген жоқ
http://www.qazaq.kz/img/150409-tolstoi-2.jpg
…Адамзат жерді құртуға ұмтылып, талдарақты, шөп-шалғынды өртесе де, жан-жануарлар мен құстар әлемін, құрт-құмырсқа тіршілігін жойғысы келсе де, көктем шыға дүние орнына келіп, құдіреті күшті табиғат бар аймақты жаңартып, жасартып жібереді. Ал адамдар өзгермейді. Сол сұлулықты сезіммен қабылдай алмайды. Күнделікті өсек сөздерін жанына серік етіп, бірін-бірі арбаудан, алдаудан, қанаудан, бір-біріне үстемдік жасаудан арыла алмай, өздеріне-өздері өмір қылеуетін тудырып жүр».

Л.Н.Толстой «Арылу» («Воскресение») романын осындай сауалмен бастайды да, оған жауап іздейді. Сол шығарманың оқиға желісі жазушының кезінде ешкім түсінбеген, сондықтан да тұла бойын тінткілеп, шығарға саңылау таппаған қорғасын салмақ – ішкі тұмша сезімі арқылы өрбиді.

Осы романы жазылғанға дейін граф жарық дүние тіршілігінің сабақты-сатылы, сындарлы жолдарын артқа тастаған болатын. Орыс халқын жан-тәнімен сүйген адам сол ұлттың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы мен дәстүрін, жалпы болмысын танып-түсінгісі келген. Сол үшін де Ресей деревняларын кезді, шетелдердегі орыс диаспораларымен кездесті, губернатор кеңсесіңде, министрлер кабинетінде, ақсүйектердің ортасында, шаруалардың арасында болды. Тіпті өз еркімен әскерге барып, ірі Қырым соғысына қатысты. Шағын селода мектеп ашты, балаларды оқытты. Солардың сеніміне кірді. Түпкі нәтижеде өзі өмір сүріп отырған қоғамнан рухани көңіл-күйін жеңілдетер, тығырықтан шығарар жол таппады. Жан азасын ауырлатты. Оны жеңілдететін шіркеу уағызының да сол қоғамның ағымына ілесіп кеткенін түсінді. Күйзелді. Патша өкіметі оның шығармасының әрбір сөзін өзіне шаншудай қадалған сын ретінде қабылдады. Тіпті шіркеу қызметі де мемлекеттік саяси бағытты ұстанып, оны Жаратушыға сыйынатын ортадан лағнет айтып қуып шықты.

Бертін келе ол рухсыз қалған отандастарынан, туған жері мен тұрған үйінен, жарты ғасыр отасқан әйелінен жеріді.

Көпшілік оның мұндай оқыс мінез танытуын қарттықтың белгісі деп түсінді, кейбірі алжығанға балады. Емшілер мидың ойлау қабілеті төмендеді десе, шіркеу қызметі сайтан азғырды деп қабылдады. Сөйтіп, жасы жер ортадан асқан жазушының жан-дүниесін түсінетін ешкім қалған жоқ. Дегеніне жете алмай көз жұмды.

Л.Н.Толстойды жерлеу рәсімі «ұлылардың» қатысуынсыз, қарапайым ғана өтті. Ясная Полянаның оншақты мұжығы жеке үйінің маңындағы саяның аясынан 2 метр жер тапты да, «жаназасын» шығармаи көме салды.

Алайда сексеннен асқанымен Толстой алжыған да, есінен адасқан да жоқ еді. Біз сөз еткен кез оның көңілде қатпарланған түйткіл ойлардың ұшығын шығара алмай аласұрып, медет іздеген кезі еді.

Патша өкіметі де, кеңес өкіметі де оның құнды шығармаларын мемлекет пайдасына оңтайлы шешті. Артында қалған мұраларын құнттап ұстады. Міне, 80 жылдан бері оның мұражайы Ресей мұрағатының қорғауға алынған ең бағалы дүние қазынасы қатарында. Бірақ Толстойдың рухы, оның өмір бойғы жан азабы ешкімді толғандырған емес.

Қос өкімет бағалағандай, жазушы діннен еш уақытта безген емес. Рас, православие шіркеуін сынады. Ол онда әр шіркеу қызметкері Құдай елшісі — Иса пайғамбарды естен шығарып, Інжілді бұрмалап, ондағы тұжырымдар мен өсиеттерді жеке түсініктері бойынша қабылдайтынын және де ол әр шіркеу қызметкерінің түйсіктері бойынша орындалатынын, мұндай шара біртұтас православие шіркеуі ұстанған имандылық бағытқа тосқауыл қоятынын, яғни, шіркеу қызметінің Жаратушымен тілдесу жолы бұрмаланғанын айтады. Мұндай жүйесіз жол адамды күнәсінен арылуға үндемейді, керісінше, дәстүрсіз шоқыну үлгісін қалыптастырады. Шіркеуге бағыттаған хатында жазушы былай дейді: «Сіздер мені Құдайды қабылдамайды, оған сенбейді дейсіздер. Бұл — қате пікір. Мен Құдайдан басқа ешкімді мойындамаймын. Мен не түсінсем, сол ұғымның бәрі бір Құдайдың арқасында жүзеге асып жатыр. Мен оны танимын және білемін».

Шіркеудің ресми мәртебесін көтеріп, танымдық өзгерістерін қалыптастыруға атсалысқысы келген жазушының діни ортаға еш қиянаты болған жоқ. Қайта, керісінше, шіркеу қызметі онымен жау болды.

«Егер адамға православиелік шіркеу немесе Мұхамбеттік жолдың біреуін танда десе, онда ой-талғамы жоғары барлық адам таңдау жолын күмәнсіз екіншісінен табар еді. Мұхамбеттің Құдай жолын бұлжытпай ұстанғанын білер еді де, тағы бір Құдайға қызмет ету сүрлеуін қиындатып жіберген жолды көрер еді» деп жазады жазушы жақын танысына.

Л.Н.Толстой аласұрған көңіл-күй аптығын басатын, сергелдең сезім тыныштығын ұялататын жолды 60-қа қараған шағында исламнан, яғни, Мұхамбеттік бағыттан тапты. 1884 жылы ол жақын туысына жолдаған хатында былай дейді: «Егер менімен бір сенімде болсаңыз, қуаныштымын. Сіз де менің өміріме еніп көрер едіңіз. Мен бұрынғы көңіл-күйден ажырап қалған адаммын. Өмір ағымымен келетін байлық, атақ, құрмет қазір менде жоқ. Отбасым, достарым менен бойларын аулақ сала бастады. Кейбір либералдар мені Гоголь секілді есінен адасқан немесе ақыл-ойы кеміген десе, басқа төңкерісшілдер, радикалдар – кекшіл, езбе өкімет адамдары – қаскөй-революционер: православиеліктер – ақ сайтан деп санайды. Маған өте ауыр. Сонымен бірге маған кішіпейіл, қайырымды Мұхамбеттің үмбеті деп қараңдар. Сонда бәрі де ғажап, бәрі де керемет болады».

Осы сезім мен сенімді ширек ғасыр бойы жанына серік етіп, рухани азық еткен ол көз жұмардан сәл ғана бұрын оған адал екені тағы да қайталайды: «Менің танымым Мұхамбеттік… Ол өзінің тұлғасы жағына православиелік шіркеумен салыстырғанда едәуір жоғары тұратынына менің ешқандай күмәнім жоқ».

Бір кездері орыс баспасөзі «Толстой Николайдың тағын шайқалтып жіберуге шамасы жетеді, ал патша ағзам оған ештеңе де істей алмайды» деп жазған қайсар жазушының ең осал тұсы оның сезімі мен сенімі ешкімнің түсінбеуі еді. Қайрат, жігер береті де ешкім болған жоқ. Тірі кезінде жанына дауа таба алмаған Толстой рухы өзі қатты болған соң да ешкімнің тарапынан қолдау тапқан жоқ. Тек құнды шығармалары ғана бұлданып, саудаға түсіп жатты. Ол қос өкіметке де шетел алдында үлкен бедел сыйлады.

Еділ ӘЛИЕВ

«Жас қазақ» газеті №9 (61) 10.03.2006 ж.

«АЗИЯ КІНДІГІ» ЖАЙЛЫ ЛЕБІЗ

$
0
0

Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ

«АЗИЯ КІНДІГІ» ЖАЙЛЫ ЛЕБІЗ

1

Ресми газет жұмысымен шұғылданып көрген емеспін. Бірақ қағази болсын, электрондық болсын, әйтеуір газеттердің белсенді оқырманымын. Сол тұрғыдан аздап айтарым бар. Алдымен айтарым – разылық пен рахмет.
Партия мен өкімет басшылыққа қазақ кадрлерін әкелгенде, өзге ұлттан адам таба алмағандықтан емес, қазақтың тілін де, ділін де, әдетін де, талабын да, қысқасы ахуалы мен сұранысын біледі, сондықтан жұмысты тіпті жақсарта, оңай түсуге себі тиеді деп әкеледі. Мұны басшылықта жүрген қазақтардың кейі біледі, кейі білмейді. Мен ең әуелі, осыны тәп баса білген, орталықтың рухына уағында үн қосып, ұлттық мәдениетімізді көркейте түсудің қамын жеп бұл газетті қолдап отырған Нұрлан Әбдімәжін төраға бастаған бауырларыма алатаудай рахмет айтамын!
Екінші, мына бас қосудың аты да жақсы екен. Сұхбат делініпті. Сұхбат, кеңес, ақылдасу – демократияның дәстүрімізге әбден сіңген, ұзақ тарихқа ие бір нақты түрі. Дүниеде армандағыдай демекратияны батыстағылар да таба алғаны жоқ. Бәрі де іздеу үстінде. Біздің ел де сондай. Орталықтың реформаны тереңдету мен кеңейтуді талап етуі де соның бір белгісі. Бірақ, тәуір демократияның осындай сұхбаттар үстіне құрылары сөзсіз. Мынадай сұхбатты еске алған, жастарымыз арасынан редакторлық, басшылық саласынан ғана емес, ойшыл өлеңдері арқылы поезиядан да қара үзіп келе жатқан Жайырбекке де алатаудай алғыс айтамын!

2

Саяси Кеңес – Жұңгоның мемлекеттік тұлғасы, саяси тұлғасы және өзінің ұстабы бойынша, Компартияның, әрбір демократиялық партиялардың, партиясыз демократтардың, халықтық ұйымдардың, аз ұлттардың және әрсаланың уәкілдерінен, тағысын тағылардан құралған, отаншыл бірліксап ұйымы, коммунистік партия басқарған көп партияның серіктескен, саяси мәслихаттық, маңызды құрылымы.
Біз қазір тіпті де жаңа дәуірге аяқ бастық. Меніңше Саяси кеңес жұмысында да, оның газеттерінде де жаңа дәуірге тән реформалар болғалы тұр. Бүған қырағылықпен қараған, саналылықпен үн қосқан пайдалы.
Реформа мен жаңалықтың тың лебі ескен, реформаның соны өрісіне бағыт сілтеген 18-құрылтайдағы баяндамада «реформа жасау, жаңалық ашу рухын қашан да мемлекет басқару мен әкімшілік жүргізудің әр қайсы буынына дәйектілендіру» керектігі атап көрсетілген. Осы 18-құрылтайдан бергі көңіл желпінтерлік тың серпілістерді көріп те жүрміз. Мен Саяси кеңестің басылымдарын (ұйғырша «Асия кіндігі» мен ханзуша «Я жоу жұңшин уәнбау» сықылдыларын) ғаламтордан көріп жүрмін. Анда-санда өзімді тартқан мақалаларын оқып та қоямын. Ал, «Заң аясы» таяуға дейін келіп тұрды. Енді қазақша «Азия кіндігі» қажетімізді тіпті қандыра түспек. Өйткені, Саяси Кеңестің өзге басшы ұйымдарға ұқсамайтын ерекшелігі, демократиялық мінезі бар. Оның қолынан шыққан басылым да сондай мінезді болуға тиісті. Ал, мынау «Азияның кіндігі» деген атымен-ақ тіпі сөйтеді деп ойлаймын.
Жаңа жағдайдың берген шабыты шығар, Саяси кеңестің ханзуша газеттеріне қойылған соны талаптарды да байқадым. Мысалы, бұл газет басшылары Ши Жинпиң басшужидың баяндамаларын, екі жиынның рухын үйренуді дәріптеуде, «Төрт жаппай» (“四个全面”) делінетін стратегиялық орналастыруды басты желі ете отырып, үгіт формасын жаңарту, Саяси кеңестің ерекшелігін көрнекілеуді талап етіуде. Меніңше мұны Жайырбектер ханзуша газетке үзеңгілесе жүріп қазақша газетте тіпті жақсы атқарады.
Расында да, Саяси Кеңес өзіндік ерекшеліктерге ие. Мысалы:
1.Ұйымдық жақтан кең уәкілдік сипаты, саяси тараптан мол сиымдылығы бар.
2.Оның құрамдық негізі демократиялық партия-топтар болғандықтан, олардың өз тұрғысынан пікір білдіру хақы да бар.
3.Саяси кеңес түп табиғатынан алғанда демократиялық ақылдасу сипатына ие.
Бұл әрине, саяси кеңестің мүшелері ғана емес, оның газеттері де толық пайдалануға тиісті жақсы ерекшеліктер.

3

Медияның бір түрі саналатын газет – салмағы жеңіл, бағасы төмен, оқыған соң әркім өзінше біржақтылы ететін қағази басылым.
Газеттің Жұңгодағы тарихы ұзын, сонау Хән әулеті кезінен басталады. 2000 жылдан астам тарихқа ие. Алғашында, ол орда хабары – дибау (邸报) деп аталған. 1582-жылы (Миң әулеті тұсында) жекелердің газеті жарық көре бастапты.
Газетсымақтар ежелгі Римде «күнделік істер» (Acta Diurna) деген атпен шыққан екен. Сонау 16-ғасырда Венецияда да пайда бола бастапты. 1631-жылы Францияда «Ла Газзетте» мерзімді басылымының жарық көруімен осы замандық мағына мен ат алыпты.
Әлемдегі газеттердің 2007-жылғы саны 6580. Бұлардың талайы торсайттарға шыққан, яғни электрон нұсқалары да бар.
Дүниеде қазақ тілді алғашқы газет – 1870-1882 жылдары мен 1888-1902 жылдары шығып тұрған «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала уәлаятының газеті». Одан кейінгілері 1906-жылғы «Қазақ», 1907-жылғы «Серке» газеттері делініп тізіле береді. Демек, 145 жылдық тарихқа ие.
Шинжяңда Шәріпхан Көгадаевтің тағайындауымен Ғазез Қалбановтар шығарған бүігінгі «Шинжяң газетінің» кешегі тегіне де 80 неше жыл болды.
Қазір, шүкірлік, партия мен өкіметтің қамқорлығында, мерзімді басылымдарымыз 1.5 миллион қазаққа аз емес. Аз болып тұрғаны – оқырман. Мынадай жиында мұны айтпай болмайды. «Азия кіндігі» осы жағадайға төтеп берудің амалын ерте қарастыруы керек.
Бүгінде қазақ балары мен жастарына ана тілінің ортасы яғни үйрену мен қолдану аясы жетеу ғана. Ол тағы шартты түрде, демек қолдануға ықыласы болса ғана. Егер оларды тұтінушылар саны бойынша тізсем былай:
1. Отбасы (әрине, ата-аналары саналы болса ғана).
2.Қос тілді мектептердегі 3-4 сағаттық қазақ тіл-әдебиеті дәрісі.
3. Қолфон (егер қазақшаны латын не төте жазумен істетер болса).
4.Телеканалдар (әрине қазақшасын көрер болса ғана).
5.Интернет (ғаламтор). Әрине қазақша сайттар көп. Соған бұрылар болса.
6.Радио (бұл да солай, тек зауқы барларға ғана).
7.Басылымдар.
Басылымдардың (тіпті «Шинжяң газетінің» де) құлдырап ең соңына түсуіне себеп баршылық. Алдыменен, идеялық жақтағы немқұрайдылық, ішінаралардағы мәңгүрттік. Сонсоңғы бірі – ана тіл мәртебесінің төмендеуі. Одан кейінгісі – жаңа медиялардың тартымдылығы.
«Азия кіндігі» Саяси кеңестің мен айтқан ерекшеліктерінен пайдаланып өзіндік тартымын күшейтсе ғана оқырманын көбейте алады.
Қазақта жеті жетім дегенді білесіздер. Бұл күндері оқырманы жоқ басылым – жетім, тыңдарманы жоқ клип – жетім. Алла мен халық «Азия кіндігін» осы жетімдіктен сақтасын!
Шинжяң Саяси кеңеснің ханзуша газеті – «Я жоу жоңшин уәнбау» өзіне «табанды Саяси кеңеске тіреп, бірлік сапқа қызмет өтеп, қоғамға бет алу» дегенді басты бағдар етеді екен. Айдарын көбейтуге, мазмұнын соны да терең қылуға, информацияны байытуға, суреттерді молайтуға, ерекшелігін аша түсуге ұмтылып жатыпты. Әрине, бұл өзге газеттердің көшірмесі, қайталаушысы болып қалмау, өзіндік ерекшелігін әйгілеу, сол арқылы оқырманды көбірек тарту үшін. «Азия кіндігі» де бұдан қалыспауы тиіс.
Қалысбау үшін күш керек, әлбетте. Адам керек. Мұны басшылық ойласар.
Ескерте кетерлік өзге жәйіттер де бар. Мысалы,
Қазіргі басылымдар мен өзге медиялардағы (телехабар, торсайт, т.б.) жаппай кезігетін бір кемшілік – емле мен сөз қателігі. Мен осыларда кәсіби үйрену деген жоқ па, әлде біліп тұрып мұқиятсыздықтан қате жібере ме, жоқ әлде күштері жетіспей ме деп ойлаймын, бірақ байыбына бара алмаймын. «Азия кіндігі» осындай қателіктерден сақтанудан рекорд жаратса деген үмітім бар.
Көш жүре келе, сәл түзелген соң, бұл газетті интернетке латынша, крилше нұсқаларымен шығару керек. Өйткені бұл әрі қол жеткізбесе болмайтын заманауи беталыс, әрі біз қазір Жұңгоны (соның ішінде Жұңго қазақтарын) әлемге таныту сатысына кірдік! Мұны ұмтпағанымыз жөн. Бұған қол жеткенше, оқырманы көп медияларға иек артып, кей мақалаларын, оған ілестіре газеттің атын шығарып тұрған пайдалы.
Саяси кеңестің әр бөлімдері шығарып келе жатқан «тарихи материялдар» өте жақсы. Соның таңдамалылары осы газет арқылы жарияланып тұрса.

АЙҒЫР - АСАБА

$
0
0

ҚАЛЖЫҢҚАЛТА

Усойқы

АЙҒЫР - АСАБА

Жиын-тойда айтылатын көп тілектің басқасын қайдам, әйтеу «Тойың тойға ұлассын» деген тілек Алланың құлағына шалынса керек. Эфирде үй жоқ, жұмыс жоқ деп жылағыш қазекең өмірде тойлағыш-ақ. «Тойға барсаң тойып бар» деуші еді. Қазір керісінше «тойып» қайтасың. Кей тойдан тойып қайтасың, кей тойдан тоңып қайтасың, кей тойдан көресіңді көріп қайтасың, кей тойдан «тірідей» өліп қайтасың.

Әмина Құрманғалиқызы

Баяғыда әжем пақыр терең күрсіне тү­сіп: «Е, мен не көрмедім» дейтін. Сол кісі айтқандай мен осы жасымда не көрмедім. Құдай-ау, мен айғыр-асабаны да көрдім ғой. Кентавр келіп, той жүргізген екен деп қалмаңыздар, кәдімгі асаба, үлкен бір қа­ланың асабасы.
Әлқисса, той басталды. Бір кезде дарынын қайдам, қарыны баршылық қара жі­гіт талтаң-талтаң, алшаң-алшаң басып ор­таға шықты. Керілді, есінеді, қақырынды, тү­кірінді. Екі қолын айналдырып жіберіп фи­зарядка жасады. Мойнын бұрап-бұрап қа­лып еді, бытыр-бытыр ете түсті. Бой жаз­уы ма, әлде, шабыт шақырғаны ма, кім біл­ген...
– Ал, – деді асаба,нығыз үнмен. – Тойды бастаймын. Бала-шағаларыңды шулатпай, әркім өз баласына ие болсын. Балалы үй – базар болғанымен, балалы той – позор! – деді де, өз тапқырлығына өзі риза кейіп­пен күліп алды. Ары қарай тақпақтай жө­нел­ді:
– Ал, кәне, кемпірлер ұйқыдан оянып алыңдар, қатын, қыздар айнаға қарап боя­нып алыңдар, шалдар насыбайларыңды атып алыңдар, жігіттер, тартатындарыңды тар­тып алыңдар, бала-шағаны шулатпай тыйып алыңдар, тышатындарың тышып, сие­тіндерің сиіп алыңдар, – деді де, қар­қыл­дап кеп күлсін. Асаба күлген соң амал жоқ, кеңкілдеп күлген болдық. Бірақ онымыз күлкіден гөрі жылағанға ұқсады. Сөз беру басталды. Сексендегі кәрі құдағи бастаған бір топ кейуаналар бірі таяқ таянып, буындары сыртылдап, беттеп келеді. Асаба «ана» тақырыбына тереңдеп кетті. Сонау Хауа-Анадан бастап, ауыз әдебиеттегі ару­ларды шолып, аштық, азамат соғысы, реп­рес­сия, Ұлы Отан соғысы тұсына біраз аял­дап, Әлияға оқ тиген жерінде, қалта­сы­нан көлдей орамалын алып көзін де сүртіп алды.
– Ойбай, белім! – деп кәрі құдағи отыра кетті осы жерде. Асаба алая бір қара­ды­да, жалғай берді. Содан трактор жүргіз­ген, қой баққан әйелдерге біраз тоқтап, екі Роза, бір Бибігүлдің тұсына келгенде: «Өл­тіре ме тегі, ойбай, аяғым» деп тағы бір құ­дағи жерге жалп ете түсті. Асаба енді ана туралы әннен бір-екі үзінді айтты да:
– Әне, аналар келеді екі омырауынан ақ сүттері ағып, – деді. О, Тоба! Не жыларымды, не күлерімді білмедім. Көз алдыма кешке өрістен қайтқанда мама сиырлар­дың тырсиған желінінен сүттері сорғалап келе жататыны елестеді.
Бұл бұл ма, «қуырдақтың көкесін түйе сой­ғанда» көрдік. Асаба ойын ойнатпақ бол­­ды. Ортаға ерлер мен әйелдерді, қыз­дар мен жігіттерді шақырды. Шыққандар ұй­лы­ғып, үрпиіп, асабаға жүрексіне қара­сады.
– Ерлер бір жаққа, әйелдер бір жаққа тұрыңдар! – деп бұйырды асаба. Сонан соң ойын шартын түсіндіре бастады:
– Сендер,– деді еркектерге, – айғыр­сың­­­дар, ал аналар, – деді әйелдерді көр­се­­тіп, биелер. Мен команда берген кезде, әр ай­ғыр өз биесіне қарай кісінеп шабады. Сөй­­тіп, өз биесін қайырып осы жерге әке­леді. Еркектер ыңғайсызданып төмен қа­рап, қипыжықтап еді, асаба:
– Немене, айғыр боп көрмеп пе едің­дер? Міне, былай, – деп, арқырай кісінеп, бір әйелдің жанына жетіп барып, оқыранып жер тарпып, айнала шапты. Еркектік намы­сына тиген соң тұрсын ба, қалған еркектер де жаппай арқырай кісінеп, өз қар­сы­сын­дағы «биелерге» қарай шаба жөнелді. Бір масқарасы сол – бұл жерде әркімнің өз «биесі» ғана емес, жасы келген үлкен әйел­дер де, жас қыздар да бар еді. Ойын шартын білмей, «шық, шық» дегенге шыға сал­­ған ғой. Қастарына есірген еркектер ар­қы­рап жетіп келгенде, бір үлкен әйел:
– Көтек, нағыл дейді! – деп баж ете түс­ті.
Ата сақал аузына біткен әкесіндей ер­кек оқыранып жетіп келгенде, бір жас қыз бетін басып шыңғырып жіберді. Тұра ұм­тыл­ған қыз әкесі: «Ә, атаңа нәлет!» – деп «кә­рі айғырдың» жағасына жармасты... ба­ғ­ытын бәденділеу жас келіншекке қарай бұ­рып, арқырап бара жатқан күйеуін кө­ріп, «ұятсыз!» деп бір келіншек ұшып тұрды. Әп-сәтте у-шу болып, той топалаңға айналды.
Содан бері тойға бармаушы едім. Өмір ғой. Тағы бір тойға шақырылдық. Беделді адам еді. Әрі-сәрі боп тұрғанда, жұ­ба­йым:
– Қорқатын не бар? Бұл өзге өңірде емес, Алматының ылғи зиялылар тұратын «Самалында» өтеді ғой, – дегені. Бар­дық. Бәрі жап-жақсы жүріп жатқан. Ойын сағаты басталды. Жүрегім зырқ ете түсті. Ор­таға биші қыздар (европалық би-ау дей­мін) шықты. Кеудесі мен бөксесіндегі екі еліні айтпасақ, тыр жалаңаш. Төменгі лы­пасының алды бар да, арты жоқ. Таяу отыр­ған жас келіншектен:
– Қарағым-ау, ана лыпаларының арты жоқ қой. Түсіп кетпес пе екен? – деп сұрап ем:
– Татешка, арты құйрықтарының арасында емес пе, – деп, бетіме таңдана қа­ра­ды. Соны да білмей ме деген таңданыс. Мен өзімнің осыны да білмегеніме ұялып кеттім. Енді мені «мамбет» демей, не де­сін... Қыздар билеп болды да, тура төргі с­тол­дың қарсысына келіп, оқ тигендей сұ­лап-сұлап жата кетісті. Жатқан күйлерінде екі аяқтарын барынша жоғары көтеріп, бір сәт тынып қалды. Мен болсам қаз-қатар төң­керілген құйрықтарға ұрлана көз тас­тап, әлі әлгі лыпаның жартысын іздеп отырмын. Көрінбейді-ау, көрінбеді. Оны да қойшы. Қаз-қатар жатқан туырылған он шақты құйрықтан көзімді сәл жоғарылатып, қақ төрдегі столға қарасам, Бақытжан Мо­мышұлы, Ғаббас Қабышұлы бастаған құрметті ағалар басын төмен салыпты. Зейнеп ана ақ жаулығымен бетін бүркеді. Ары қарай:
– Үйшік – иттің ұясы,
Шаш – биттің ұясы,
Кеңсе – әкімнің ұясы,
– деп тақылдады асаба. Сұмдық-ай, әлем­дік өркениетке аяқ басамыз деп отырғанда, шашымыз биттің ұясы болса, жетіскен екен­біз.
«Қыздарда да қыздар бар» демекші, аса­баның да асабасы бар екен. Шіркін-ай, сөз­дері судай төгіліп, тыңдаушысын бордай егілткен бір асабаны көрдім. Көк­ше­тау­ға қыз ұзаттық. Құдалар да арғынға тән ірі­лігін көрсетіп, тулатып ту бие жығып, құ­­нан қойды үйткізіп, сарала тартып, кө­сіл­­тіп той жасады. Тойды баршаға мәлім, кө­рерменге көгілдір экран арқылы таныс Көкшенің айтыс ақыны Әлібек жүргізді. Сөйлер сөзі ерін ұшынан лыпылдап төгіліп тұрған Әлібек, халыққа дүр-дүр қол соқ­ты­рып, ду-ду күлдіріп, той тізгінін бір сәт босатпады. Әдемі әзіл, әсем ән, әдепті ойындар, қолма-қол суырыпсалып айтқан шу­мақтар – бәрі де орынды. Әлібек көне та­рих, шежіреге де жүйрік екен. Қыз берген жақ Наймандар еді. Арғын-Найманның ежелгі достығын, туыстығын, сыйластығын ай­та келе, Әлібек бір өткір әзіл айтты. «Ті­рі­сінде найманнан әйел алған жігіт өлгенде жұмаққа барады, өйткені, ол тозақты бұл дүниеде көріп алды», – деген бір анекдот еді. Әңгіме әзіл болса да, найман құдалар қы­зарақтап қалды. «Қоянның қасуына – мыл­тық­тың басуы» дегендей, тура осы сәтте ма­ған сөз берді. Шамданыңқырап отырған мен Әлібекке соқтыға сөйледім:
Әлібек, айналайын талабыңнан.
Мықты ұста жыр-тұлпардың саға­ғы­нан.
Шыңында Оқжетпестің шаңқылдаған
Сен екенсің ендігі бала қыран.
Атақ па асабалық ат бүгінде
Желеу ғой жем боларлық тапшы күнге
Серінің жұртындағы сынық кездік
Қашанғы жатпақшысың қап түбінде? –
деп, Әлібектің соңғы жылдары айтысқа қа­тыспай, асабалықты кәсіп етіп жүргенін көл­денең тарттым. Іздегенге – сұраған, ұры­нарға қара таппай тұрған Әлібек іле түс­ті:
Кім білер менен артық тойдың жайын,
Мен бірақ той туралы сөз қылмайым.
Өзіңізге тартып туған қызың болса,
Күйеу бала болайын, апатайым, – деді.
Күтпеген айтыс. Экспромт. Халық «тағы, та­ғы» деп дүрілдей қол соқты. Маған да қы­зық көрінді. Көптен айтыспай кетсем де, осы жерде шабыт шіркін «жүр, жүрлеп» тұрғаны. Жаңа ғана найман құдашаға «көңіл білдіріп» тұрғаны есіме түсе кетті.
Мен:
Әй, арғын, жау келгенде «Наймандайсың»
Апаңның бұл сөзіне шамданбайсың.
Қоянның көжегіндей бұл түріңмен,
Найманның неше қызын алғандайсың! –
дедім.
Енді наймандар жағы дуылдап кетті. Әлібек нағыз шабыт үстінде. Іркілмеді:
Неге арғынның намысын жоқтамаймын.
Өзіңізді көңіліме тоқ санаймын.
Абылай атам алыпты алты қатын,
Найманнан төрт қыз алмай тоқтамаймын.
Шақырсаңыз Семейге бармаймын ба,
Қырандай төрт тарапты шалмаймын ба.
Тірі күнде Найманның қызын алып,
Өлгеннен соң жұмаққа бармаймын ба, –
дегені.
Қап, мына жүгірмекті-ай! Тойда отыр­ғанның бәрі арғындар. Олар қол соғып, ысқырып, шулап, Әлібекті көтермелейді. Най­­ман құдалар үнсіз қалды. Әзіл болса да, ру аты аталған жерде қазақ өзін қан ма­й­данда тұрғандай сезіне ме, қалай... Жауап айтпасам, мен емес, Найман деген ел жеңілетіндей сезініп отыр олар.
Әлібек шапқан жерің шаң ғып кетпе,
Шаң ғып кетпе немесе даң ғып кетпе.
Екі қатын алғандар зар илеп жүр,
Төрт қатын аламын деп қаңғып кетпе.
Алысқа кеткен қыздың күрсіні көп,
Сағынышы жүректің дүрсілі боп.
Таң атқанша айтыссақ пайдасы не,
Бұл айтыстың жүлде берер Жүрсіні жоқ, – деп мипаздадым.
Енді біздің жақ шулады. Бұл жерде ар­ғын-найман деп бөліну, ұрандау – ру­шыл­дыққа жатпайды. Бұл да қазаққа ғана тән бір ұлттық құндылық. Сөйтіп, ешбір «жұл­дыз­­сыз-ақ», ешбір «зага­тов­касыз-ақ» көңіл­ді той өтті. Той тойға ұлас­­сын, аға­йын!

Оң өзгерістер бар…

$
0
0

Бүгін Мәжілісте “Көші-қон” Заңы туралы алтыншы отырыс өтті. Оң өзгерістер бар…

parlament
2015/05/14 Қамшыгер 129 Пікір 11 396 Рет
Бүгін Мәжілісте «Халықтың көші-қоны туралы» Заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге арналған алтыншы отырыс өтті. Осыған дейін жалпы жобада тұрақты тіркеуге тұру мен азаматтық алуға, жеңілдіктерден игіліктенуге арналған тамаша баптар бар. Олар бір ауыздан қабылданып та қойды.
Ендігі мәселе – ЕКІ АНЫҚТАМА!
Отырыстың күнтәртібіне сай, біз ұсынған мына ұсыныстар талқыға түсті.
Бірінші: 23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелерiне берiлетiн жеңiлдiктерге байланысты, «Этникалық қазақтар жеке мүлкі болып табылатын ауыл шаруашылық техникаларын кеден салығынсыз алып келуге құқылы»;
Екінші: 32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге виза берудің шарттарына байланысты, «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері білім алу мақсатында көшіп келетін этникалық қазақтарға кезексіз немесе жеңілдетілген тәртіппен виза береді»;
Үшінші: 33-бап, Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге байланысты, «Қазақстан Республикасына білім алу мақсатында келген этникалық қазақтар оқуға түскеннен кейін оқу орындарының жатақханасын қоса алғанда тұрақты тіркеуге тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтініш беруге құқылы»;
Төртінші: Жобаның 49-бабының 2) тармағына байланысты, «этникалық қазақтарды қоспағанда сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған»;
Бесінші: Және де Жобаның 49-бабының 9) тармағына байланысты, «этникалық қазақтарды қоспағанда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы болған».
Обалы не, жұмыс тобының жетекшісі Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағамбетова апайымыздан бастап, Құттықожа Ыдырысов, Гүлмира Исімбаева, Бақытбек Смағұл, Алмас Тұртаев, Меруерт Казбекова, Айқын Қоңыров қатарлы халық қалаулылары аталған ұсыныстардың қажет екенін толық түсінді және қатысты мекемелердің басшылары мен мамандарының уәждерін толық тыңдады.
Өте-мөте оқу мақсатында келетін этникалық қазақ студенттеріне қатысты жеңілдік қарастыру жағына келгенде Білім министрлігінен келген маман Ақерке Абылайханқызы әр жылы мемелекет жағынан шеттен келетін қандастарымызға деп 1400 балаға ЖОО-да оқуға квота бөлінетінін, бірақ сол талапкерлердің тест тапсыратын мезгілге үлгіре алмай қалатынын айтып, бұл тармақтың қажет екенін айқындап берді.
Жасыратыны жоқ, 33-бапқа бапқа келгенде, ІІМ Көші-қон полициясы комитеті Төрағасының орынбасары Ғалия Сәрсенова қарсы шықты.
Оған қарсы Депутат Меруерт Казбекова жауап берді. Қарындасымыз бұл тармақтың да керек екенін жақсылап дәлелдеді.
Ал, 2011 жылғы 22 шілдеден бері қандастарымыздың тұрақты тіркеуге тұруына кедергі боп келе жатқан Қазақстан Республикасының №477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 49-бабындағы 2) және 9) тармақтарына қатысты екі ұсыныс туралы да көп талқы болды. Біз Қайрат Бодаухан екеуміз өз тарапымыздан егер бұл жолы да атышулы ЕКІ АНЫҚТАМА алынып тасталмаса, мына Заңның да құны көк тиын болатынын, Қытай жағының сотты адамды шетелге шығармайтынын қадап айттық.
Бүгін отырысқа заңгер Мақсат Нұрыпбай інімді ерте барғанмын. Мақсат Ілиясұлы ең дамыған алты елдің репотриянттарды қабылдайтын заңын таныстыра келіп, бұл елдердің бірде біреуі келушілердің бұрын соттылығының бар-жоғына қарамайтынын атап өтті...
Жұмыс тобы мүшелерінің аталған бес ұсыныстың да өте маңызды екеніне, оны толығымен қалайда қабылдау керектігіне көздері толық жетті. Келесі аптада өтетін отырысқа дейін қажетті атау-терминдерді дұрыстап жазуға, қатысы мекемелер мен мамандардың одан ары пысықтап жетілдіре түсуіне қалдырды.
Бұл Заң жобасына Үкімет Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, Парламетке талқылауға ұсынғанын білесіздер.
Сондықтан, үміт ақталады, мінсіз Заң қабылданады деп сенеміз!
DSC_0298
Ауыт Мұқибек
"Қамшы" сілтейді
14.05.2015

Қазақ хандығының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы

$
0
0

Қазақ хандығының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы #2

http://massaget.kz/userdata/news/news_28509/image_l.jpg

Қазақ хандығының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы
(Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» кітабынан)

Басы

1680-1715. Әз-Тәуке хан билік құрды.

1681—1684. Сайрам соғысы; Дүрбін-Ойрат Қазақ Ордасын ауыр жеңіліске ұшыратты.

1690 жыл шамасы. Әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жол», Есім ханның «Ескі жол» заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін енгізді. Төрелерді іркіп, ел басқару ісін билерге жүктеді.

1698. Дүрбін-Ойрат Шу, Талас бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шайқалтып кетті.

1710-1411. Ойраттардың жаңа жорығы.

1712. Қазақтардың ойрат шапқыншылығын тоқтату әрекеті.

1713. Абылай хан туды.

1714. Қазақ Ордасының Дүрбін-Ойраттан кезекті ауыр жеңілісі.

1715. Әз-Тәуке хан дүние салды.

1715-1718. Қайып хан билік құрды.

1717 жаз. Қайып хан мен Әбілхайыр сұлтан бастаған қазақ әскері Аягөз ұрысында ойраттардан қирап жеңілді.

1718. Ойраттар қазақ жасақтарын Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойында бет қаратпай жеңіп, бүкіл Оңтүстікті шапқындап кетті.

1718-1729. Болат хан билік құрды.

1723-1725. Ойраттардан түбегейлі жеңіліс, Түркстан, Сауран, Ташкенттен, бүкіл Оңтүстіктітен айырылу, Ақтабан-шұбырынды.

1728. Бұланты ұрысы, ойраттар Сары-Арқадан кері қайырылды.

1730. Аңырақай ұрысы, ойрат шабуылы тойтарылды, қазақтар ес жинай бастады.

1730. Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға бөлінді; ру, жүз ішінде билердің өкімі күшейді.

1731. Кіші жүздің бір бөлігі мен Орта жүздің біраз руларын билеп отырған Әбілқайыр хан Ресей өкіметімен бодандық негізіндегі әскери және саяси қамқорлық туралы келіссөзге жол ашты.

1733. Әбілмәмбет хан бастаған қазақ әскері ойраттарды ауыр жеңіліске ұшыратты; жиырма жасар Абылай сұлтан таққа шықты.

1740, қыркүйек-желтоқсан. Ойраттардың Сары-Арқаға жорығы.

1741, қаңтар-наурыз. Ойраттардың кезекті жорығы қысқа соғысқа ұласып, одан ары жазға жетті.

1741, көктем, жаз. Абылай хан ойрат шабуылын тойтарды, өрісін ұзартып, Жоңғардың ішкі аймақтарына жортуылдар ұйымдастырды.

1752, қазан. Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысындағы бетбұрыс кезең; Абылай хан Аягөз-Нарын ұрысында ойраттардың негізгі күшін талқандады.

1753. Қабанбай, Жанатай, Мүйізді Өтеген, Ер Жәнібек, Бөгенбай батырлар бастаған қазақ қосындарының Жоңғарға қарсы түйдек-түйдек, жеңісті жорықтары.

1754, күз. Абылай хан Дүрбін-Ойратты біржола талқандап, Екі жүз жылдық соғыста түпкілікті жеңіске жетті.

1755, көктем. Абылай ханның Жоңғарды жуасыту жорығы.

1756-1757. Шүршіт-қазақ соғысы.

1756. Абылай хан Қалмақ-Толағай, Аягөз ұрыстарында шүршіт-цин әскерлеріне ауыр соққылар беріп, жазғы майданда тактикалық және стратегиялық үлкен жеңіске жетті.

1757. Цин патшалығының Қазақ Ордасына қарсы жаңа жорығы; ауыр шығынға ұшыраған Абылай хан әскердің негізгі күштерін сақтай отырып, кері шегінді.

1757, 15 мамыр. Абылай ханның сенімді өкілі Әбілпейіз сұлтан мен мәнжу-цин қолбасысы Фу Дэ арасындағы уақытша бітім туралы Айдын-Су мәмлесі.

1757, 7 маусым. Цин патшалығы өкілдері мен Абылай хан арасындағы Аягөз бітімі.

1757, қыркүйек, қазан. Абылай хан Бежінге елшілік аттандырды. Тәуелсіз сыйластық туралы келісім.

1760 ж.-дан соң. Қазақтар бейбіт жолмен ата жұрт Шығыс Түркстанға қайтадан қоныстана бастады.

1765, қазан-қараша. Абылай ханның қырғызға қарсы жеңісті жорығы.

1766-1768. Абылай хан Қоқан хандығына қарсы соғыс ашты, Ташкентті бағындарды.

1770. Абылай хан Қырғыз ұлысын талқандап, қазақ-қырғыз шекарасын айқындады.

1771. Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында торғауыт қалмақтарды біржола тоздырды.

1771. Абылай хан Түркстанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді.

1781, мамырдың басы. Абылай хан дүниеден көшті.

1781 ж.-дан соң. Батыс және Орталық Қазақстанда Ресей ықпалы күшейе түсті, біртұтас Қазақ Ордасы жеке ұлыстарға бөлшектенді. Ресей патшалығы Орталық және Батыс Қазақстанды біржола отарлау ісін жүзеге асыра бастады.

1801. Бөкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы Еділ мен Жайық арасындағы ата жұртты қайтарып алды, бұл өңірде Бөкей Ордасы құрылды.

1801-1822. Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының теліміне түсті.

1822. Ресей патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билк жойылды деп жарияланды.

1835. Абылай ханның шөбересі, болашақ ұлы ғалым Шоқан туды. (1865 ж.өл).

1883-1847. Абылай ханның немересі Кенесары ханның Қазақ Ордасын сақтап қалу жолындағы күресі.

1841. Кенесары үш алаштың ханы ретінде ақ киізге көтерілді.

1845. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай туды. (1904 ж.өл).

1847. Кенесары хан шәйіт болды. Қазақ Ордасы құлады. Қазақ тарихындағы жүз қырық төрт жылға созылған отарлық заман басталды.


Ұялы телефон суға түссе

$
0
0

Астана. 18 мамыр. Baq.kz – Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндайда не істеу керек екенін білесіз бе? Білмесеңіз біздің кеңеске құлақ түріңіз.

Не істеуге болмайды?

1. Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су микросхемаға дейін жетіп, ішіндегі майда элементтерге кері әсерін тигізеді.

2. Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Не істеуге болады?

1. Біріншіден телефондағы қуат көзін алып тастап, сим картаны ұяшығынан шығарып алыңыз. Сим-картаны неғұрлым тез шығарсаңыз, соғұрлым ақпараттың сақталу ықтималдылығы да жоғары болады.

2. Телефонды үрлеп, оны орамалмен құрғатып сүртіп алған жөн.

3. Телефонды бірнеше сағатқа күріші бар тәрелкеге қойыңыз. Күріш телефондағы қалған ылғалды өзіне сіңіріп алады.

4. Телефонды күріші бар тәрелкеден алып, оның бетін құрғақ шүберекпен сүртіп, сим-карта мен батареяны орнына қойыңыз. Сіздің телефоныңыз іске қосылуы керек.

5. Егер сіздің телефоныңыз батпаққа немесе унитазға түсіп кетсе, оны антибактериялды немесе спиртті майлықпен сүртіңіз.

Жігіттердің жыныс аурулары

$
0
0

Ұлт үшін адам русурсы бірінші орында. Белсіздік, ауруды жасыру, дауаланбау, арақкештік сықылды залалды ғадеттерге үйір болу, т.б. мұның жауы. Қазақ жігіттері жыныстық ауруларға айрықша мән берер кезге жеттік.

*********************************************************
Еркектердің жыныс аурулары. Урологпен сұхбат

Сұрақтарға медицина ғылымдарының кандидаты, «Уро-мед» медициналық орталығының уролог-сексопатолог дәрігері Сұлтанбеков Қасымхан Әділханұлы жауап берді.
Youtubeтің репутациясын қалыптастырмаған қолданушыға белгілеген лимитіне байланысты видеосұхбат үшке бөлінді. Видеолар монтаждалдалмады. Қаз-қалпында…

Урологқа төмендегі сұрақтар қойылды:
1. Еркектердің жыныс аурулары дегеніміз не? Бұған қандай ауру түрлері жатады? Бұл ауру түрлері адамда қалай пайда болады? Қандай жолдармен жұғады?
3. Белсіздік пен бедеулік дегендер екі түрлі ұғым ба? Айырмашылығы неде? Осы сөздің қайсысы ер және әйел адамға қатысты қолданады?
4. Еш ауру белгілері байқалмаса да өз денінің саулығы үшін жыныс ауруларының түрлеріне алдын-ала тексерілу қалай жүргізіледі? Жалпы диагностикаға не кіреді?
5. Сосын көп инфекциялар анализ тапсырғанда, неге екені белгісіз, еркектерде көрінбейді, бірақ әйелдерде көрініп тұрады. Бұған не себеп? Әйелдердің иммунитеті төмен болғандықтан ба?
6. Спермограмма деген не нәрсе? Оның қорытындысы аналық жұмыртқа жасушасының ұрықтануына қаншалықты әсер етеді?
7. Кеш үйлену зиян ба? Жыныстық қатынасқа түспей, девственник болып жүрудің денсаулыққа залалы қандай? Тұрақты секске түсу уақыты неше жастан басталады? Сосын ерте жастан бастап жыныстық қатынасқа түсудің денсаулыққа кері әсері бар ма? Аптасына неше рет жыныстық қатынасқа түсу қалыпты болып саналады?

Еркектің жыныс аурулары. Урологпен әңгіме. I

8. Еркек қуатын арттыратын, немесе эрекцияны ұзаққа созатын дәрілердің денсаулыққа әсері қалай? Бұл дәрілер зиянды және зиянды емес болып бөлінеді ме? Олар қалай аталады? Мұндай дәрілерді таңдағанда нені ескеру қажет?
8. Халық емдерін жасап жататындар болады ғой. Мысалы, иппотерапия. Жылқыны салт мініп, емделу. Жылқының үстіне жайдақ мініп жүрсе, еркек қуатын арттырады дейді. Бұл қаншалықты рас? Жылқыға жайдақ мінсе, «массаж простаты» болады дейтіндер де бар? Бұл дұрыс па?
9. Төсекте тез бітіріп қоймай, түрлі амалдар жасап, соза түскісі келетіндер болады? Мұның ер адам денсаулығына зияны қандай? Кейде еркек тез бітірмес үшін амалдайды? Сперманың шығып кетпеуіне қарекет жасайды? Соның денсаулыққа, партнершаға кері әсері бар ма?
10. Минет арқылы инфекция жұғады ма? Оралды секс кезінде еркектің жыныстық мүшесіне инфекция берілуі мүмкін бе? Және керісінше, еркектің жыныстық мүшесінен ауыз қуысы арқылы әйелдің денсаулығына қандай да бір ауру беріледі ме?
11. Аналды секстің еркек пен әйел денсаулығына зияны бар ма?
12. Сұрақ-жауап.кз деген сайт бар. Сұрақ қойылады, сәйкесінше жауап беріледі. Жауап болмауы да мүмкін. Сонда мына бір сұрақ қойылған екен. Көп қаралған сұрақтардың бірі, демек көпшілікті мазаландырған сұрақ. Былай дейді: Ер адамдардың жыныс мүшесінен ірің ақса, ол қандай ауру, оны қалай емдейді? Не істеу керек?

Еркектің жыныс аурулары. Урологпен әңгіме. II

10. Ақылы секс қызметін пайдаланғанда нені есте ұстаған жөн? Яғни, жезөкшеге барғанда неден сақтану қажет? Неге мән беру керек? Презерватив таңдағанда бастысы не? Секс кезінде презерватив жыртылған болса, жыртылғаны белгілі болса, онда сол уақытта не амал жасауға болады?
13. Соңғы үш-төрт жыл ішіндегі статистика ерлердің арасында урологиялық-андрологиялық аурулардың кеңінен таралып отырғанын көрсетті? Бұған не себеп?
14. Тамақтану сапасы да еркек қуаттылығына қаншалықты әсер етеді? Қуаты қайтып қалмас үшін не жеп, не ішу керек?
15. Ер адам алдын-ала тексеруден өту үшін, мысалы осы Уро-медке келетін болса, қалтасында қанша ақшасы болуы керек? Алдын-ала тексерудің құны шамамен неше теңге болады? Тексеру қалай жүргізіледі? Неден басталады? Немен аяқталады? Сіздердің орталықтарыңызда қандай жеңілдіктер қарастырылған? «Еркек денсаулығы» атты кешенді тексерудің ақысы қанша?

Еркектің жыныс аурулары. Урологпен әңгіме. III

Сонымен, бұл видеосұхбатты жасаудағы мақсат не еді? Біріншіден, ер адамдарды ауруын асқындырып алғанша жүре бермей, денсаулығында ешбір сырқат белгілері байқалмаса да, аурудың алдын алу үшін дәрігерге қаралуға шақыру. Екіншіден, уро-андрологиялық ауру түрлерінің барлығында клиникалық белгілер болмайтындықтан, жасырын дамып келе жатқан дерттерді анықтау үшін сәйкес анализдерді тапсыруға тарту. Үшіншіден, ер адамның жұмыстағы, күнделікті жүріп-тұрудағы ширақтығы, еңбек өнімділігі оның сексуалды белсенділігімен тікелей байланысты деген теория — ғылыми ортада қалтқысыз шындық ретінде расталмаса да, түрлі тәжірибелер арқылы дұрыс екендігі айтылып жүр. Ер адамдардың жыныстық қатынасқа жарамай қалуы да олардың еңсесін түсіреді делінеді. Отбасының шырқы бұзылатыны кәдік. Осы себепті де уролог-андролог дәрігерге қаралудың жөн екендігін ұғындыру. Төртіншіден, секс мәдениеті, жыныстық қатынас гигиенасы секілді тақырыптар төңірегінде маманның айтарын көпшілікке жеткізу.

Қазтагта жарияланған мына мәлімдеме ерлер денсаулығына қатысты жағдайдың расында да күрделі екендігін көрсетеді:
Қазақстанда ер адамдардың тек 10 пайызы ғана өз еркімен уролог-дәрігерлерге көрінеді.
Бұл ҚР бас урологы, Жарбосынов атындағы ғылыми урологиялық орталығының бас директоры Мырзакәрім Алшынбаев айтты. ҚазТАГ.
«Ер адамдардың тек 10 пайызы ғана өз еркімен келіп дәрігерлерге көрінеді. Әйелдері қолдарынан жетектеп әкеліп жататын жайттар да жиі кездеседі. Бірде біреуі маған қабылдауға келді де, былай деді: «Мінеки, оның талдамалары, өтінемін, ем жазып беріңізші». Ер адамдардың психологиясын өзгертпейінше, жақсаруымыз екіталай. Әйел адамдар гинекологқа жылына екі рет барады ғой, ұялмайды, және дұрыс жасайды. Ал ер адам урологқа қаралса болды, бәрі бітті – ол әтек. Осы жаман. Дер кезінде дәрігерге көрінгеннен өмір сапасы айтарлықтай жақсарған болар еді. Ер адам қаншалықты сау болса, отбасы да соншалықты бақытты», – деді ол мәслихатында.
Ол былтырорталықта өткен «Ер адам денсаулығы күндері» жобасының аясында 16 қалада 4 мың ер адам және ер балалардың тексерілгенін айтты. Уроандрологиялық патология ер адамдар мен ер балалардың 83,3 пайызынан анықталған.
«Мына сандарға мән беріп қараңыздаршы! Қазақстанда ер адамдардың репродуктив денсаулығын сақтау бойынша мақсатты саясат жоқ. Биыл Шымкентте, Ақтөбеде, Өскеменде, Қарағанды мен Алматыда «Ер адамның денсаулық мектебі» өткізілді, болғаны осы. Оның үстіне екі-үш күн ішінде ғана. Бұл тым аз. Ерлерді сақтау үшін әр жерде ер адам денсаулығы орталықтарын ұйымдастыру керек, және олар жүйелі негізде жұмыс жасаулары қажет», — деді М. Алшынбаев.
Ол соңғы 4 жылда 12 мыңдай әйел адамнан сұралым алынғанын және олардың тең жартысының өз серіктестеріне көңілдері толмайтындығы анықталғанын хабарлады.«Әйелдердің 44 пайызы секспен айына бір рет айналысады. Бұл көршісі іссапарда болғанның өзінде. Міне, сіз күлесіз, ал бұл мүлде күлкілі емес. Бұл – апат», — деп мәлімдеді М. Алшынбаев.

Видеоблогта жарнамалау элементтерін пайдаландым. Қалай болғанын…
Урологтың видеосұхбатқа келісуі — сол медицианалық орталық атауының видеоблогта бірнеше рет айтылу, осы жазбада мекенжайы мен телефон номері жазылу ақысы ретінде есептелді.

«Уро-мед» медициналық орталығының мекенжайы: Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 22а үй («Акбар» аялдамасы) тел: 8(7252)55-06-10

Еділ патша

$
0
0

Еділ патша – әділ патша аттила
Ғұндардың патшасы туралы естелік түрік мифологиясында, ауызша герман эпосында ғасырлар бойы сақталып келген және скандинавия аңыз-дастандарына ауысқан. Ғұндардың королі Аттила туралы халықтардың түсінігі, ең бастысы аңыздар мен хикаяларға негізделеді және Аттиланың тарихи тұлғасымен ортақтығы аз. Тарихи Аттила бізге онша белгілі емес, дегенмен қазіргі кезге сол дәуірдің басқа тарихи персонаждарының көпшілігінен гөрі, ол туралы замандастарының айғақтары көп жетті. Аттила туралы миф құрастыру ежелгі кезде-ақ басталған, орта ғасырларда табыспен жалғасын тапты, бүгінгі күнде де аяқталған жоқ; жаңа заманғы миф шығармашылығы, ғылымилығына таласатындардың азды-көпті негізділігімен гипотезалар түрінде орын алады. Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы көптеген ғылыми және көркем әдебиет авторларының шығармаларында толық айтылады.

Аттила империясы Орал таулары мен Каспий теңізінен бастап Дунайға дейін созылып жатты. Оның оңтүстігінде табиғи шекаралары Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпат болды. Шекарасы Карпатты жиектеді және шамамен оңтүстік еңіс ортасынан бастап Дунайға қарай құлдырайды, ол өз кезегінде, «табиғи шекара» болды.

Аттила есімі түрік тілдерінен шығады (atta/ata — әке, el/il – кеңістік, ел, халық), оның үстіне осы этимология басқа халықтардан алынған және түсінілген болды. Бұдан ғұн есімдерінің түрлі «ұлттық» нұсқалары шығады. Нұсқалардың бірі бойынша Аттила есімі түрік (хазар) атауы Волга-Еділмен байланысты. Аттиланың билігін оның империясының гүлденуімен байланыстырады, оны әділ және құдіретті деп атайды. Аттиланың жеңістері – әскери және қолбасшылық өнер шыңы.

Аттила өлімімен қатар ғұндардың әлемдік мемлекетінің күші сарқылды, өзі негізін қалаған мемлекеті, қалай құрылса, солай тез арада құлдырады, өлеңдер мен аңыздарда осы құдіретті бағындырушы туралы естелік әлі ұзақ сақталады. Аттила – тарихи тұлға, соның арқасында бүкіл әлем ғұндар туралы білді. Еуропада ол көрнекті қолбасшы ретінде белгілі болды. Бұл туралы Аттила бейнеленген алтын және күміс медальдар куәландырады, олар еуропалық мемлекеттерде алты ғасыр бойы соғылды. Қазақстан қоғамында Еділ (Аттила) билеушісінің есімі осылай тарихи қала береді. 2009 жылы Қазақстанның Ұлттық Банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясында «Аттила» естелік күміс монетасын шығарды.

«Скифия даласын мекендейтін тайпалардың әлемдегі жалғыз басшысы, бүкіл ғұндар көсемі. Варварлар арасында таңғажайып даңқымен танымал. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл-қозғалысы аса тектілікті көрсетеді». Иордан, «Гетика»
Аттила (лат. Attila, греч. ττήλας, нем. Etzel – Эцел), түріктің әдебиет көздерінде «Еділ» есімімен белгілі, 434 бастап 453 жылдарға дейін өз билігі астына Рейннен бастап Солтүстік Қара теңіз маңына дейін тайпаларды біріктірген ғұндардың көсемі болған [2].

Ғұндар көсемі туралы естелік түрік мифологиясында, ауызша герман эпосында ғасырлар бойы сақталған және скандинавия сагаларына ауысты. Халықтардың ұлы қоныстануы дәуірінде құрастырылған Германдықтардың ежелгі аңыздарында Аттила ұлы варвар билеушілерінің тізімінде даңқты герман корольдерінің алдында бірінші орында қойылған. Ғұндардың королі Аттила туралы еуропалық халықтардың түсінігі, ең бастысы, аңыздар мен хикаяларға негізделеді және Аттиланың тарихи тұлғасымен ортақтығы аз.

Тарихи Аттила бізге онша белгілі емес, дегенмен қазіргі кезге сол дәуірдің басқа тарихи персонаждарының көпшілігінен гөрі, ол туралы замандастарының айғақтары көп жетті. Аттила туралы миф құрастыру ежелгі кезде-ақ басталған, орта ғасырларда табыспен жалғасып тапты, бүгінгі күнде де аяқталған жоқ; жаңа заманғы миф шығармашылығы, ғылымилығына таласатындардың азды-көпті негізділігімен гипотезалар түрінде орын алады. Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы көптеген ғылыми және көркем әдебиет авторларының шығармаларында толық айтылады [3, 4-б.].

Аттиланың шығу тегі және сипаттамасы, Билікке келуі. Аттиланың туған жылы мен туған жері белгісіз болып қалды. 448 жылы Аттилаға, сәл ақ шалған сақалды адам ретінде сипаттама берген көз көрген Приск Панийский куәлігі негізінде оның жасын да тым жуықтап бағалауға болады. Осы және басқа мәліметтер Аттиланың V ғасырдың бірінші он жылдығында туғанын болжайды (400, 404 немесе 406 жж. нұсқалары аталады). Аттиланың өмір тарихына «Аттила – Бич Божий» кітабын арнаған француз тарихшысы Морис Бувье-Ажан 395 жылды Аттиланың туған жылы деп атайды.

Аттиланың әкесі Мыңзық ғұндардың патша тұқымынан болған. Оның бауырлары Октар мен Руа ғұндардың көсемдері болған. Мыңзық туралы болашақ көсемдер Аттила мен Бледаның әкесі болғаны туралы ештеме белгілі емес.

Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы француздық аттилотанушы М. Бувье-Ажан толық әңгімелейді. Аттиланың балалық шағы оның әкесі мен ағаларының балалық шақтарынан қатты ерекшеленді. Олар нағыз көшпенділер болды және ағаш теремдерде емес, киіз үйлерде немесе асығыс қойылған шатырларда дүниеге келген. Аттылардың көп бөлігі ауыр арбалардың алдында шапқылайды, оларда – олар үнемі тонау есебінен толтырылатын жеткілікті түрде шағын олжалары және тамақ қоры бар әйелдер мен балалар келетін. Жүк тиеген арба қанаттардан және арт жақтан күзетілетін, ал шапшаң салт аттылар алға жылжыған әскер мен жүкті арба арасында арқау өткізетін. Барлығы бірге өзен арқылы қиын өткелдер моментінде жиналатын, бұл үшін ағаш көпірлер мен салдарды жарақтандыру керек болды, ал кейбір жүк арбалар амфибияға айналатын.

Аттила құрдастарымен бірге күресті, қаруды, әсіресе қанжарды игеру өнерін және садақ атуды меңгереді. Ол ат үстінде өте ерте жүре бастайды. Аттиланың сырт келбетін оның замандастары сипаттайды. Аттиланың басы ерекше үлкен болған, иегі сүйір келген, жақ сүйекті шығыңқы, мұрны үлкен және ұзын, ұшы жабысыңқы келген, шашы сарыға боялған қоңырқай болуы мүмкін. Оның бойы шағын болған, замандастарының куәландыруы бойынша – бір метр алпыс санитиметрден аспаған болуы керек. Жақтарын сирек өскіндер жауып тұрған, олар иегіне қарай қалың, бірақ жіңішке сына болып созылған сақалға айналатын. Көздері қара, терең орналасқан, жанары өткір. Аттила қорқыныш ұялатқысы келетін, онымен сөйлескендердің көпшілігі ашудан қисайған, ызаға толы немесе суық маскамен қатып қалған бейнесін еске сақтаған. Оның беті арық болған, бірақ жеткілікті түрде үйлесімді келбеті оның өткір ойлылығы туралы айтатын.

Аттила патша баласы болғандықтан жас кезінде көп білім алған, бірнеше жыл Рим қаласында оқыған. Ғұн мен Рим империялары арасындағы достық қатынас яғни герман тайпаларына қарсы одақтастық Аттила туылмастан бұрын басталған еді. Римді Ғұн әскері вестготтардан әлденеше рет құтқарған себепті Рим басшылары Паннония (қазіргі Венгрия) провинциясын Ғұн ордасына 420 ж. сыйлыққа берген болатын. Мыңзық 401 жылы ұлы Аттила алты жасқа толғанда қайтыс болады.

Аттила ұзақ уақыт Рим сарайы жанында өмір сүрді және биліктердің жарлықтары мен бұйрықтарын құжат түріне келтіруге және оның орындалуын бақылауға қабілетті дамыған әкімшілік барын көреді. Ол басқарудың барлық күрделі, әрі жинақы механизмін көшіруге ниеттенген жоқ, бұл оған тым ауыр және тәкаппарлық болып көрінді, бірақ ол әкімшілік жұмыстың және саяси ақпараттың пайдасын түсінді. Аттила замандастары айтқандай, өркениетті мақсатты түрде талқандайтын ойсыз шапқыншы емес еді. Оның саяси басқару және қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру саласында табыстары әскери жеңістерден кем әсер қалдырмайды.

Жас та болса Аттила Ғұн ордасының бір көл әскерін басқарды. 425 ж. оның әскері Батыс Рим қолбасшысы Ағцийге (Эций) вестготтарды талқандауға көмектесті. Сол жылдарда талантты қолбасшы ретінде Аттила жаңа көріне бастады. 434 ж. Ғұн империясының аты шулы королі Руғила өлгенде мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттила қолына тиді. Руғиланың өз балаларынан мемлекет басқаратындары болмаған себепті ол барлық үмітті Аттиладан күткен еді. Аттила оның інісі Мыңзықтың баласы болса, Бледа Ақтар деген інісінің баласы еді.

Замандастарының куәландыруы бойынша Аттила грек және латын тілін білген, оның үстіне грек тілін жақсы меңгерген. Бұл оған екі империямен де барлық келіссөздерде ағасының табиғи делдалы болуға мүмкіндік берді. Оның үстіне оның жеке байланыстары да болды.

Аттиланың әйелдері көп болған, кейбіреулер оның әйелдері мен күңдерінің санын 300 дейін болғанын атайды. Бірақ дәл деректер жоқ, оның көп әйелінің есімдері белгілі. Аттила, мұрагер ханзада болған кезде 413 жылдың кезінде Роас пен оның отбасы шеңберіне енбейтін тайпа көсемінің қызына үйленген. Оның есімі Энга болуы мүмкін. Оның мұрагер ханшайым мәртебесі болуы керек, ол Эллак есімді ұл туады, оны Аттила әрқашан басқаларынан артық жақсы көрді. Бірақ ол қайтыс болады. 421 жылдың айналасында Аттила ғұн князьдың қызына, мүмкін өзінің немере қарындасына және ірі тайпа одағының «егеменді көсемінің» қызына үйленеді. Оның аты Керка болған. 434 жылдың соңында ол ғұндардың королі болған соң, оны королева етеді, 435 жылдан бастап, оны император етіп жариялағаннан кейін Керка «королева-императрица» болады. Керка Аттиланың барлық әйелдерінің ішінде өзінің саяси қызметіне араластырған жалғыз әйелі болды. Ол Аттила болмаған кезде де елшілерді қабылдағаны және олармен келіссөз жүргізгені белгілі. Керка екі ұл және бірнеше қыз туған. Ұлдары «билеушілер» титулын алған, бұл оларға мемлекеттік істерге араластыратын король мұрагері, ханзада мәртебесін берді [3, 23-26-б.].

434 жылы Бледа мен Аттила ғұндардың көсемдері болады. Бледа бауырлардың ішінде үлкен болуы керек, алайда Бледа өзін ешқалай көрсетпеді, сол кезде әдебиет көздерінде әрқашан Аттила ықпалды көсем ретінде ескеріледі, онымен империялар келіссөз жүргізуге мәжбүр болған. Хроникаларда Аттила мен Бледа есімдері олардың бірлесіп басқарған кезеңдерінде әдетте бірге ескерілген. Бауырлардың билікті қалай бөліскені туралы куәліктер сақталмаған, Аттила батыста соғысқан кезде Бледа мүмкін ғұн иеліктерінің шығысында билеген болар.

Аттила өзін ресми түрде 435 жылдың басында ғана император ретінде жариялады. Ол король-император немесе «император, ғұн королі» деп аталды. Бірақ өз бетінше басқара бастағаннан бастап шетел серіктестері оны Империя билеушісі деп атады. Аттила империя шекараларын өзі анықтады, оны билікке келген моментте шындығында өзінікі деп санады. Бұл оның бұрынғы көш-қоны мен жорықтары нәтижесінде құрылған оның негізгі империясы болды. Ғұндардың қоныстануы немесе сол арқылы ғұн қоныс аударушыларының жолы салынуы үшін өз жері ретінде мойындау жеткілікті болды. Империя шектерін осының нәтижесінде кеңейтуге болар еді, бірақ әзірше бұл оның жері болды, ол өзінің рұқсатысыз және келісімісіз әлдекімнің осында келгенін және осында оның заңдарынан тыс өмір сүргенін қаламады. Аттила өзіне тек империяда тәртіпті сақтау және оны қорғау құқығын ғана қалдырды.

Аттила империясы Орал таулары мен Каспий теңізінен бастап Дунайға дейін созылып жатты. Оның оңтүстігінде табиғи шекаралары Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпат болды. Шекарасы Карпатты жиектеді және шамамен оңтүстік еңіс ортасынан бастап Дунайға қарай құлдырайды, ол өз кезегінде, «табиғи шекара» болды. Осылайша жаңа заманғы Венгрия аймағын Аттила оның империясының бөлінбес бөлігі ретінде қарастырды, алайда Румыния оның шектеріне енген жоқ. Солтүстікте табиғи шекаралар болған жоқ. Сондықтан ол шекараны Орал тауларынан бастап (шамамен батыс баурайының соңғы ширегінен бастап) Еділдің жоғарғы жағына дейін (Рыбинск су қоймасынан бастап оңтүстікке қарай) және басқа тік сызық бойынша – Дунайдың солтүстік жағалауынан бастап Виндобонаға (Вена) дейін салуды шешті.

Аттила Шығыста тәртіпті қалпына келтіргеннен кейін жауласқан солтүстік халықтарына қарсы бірнеше жорыққа шықты. Римнің қос империясында да ғұн жігіттері ержүректілігіне қарай басқа жауынгерлерден жоғары бағаланды. Римдіктер тұтқынға түскен ғұнды ойланбастан әскер қатарына алған. Ал готтардың тұтқынға түскен адамдары құлдықта ұсталған. Осыған қарап ғұн жауынгерлерінің империя үшін аса қажетті әскер санатын толықтыратын теңдессіз адамдар болғанын білуге болады. Мысалы, тұтқынға түскен Хелхал атты ғұн жігіті Рим әскерінің қолбасшысына дейін көтерілген еді.

Римдіктер Едиконмен бірге Ғұн ордасына өз елшілерін жіберді. Олардың арасында белгілі тарихшы-жазушы Приск бар еді. Оның кітабы ғұндар мен Аттила туралы аса құнды естелік, алайда біздің заманға толық жетпей қалды. Соның бізге жетпей қалған кейбір мәліметтерін одан бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иорданның кітабынан көруге болады. Жалпы Приск гұндар мен Аттила туралы ыстық ықыласпен шынайы мәліметтер жазған тарихшы. Германдардың біраз бөлігі Аттиланың қол астында болғанымен әлі біразы ғұндармен тіл табыса алмады. Бургундия корольдігін 437 ж. Атилла талқандаған соң, бағынбай кеткен жауынгерлері вестготтардың санына қосылды. Рим басшылары, Аттила қол астына кіріп үлгермеген германдықтар, Испанияны билеп тұрған вестготтар, Галлиядағы франктер, тюринг тайпасы, т.б. Аттилаға қарсы жасырын одақ құра бастады.

Бледа Аттиланың Визхантияға бірінші және екінші жорықтары арасында қайтыс болады. Рим тарихшылары 445 жылғы бауыры Бледаның өліміне Аттиланы кінәлі деп санады: «Аттила, ғұндар патшасы, өзінің ағасы Бледаны және патшалық бойынша жақтасын өлтірді және оның халқын өзіне бағынуға мәжбүрледі» [1]. Алайда Бувье-Ажанның пікірі бойынша, өлтіру туралы болжамның астарында негіздеме жоқ. Ол былай жазады: «Әбден біткен меңіреу Бледа ағасын ештемеден қыспады, ол ешқашан қанша ниеттенгенмен, сәтті қастандықты ұйымдастыра алмаған болар еді; Бледаға оның сауық-сайран өмірі әбден ұнайтын, оған қосалқы тапсырмаларды сеніп тапсырған кезде, ол ешбір қуанышты сезінген жоқ; оның пайдасы да, зияны болған жоқ. Аттила ағасын қызметке араласпағандықтан да қыспаққа алған жоқ» [3, 26-б].

Батыс зерттеушілері Аттиланы қанша жек көрсе де, оның керемет шешен, айлакер саясатшы, мәмілегер дипломат, ұлы қолбасшы, дарынды ел басшысы екенін мойындайды. Аттила өз еркімен қақпасын ашқан қаланы қиратуға жол бермей, тек салық алумен шектелген. Ал қарсылық көрсетіп, ғұн сарбаздарының қаны көп төгілген қалалар сөз жоқ талқандалды. Аттиланың бұл әрекетін біз кейінірек ұлы қаған Шыңғысханнан да көреміз. Аттила алдап-арбау, озбырлық, уәдені орындамау, қастандық деген нәрселерге көз жұмып қарамайтын. Сондықтан да көптеген басқа тайпаның басшылары «Римнің сыйлы азаматы болғанша, Ғұн билеушісінің қызметкері болуды» артық санаған. Көптеген Еуропа корольдері Аттила сарайына өз балаларын жіберіп, оның ел басқару өнерін үйренуді насихаттаған.

Аттиланың сыртқы келбетін жан-жақты суреттеген тарихшы Иордан былайша сипаттайды: «Ол халықтарды тітірентіп, елдердің барлығына үрей үймелетіп, барлық жерде өзі туралы өте кең ұғым таратқан еңіреген ер еді. Оның қадамдары паң, қарағанда жанары ұшқындап, дене қозғалыстарының өзімен аспандаған өз қуатын айғақтап тұратын. Соғысты сүйетін ол тіршілікте қайырымды, бір рет сенгенге мейірбан болатын. Сырттай қарағанда тапал, кең кеуделі, кішкентай көзі сығырайған, бурыл тарта бастаған сирек сақал, тәмпіш мұрын, терісінің түрі адам жиіркенгендей ол өз тегінің бар белгілерін паш еткендей» [1]. Өкінішке орай, біздің дәуірімізге дейін Аттиланың бірде-бір тірі кезіндегі портреті жетпеген.

V ғасырдың 40-50 жылдары Аттила басқарған ғұндар империясы көптеген герман тайпаларының көсемдері көмекке жүгінетіндей күш алды. 448 жылы Атилланың қабылдауында болған елші Прийск Панийский «Византия тарихы» еңбегінде былай деп жазады: «Ол бүкіл халықтарды сілкіндіру үшін жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді».

Ол V ғасырдың 30-40 жылдары Аттила империясының қуатты болғаны соншалық, басқа халықтар мен мемлекеттер ғұндар империясымен санасуға мәжбүр болғанын ашық мойындайды.

Прискінің Аттиланы кескіндеуі қызық-ақ: «Сыртқы тұрқы аласа, кең кеуделі, домалақ басты, сығыр көзді, сирек мұртты, шашына ақ кіре бастаған жалпақ танау, терісінің түсі сұрықсыз. Ол сонысымен өз жаратылысының барлық белгілерін танытады» [8. 595-596 б.б].

Ғұндар империя аумақтарындағы соғыстарын жалғастыра берді. Қазір анықталмай отырған Дунай өткелдерінің бірінен империя территориясына басып кірген олар өзеннің оңтүстік жағалауында орналасқан қалалар мен бекіністерді тонайды. Виминаций қаласының алынуы ғұндардың бұл компаниядағы бірінші ірі жеңісі еді. Қаланы басып алған ғұндар оны жермен-жексен етті. Бұл қайғылы оқиға шекаралық қалалар үшін үлкен қасірет болып, олардың қобалжуларына алып келді.

Көптеген зерттеушілер Присктің Аттила туралы жазбаларын жоғары бағалайды. Мысалы, З.В. Удальцова, ерте византиялық жазушылардың бірде-бірі ғұндар королі Аттиланың натурасынан айқын көшірілген өмірдегі шыншыл портретін Приск сияқты қалдырған жоқ екенін айтады. Аттиланың артық күй талғамайтын қарапайым қасиеті жайлы рим елшісі Приск сүйсіне айтады. Қолбасшының Рим елшілігін қабылдауын ол былайша суреттейді: «Барлық жабайылар мен біз үшін күміс табаққа салынған сан түрлі дәм қойылды, ал Аттилаға ағаш табаққа салынған ет қана тартылды. Ол өзінің қарапайымдылығын сақтай отырып, алтын, күміс ыдыстармен меймандарды сыйлады, өзі ағаш ыдысты ұстады. Киімі де өзгелерден айырмашылықсыз, тек мұнтаздай таза. Беліне байлаған семсері де, жабайы аяқ киімнің баулары да атының ер-тұрмандары да басқа скифтердікіндей (ғұндардікіндей) алтынмен, қымбат тастармен көмкерілмеген…» [4].

«Рим мен Константинополь Аттиланың билігін алу үшін өзара бәсекеге түсті және оған бай сыйлықтармен елшілер жіберді. Константинополь үкіметі және равендік аула ғұндардың жер қайысқан қолын басқа тағы тайпаларға қарсы қалқан ретінде пайдалануға тырысты», – деп жазады өз заманында ірі зерттеуші З.В. Удальцова.

Аттила әскері және соғыстары. Ғұн тайпалары Азиядан Еуропаға көшеді. Б.д.д. І ғ. солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қазақстан аумағына енеді. Таяу арада олар Еділ, Жайық және Арал теңізі арасында болып шығады. Ғұндар пайда болғанға дейін мұнда қаңғар тайпалары мен аландар және т.б. өмір сүрген. Үш ғасыр ішінде олар бәрі көшіп-қонған, ұлы державалар – Иран мен Рим империясымен саяси қатынастарға түскен. Ұлы көш-қоны дәуірінде ғұндар Еуропаға жылжыған, онда батыс әдебиет көздерінде ғұндар деп аталған.

Ғұндардың тарихы мен мәдениетін қарастырған кезде ғалымдар алдында еуропа ғұндардың шыққан тегі және олардың орталық Азия ғұндарымен байланысы туралы сұрақтар туады. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырды.

Әрбір ғұн тағайындалуы бойынша, қолөнермен, кен кәсібімен немесе ауылшаруашылығымен айналысқанына қарамастан жауынгер болды. Отырықшы ғұн қаруын дайын ұстады, ал көшпенді оны ешқашан тастаған жоқ. Бірінші дабыл сигналы бойынша ғұндар бәрін тастап, әйелдері мен балаларын және қарттарды өздерімен күймелі арбаларға салып алып кеткен, соңында ол мүмкіндігінше сенімді бекініс қорғанышы астында қалдыруға тырысты.

Бұл бүкіл әлемді қалшылдатқан соғыстар болды. Кең мақталы халаттардың үстінен ұлттық қаруланған, теріден және аттың қылынан жасалған дөрекі күртешесі, ауыр дулығалары немесе бастарында үлкен тері құлақшындары бар, биік, тар ертоқымда отырған ғұндар мен басқа түрік тайпалары еуропалықтарға қорқынышты болып көрінді. Олар әрбір еуропалықтың үреймен қатар таң қалу сезімін тудыратын. Әрқашан мұздай қаруланған, соғыстан тозған көйлектері бар олар фантастикалық адамдар болып көрінетін. Христиан тарихшысы Аммиан Марцеллин оларды былай сипаттайды: «Они кочуют как скитальцы на своих телегах; эти телеги - их жилища, там сидят их жены... Ткут грубую одежду и держат подле себя детей... Они способны выносить всяческие неудобства и лишения, так как вовсе не употребляют огня и не умеют готовить хорошую пищу. Хунны как будто приросли к своим некрасивым, но крепким коням и делают свои обыкновенные дела, не слезая с них, сидя верхом, покупают и продают, на общественных собраниях тоже не слезают с лошадей. Они ловки, и лошади у них быстры. В сражениях они с криком бросаются на врага, построившись клиньями» [5, 157-158-б.].

Ғұндар Тәңірі аспанының Ұлы рухына табынған. Олар бес бейнеге енген бес қатерді мойындады және құдайсыздандырды. Бұл жер, металл, ауа, от және су. Олардың нақты нәрселері бес түс болды: сары, көк, қызыл, ақ және қара. Жауынгерлікті даңқты сақтауға тіпті үмітсіз жағдайдың өзінде, дін көмектесті, тәңірлік ұрыста өлімнен қорықпауға үйретті.

375 жылы (бз.д. IV ғ.) сол кезде Батыс Қазақстан даласы мен Еділ жағалауына көшіп-қонып жүрген ғұндар Донға ауысты, осы жерді билеген готтарды талқандады, бұдан кейін Доннан бастап Карпатқа дейін үлкен аумақты алды. Сосын олар Дунай жағалауларына жылжыды және қазіргі Венгрия аумағына тұрақтады. Ғұндарда жеткілікті түрде дамыған материалдық мәдениеті және қабырға бұзатын техникаға дейін әскери іс машықтары болды, олар жақсы қаруланған қарсыластарын талқандауға, оның бекінген қалаларын алуға мүмкіндік берді [6, 68-б.].

Біртіндеп ғұндар одан әрі батысқа енді, Шығыс Рим империясының шектеріне де жиі басып кірді. Олар Константинополь қабырғасына жақындады, Казказ маңы мен Месопотамияға шабуыл жасады (б.д. V ғ. бірінші үштігі), бай римдік және Дунай маңы провинцияларын басып алды. Шығыс Рим императоры Руғилаға жыл сайын 350 фунт алтын төлеуге міндеттеме алды.

434 ж. кәрі король Рона (Руғила) қайтыс болады. Римдіктер достық қатынастарды және келісімдерді бұзып, Ғұн империясынан қашқандарды паналатқан еді. Сол жылы Аттила сақадай сай көп әскермен дайын отырып Константинопольдегі Шығыс Рим императорына хат жіберді. Ол өктем түрде «қашқындарды тез арада қайтып бер, салықты уақытымен төле және алдағы салықтың мәселесін шешуге елшілеріңді жібер» — деді. Римдіктер бұл талапты орындамаған соң, ол көп әскермен баса көктеп кіріп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. Артын ойлайтын аса айлакер саясатшы Аттила Константинопольге жақындап келсе де қалаға кірмеген. Мәселені келіссөз арқылы шешіп, тиісті салығын алып кейін қайтты.

Аттила мен Бледаның византия провинциясы Иллирикке (жаңаша Сербия) алғашқы жорығы 441- 447 жылдары болды. Дунайда қалалардағы штурм және басып алуды тарихшы Приск көшпенді ғұндар өздеріне бағынышты халықтың құрылыс машықтарын пайдалана отырып, бекінген қалаларды қоршап алғанын жеткілікті түрде толық сипаттайды:

«Тұрғындар шайқасқа шығуға батылы бармағандықтан ғұндар, өз әскерлерінің келесі жаққа өтуін жеңілдету үшін қаладан төмен оңтүстік жағынан Нишаву өзені арқылы ағысы бойынша көпір салды және өздерінің машиналарын қаланы қоршаған қабырғаларға таяу әкелді. Алдымен олар ағаш платформаларды доңғалақтармен алып келді. Оларда әскерлер тұрды, олар бастиондарда қорғаушыларды атты. Платформалардың артында, «садақшылар» экран арқылы дәл ата алатындай, доңғалақтарды өз аяқтарымен итеретін және машиналарды керек жерге жылжытатын адамдар тұратын. Платформада жауынгерлер қауіпсіз шайқасуы үшін олар атқыш снарядтар мен өртегіш найзалардан қорғау үшін үстінен тасталған терілермен бірге өрілген қалың талдан жасалған экрандармен жабылған. Көптеген машиналар қабырғаға жақындатылған кезде қорғаушылар атқыш снарядтардың нөсерінен бастиондарды тастап кетті. Қорғаушылар қабырғалардан үлкен қой тастарды тастады. Машиналардың кейбіреулері қызметшісімен бірге жаншылды, бірақ қорғаушылар олардың көп санына қарсы тұра алмады. Варварлар тарандардың соққысымен тесілген қабырғаның бір бөлігі арқылы, сонымен қатар құрама сатылардың көмегімен өтіп кетті» [4].

Римдіктер Едиконмен бірге Ғұн ордасына өз елшілерін жіберді. Олардың арасында белгілі тарихшы-жазушы Приск бар еді. Оның кітабы ғұндар мен Аттила туралы аса құнды естелік, алайда біздің заманға толық жетпей қалды. Соның бізге жетпей қалған кейбір мәліметтерін одан бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иорданның кітабынан көруге болады.

Жалпы Приск гұндар мен Аттила туралы ыстық ықыласпен шынайы мәліметтер жазған тарихшы. 448-449 ж. Рим басшыларының елшілері арқылы Аттилаға жасаған қылмыстары ашылып қалды. Аттила сонда Римнің екі империясымен де достық қатынаста тұруға болмайтынын түсінді. Ал герман тайпалары ше? Германдардың біраз бөлігі Аттиланың қол астында болғанымен әлі біразы ғұндармен тіл табыса алмады. Бургундия корольдігін 437 ж. Атилла талқандаған соң, бағынбай кеткен жауынгерлері вестготтардың санына қосылды. Рим басшылары, Аттила қол астына кіріп үлгермеген германдықтар, Испанияны билеп тұрған вестготтар, Галлиядағы франктер, тюринг тайпасы, т.б. Аттилаға қарсы жасырын одақ құра бастады.

Басында Аттила Шығыс Рим Империясына ерекше қатер болып төнді. Өзінің талаптарын ұдайы арттыра отырып, ол император ІІ Феодосияны орасан алым-салық төлеуге мәжбүр етті және төменгі Дунайдың барлық оң жақ жағалауын өзінің билігіне бағындырды. Бұл туралы тарихшылар былай әңгімелейді. Аттила әскері Шығыс Рим Империясының астанасы – Константинополь алдына тоқтады. Рим императоры ІІ Феодосия Аттилаға бейбітшілік шартын жасасу үшін елшілер жібереді. Аттила одан алым-салықты алтынмен төлеуді талап етті [7, 36-б.]. Византияның ғұндармен бейбітшілік шарты Присктің сақталған үзіндісінде толық мазмұндалған: «Ғұндарға қашқындарды және алты мың литр алтынды [2 тоннаға жуық] беру, өткен уақыт үшін жалақы ретінде; жыл сайын екі мың бір жүз литр алтынмен белгілі бір алым-салық төлеу; қашқан (ғұндардан) және өз жеріне төлемсіз өтіп кеткен әрбір Рим әскери тұтқыны үшін жиырма алтын монета төлеу; егер оны қабылдаушылар осы бағаны төлемейтін болса, онда ғұндарға қашқынды беруге міндетті. Римдіктерге өздеріне қашып келген ешқандай варварды қабылдауы керек» [2].

Византия ауыр алым-салық төлеп шықты, 448 жылы Аттиланың жеңілген империяға келесі талаптары ғана қалды – ғұн жерінен қашқындарды беру және өздері басып алған Дунайдан Наиссқа және Сердикиге (қазіргі София) дейін созылған аумақтарда ауылшаруашылық қызметін тоқтату. Сол кезде Шығыс Рим императоры Теодор өледі, оның орнына жаңа император Марсиан отырады. Ол империяны германдықтардан, ғұндар мен Аттиладан қорғау үшін көптеген шаралар қолданды. Империяның басқа проблемалары мен өз жоспарларын ысырып тастап күшті Батысқа жібереді.

Сол кездері Батыс Риммен дипломатиялық қатынастарды жалғастырған ғұн ордасының елшісі Есіл болса, ал Шығыс Римге, яғни Константинопольмен елшілік қатынастарға Едіге барып жүрді. Едіге — Аттиланың туысқаны әрі ұстазы, белгілі қолбасшы, ғұн ордасындағы министрлердің бірі. Жыл өткен сайын ғұн империясы әбден күшейді. Оған керісінше Римнің екі империясы да күннен күнге нашарлай берді. Бұл кездегі екі Рим империясының басшыларының үміті — герман тайпаларын, яғни империяның талай жерін (Африканы, Испанияны, Галлияны қазіргі Франция) басып алған жауынгер корольдіктерді ғұндарға қарсы қойып, варварларды бір-бірімен қырқыстырып, жан сақтау еді.

448 жылы Аттила үлкен ұлы Эллактың Қара теңіз маңында акацирлер тайпасының көсемі етіп қояды. 449 жылы византийлық елші Анатолий мен Номға Аттиладан империяға Дунай маңындағы жерлерді қайтару және қашқындарды ғұндардан алып беру арқылы мәселені реттеу уәдесін алу мүмкіндігі болды. Присктің айтуынша «Аттиламен келіспеушілік тоқтатылды».

450 жылдың шілдесінде аттан құлап, император Феодосий қайтыс болады. 25 тамызда императордың қарындасы Пульхерия Византия тағына жаңа императорды, қол басшы Маркианды қояды, ол ғұндарға бұрынғы алым-салықты төлеуден бас тартады: «Шығыс императоры, Феодосийге тағайындалған алым-салықты төлеуге міндетті емес екенін хабарлады; егер Аттила тыныш қалатын болса, онда ол оған сыйлықтар жібереді, егер соғыс қатер төндіретін болса, онда ол оның күшінен қалыспайтын күшін алып шығады» [3, 68-б.].

Мизияны, Фракияны, Иллирикті тонап, ол өзінің шапқыншылығын Константинополь төңірегіне дейін созды, императорды көп сомасын өтеу беруге және ғұндарға оңтүстіктен Дунайға дейін барлық елін беруге мәжбүрледі.

Сосын Аттила өзінің жанарын, Батыс Рим империясынан алым-салық алу ойымен батысқа тікті. Ол Паннониядан жорыққа шықты, онда оның 451 жылы ірі ұтысы тұрды. Басып кіру нысаны ретінде ғұн патшасы Галлияны таңдады. Ол Рейннен өтті, көптеген Галлия қалаларын талқандады және тонады да, Луарда Орлеанға жақындады, бірақ оны ала алмады. Сосын Аттила әскерлерінің жолында Труа қаласы шыққан кезде тек жергілікті епископтың, қасиетті Луптың араға түсуі ғана оны талқандалудан құтқарды [5].

Осы оқиғаларды тарихшылар анағұрлым толық сипаттайды. Атилла вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке қарай асықты. Жол бойындағы көп қалаларға көңіл бөлмей Ремстен Орлеанға сапар шеккенде Шальн-Марле, Троя, Санс сияқты үлкен қалаларға тіпті қол тигізбеген. Ол өз мақсатын жақсы білгендігі соншалық, барлық нәрседен бұрыннан хабардар болса керек. Өз әскерін азық-түлікпен және басқа керек-жарақпен ұқыпты қамтамасыз етіп отырған. Орлеан стратегиялық аса қажетті қала болатын. Халқы мен әскері бес аптадан артық қорғана алмады, қақпасын ғұндарға өздері ашып берді. Осы кезде Галлияны билеуге Рим императоры жіберген белгілі қолбасшы Аэций келе сала көп шаралар қолданып жатыр еді. Мұның ақыры әйгілі Каталуния шайқасына жалғасты. Римнің белгілі қолбасшысы Аэций вестгот, алан, франк корольдерімен тіл табысып, Аттилаға қарсы көп әскер шығарды. Бұл шайқас бұрын сонды болмаған үлкен қырғын еді. Шайқастан соң майданда 165 мың жауынгердің өліктері қалды. Оның үстіне франк пен гепидтердің 15 мың жауынгер қаза болды. Рим жағында соғысқан вестготтар бұл шайқаста шешуші рөл атқарды, алайда оларға аса қымбатқа түсті. Олардың королі Теодор шайқас кезінде қаза тапты. Шайқас кезінде Аттиланың басына да көп қауіп төнді… Бұл шайқасты көзбен керіп, басы-қасында болған грек тарихшысы Прискінің жазбалары бізге жеткен жоқ алайда бір ғасыр кейін өмір, сүрген вестгот жазушысы Иордан жазбалары осы оқиға туралы негізгі дерек болып қалған.

Бір қатар авторлар осы оқиғаны келесі нұсқада мәлімдейді. Ғұндар Орлеанға дейін жетті де, Каталун жазықтығына бет қойды, Аттилаға қарсы келе жатқан Рим армиясы күтті. Осы уақытта Аттила әскерінде 100 мың түрік және 100 мың түрлі тайпалы жауынгерлер есептелді. Рим императоры барлық христиан әлемінен жауынгерлерді асығыс жинады. Рим туының астына Христ үшін және Рим даңқы үшін өлімге бас тіккен 200 мыңнан астам әскер жиналды. Каталун жазығында екі үлкен армия кездесіп, бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрды. Аттилаға қарсы Рим қолбасшысы Аесиус (Аэций) қарсы шықты. Ол әдемі, күшті еркек болған, атқа салт жүрген, садақтан оқ атқан, найза лақтырған кезде теңдесі жоқ болған. Ол ғұндарда екі рет болған: тұтқын ретінде және қуғындалушы ретінде. Герман және түрік тілінде еркін сөйлеген, осымен легионерлерді өзіне қаратқан. Аттила мен Аесиус (Аэций) бала кезден жақсы таныс болған, ал Каталун жазығында қарсыластар ретінде кездесті. Мұнда екі үлкен армия өліспей беріспейтін айқаста қауышты. Осынша жауынгерлердің бір жерде жиналғаны тарихтың есінде жоқ. Ұрыс басталды. Екі жақ та көп шығынға ұшырады, бірақ жеңу құштарлығы басылмады. Сұмдық кескілесу тәуліктер бойы жалғасты. Аесиус арынын ғұндардың одақтастары емес, солардың батырлары басты, олардың көбісі ұрыс даласында қаза тапты. Екінші күннің кешіне қарай Рим легионерлері шегінді. Бүкіл әлемнің түріктер жеңілмейтініне көздері жетті [8].

Аттиланың күші осы ұрыста әлсірегені соншалық, ол одан әрі бармай, Рейн сыртына, Германияға қайтып оралды.

452 жылы Аттила жаңа шабуылға шықты, ешкім қоршамаған шығыс Альпі арқылы Италияға өтеді, Аквилеяны талқандайды, Альтинум, Падуяны, Миланды және басқада көптеген қалаларды алады.

Атилла Дунай бойындағы ғұндар астанасы Этзелбургке (сол кездегі герман тілдерінде осылай аталады, біздіңше Еділқала) үлкен салтанатпен келді. Себебі оның жеңімпаз әскері соңғы жылдары қаншама жеңіске жеткен еді. Аттиланың кеңесшілерінің бәрі келесі жорықты Шығыс Римге жасау керек деп ұсыныс жасады. Әсіресе, оның үлкен баласы Эллак осынау жорықтың аса қажеттігін қызу қолдады. Эллак Еділ-Жайық пен Днестрге дейінгі территорияның билеушісі аса талантты қолбасшы болатын. Аттиланың Галлия мен Италия жорықтарына ол шешуші рөл атқарған еді. Ол өткір және аңғарғыш болғандықтан өз адамдарына [жауынгерлеріне] келесі ойды айтты: «Мына құстарға қараңдар, – деді ол, – болашақты болжап, олар өлім қатері төніп тұрған қаланы тастап барады; олар қалайтын бекіністен қашып барады, себебі оларға қауіп төніп тұр. Бұл тегін белгі емес, оны теріс санауға болмайды; оқиғаны алдын ала сезіну, қорқыныш алдында олар өздерінің әдеттерін өзгертеді». Одан әрі не болады? осы арқылы ол Аквилеяны жеңуге өз адамдарының [жауынгерлерінің] рухына дем берді. Қоршалған машиналарды қатарлап және неше түрлі атқыш қаруларды қолданып, олар бірден қалаға басып кіреді, тонайды, олжаны қаланың ізін де қалдырмастан бөледі» [5, 173-174-б.].

Аттила Рим қақпасына жақындайды. Астана, халық, сенат және папа – бәрі дүрлігуде болды. Берілуден басқа шешім қалмады. Сонда Аттилаға Римнің дін басыларын және император Валентинианның елшілігін ертіп, апостолдық сардардың киімін киген Рим папа шығып, барлық христиандықтар атынан Рим империясының жинақталған мәдени құндылықтары: тамаша сәулет ескерткіштері, ежелгі заманнан бері жиналған баға жетпес кітаптары, қол жазбалары бар кітап қоймасы тұрған қалаға тиіспеуін сұрады. Осы құндылықтарды жою әлемдік мәдениетке тиген соққы болары айқын болды. Аттила өзінің қарсыласының өтінішін тыңдады да, қалаға тиіспеуге шешті. Ол тек контрибуцияны алды. Папа I Лев, император атынан үлкен ақша сомасымен Аттиладан бейбітшілікті сатып алды, ол, оның әскерінде дамыған өлім-жітім және әр түрлі жағдайы бойынша соңғысына өте қажет еді [9].

Рим папа хатшысы Проспер өзінің хроникасында, папа Лев атақты римдіктерді ертіп, ғұн көсемімен кездесті және оны Дунайдың ар жағына кетуге көндірді деп жазды. Алайда басқа дереккөздер Аттиланың кетуін басқаша жариялайды: «Олар аспаннан жіберілген чумадан қырылды». Тарихшылардың пікірі, ғұндар арасында чума олардың Италиядан кетуінің анағұрлым шешуші факторы болып табылғанына ұқсас келеді. Әлем мәдениетінің ең үлкен орталығы бүтін және сақталып қалды.

Галлия көп уақыттан бері Римге бағынбайтын және 437 жылға дейін ғұн әскерінің көмегімен Аэций сол арадағы герман тайпаларын талқандаған болатын. Валентиниан Аэцийге егер ол Галлияны шапқыншылардан босатып, Римге қаратса, Галлияның билеушісі болатынын айтады. Бұл 451 жылдың басы еді. Аэций мен вестготтардың королі Теодор көптеген герман тайпаларын біріктіріп, Аттилаға қарсы орасан зор қол жинады. Мұндай шиеленісудің ақыры әйгілі Каталауния шайқасына әкеп соқты. Көптен бері Испанияны билеп тұрған вестготтарда үлкен әскер болды.

Көп ұзамай ұлы қолбасшы Аттила жер қайысқан қолымен Рейн өзені арқылы Галлияға қарай аттанды. Ол осы жорығы туралы: «Мен тек вестготтарды жазалауға бара жатырмын», — деп жариялады. Қаншама халықтар мен қалалар тізе бүкті. Галлия мен Бельгияның көптеген қалаларына ғұн әскері жақындап келгенде, көтерілістер бұрқ ете қалды. Әсіресе Париж бекінісіндегі көтеріліс ауқымды болды. Бірақ Аттила бекініс ішіне өтпеді. Дегенмен ғұн сарбаздары Галлияны түгелдей өз қол астына қаратып, ол арадан вестготтарды қуып шықты. Көптеген қалаларға ғұндар кірмегенімен, ғұн дегенде қала халңының қорқынышы мен үрейінің шегі болмады.

Аттила вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке асықты. Ремстен Орлеанға дейінгі жол бойындағы Шальн-Марле, Троя, Сана секілді үлкен қалаларға да тиіспей өткен. Алайда «бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» десетін батыстың әділетсіз тарихшылары көзді жұмып қойып, «Аттила жүрген жеріндегілердің бәрін қырып-жойды» деп жазды.

Аттиланың өлімі. Ең соңғы махаббаты оның басына қасірет әкелді. Бургунд ханының жесірі Ильдико сұлумен некелескен алғашқы түні ол көз жұмады. Күйеуінің өліміне қапаланып өшіккен әйел не оның сыртынан кездік ұрған, немесе некелесу рәсімінен кейін ұйқыда жатқанда біреулердің көмегімен буындырып өлтірген. «...Аттила франк сұлуы Ильдикомен қосылған неке түнінде кенеттен тұншығып өлді» деп нақтылай жазған Иорданның әңгімесіне орай, неміс жазушысы Феликс Данның «ғұн көсеміне Ильдико ажал құштырды (мас болып ұйықтап жатқан Аттиланы бұрымымен қылғындырып өлтірді-мыс)» деген болжамы заңды күдік тудырады. Бұл – тарихтағы бірінші оқиға емес, Шыңғыс хан және Қидан билеушісі Елюй Дашидың мұрагер ханзадасының да басынан өткен қайғылы жағдай. Әйгілі тұлғаны жерлеу рәсімі де құпия жағдайда өткен. Аттиланы жерлеу үшін алтын, күміс және темірден үш табыт жасалған. Марқұмның денесін үш табыттың қайсысына салғанын ешкім білмеген. Үш табыт түнде үш жаққа жөнелтіліп, жер қойнына тапсырылған. Аттиланың жерленген жері туралы түрлі болжамдар бар, бірақ бұл құпияның сыры әлі күнге дейін ашылмады. Мұндай құпиялық Шыңғыс ханның кезінде де қайталанды. Аттиланың қарсыластары мен түрлі елші-жаушылар Аттиланың алдында түрікше сөйлеуге тырысқан. Нәтижесінде үй, орда, ат-көлік, сауыт-сайманға қатысты біршама атаулар еуропа тілдеріне енген [1].

Аттиладан кейін ғұн ордасы ыдырайды. Бірақ олар Еуропадан кеткен жоқ.

Жаңадан құралған соңғы ғұн мемлекеті Уархун (Арғын) қағанаты деп аталды. 730 жылы қайтыс болған Баян хан уақытындағы ең күшті мемлекет болған. Ол VIII ғасырдың ақырына дейін өмір сүрді. Уархун қағанатының орнындағы мемлекет әлі күнге дейін ғұндар атымен Хунгрия (Венгрия) деп аталады.

Батыс Рим басшысы Аэций өлді. Себебі жер-жаһанның қаһары болған Аттила жоқ. Ендігі Рим басшысының орнына иек артатын жалғыз адам Аэций еді. Сондықтан Рим императоры Валентиниан Аэций орнымды тартып алады деп қорықты. Аэцийдің өмірмен қоштасуына ықпал етті… Көп ұзамай, Валентинианың өзі де өз адамдарының қолынан қаза тапты.

Сол жылы Генсерик (французша Жансерик) бастаған вандалдар Рим қаласына баса-көктеп кіріп, тонады. Олар 410 жылғы Аларих бастаған вестготтардың жасағандарын қайталады.

Бұрын Генсерик Аттиладан қорқып Римге кіре алмай жүр еді. Ендігі уақытта оның бетінен қағар, қаймығып қысылар ешкім қалмағаннан кейін, Римге кіріп, бассыздық істеп оны аяусыз таптады. Аттила мен Аэций өлген соң Римнің шын жанашыры қалмаған еді.

Аттила туралы аңыздар және әдебиет. Аттила туралы тарихи көздерде әртүрлі аңыздар мен хикаялар бар. Олардың кейбіреулері туралы айтайық.

Аттила қылышы. Иордан, Прискіні мазмұндай отырып, Аттиланың қалай «скиф» халықтарында қасиетті болып саналатын Марс қылышының иегері болғаны туралы тарихты мәлімдеді: «Қайсыбір бақташы, өзінің үйірінде бір бұзау ақсап жүргенін байқайды, бірақ оның жаралану себебін таппайды; абыржыған ол, қанның ізін, бұзаудың шөп жеп жүріп байқамай басып кеткен қылышына жеткенше бақылайды; бақташы қылышты қазып алады да, сол сәтте Аттилаға алып келеді. Ол сыйлыққа қуанады да, онсыз да өркөкірек бола тұра, бүкіл әлемнің әміршісімін және Марс қылышы арқылы соғыс құдіреті берілді деп, мұрнын көкке көтерді»

Прискқа дейін 900 жыл бұрын скифтер құрбандық, оның ішінде адамды шалған қасиетті қылыштар туралы Геродат әңгімелеген.

Аттиланың Гонория лақап аты. Византия тарихшысы және дипломаты Приск аңызы бойынша Рим императорының әпкесі Валентиниана Юста Гонория аула маңындағы шенеунікпен сүйіспеншілік байланысы және кәрі сенаторға күштеп тұрмысқа бергені туралы атап өтілген. Күйеуге шығудан қашу үшін Гонория сенімді евнухын Аттилаға сақина, ақша беріп, көмектесу өтінішімен жібереді. Гонория сақинасын оның әйелі болу міндеті ретінде пайдаланған Аттила Валентинианнан әпкесін оған күйеуге беруді және әпкесінің мұра бөлігі ретінде иелігінің жартысын беруді талап етті. Талабы қабылданбағаннан кейін Аттила кек алу үшін алдымен Галлияны шабады, ал сосын 452 жылы Италияға жорыққа шығады.

Оқиғаның замандастары, Рим папасының жақсы хабардар хатшысы және испан епископы Идаций өздерінің хроникаларында Гонорияның Аттиламен қандайда бір байланысы туралы еске алмайды. Кейбір зерттеушілер, аңыз нақты оқиғаларға негізделген болуы мүмкін екендігіне жол береді.

Қасиетті Луп және «Құдай шыбыртқысы». 451 жылы Галлияға жорығы кезінде Аттила Труа қаласын басып алады. Епископ Труа Луп қала қақпасына қарай шығады да, ғұн көсемінен Труаға кім шабуыл жасағанын сұрайды. Аттила: «Мен, Аттила – Құдай шыбыртқысы» деп жауап береді. Сонда момын епископ жылап тұрып былай дейді: «Мен, Алланың үйірін діндарлықпен қажытатын және Тәңірдің қамшылауын керек ететін Луппын». Осыдан кейін епископ ғұндар алдында қақпаны ашуға бұйрық береді, олар құдайдың еркімен көз жанарынан айырылады да, тұрғындарды байқамастан және ешкімге зиян келтірместен Труа арқылы өтеді.

1200 жыл шамасында Венгер корольдігінде, Аноним атауы белгіленген аула жанындағы кеңсе көшірушісі Gesta Hungarorum («Деяния венгров») жазды. Автор Венгерия дворяндығының барлық тарихын құрастырды, онда ол Аттиланы венгер корольдерінің негізін салушы етті. Аноним ізбасары Шимон Кезаи өзінің 1283 жыл шамасында жазылған «Венгерлер тарихында» Аттиланың бейнесін өрбітті және қазіргі уақытқа дейін Аттила Венгрияда атақты болып табылады.

Аттилла және ғұндар бейнесі Еуропа бейнелеу өнерінде де ерекше орын алады (Рафаэл Санти (1483-1520). Фердинанд Делакруа (1798-1863), Чека Улпиано (1860-1916). Еуропа мемлекеттерінде 6 ғасырдан соң Аттила бейнесі жасалған көптеген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Венгрияда Аттила есімімен аталатын көшелер, оқу орындары, т.б. көптеп кездеседі. Орыс жазушыларының ішінде алғаш рет Евгений Замятин (1884-1937) «Аттила» атты драма жазды (1927). Алайда бұл шығарма тек 1996 ж. Алматыда қазақ драма театрында қойылды. Сондай-ақ, оның «Тәңір құты» (Бичь божий) атты романы да осы тақырыпқа арналған.

Шетел әдебиетінде Аттила бейнесі үлкен қызығушылық тудырады. «Тамаша адамдар өмірі» сериясында француздың тарихшы-медиевисті Морис Бувье-Ажанның «Аттила – Құдай шыбыртқысы» (ТАӨ сериясы, 2003 ж.) аударылған жұмысы жарық көрді. Эдвард Хаттонның «Аттила. Ғұндар басшысы» (2005 ж.) кітабы Уильям Нэйпирдің «Аттила» (Адам немесе әзәзіл) (2008 ж.) тарихи романы да оқырмандарды қызықтырады [2].

Қазақстан қоғамында билеуші Еділдің (Аттиланың) есімі де тарихта қалады. 2009 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясында «Аттила» естелік күміс монетасын 100 теңге номиналымен және 13 мың данамен шығарды. «Аттила» монетасы 925 сынамалы күмістен, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38, 61 мм етіп шығарылды. «Аттила» монетасының бет жағында (аверст) атпен шауып келе жатқан жауынгер бейнеленген, ал теріс жағының (реверс) орта бөлігінде Аттиланың бейнесі бар ескі медальонның алтынданған бейнесі орналасқан. Төменгі секторда үш атпен шауып келе жатқан жауынгер бейнеленген, жоғарғы секторда шеңбер бойымен ағылшын тілінде «ATTILA THE HUN» жазуы және қолбасшының өмір сүрген жылдарын білдіретін «406-453» сандары орналасқан. Санкт-Петербургте «Монетное созвездие-2010» халықаралық конкурсында «Жыл монетасы» номинациясында диплом алды, оған әлемнің 24 елінен 209 монета ұсынылған болатын.

Аттила – тарихи тұлға, соның арқасында бүкіл әлем ғұндарды таныды. Еуропада ол көрнекті қол басшы ретінде атақты болды. Бұл туралы Аттиланың бейнесі бар алтын және күміс монеталар куәландырады, олар Еуропа мемлекеттерінде алты ғасыр бойы соғылды [10, 94-б].

Тарғақ

$
0
0

Тарғақ
http://acbk.kz/cms/uploads/images/Krechetka bird.jpg
Тарғақ ( Vanellus gregarius) – Қазақстанда және Ресейдің оңтүстігінде ғана ұя салатын, көгершіннен біраз үлкен әдемі құс.
Көбінесе ұясын ауыл маңатында, аласа шөпті жерде кішкентай шұңқырға салып, төрт жұмыртқа басады. Түрлі жәндіктермен қоректенеді. Өткен ғасырда тарғақтың саны күрт төмендеген - Украинада ұя салуды қойып, оңтүстік Ресейде де сирек көрінетін болды, 2004 жылы оны халықаралық Қызыл кітапқа енгізді. Құстың жалпы бояуы ақшыл, сұр-қоңыр; басы мен көздерінің бойында қара бояу бар. Еркектердің басында қара "баскиім" және төсінде қара бояу болады. Ұшқан тарғақты қанаттарының айқын түсіне қарап, алыстан тану оңай. Олар кішігірім топ құрып ұялайды. Топтардың арасы 20-30 метрді құрайды. Негізінен тарғақ балшықшы құс болғанымен, далалы жерде мекен етеді.

ҚБСА-ның тарғақты қорғау және зерттеу жұмысы

Тарғақты зерттеу. 2004 жылы қазақстандық мамандар шотландиялық Сент-Эндрюс университетінің зерттеушілерімен бірігіп, Оңтүстік Қазақстанда тарғақтардың ұялауын алдын-ала зерттеу жұмыстарын өткізді. "Тарғақ" ғылыми және табиғатты қорғау жобасын 2005 жылы ҚБСА және RSPB зерттеушілері бастады. 2006 және 2009 жылдары жоба "Дарвин инициатива" (Ұлыбритания) бағдарламасынан қаржылай көмек алып, жобаны 2011жылға дейін созуды шешті. Бірнеше жылдар бойы халықаралық топ Теңгіз-Қорғалжында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Таңдалған жоба территориясында мамандар қажетті ақпаратты жинады: құстың таралуы, ұялар жағдайы, балапандардың тіршілігі және т.б. Нәтижесінде, тарғақтар негізінен ауыл маңатында, шөбі аласа болып келетін мал жайылымдарында қоныстанатыны анықталды.

Ұяларды зерттеу. Негізгі жеті маусым ішінде, 2005 – 2011, жоба территориясында 1000 ұя анықталып, олардың дамуы бақыланып отырды. Нәтижесінде тарғаққа қатысты көптеген ғылыми ақпарат алынды. Құстардың ұялау әдеттерін басқа да тарғақ топтарымен салыстыру үшін 2007 жылы Павлодар өңірінде қосымша жоба территориясы белгіленді. Бұл территорияда 140 ұяны бақылау бойынша жұмыс атқарылды. Тарғақтардың ұялау мекеніне жақын орналасқан ауылдардағы мал жайлау бағыттарын анықтау мақсатында, үй жануарларына арнайы GPS қондырғылары орнатылды.

Фотокамераларды пайдалану. Жылдан жылға тарғақ жұмыртқаларының жарылу және жоғалу жағдайы көбейе берді. Фотокамералардың көмегімен зиянкестер анықалды. 2005 және 2007 жылдары жұмыртқаларды көбіне жабайы аңдар ойрандатса, 2006 жылы жұмыртқалар үй малының аяқ астында қалып жарылған.

Тарғақты сақиналау. Тарғақтың тіршілікке қабілеттілігін анықтау мақсатында, ересек құстар мне балапандарға арнайы сақиналар тағылды. Сақиналау арқылы балапандардың өміршеңдігі, қайта ұялау және басқа популяциямен араласу бойынша ақпарат алуға болады. Сақиналанған бірнеше тарғақ күзгі қоныс аудару кезінде кездескен еді. Қазақстанда сақиналанған тағы екі тарғақ Ресейдің оңтүстік батысында Ставрополь өңірінде анықталды. Бес сақиналанған тарғақ үлкен шығыс Түркияда қоныс аударушы топ арасында көрінді. Соңға 7 жыл ішігде Қазақстанда барлығы 1400 тарғақ сақиналанған, 100-ден аса тарғақтар қайта белгіленді. Соңғы 4 жыл ішінде жүзге жуық сакиналанған тарғақ анықталды.

Тарғақ санын зерттеу. Жыл сайын жоба мүшелері тарғақтың мекен орындарын, оған қоса өткенде ұялаған жерлерді зерттейді. Ресейдің құстарды қорғау Қоғамының мамандары жобаға қолдау көрсетіп, оңтүстік Ресей өңіріндегі тарғақтың белгілі тарихи мекендерін зерттеп өтті. 2010 жылы жоба шеңберінде жиналған ақпаратқа сүйене отырып, тарғақ саны 11200 дана құрады деген шешімге келді.
Серік хабарландырғышын орнату. Жобаның басты жетістігі деп тарғақтың қоныс аудару жолдарында атқарылған жұмысты атауға болады. 2007 жылдың қазан айында түрік орнитологтары 3200 тарғақтан құралған үлкен топты анықтады. Бұл соңғы 100 ішінде алғаш рет табылған топ болды. Бірнеше ай бұрын орталық Қазақстанда бір тарғаққа серіктік (спутниковый) хабарлағыш орнатылып, оның ұшу жолы бақыланып отырған болатын. Осы бір құсты бақылай отырып, тарғақтардың аса үлкен тобын анықтау мүмкін болды. Түркияға жеті үшін "біздің" құсқа 5700 шақырым жерді ұшып өту керек болған. Хабарландырғышы бар екі тарғак ары қарай сапарын Суданнның оңтүстігіне дейін жалғастырып, сол жерде қыстап, біреуі қайта Қазақстанға оралды. Алғаш рет тарғақтың қоныс аудару жолдары картаға түсіріліп, оның қыстау орындары анықталды. Жоба аясында арнайы дерекқор жасалды: онда 83 елден тарғаққа қатысты ақпарат жиналған. 2010 жылы тағы 8 тарғаққа серіктік хабарлағыш орнатылды. Алғащ рет екінші -шығыс қоныс аудару бағытының бар болуы дәлелденді. 2011 жылы біз тағы 2 хабарлағыш отнаттық, бұл жолы құстар қыстауға ұшып кетті. Барлық хабарлағышардың ішінде тек қана 4-уі бүгінгі күнге дейін ақпарат беруде.
Жоба шеңтерінде қызмет ететін мамандар тарғақ бойынша толық дерекқор жасады. Бұнда 150 жылды қамтитын 83 елден жиналған 1200 мағлұмат бар. Жобаның шеңберінде тарғақ санының азаю себептерін анықтау мақсатында талай жұмыс атқарылды. Алайда, нақты жауап табу оңай іс емес. Құстар санның азаюы ұялау орындарында емес, қоныс аудару жолдарында болуы әбден мүмкін. Ендігі зерттеу жұмысы осыны анықтауға арналатын болады.

Қазақ көші

$
0
0

Қазақ көшіне тосқауыл болған “Екі анықтама” бүгін министрлік деңгейінде талқыланды

qazaq koshi
2015/05/20 Қамшыгер 47 Пікір 2 775 Рет
Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде «Оралмандардың жаңа ортаға тез бейімделуі мен ықпалдасуына жағдай жасау мақсатында тұрақты тұруға рұқсат және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу сұрақтарын жеңілдету» мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы "Қамшы" порталының Астанадағы арнаулы тілшісі Ауыт Мұқибек хабарлайды.
Басқосуға негізі вице-министр Дәулет Арғындықов төрағалық етуі керек екен. Дәулет Рашидұлының жұмыс кестесі шұғыл өзгеруіне байланысты дөңгелек үстел жиналысына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев басшылық етті. Осы комитеттің сарапшысы Жақсыкүл Нусипбаева хатшылық міндетін атқарды.
Сонымен бірге, аталған отырысқа Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім бастығы Азамат Дүйсембеков; Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің басқарма басшысы мен аға инспекторы Ильяс Бектибаев пен Эльмира Болтаева; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпстіздік комитетінің қызметкері Қуатжан Кабышев және екі бірдей сарапшы Азамат Артықбаев пен Талгат Сарсембаев; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің бас сарапшысы Гүльжиян Ахметова; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің бас сарапшысы Гүлфариза Мұқанова; Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдерінен Сұлтанәлі Балғабаев, Қарлығаш Қожамұрат, Қайрат Бодаухан; Жеке тұлғалардан Ауыт Мұқибек, Мақсат Нұрыпбай, Адай Сәйкен (Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ-нің шетелден /ҚХР/ шақырған оқытушысы, ғылым докторы, профессор) қатарлы кісілер арнайы қатысты. Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ-нен шақырылған Дукен Мәсімханұлы жеке шаруасына байланысты келе алмапты.
Қытайдан көшіп келетін этникалық қазақтардың тұрақты тіркеуге тұруына, азаматтық алуына кедергі болып отырған аты шулы ЕКІ АНЫҚТАМАны қалай біржақтылы ету – Асылан Жұмағалиұлының кіріспе сөзімен ашылған бұл жиынның күнтәртібіндегі талқыланған негізгі тақырыбы болды.
Жиналысқа арнайы шақырылған құзырлы мекемелердің жауаптылары мен сарапшы мамандарына біз – Қоғамдық ұйым мүшелері мен Жеке тұлғалар сөз алып, бұл мәселені барынша түсіндірдік және ұсыныстарымызды айттық. Өзара сұрақтар қойылып, пікір алмастық.
Атап айтар болсам, ҚХР-ның азаматтарының қолында әдеттете Төлқұжат болмайтынын, Төлқұжатты шетелге шығуға арыз берген азаматтарға ғана беретіні, оның өзінде қылмысқа және басқа себептерге байланысты жеті түрлі санаттағы тұлғаларға берілмейтінінен бастап, қаншама жылдан бері айтып, жазып келе жатқан «жарапазанды» қайта бастан тағы бір мәрте баяндадық.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV Заңының «Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер» деп аталатын 49-бабының «2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;» және «9) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы болған;» деген екі тармағын алып тастамай не өзгерпей бұл түйіннің шешілмейтінін ортаға салдық.
Егер, бұл түйін осы жолы Мәжілісте қаралып жатқан Көші-қон заңында реттелмесе, Қытайдан көшіп келетін этникалық қазақтардың тұрақты тіркеуге мүлде тұра алмайтыны, жалған «анықтама» жасайтын алаяқтардың жолы ашылатынын тәптештеп дәлелдедік.
Әлемнің ең дамыған деген жеті-сегіз елінің «Көші-қон заңында» да мұндай баптың жоқтығын алға тарттық.
Интернетте жүрген «Астана қаласы қыран кампаниясы Қарағанды қаласы нәтиже кампаниясы Қарқаралы қалалық әкімшілік іскер қоғамдық қоры қатарлы орындар Қытайдан көшіп келетін семияларға ақысыз үй, төлқұжат жасауға көмек беруге уәде беріп отыр, тезден көшіп келіңіздер байланыс: Ерғазы Тұрысбек 87017531333 жекелік сайттар жалғап таратып қойыңыздар... Алла ризалығы үшін!» (Мәтін өз күйінде көшірілді) жалған құжат жасайтын жарнаманы да оқып бердік.
«Сотталмаған», «Тіркеуден шықты» деп алып келіп жатқан қазіргі «Анықтамалардың» да түбінің шикі екенін жасырмадық.
Сөз кезегінде 2014-жылы Қытайдан көшіп келген 800 неше адамның 500 қаншасы тұрақты тұруға құжат тапсырғанын, соның 322-не тұрақты тұруға рұқсат берілгенін, қалғандарының құжатының дұрыс емес екендігін (орысшасынан шалабұшық ұққаным) Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің аға инспекторы Эльмира Болтаева өзі де мойындады.
Ал, Қытайдан 2010-жылы 6146 этникалық қазақ көшіп келсе, оның саны 2014-жылы 1381-ге күрт төмендегенін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев та мысалға келтіре отырып, тұрақты тіркеуге тұруда қандастарымызға кедергінің бар екенін жайып салды.
Жинақтап айтқанда қолымыз жетпей жүрген бірнеше мекеменің жауаптылары мен сарапшы мамандарына атышулы ЕКІ АНЫҚТАМА жайындағы қиын да күрделі мәселені айтуын айттық. Көздерін жеткіздік. Алдағы жерде өздері сарапқа салып, шешім қабылдайды деген зор үміттеміз.
Сонымен, көп есікті қақанымыз, көп көкелермен кездескеніміз текке кеткен жоқ. ЕКІ АНЫҚТАМА министрлік деңгейінде талқыланды.
Шешілмесе, жұмыс мұнымен тоқтамайды, әлі жалғасады!
aut
Ауыт Мұқибек
"Қамшы" сілтейді
20.05.2015
Астана

Viewing all 778 articles
Browse latest View live