МЫҢЖЫЛДЫҚ ҚҰПИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
06/03/2016 38 1 317
genghis-khan
Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты елімізде өткен жан-жақты, көптеген шаралар халықтың өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін нығайтып, жалпы, көпшіліктің тарихқа деген құштарлығын арттырып, түсінігін шыңдай түскені анық.
Осы орайда қыруар жұмыс атқарылып, бұрын жөнді ескерілмей, толық зерттелмей келген мәселелер өз орнын тауып, талай қалып қойған ақтаңдақтардың беті ашылды. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі барлық оқырман қауымның ортақ пікірі бойынша, осы зерттеулер қатарындағы еңбектердің ішіндегі терең туынды деген баға алды.
Елбасының осындай еңбегі бізді де қанаттандырып, алға қарай ұмтылуға, үлкен шаруаларды атқаруға белсене кірісуге және терең ізденулерге сілтейді. Мұндай ізденулерді қажет ететін шаруалар тарих саласында да баршылық. Дегенмен, тарихты зерттеу оны қолға алып, аз ғана уақытта бітіре салатын жұмыс емес. Оның үстіне тарих ғылымының ерекшелігі сонда, көп жағдайда оған саясат араласып отырған. Сол себептен, ол көп жағдайларда бұрмалануға да ұшырап тұрған. Осындай жағдайлар зерттеу жұмыстарын қиындата түсетіні де анық.
Мен өзім шет жақта жүріп діни білім алдым, соған байланысты араб, парсы, түркі, шағатай тілдерін үйренуіме тура келді. Кейін, елге оралған соң бірнеше көне кітаптарды ана тілімізге аудардым және «Құран Кәрім мағыналарының тәржімасы мен түсінігі» атты 5 томдық кітап жаздым. «Түркі-мұғулдардың және Шыңғыс ханның шығу тегін зерттеу» бағыты бойынша ізденіс жасаудамын.
Өкінішке қарай, біздің тарихымызға қатысты мұралардың көбісін шеттен іздеуге тура келеді. Өзіме айтылған ұсынысты еске ала отырып, бір аса бағалы кітаптың соңына түсуге тура келді. Ол – Рашид ад-дин Хамаданидің «Жамиғ ат-тауарих» кітабы еді. Ондағы мақсатым ХІІІ ғасырдың бастапқы дәуірінде Шығыс пен Батыстың арасындағы кең-байтақ аумақта алпауыт империя құрып, зор билік жүргізіп, әлем тарихындағы ең әйгілі тұлғалардың бірі де бірегейіне айналған Шыңғыс хан тұлғасы және оның шыққан тегі жайлы орын алған пікірталастардың түйінін таратуға нақты дәлел болатын деректерді табу болатын. Бұл тұлғаның өз кезіндегі билігінің ауқымы зор болғаны соншалықты, оның саяси ықпалы тек өткен дәуірлерге ғана емес, келешек дәуірлерге де ықпалын тигізетіндігі табиғи жағдай. Сондықтан біздің дәуірімізде, әсіресе, біздің қазақ халқының арасында Шыңғыс ханның шыққан тегі туралы қызу пікірталастар өрбіді. Бұл туралы талай айтылды да, талай жазылды да.
Ал бірақ, зерделеп қарасақ, бұл дау-дамайлардың туындауының түп негізі – бұдан әлдеқайда бұрында, алпауыт империялардың алдын ала жоспарлап жасаған, тым алысты көздеген саяси ойындарының астарында жатқан сияқты. Солардың қитұрқы саясатының салдарынан Шыңғыс ханның шығу тегі мен қай ұлтқа жататындығы туралы тарихи деректер бұрмалаушылыққа ұшыратылып, кейбір тұстары қасақана ұмыттырылып, оларға қатысты басқа тілдерде жарық көрген дереккөздері дұрыс аударылмауының салдарынан шатасып, шиеленіп, тым құпияланып кеткен. Тіпті, мұны әлемдік деңгейдегі «мың жылдықтың құпиясы» десе болатындай. Содан барып осы мәселеге қатысты сан қилы қорытындылар шығарылып жүргені де бар. Дегенмен, дау-дамайдың төркіні тек Шыңғыс ханның шығу тегінде ғана емес, одан едәуір тереңде жатыр. Кезінде Шығыс пен Батыстың екі арасындағы кең-байтақ аумақты алып жатқан Ұлы Далада өмір сүрген Ұлы Дала елінің жартысын түркі елдеріне, ал жартысын моңғол (монгол) деген ұлтқа жатқызып алалап, сосын олардың бірін жаулаушы-басқыншы ұлт ретінде, ал екінші жартысын жәбірленуші ұлт ретінде көрсетіп, бір-біріне қарсы қойылуына алпауыт империялардың отарлаушылық саясатының ықпалы болған сияқты.
Ал енді, жоғарыда айтылған «мың жылдықтың құпиясын» шешу, сөйтіп, оның бұлтартпайтын әділ бағасын беру, солайша сан қилы дау-дамайларға нүкте қою үшін осы мәселеге қатысты шынайы тарихи шындық баяндалған дереккөздерін анықтап, зерттеп, нақты дәлелдерді көрсету керек. Бұл тек бүгінгі күн үшін ғана емес, келешек үшін де аса маңызды шаруа. Мұны атқару үшін алдымен, аталған құпияны ашып беретін, яғни Шыңғыс ханның шыққан тегін анықтауға нақты дәйек болатын және «моңғол» деген ұлттың бұрын болған не болмағандығын айқындап беретін шынайы тарихи мәліметтер баяндалған дереккөздері бар ма? – деген мәселені анықтап алу қажет.
Тарихшылар осындай дереккөздері ретінде негізінен екі кітапты атайды. Оның біріншісі: «Моңғолдың құпия шежіресі». Екіншісі: түпнұсқасы бар, сондықтан ғылыми орта шынайылығына шек келтірмеген, әлемнің тарихшылар қауымы түгел мойындаған «Жамиғ ат-тауарих» кітабы.
Алдымен, осы екі кітаптың қаншалықты сенімді екендігін салыстырып көрер болсақ, «Моңғолдың құпия шежіресі» атты кітап алғаш қай тілде, қандай жазумен хатқа түсірілгендігі әлі күнге дейін мәлім емес. Тек беймәлім дереккөзінен қытайшаға тәржімаланған нұсқасы ғана бар. Моңғолдар сол нұсқаны пайдалана отырып өз тіліне аударған. Негізінде, бұл кітаптың моңғол тілінде жазылған түпнұсқасы мүлдем жоқ. Сондықтан, бұл дереккөзін сенімді деп санауға, ғылыми дәлел ретінде қабылдауға болмайды.
Ал екінші дереккөзі жайлы айтар болсақ, ол аса сенімді саналатын «Жамиғ ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы» (Негізінде, «Жамиғ ат-тауарих» деген сөзді қазақ тіліне тікелей аударғанда «Тарихтар жинағы» деген мағына береді.) кітабы. Өйткені, оның авторы аты әлемге танымал парсының әйгілі тарихшысы, сондай-ақ, саяси қайраткері Рашид ад-дин Фазлуллах ибн Имад ад-Даула Абул-Хайр Хамадани (1247-1318ж.ж). Бұл кітапты Ғазан ханның тапсырысы бойынша 1300 жылы бастап, 1311 жылы аяқтаған.
KHetagurov-audarmasy-1-bet Parsy-kitaby-149-bet
Жылнамаларда айтылуынша, бұл еңбекке Ғазан хан солдәуірдің ең білікті саңлақ тарихшыларын жұмылдырған. Тіпті, шығыстағы Қытайдан, батыстағы Франциядан ең атақты тарихшыларды алдырғаны мәлім. Содан болар, әлемге әйгілі көптеген тарихшылар бұған өте жоғары баға берген. Мысалы, В.В.Бартольд Рашид ад-диннің бұл еңбегін тарихи энциклопедия атай отырып, былай деген: «Мұндай еңбек орта ғасырларда әлемнің ешбір халықтарында, Азияда да, Еуропада да болған жоқ».
Ал И.П.Петрушевскийдің пікірі бойынша: «Көшпенділердің этникалық байланыстарын, әлеуметтік өмірін, тұрмысын, құқықтары мен аңыздарын Рашид ад-диннің кереметтей толыққанды және дәлдікпен суреттегені сондай, біз мұндай қолжазбаларды моңғолдың да, қытайдың да немесе басқа бір халықтардың да ешбір дереккөздерінен таба алмаймыз. Шыңғыс хан салтанатының құрылуы және моңғол халқының қалыптасу тарихын зерттеу үшін «Алтын дәптер» дереккөзі және қытай тарихы мен моңғолдың көне әңгімелеріне сүйене отырып жазылған «Жамиғ ат-тауарих» жылнамасы «Құпия аңыздан» да құнды, әрі негізгі дереккөзі болып табылады».
Бұл кітапқа қызығушылық аса жоғары болғандықтан, ол орыс тіліне және басқа да тілдерге аударылған. Бірақ, ол аудармаларда кейбір кемшіліктер, тіпті, белгілі бір бұрмалаушылықтар да болуы мүмкін. Бұлай деуге себеп, аталған кітаптың орыс тіліне аударылған нұсқасын оқып отырсаң, оның кейбір жерінде «моңғолдар түркі ұлтынан» десе, кейбір жерінде моңғолдарды дербес ұлт ретінде көрсетеді. Сондай-ақ, алғашында «Шыңғыс хан қият руынан шықты» десе, кейіннен барып оны мүлдем моңғол қылып жібереді. Міне, осыдан: «Бұл қалай, алғашында түркілердің руынан болған Шыңғыс хан өзінің түркілерге тән қият руын кейіннен моңғол руына ауыстырып алғаны ма? Бұл оған неліктен қажет болды? Моңғол деген сөздің өзі қайдан шықты?» – деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға нақтылы жауап табу үшін, алдымен аталған кітаптар дұрыс аударылды ма, олардың түпнұсқалары бар ма, бар болса қайда? – деген сұрақтарға жауап табу керек. Содан кейін табылған түпнұсқалардың арасынан ең сенімдісін таңдап алып, соған сүйене отырып бұрынғы аудармаларды салыстырып шығу қажет. Әне, сонда ғана шынайы ақиқаттың беті ашылмақ.
Осы мақсатта алдымен іздене келе, аталған кітаптың бірнеше тілдерге аударылған нұсқаларын тауып, қарап шықтым. Сөйтіп, танысқан кітаптарымның бірі орыс шығыстанушысы И.П.Березиннің «Сборник Летописей. История Монголовъ Сочинение Рашид-Эддина. ИСТОРИЯ ЧИНГИЗЪ-ХАНА» және «Сборник Летописей. История Монголов. Сочинение Рашид-Эддина. ВВЕДЕНІЕ: О ТУРЕЦКИХЪ И МОНГОЛЬСКИХЪ ПЛЕМЕНАХЪ» деп аталған кітаптары. Ол парсы тіліндегі осы кітапты 1858-1888 жылдар аралығында орыс тіліне аударған. Бірақ, оның аудару кезінде басшылыққа алған түпнұсқасында парсы алфавитіне тән 4 әріп (ч, г, ж, п) жетіспейді және терминдер мен атау сөздерді адаспай оқу үшін қойылатын белгілері жазылмаған. Негізінде, мұндай нұсқамен жұмыс істеу 100 пайыздық кәміл нәтиже береді деп айту қиын.
Дәл осындай жағдай Л.А.Хетагуров тарапынан орыс тіліне аударылып, Москва және Ленинград қалаларында 1952 жылы КСРО Ғылым академиясының баспасынан шығарылған «Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Том 1, книга первая» атты кітапта да орын алған. Мұның да түпнұсқасында парсы алфавитіне тән 4 (ч, г, ж, п) әріп пен арнайы сөздерге қойылатын харекеттер жетіспейді. Бұл жайлы аудармашының өзі кітабының алғы сөзінде ашып айтқан.
Міне, осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, аталмыш кітаптың ешқандай дау тудырмайтын толық түрдегі түпнұсқасын іздеп табу керек деген шешімге келдім. Содан іздей отырып, бірнеше нұсқаларды таптым. Олар:
1) Аталмыш кітаптың Эдинбург университетінің кітапханасында сақтаулы араб тіліндегі нұсқасы. Әу баста, бұл кітап 1060 беттен тұрған сияқты, содан қазіргі күнге 399 беті ғана жетіпті. Сөйтіп, бұл кітап әрі толық емес, әрі араб тілінде жазылғандықтан парсы тіліне тән 4 (ч, г, ж, п) әрпі кем.
2) Нидерландтың (оңтүстік Голландия) Лейден қаласында 1911 жылы баспадан шыққан 657 беттен тұратын парсы тіліндегі нұсқасының 2-томы. Бұл кітаптың барлық беттері де, парсы тіліне тән әріптері де түгел болғанымен, қажетті белгілері қойылмаған.
3) Тегеран қаласындағы «Ал-Барз» баспасы тарапынан 1994 (1373 к.х) жылы шығарылған Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» кітабының парсы тіліндегі 4 томдығы. Бұл төрт томдықтың біз үшін аса маңызды болған 1-томы 869 беттен тұрады. Ең құндысы – бұл кітаптың барлық беттері де, парсы тіліне тән әріптері де, сондай-ақ, қажетті сөздерге қойылатын белгілері де түгел. Сондай-ақ, кітаптың түп-түбірі де бар, ол Тегеран қаласындағы Әдебиет Университетінің кітапхана қоймасында сақтаулы екен. Бір сөзбен айтқанда, дәл біз іздеп жүрген кәміл кітап.
«Жамиғ ат-тауарих» кітабының авторы дүниеге 1247 жылы келіп, 1318 жылы қайтқан. Парсы елінің әлемге әйгілі тарихшысы Рашид ад-дин Фазлуллах ибн Имад ад-Даула Абул-Хайр Хамадани аса ғұлама адам болған. Осы қасиеттеріне байланысты ұлты бөлек, діні бөлек болғанына қарамастан, ұзақ уақыт мемлекеттік бас уәзір қызметін атқарған. Персияның сол кездегі патшасы, Шыңғыс тұқымы Ғазан хан бұл кісінің тіпті уәзірлік дәрежесін де сақтап, басқа елдерден белгілі тарихшыларды шақырып, көп қаржы бөлген. Содан жұмысты 1300 жылы бастап, 13 жыл еңбек етіп, 1313 жылы Рашид ад-диннің дүниеден өтуіне 7 жыл қалғанда аяқтап бітірген.
Ғазан хан Рашид ад-диннің бір өзіне тапсырса да, ол дәл осы кітапты жазып шығар еді. Бірақ, тереңнен ойлаған Ғазан хан бұл кітапты сол арнайы топтың мұқият тексеруінен өткізіп алған. Осы шығарманың әлемге ұлы кітап ретінде таралуы да, бір жағынан, ол Шыңғыс хан туралы алғаш жазылған еңбектердің бірі болса, екінші жағынан, оның сапалы шығуына үлкен талап қойылуында болса керек. Осы себепті, Шыңғыс хан туралы немесе оның заманы туралы кітап жазуға ниеттеніп, қалам көтергендердің бәрі де осы шығарманы негізге алып отырған. Бірақ, кейбір тұстарда аударма дұрыс болмауы салдарынан немесе кейбір ойшылдардың өз ой-пайымын қосуларының, көркем әдебиет пен шынайы тарихты шатастырып жазушылардың «еңбектерінің» әсерінен Шыңғыс хан тарихындағы тұманды жерлерін тіпті де қоюландырып жіберген. Мысалы, моңғол деген сөз бен осы атаулы ұлттың жоқ жерден шыға келуі және түркі халықтарының тең жартысы, солардың қатарында Шыңғыс ханның да моңғол деген ұлттың ішінен табылуы – әлбетте, айтып кеткен бұрмалаушылықтар мен бұрмаланған деректерге сүйене отырып ой толғаудың және соларға еліктеудің салдарынан туындаған жағдайлар болып табылады. Әйтпесе, Рашид ад-дин де, онымен жұмыс істеген ғалымдар да және олар әңгімелескен басқа адамдар да, еш жерде моңғол деген халық туралы айтпаған, есіне алмаған және атамаған. Тіпті, ондай халықтың бар екенін олар білмеген де сияқты. Сондықтан «моңғол» деген сөз «Жамиғ ат-тауарих» кітабының бір жерінде де, бір ауыз да айтылмайды, кездеспейді. Шыңғыс хан туралы да, оның елі туралы да әңгіме болғанда, ол кісілер тек бір-ақ сөзді ғана пайдаланған, ол мұғул деген сөз. Бұл не? Бұл сөз нені білдіреді?
Қате кетіпті дейін десең, ол бір-ақ жерде кетуі мүмкін еді ғой, ал бұл сөз кітаптың барлық жерінде осылай жазылған. Және Рашид ад-дин сияқты ғұлама мұндай қатені жіберуі мүмкін бе? Ал енді қате кете қалған жағдайда, кітап жазуға туралы тапсырма берген Ғазан хан, оның білімді адам болғанына күмән жоқ, «Менің ата-бабамды неге дұрыс жазбағансың?» деп, неге өзгертпеген? Ғазан хан Шыңғыстың тікелей ұрпағы, егер олар шын моңғолдар болса, неліктен өз халқының атауын «моңғол» деп жаздырмаған? Шыңғыс хан өз балаларын, немерелерін басқа елдерге жіберіп, хан тағына отырғызды, басшы етіп қойды. Бірақ, өзіне қалған қара шаңырақты, өз мемлекетін ол неге «Мұғулстан» деп атады? Неге Моңғолстан, не Моңғолия деп атамады?
Егер бұл жағдайға мейлі десек, онда әлі, еш елде, ондай кітап жазылып көрмеген заманда, үлкен мемуар тастап кеткен, сол заманның білімпазы, барлас руынан шыққан Бабыр (Бабур), неге өзінің шығыстағы империясын Мұғулстан деп атады?
Мұғул сөзі мен моңғол сөзі құлаққа бір-біріне ұқсас болып естілгенімен, бұл екеуінің арасы көк пен жердей ғой. Осыған қарамай, кейбіреулер қазақ пен моңғолдың түбі бір деп те қалып жүр. Бұл шындыққа еш жанаспайтын жағдай. Олар бізден тілі де, діні де бөлек халық. Қайдан түбі бір болады, олар түркі халықтарына жатқан да емес, жатпайды да. Тіпті, атам заманнан келе жатқан, көп мың жылдық тарихы бар сақтардың да ұрпақтарына кірмейді. Ол халық заты бөлек тибет, таңғұт, бұйрат және басқа да халықтармен бір топқа жататын болу керек.
Ал мұғул ұғымы өте көне заманнан бері келе жатқан ұғым. Бұл топқа тек кең-байтақ жерді жайлайтын түрік тайпалары ғана кірген. Мұны нық сеніммен айтуымның себебі, мен осы шындықтарға Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» кітабын парсы тілінде оқи отырып көз жеткіздім. Онда «моңғол» сөзінің мүлдем кездеспейтіндігі ақиқат. Сондай-ақ, кітапта аталатын «мұғул» сөзінің «моңғол» деген сөзге еш қатысы жоқтығы да даусыз. Ең бастысы – кітапта «мың жылдық құпиясына» айналған «мұғул» сөзінің шығу түбірі де және оның мағынасы да тайға таңба басқандай анықталған.
Осы айтқандарым құр бос сөз болып қалмауы үшін, Тегеран қаласындағы Әдебиет Университетінің кітапхана қорында сақтаулы Рашид ад-диннің «ЖАМИҒ АТ-ТАУАРИХ» кітабының түпнұсқасы негізінде Тегеранның «Ал-Барз» баспасы тарапынан 1994 (1373 к.х) жылы баспадан шығарылған кітаптың біршама жерінен дәйек ретінде үзінді келтіремін. Абай атамыздың «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дегеніндей, оқиық, ойланайық, ағайын!
БІРІНШІ БӨЛІМ ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Кезінде «Ергене-қунға» қашып кетіп «дүрлүккен» атанған Нукуз бен Қияттан тараған түркі-мұғул тайпаларының Дубун Баян мен Алан Қуаға дейінгі аралықтағы дәуірлеріне қатысты деректер.
Бұл құтты кітаптың кіріспесінде толық, кеңінен түсініктеме айтылғанындай, мұғул тайпалары жалпы түркі тайпаларының қатарынан болып табылады. Сөйтіп, олардың түр-әлпеті де, тілдері де бір біріне сай және жақын (ұқсас) келеді. Бұл аталған тайпалардың барлығы өзінің бастауын Нұх (а.с.) пайғамбардың ұлы Яфестен алады. Оны (Яфесті) Абулжа хан деп те атайды, сөйтіп ол бүкіл түркі тайпаларының жалпы атасы болып келеді.
Алайда, байырғы дәуірлердің кезі кетіп, арада сан ғасырлар (көп уақыт) өткен. Расында, уақыттың тоқтамай жүріп отыруы көптеген оқиғалардың ұмытылуына себеп болады. Ал түркілердің ол байырғы замандарда кітаптары да, жазуы да болмаған, сондықтан олар өткен 4-5 мың жылдықтың тарихын еш жерге жазып қалдыра алмаған. Сондықтан, оларда өткен дәуір оқиғалары туралы белгіленген, сенімді ескі жазба деректер жоқ. Тек қана әкеден балаға ауызша айтып жеткізу жолымен (тәсілімен) жетіп келген кейбір ауызекі деректер ғана бар.
Бұл айтылған түркі тайпаларының барлығының белгілі тұрақтау орындары болған. Сөйтіп, олардың киіз үйлерінің орналасуы бір-біріне жақын да көршілес тігілетін. Және олардың әрқайсысының киіз үйлерінің орналасуы қай жерден қай жерге дейін тігілуі сенімді түрде белгілі болған. Олардың киіз үйлерінің жинағы (яғни оларға қарасты болған аумақтың шекарасы) Ұйғыр уәлаятының шекарасынан Қытай мен Журчаға дейінгі аралықтағы, қазір Мұғулстан деп аталатын өңірлерді жайлаған болатын. Бұл аталған аумақтар мен оларға қатысты деректер және түсініктемелер жоғарыда толығымен айтылған.
Сөйтіп, көнеде – осыдан шамамен 2000 жыл бұрын, (кейіннен) мұғул деп аталған (түркілік) тайпа мен өзге түркі тайпаларының арасында дау-жанжал туып, жанжалдың соңы қақтығыс пен соғысқа айналды. Бұл жайлы өте сенуге тұрарлықтай әйгілі адамдардың аузынан жеткен нақты әңгіме-деректерге сәйкес: (сол өңірлерде өмір сүрген) басқа (түркі) тайпалар (кейіннен) мұғул (атанатын) тайпасының үстінен жеңіске жетіп, оларды сондай қатты қырғынға ұшыратты – нәтижесінде олардың арасынан екі еркек пен екі әйел ғана тірі қалды. Бұл екі отбасы жаудан қашып, жау жете алмайтын, айналасы тік таулар мен қалың орман болған, бір кішкентай жасырын жолдан басқа барар жол қалмаған, бір өңірге барып жан сауғаласты.
Негізінен ол жерге жетіп бару өте қиын болғанымен, таулардың ортасында қалың, нулы боп өсетін шалғын және табиғаты бойынша қолайлы жайлау бар еді. Ол жердің атауы «Иргана (ергене) қун». «Қун» сөзінің мағынасы – «қисық тау», ал «Ергене» сөзі – «тік», яғни «тік шың» деген мағынаны аңғартады.
Сондай-ақ, (аман қалған) екі кісінің есімдері Нукуз және Қиян болатын. Олар һәм олардың ұрпақтары көп уақыттар бойы сол өңірді мекендеп, өсіп-өніп көбейді. Сөйтіп, олардың ұрпақтарының әрқайсысы бөлек-бөлек бір тармақ болып, белгілі де әйгілі бір атпен немесе лақаппен аталатын болып, әрқайсысы белгілі убаққа айналды. Убақ сөзі белгілі бір сүйекке (руға) және (содан тараған) ұрпаққа қатыстыларға айтылады (Қазақтағы «ұбақ-шұбақ» сөзі біріне бірі ілескен деген мағынаны береді –З.О.). Кейіннен бұл убақтар да тармақтарға бөлінді. Қазіргі уақытта мұғул тайпаларының арасында осы айтылған тармақтардан пайда болған рулардың баршасы бір-бірімен туыстық қарым-қатынаста тұрады. Ал олардың түп негізі «Мұғул дүрлүккен».
Ал асылында «мұғул» сөзінің негізі «мұң ұл» болған, яғни «мұңлы бейшара» және «қарапайым, ақжарқын, ақ көңіл» деген мағынаны аңғартады.
«Қиян» сөзі таудың басынан төмен қарай ағатын жылдам, екпінді «күшті ағыс» деген мағынаны білдіреді. Қияндар өте жауынгер, батыр әрі өте ержүрек болғандықтан, олар осы сөзбен (атпен) аталған болатын. Ал «қият» сөзі – «қиян» сөзінің көпше түрі. Ежелгі дәуірлерде, осы рудың бастауына жақын ұрпақтары «қият» деп аталатын болған.
Таулар мен орман арасындағы шатқалда өмір сүріп, көбейген соң бұл жерлер ол халық үшін тар болып қалды. Сондықтан, олар бірі-бірімен кеңес жасап, бұл табиғаты қатал шатқалдан шығудың жолын іздестірді. Кеңесе келе олар үнемі темір шикізаты алынып, сол жерде темір балқытылатын орынды таңдады. Сөйтіп, олардың барлығы жиналып, орманнан өте көп ағаш отын мен көмір алып келді. Одан соң жетпіс бас бұқа мен жылқыларды сойып, олардың терілерінен отқа жел үрлейтін көрік жасады. Содан соң олар ағаш отындар мен көмірді әлгі темір шикізаты өндірілетін қияның қасына орналастырды. Сөйтіп жиналған отынға жалын тастап, барлығы отқа жетпіс көріктен жел үрлеп, әлгі қия балқып кетпегенінше тоқтамады. Бұл істің нәтижесінде ол қияның қойнауынан өте көп темір алынды, сонымен қатар сыртқа шығатын жол да ашылды. Осылайша, олар көптен бері тұрақтаған тар шатқалдан кең жайлауға қоныс аударды. Бізге жеткен деректерде айтылуынша, көріктермен жел беру қызметінің бастауын тікелей Қияннан бастау алатын рулардың арасындағы ең үлкені (бастысы) атқарды. Дәл солар сияқты көріктермен жел беру қызметін нукуз тайпасы мен олардың бір тармағы болып келетін урияңқат руы да атқарды.
Көріктермен жел беруге қатысқандары жайлы бірнеше өзге тайпа өкілдері де айтады. Бірақ, олардың бұл іске қатысы бар екендігін жоғарыда аталған екі үлкен ру мойындамайды. Және айтылуынша, Ергене-қунда Нукуз бен Қияннан тараған, бірнеше тармақтардан (аталардан) тұратын Қоңырат руы басқалармен кеңеспей, ақылдаспай өзге рулардың тұрақтары мен ошақтарын таптап, басқалардан бұрын Ергене-қун шатқалынан шығып кеткен. Сондықтан, басқа тайпалар, қоңырат руының көпшілікке белгілі болған аяқ ауруы – қоңыраттардың өзге рулардың ошақтарын таптап, ешкіммен ақылдаспай, басқалардан бұрын шатқалдан шығып кетіп, өзге рулардың ошақтары мен құрметін таптағанынан ұшыраған, міне, осы себептен қоңырат тайпасы ауыртпалық жағдайға ұшыраған, деп сенеді.
Қазіргі уақытта осында (Персияда – З.О.) өмір сүріп жатқан – (кезінде) Ергене-қунды көрген мұғулдар тобы: ол жердің табиғаты қатал болғанымен, ондағы өмір, аңыздарда айтылатындай, өте қиын емес екенін айтады. Ал олардың тауды балқытуының себебін – өз атақ-данқтарын шығарудың бір өзгеше жолы ғана болған дейді.
Құралас руынан шыққан Алан Қуаның күйеуі Дубун Баян – қиян руынан шыққан, Шыңғыс ханның шыққан тегі жоғарыда айтылғандай сол екеуіне (Дубун Баян мен Алан Қуаға) барып тіреледі…
Жоғарыда кеңінен айтқанымыздай, бұл тайпаны байырғы уақыттарда қият деп атаған. Сосын, Дубун Баяннан көптеген рулар тарап, олардан да көп тармақтар бөлініп шығуының себебінен уақыт өте келе ол рулар мен тармақтардың барлығы өзіне тән ерекше атаулармен аталатын болды.
Содан соң Алан Қуаның алтыншы ұрпағы (шөпшегі) Кабул хан есімді кісі өзінен соң алты ұл қалдырды. Олардың барлығы ұлы жауынгер, баһадүр әрі өте сыйлы адамдар болғандықтан, оларды қайтадан қият деп атап кетті. Сол уақыттан бері Кабул ханның кейбір балалары мен оның ұрпағын «қият» деп атайды. Олардың ішінде «қият» атауымен ең көп аталатыны Кабул ханның баласы Бартан бахадүрдің балалары. Бартан бахадүр өз кезегінде Шыңғыс ханның бабасы болып келеді. Сол уақытта Бартан бахадүрдің Мүнгеду киян деген үлкен ұлы болатын. «Мүнгету» сөзі «қалы көп адам» деген мағынаны білдіреді. Оның мойнында үлкен қалы болғандықтан есімін осылай атаған. Ол ұлы бахадүр болатын. Қазіргі кезде Дешті Қыпшақ даласында өмір сүретін қияттардың көпшілігі соның ұрпағынан және оның әкесі бойынша ағаларының ұрпағынан тараған. Ал Шыңғыс хан мен оның аталары және ағалары жоғарыда айтылғандай атаққа ие болып, қият тайпасынан шыққан. Сосын, Шыңғыс ханның әкесі Есугей бахадүрдің балалары Қият-буржіқин (бүржігін) деп аталып кетті. Олар – қияттар әрі бүржігіндер. «Бүржігін» сөзі түркі тілінде «көзі көк адам» деген мағынаны білдіреді. Олардың (терісінің) түсі сарғыш болып келеді. Олар өз болмысынан өте батыл әрі жаужүрек келеді. Тіпті, олардың ержүректігі аңызға айналған. Басқа рулар бірі-бірімен жанжалдасып, жанжал соңы соғысқа айналғанда олар қият-бүржігіндерден барып көмек сұраған, олардың алдына келіп, олардың төбесінен түрлі сый-сияпаттарды жаудырып, олардың күші мен көмегіне жүгінген. Олардың қолдауымен әлгілер өздерінен күшті жауларды жеңіп, олардан басым түсетін. Мұғулдар арасында олардың дәрежесі жайлы не белгілі болса, ол мағлұматтар осында баяндалған. Сондай-ақ, төменде кеңінен баяндалатындай, олардан көптеген басқа рулар тараған. Және рулар туралы баяндаулардың көлемді де көп сөзді болуының басты себебі «нирун» руы мен Шыңғыс ханның аталары туралы баяндалып, олардың барлығы басында бір рудан болып, бір атаға барып тіреледі. Олардың ортақ аталары сол «Ергене-қунға» шығып кеткен екі кісіге барып ұштасады. Олар ол өңірде көп уақыт тұрақтап, көбейді. Сөйтіп, олардан басқа тармақтар пайда болып, тармақтар өсе келе руларға айналды. Олардың барлығын «мұғул дүрлүккен» деп атайды. Олардың ұрпақтарынан көптеген басқа рулар өз бастауларын алады. Сондай-ақ, Дубун Баян мен Алан Қуадан тарайтын кейбір рулар көптеген руларға бөлініп кеткен. Ол туралы біз екінші және үшінші бөлімде толық тоқталатын боламыз.
Бірақ олар жайлы айтудан бұрын, Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының заманында осы аталған «нукуз» және «қият» тайпаларының өкілдерінен әмірлер шыққандығын айту керек. Қазір Иран мемлекетінде (әмір болғандардың қатарына) «нукуз» руынан мың қолдың әмірі Жауүрши жатады. Оның ұлдары Кара мен Субатай (Сүбетай) да мың қолдың әмірлері болды. Абаға ханның құтты билік ету заманында, жалайыр руынан шыққан Муқали гуйаңның ұрпағы Жауқур басқарған мыңдықтың ішінде де осы аталған «нукуз» руының көптеген өкілдері болған.
* * *
…Енді осы үзіндіде баяндалған тың деректерге қатысты шағын түсініктеме айтар болсам, үзіндіде келтірілген деректерге сүйене отырып «мұғул» тайпалары деп аталынып келген тайпалардың бәрі негізінде түркі тектес тайпалардың құрамынан шыққандығы мәлім болды. Сондай-ақ, «Ергене-қун» өңіріне жан сауғалап барған түркі руларының өкілдері болған Нукуз бен Қияннан тараған рулардың ең алғашқылары ретінде «Қият» пен «Қоңырат» руларының аталуы, сосын мұғулдар деп аталатын рулардың барлығы сол екі адамнан тарағандығын, олардың барлығының негізін түркілер құрағандығын көрсетеді. Олай болса, әкесі қият және анасы қоңырат болған Шыңғыс хан қайсы ұлттан болуы мүмкін? Шыңғыс ханның әкесі Есугей бахадүрдің қият руынан болғандығын Рашид ад-дин анық түрде жазған.
Бұған қоса, жоғарыда айтқанымдай, бұл кітапты басынан аяғына дейін мұқият оқып шыққанның өзінде «моңғол» деген сөз мүлдем кездеспейді. Ал кітапта жиі кездесетін «мұғул» деген сөз жайлы айтар болсам, оны «моңғол» деген сөзбен шатастырмау қажет. Өйткені, бұл екеуі бір-біріне мүлдем жат сөздер. «Мұғул» сөзінің асыл түбірі «мұң ұл», яғни жаудан әрең қашып жан сауғалаған «мұңлы бейшара, қарапайым ақжарқын ұл» деген мағынаны аңғартады. Бұл сөз анық түрде «мұң ұл» деп, яғни «мұң» сөзіндегі «н» және «г» әріптерінің екеуі де «сүкүн» белгісімен белгіленіп, қазақ алфавитіндегі «ң» әрпіне сай түрде жазылған.
Сондай-ақ, араб алфавиті қағидалары бойынша «сүкүн» белгісімен белгіленген әріпке «а», «ә», «е», «и», «о», «у», «ү», «ұ» әріптерін тіркеп оқуға болмайды. Сондықтан, «мұң ұл» деген жазудағы «мұң» сөзімен «ұл» сөзі бір-біріне тіркелмей, бөлек жазылған, содан бөлек оқылуға тиіс. Бұл қағида – араб алфавитінің бұлжымас қағидаларынан саналады.
Ал енді осы кітаптың Л.А.Хетагуров тарапынан орыс тіліне аударылып, 1952 жылы КСРО Ғылым академиясының баспасынан шығарылған нұсқасын қарастыратын болсақ, онда біз атаған сөздегі «сүкүнге» қатысты бұлжымас қағида бұрмаланып, «мұң ұл» деген сөзді бұрмалап «мунгол» деп жазған. Осыдан кейін «монгол» деген сөздің бұрмалаушылық салдарынан пайда болғандығы шығады. Мұндай бұрмалаушылықтың алғашқы көрінісін 1858-1888 жылдар аралығында жарық көрген И.П.Березиннің «Сочинение Рашид-Эддина Сборник Летописей. История Монголов» деп атаған кітабынан да көруге болады. Ол кітабының атауын «Мұғулдар тарихы» деудің орнына «Монголдар тарихы» деп атау беріп, онда кездесетін «мұғул» деген сөздердің бәрін «монгол» деп, «Мұғулстан» сөзін «Монголия» деп бұрмалап ауыстырып жазған. Ал енді «мұң ұл» деген сөзді біршама дұрыс түрде «мунг уль» деп транскрипциялағанымен, оның мағынасын «угнетенный и тупой» деп оңдырмай аударған. Оның аударма кезінде мұндай тәсілді қолданғаны тек бұл емес.
Қорытындылай айтқанда, И.П.Березиннің аудармасында да, Л.А.Хетагуровтың аудармасында да деректердің кейбір тұстарын бұрмалап аударудың салдарынан, жалпы түркілерге тән «мұғул» деген сөз «монгол» деген мүлдем жаңа сөзге ауыстырылып, бұрын болмаған беймәлім сөз шығарылып, сөйтіп ешқандай мағына аңғартпайтын, ешбір елдің тілінде кездеспейтін, мағынасына ешкім түсінбейтін, содан мың жылдықтың құпиясына айналып, түркілердің тарихына орасан зор зиян тигізген, нағыз мәңгүрттің сөзі пайда болған. Соның салдарынан, шығу тегі бір, тілі де, көрінісі де, салт-дәстүрі де бір түркі тектес халықтарды құрайтын көптеген рулар мен тайпалардың кейбірін түркіге, ал кейбірін моңғол деген басқа жаңа бір ұлтқа жатқызып алалайтын, түп шындығын, сірә, түсініп болмайтын тарих қалыптастырылған.
Жалпы айтқанда, бұл кітаптың орыс тіліне аударылған нұсқаларында сөздердің бұрмаланып аударылып, мүлдем беймағына болған, яғни мағына аңғартпайтын, түсініп болмайтын жағдайға жеткен тұстары аз емес. Бұған және бір мысал келтірер болсам, жоғарыдағы аудармада келген «мұғул дүрліккен», яғни жаудан қашып «дүрліккен мұғул» деген мағынаны аңғартатын сөз. Бұл сөзді орыс тіліне «монгол-дарлекин» деп аударып, мүлдем мағынасыз етіп жіберген.
Міне, осындай жағдайларды көргеннен кейін Рашид ад-диннің аталған кітабын оның парсы тіліндегі нұсқасынан қазақ тіліне тікелей аудару аса қажет екендігін түсіндім. Тіпті, бұл шаруаны атқару осы ұрпақтың әрі парызы, әрі қарызы екен десем, жаңылыспаған болармын. Өйткені, бұл кітапты оқи отырсаң, онда мұғул тайпаларының түркілерге жататындығы, содан барып «мұғул» деген сөз барлық түркілерге де қатысты «түркі-мұғулдар» деп те қолданылғанын және осы түркі-мұғулдар шығыстағы Қытай қорғанынан тартып, батыста Еуропаға дейінгі аралықты жайлаған ел болғандығын аңғарасың.
Зәріпбай ОРАЗБАЙ,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының
аға ғылыми қызметкері.
«Егемен Қазақстан» газеті
2
38 ПІКІР
ЕрсінСәрсенбі, 09.03.2016
іске сәт тарихтың шындығын аш. Бабаларымыздың өр болғанын, Біздің тарихымыздың көнелігін дәлелде.
Ертәуіл жазбаларыСәрсенбі, 09.03.2016
Бабалар аты Қарақалпақ елінде Нөкіс пен Ауған жерінде Кабыл деген шаһарға берілген, Қияттың көбі Қарақалпақ елінде жасайды
Ертәуіл жазбаларыСәрсенбі, 09.03.2016
Құралаш руы деп оқу керек!
БижамалСәрсенбі, 09.03.2016
Алға қойған мақсатыңызды орындауда сәттілік серік болсын! Бірақ «моғол» сөзін «мұң ұл», яғни «мұң¬лы бейшара» және «қарапайым, ақ¬жар¬қын, ақ көңіл» деп түсіндіргеніңіз ұнамады. Қалайша «ғ» әрпі «ң» әрпіне ауысып кетеді? Мағынасы көңілге қонымсыз. Түріктердің ежелдегі ата-бабалары ежелгі гректермен жақсы араласқандығы тарихтан белгілі. Грек тілінен аударса «моғол» сөзі — «қайсар», «мықты», «күшті» деген мағынаны білдіреді.
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Шыңғыс ханның Ата-тегін өзімізден де табуға болады: ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫНДА
«Мұңалдың құпия шежіресі» (1240 жылы Шыңғыс қаған дүние салғаннан 13 жыл кейін Мұңалдармен жазылған, мұны білмейтін тарихшы жоқ) қазақ халқының ежелгі аңыз-әңгімелері не негізделіп жазылған және онда сол кездегі қазақтың ән-жыры, шешендік сөздері, термелері, мақал-мәтелдері кеңінен қолданылған. 12 бөлімнен тұратын осы шежіренің әр бөлімі сайын кемінде 20-30 өлең қамтылған. Сұхбаттар мен төл сөздер көбінесе өлеңмен жазылған. Сонымен қатар, бұл шығармада қазақ тілінің әуені, жыр ұйқасы (поэзия) және қара сөздік шығарма (проза) үлгісі кең қолданылған. Шығарманың бәрімізге бала кезімізден жақсы таныс «Батырлар жырынан» ешқандай өзгешелігі жоқ. Мысалы, күні бүгінде де ауыздан түспей келе жатқан «Ағасыз ел болмайды, жағасыз тон болмайды» деген қазақ мақалы Боданшардың аузымен «Ағай-ау, ағай! Адамның ағасы, тонның жағасы бары жақсы ғой!» — деп беріледі (30 бет). «Көлеңкеден басқа дос жоқ, Құйрықтан басқа күш жоқ» (41 бет). «Суда белгі, аспанда із жоқ» (44 бет). «Шын дос жол орта да қалмас болар» (46 бет). «Әй дейтін болсын ажасы, Қой дейтін болсын қожасы!. Күні бүгінде де бұл мақал «Әй дейтін Әже (ана), қой дейтін қожа (ер-азамат, ата) деген мағына да қолданылады (48 бет). «Досқа күлкі, дұшпанға таба болмай ынтымақтасып жүріңдер» (181 бет),
…Темір-болат – дәл маңдай,
Тілі өткір – жез таңдай,
Жүрегі алмас жаралған
Жанары сұмдық қадалған.
Құтырынған төрт арлан
Қыруға дүйім пендені
Шыққандай темір құрсаудан.
Аузының суы шұбырып,
Апшыны келед қуырып (126 бет).
…Өгедейдің жұрағаты «Шөпке ораса
Сиыр жемес…
Майға ораса
Ит жемес
Болып туса..(182 бет).
Немесе, 195. «…Ашуы әбден кернесе,
Ажал оғын алады,
Толғай тартса жебені
Талай жерге барады.
Таудың арғы бетінде,
Тажал оғы өтінде,
Жүргендер де домалап,
Жермен-жексен болады.
Соза керіп атқанда,
Сегіз жүз құлаш кетеді,
Солғын керіп тартқанда
Сонау жерге жетеді.
Адам пішінді жалмауыз,
Адам жұтар қанды ауыз,
Дәу Қасар, әне, ұмтылды,
Дәл кәзір жетіп келеді», —
Немесе, тағы бір жерінде Белгітай ноянның сөзімен:
190. «…Тірлік бізге не керек,
Тәуекелден айнысақ?
Тірі жүріп не керек,
Туған жерден айрылсақ?
Қорамсақты жастанып,
Қан ғып ұстап садақты,
Қу толағай бастанып,
Құмға батсақ – сол жақсы…». Осы жыр шумақтарының «Қырымның қырық батыры», Қамбар батыр, Ер Тарғын, Қобланды, Алпамыс т.б. сияқты Қазақтың эпостық батырлар жырларынан не өзгешелігі бар. Бүкіл әлем тарихшылары, оның ішінде қазіргі моңғолдар да (Моңғолия) бұл шығарманың тілі «көне моңғол тілі» деп жазып жүр. Түп-тамырымен қате тұжырым, шығарма тілі жер бетінен жойылып кеткен тіл емес, қазақтың Ана тілінде жазылған.
Себебі, ол кезде Шыңғыс қағанға бағынған елдердің бәрі осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Оны біз жоғарыда аты аталған «Мұңалдың (моңғолдың) құпия шежіресі» атты еңбектен айқын көре аламыз. Себебі, ол кітаптың бірде-бір сөзін бүгінгі моңғолдар түсіне алмауда.
Мысалы, Шыңғысхан бір нөкеріне Сенің атың «СҰМ» болады демей, «Сенің атың енді Жебе болады» деген? Моңғолдар садақтың оғын әлі де «СҰМ» дейді. Демек, Шыңғысхан моңғолша сөйлемей түркі тілдерінде сөйлеген. Ал «Жебе» Қаз-Адайдың таңбасы емес пе?
Ана тілі демекші, Әлем елдерінің тілдері тек қана екі атаумен, Ана тілі және туған тіл (родной язык) деп аталады. Ары қарай әрбір ұлттың атауына сәйкес түркі тілі, араб тілі, қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі т.т. болып жалғасып кете береді. Баршамызға белгілі Қазақ ұлтының тілі Ана тілі деп аталады. Міне осы екі атаудан қай тілдің алғашқы тіл екенін айыруға болады. Демек, Қазақтың Ана тілі деген ұғымы, тек қана туған шешеңнің тілі дегенді емес, барлық тілдердің анасы дегенді білдіреді. Әйтпегенде, қазақтан өзге елдер де өз тілдерін туған (туысқан, родной) тіл демей, оларда өз тілдерін «Ана тілі» деп атаған болар еді. Олардың бұлай атауға құқықтары жоқ. Себебі, бұл санасында «саңлауы» бар жандарға Ман атамыздың, яғни Маңғыстаулықтардың «авторлық» құқығына жеңілдетін айтқанда, «жиендік жасау» болып шығар еді.
Түсініктеме: Қазақ салтында «Жиендік жасау», жиендер нағашыларынан кез-келген затты рұқсатсыз алуға құқылы болған. Бұл салт Маңғыстауда қазірде қолданыста бар. Мысалы, сәбидің тілі кешігіп шықса, нағашысының қорасынан мал ұрлап әкеліп сойып, ішегімен емдейді.
Тіліміздің Ана тілі деген атауындағы Ман атамыздың есімінің сөз түбірі «Ан» болып, Ана деген ұғымымыздың да бастауында осы түбір тұр. Бұл сөз Адам (Ман) атамыз осы біз сөйлеп жүрген қазіргі қазақтың Ана тілінде сөйледі деген мағына береді. Құрметті Оқырман! Еске ұстайық! Сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес.
Шыңғыс ханды Қазақтың (Адайдың Қосайы) суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) өзінің «Адай тегі» дастанында былайша жырлапты:
…Кешегі Дүиім Баян кеткен соң
Алты жыл анық өткен соң,
Ар-сар болып жүрегі,
Қанға толып білегі,
Шыңғыс туды Арқардан?.(2)
Оның туған тұқымы
Патша болып таралған.
Осы бір сөздер көңіліме
Бұрынғы өткен үлкеннен
Қағида болып қалынған.
Шежіре болып жазылған
Тілімі түзу бағытты
Көңілім зерек қалыпты.
Аңдаған жақын, алысты,
Болжаған қисық, шалысты,
Бұрынғы қарт атамның сөздерін
Құлағым естіп, көргенін
Осындай құралы келген жерлерде
Шығарып жүрмін жарыққа.
Шариғат қарап, жол пәмдеп.
Мұсылманға үмбет деп,
Атасын анық білмеген,
Айтса болар мүрдет? деп..(3)
2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын. Шыңғысхан елінің ұраны «Архар» болатыны осыдан.
3 – Кәпір деп отыр.
Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!
…Он төрт қабат жер мен көк,
Жаратылған нұрдан, — деп –
Атамыз Сапи, Сапиолла,
Жаралған топырақ, құмнан,-деп,
Хазіреті Шейіш пайғамбар!
О да жаратылған
Бір алланың ішінен,
Рақым еткен күшімен,
Бір тамшы тамған судан, — деп,-
Әр нәрсе солай болатын,
Алланың еткен ісімен,
Естуіңіз жоқ па еді;
Хазіретті Айсаны
Мариям ерсіз туған, — деп,-
Ол күндегі пендеге
Ғайыптан талай бала келіпті
Мезгілсіз туған бір күннен,
Жалтыраған сәулеге
Жеті қабат жер астында
Сарайдың іші толыпты
Онан Дүйім Баян хан
Бізге келіп жолықты
Оның туған анасы…» (Ә.Жұмалыұлы «Сүйіндік Қосайұлы» Алматы, 2002. 77 бет). Шыңғысханның тегі Адай болмаса, Қашаған атамыз өз тегін жырлап отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.
Қаз Адайдың әйгілі – жауынгер ақыны, Қосай ата ұрпағы Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902), «Бұл Адайдың атасы» атты толғауында:
«Ақ ордасы Адайдың
Үлкен үйім Мұңалсың,
Батырда өзің, пір де өзің
Ұлы жиын құралсың,
Төрт мұңалым тұрғанда
Басқасы келіп Адайдың
Қолынан қалай ту алсын?!! (43 бет). Өте әділ бағасы берілген, Шыңғыс ханды (мұңалдарды) әлемнің ең ұлы тұлғалары деп ЮНЕСКО да мойындаған жоқ па?!
Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Қалнияз атамыз Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:
… «Аржағым Алаш ұранды
Ел едік байтақ құралды
…Хан көтерген қазақпыз
Шыңғыс хан – арғы бабаңды»… деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары» (52 бет).
«…Бұл Адайдың атасын,
Төре сүйек, ер деген.
Нәсілім төре болғасын,
Қай жерімді кем деген?!
Айбарлы тентек ел едік,
Түркімен түгіл, қалмақ пен
Орысқа да көнбеген.
Төрелесіп келгенде,
Дұшпанға теңдік бермеген! — деп шалқиды. Осы топтамаға кірген «Біссіміллә!» деп сөйлесем…» деген толғауының бір жерінде:
Ар жағым – төре асылдан,
Біз – Алашқа белгілі
Адай едік дүбірлі,
Дүбірі көпке білінді, — десе, тағы бір тұсында:
Қызғанышпен осы жұрт
Қазбалайды менің тегімді…
Атам – Елтай, білмесең,
«Төре» дейді тегімді…
…Білдірейін білмесең,
Мұны айтқан кім?» десең,
Мен Қалнияз өзім-ді, — деп асқақатайды. Ақынның бұлай сөйлеуіне толық негіз бар. Оның
«Төре сүйек ер», «асыл төре» деп отырғаны әрине, Адайдың әкесі Елтай. Бұл сөздер қосымша түсінікті қажет етпесе керек» (Мырзатай Болат, «Адай төре тұқымы емес пе?», «Ар» газеті 23.09.2009 жыл №15 (126)).
Бүгінгі өздерін біз жүзге жатпаймыз деп жүрген Төрелердің тегі осы. Олардың да ұраны «Архар». Хан Ордасы (Бөкей) ауылының қасындағы «хан зиратындағы» құлпытаста: «Арқар руғы Нұралы хан» деген жазба бар. Бұндай жазба сол қорымдағы құлпытастың бәрінде бар.
Бүкіл әлемді мойындатқан Мұңал мен Шыңғыс ханның тегінің Қаз Адай екендігі Манқыстаудың өзге ақын-жырауларының шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Мысалы, Адай-Мұңал-Жары-Тастемір ұрпағы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966) атамыз:
«Атамыз Адай – Мұңалдың
Кіші жүздің ішінде
Қарасам қатар теңі жоқ,
Шашылған дабыл-даңқыңның
Баяны болса кемі жоқ.
Бүгінгі жүрген адамнан
Дәрежесі артық жаралған,
Адайдан Мұңал болғанда
Тұсында озған ешкім жоқ» (Жыр-дария 252 бет).
…Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай.
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Кәпірден теңдік алуға,
Қайтып та келер деймісің,
Мұсылманның баласы,
Шыңғыстан туған хандар-ай»… Бұл Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның
зары. Біз бұдан бүкіл қазақтың 700-800 жыл бойы, Шыңғыс қағанды әулие деп қадір тұтқанын көреміз.
Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.
«Дүйімбаян, Шыңғысхан –
Нәсілің нұрдан жаралған
Халқына әділ қараған
Ауыз тимей парадан,
Пақыр-міскін, бай мен бек,
Жарлы, жалсыз, аз бен көп
Бәрінде бірдей санаған (115 бет).
…Шын ұлындай Шыңғыстың
Сұрасаң асыл тектері,
Ерлігін айтып мақтасам
Толып жатыр еткені» (206 бет) деп, аруағын атап, бас иіп, тағзым етіп жүретін болған. Дүйім Баян дегені – Шыңғыстың арғы атасы, жазба деректерде Дубу Баян делінеді. Нұр деп Әлеуке (Алан-гуа) ананың нұрдан бала туғанын айтып отыр. Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес, — деп жырлайды дана ақын. (Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966), «Аманат» Алматы-1996).
Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны Қазанғап (1889-1945) өзінің ата-тегі жайлы жырында:
«Төле дейді ұранын,
Қоғалы дейді тұрағым,
Бақтиярдан ажырап
Бәйдібек бай, Жәнібек
Жалғыз ұлы Жарғышақ
Домалақ деген ананың
Албан, Суан, Дулат боп,
Бөлініп бері шығамын
Жарылғамыс, Жанту боп
Жаныстан келіп тарады
Патша менен ханы көп
Ілгері өткен заманның
Ұлы Шыңғыс ханыңды
Алдымен баян қылайын» («Төле би». Алматы 1991.-18 бет.) Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.
«Зұлқарнайын Ескендір»,
«Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,
«Қырық тарау ноғайлық»
Дастандарым тағы бар,
Бәрі бізден табылар.
«Бұл да болмайд» десеңіз,
Мына отырған жыршыңыз
Жан қалтасын қағынар.
Өздеріңнен аяйтын
Жыршының не жаны бар?!. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап береріңіз сөзсіз.
Тура осындай деректі, яғни Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оның «нәсілінің нұрдан жаралғандығын» Адай – Тобыштың — Зорбайы Бәйімбет Телеуұлы «Замананың құлқына» атты жырында:
«Ертеде өткен ерлерден
Ноғайлының Едіге,
Шыңғыстың өткен заманы
Асылы нұрдан жаралған,
Таймаған жолдан табаны» деп жырлаған.
«Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,
Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,
Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел
Емес пе едің – жұртым саған не болды?!».. (Ғұмар Қараш). Қазтуған да, Мұрат та, Ғұмар Қараш та Шыңғыс ханды қазақ деп анық айтып тұрған жоқ па?
«Кім білмес кешегі өткен Шыңғысханды,
Жартысын дүниенің түгел алды.
Талайын Европаның бас игізіп,
Қорқытып Қытайға да алым салды.
Қолына туып еді қан уыстап,
Әлемді билейтұғын үлгі нұсқап.
Қойылған Шыңғыстауға соның аты,
Өзенін осы хақан кеткен қыстап.
Ортасын араб, қытай түгел алып,
Азия, Европаға жарлық салып.
Мейірімді, алған елге әділетті.
Кетеді, қарсыласса, қанға малып.
800 туғанына жылдар толды,
Темучин атын бұзып, Шыңғыс қойды.
Шыдамды Шыңғыс деген мықты демек,
Отызға келмей тұрып бақыт қонды.
Ол туған Бүлүнжылдық деген жерде,
Рахымды қол астында кірген елге.
Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған,
Ой жібер, міне, осындай кемеңгерге» (Ш. Құдайбердіұлы «Қазақтың түп атасы»).
«…Танымадың атаңды,
Қазақтың ұлы қағаны
Шыңғысхандай бабаңды.
Танымасаң атаңды
Танытайын мен саған
Атамыз Мұңал Жарыдан
Мұңалжар деген тау қалған (Ақтөбе облысы, орысша Мугаджар деп аталады).
Ұлытауым ардақтым
Сарыарқамның төсінде,
Шыңғыстау деген тау қалған.
Сол Шыңғыстың шыңында,
Мұңал деген шың қалған
Алтайдың арғы шегінде
Мұңал деген ел қалған (қазіргі Монғолия).
Тоқтамасаң оған да,
Соншама милау болмасаң,
Айтқан сөзге көнбесең,
Ақиқат деген ауылдың
«Қонағы» болып қонбасаң
Ұрпағы оның мен қалғам.
Атамыз Жары болған соң,
Шыңғыстан әрі болған соң.
Тоқтамыс-Табай шығады,
Жошыдан бізге қалған жол» (Шыңғыс Хан ұрпағы; Жары-Тоқтамыс-Табайтегі; Аманжол
Орынбасарұлы Шеркешбай. «Адай тегі» толғауынан үзінді).
«Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай данышпанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер! (Мағжан Жұмабай).
«Шатастырып тарихтан адастырған,
Күнаһар қанша ғасыр аласұрған.
Шатпақтап шындығымды шырылдатып,
Алыпты «Зұлым» ол деп шатастырған.
Не пәлені жаппады Шыңғысханға
Халқы үшін жан пида соғысқанда
Әлемде теңдесі жоқ қолбасшы ерен
Жаһанға жақсылық деп тырысқанда.
Қоймайсың тарихымды кейде тұсап
Жата ма қап түбінде алмас пышақ
Ашылды алтын белі ақиқаттың
Егемендік еліме құшақ жайып.
Таны елім Шыңғыстың кім екенін,
Байтақ дала сағымды кең екенін
Азаттық қойып жатыр өз орнына,
Кімнің ез, кімнің кенен ер екенін.
Теңдесі жоқ тарихта адамзаттың,
Ел перзенті Шыңғысым ғаламатсың,
Қайтарылды ұлтына заңғар тұлға,
Биіктеп түра берер ғажап атың.
Болмаса Шыңғыс бабам, сайын далам,
Айдында, ай аманда қайырлағам.
Тігіп кетті қағанның үлы туын,
Бар әлем басын иіп мойындаған.
Тарихымды түлеткен алып бабам,
Қыранымсың мәңгілік қалықтаған.
Көтерілді көгіме Шыңғыс туы,» (Айтмұхамбет ЕСІМҒАЛИҰЛЫ, ҚР журналистер одағының мүшесі).
««Моңғолдың құпия шежіресі» мен басқа да көне әдебиеттерде жазылған дерек
бойынша, Шыңғыс ханның мүрдесін қазақ арбасына артып, өз еліне қарай алып жүреді. Арба қозғалған кезде Сөнид тайпасынан шыққан хас батырлардың біреуі Гөлуге жыршы (біздіңше Күшік деген есім) көзінің жасын көл қылып тұрып:
Қайран да менің хан Ием
Қаршыға құстың қанаты болып қағылып,
Қазақы арбаның жүгі болып таңылып,
Кеткенің бе, ел-жұртыңды зар қылып- деп басталатын ұзақ жоқтау-толғауын айтады.
Жолда орман-тоғайсыз, тақыр бір белегірге келгенде, жауын-шашынсыз құрғақ жерде арбаның артқы екі дөңгелегі жерге кіріп кетіп, алып жүрген адамдар шығара алмай әбігерге түседі. Күштейін десе жерге батқан арба сынады, асықпай алып жүруге мүрдені жеткізу ісі уақытынан кешігеді. Сонда қолбасшыларының біреуі Көк тәңіріне жалбарынып дұға оқиды:
…Тұтас елің, монғолың,
Тума балаң, ханымың,
Туысы бір ағайын,
Туған Дэлуін-Болдығың,
Тым ұзақта қалып тұр.
Кер айғырдың кекілі,
Кере істеген жалауың,
Керней-сырнай ұраның,
Керлен, Хөдө аралың,
Кіл шалғайда қалып тұр.
Ақтық демің бітсе де,
Асыл туған ақ дене,
Алып, қорғап барайын.
Бөрткелжіндей ханымға,
Бүкіл дүйім халқыңа,
Бақыл етіп берейін» (Амантай Тойшыбайұлы «Шыңғысхан: Аңыздың ақырғы ақиқаты» Abai.Kz).
««Құпия шежіренің» қазақ халқының төл туындысы екенін дүние жүзіне ашық жариялауымыз керек.
Бұл замана талабы, өткен аталарымыздың алдындағы борышымыз. Әр халықтың пір тұтатын ұлттық қаһарманы болады. Сондай адамдарға француздың Наполеоны, орыстың 1- Петр патшасы, индия халқы үшін Мхатма Ганди, дағыстан халқы үшін имам Шәміл секілді адамдар жатады. Ал қазақ халқының осындай ұлттық қаһарманы — Шыңғыс хан!
Өз сөзімен айтқанда:
«Алтын денем қалғыса да,
Ардақты елім солмасын.
Бүтін денем қажыса да,
Бүкіл елім тозбасын.»
Бұл жерде алып – қосар еш нәрсе жоқ.
Шыңғыстың қазақ екендігін Кеңес үкіметінің оқуы мен тәрбиесі өтіп кеткен қазіргі қазақтар білмесе де ескі көздер білген. 1921 жылы Кеңес үкіметінің кезекті құрбаны болып атылып кеткен Пышан ақынның бір айтысын келтірейін. Пышан Жәлменде ұлы Жалайырдың Байшегір руынан. Қасындағы 30 жігітімен серілік құрып жүріп, Жалайыр – Андаста өткен бір тойда бір байдың апалы – сіңілі Әшіркүл, Зейнеп деген екі қызымен айтысады. Айтыстың аяғына таман Пышан:
— Қыздардың сөзі өткенге құрсанмын ғой
Қуанам айдағандай жүз сан, мың қой
Қашанда қыз атаулы маған құмар
Белгілі Жетісуға Пышанмын ғой.
Әшіркүл, Зейнеп:
— Біреуге жалынбаймыз, әзір тыңбыз,
Атаңыз Байшегір – ді емес шың-құз.
Кебесің Пышанмын деп, біз қайтпекпіз
Бас ұрған барлық қазақ –атам Шыңғыс – деп салған. Осы кезде Пышанның жанындағы жігіттері де, Жалайырдың тойдағы игі жақсылары да Шыңғыстың аты аталған соң Пышанды «енді қой» десіп орнынан тұрғызыпты. Сондағы Пышаның түрегеліп тұрып айтқаны:
— Cөзіңді өзің айтқан қайталайын,
Ауылыңа қонақ болып жайланайын.
Бабаны айтып қалдық, енді қойдым
Шыңғыстың әруағынан айналайын!
Сөйтсе бұл екі қыз Шыңғыстың тікелей ұрпағы болып келетін Құсбек, Жүнісбектің тұқымы екен. Осы екі ақын қызға арнап Пышан «Әшіркүл, Зейнеп» деген ән шығарған. Кейін осы әнді комазитор Евгений Брусиловский жазып алып «Жалбыр» операсына кіргізіпті. Қазақтың өз атасынан басқаның әруағына сиынбайтынын әркім – ақ білетін шығар. Шың – Құз Темірдің Лақап аты екенін осы айтыс та айғақтап тұр. (Ақылбеков Ш. М. «Шыңғысхан — Аңыз бен ақиқат»).
« Мен, Мен, Мен едім!
Кер Сақ Абтан тараған,
Итжеккен мен Алтайдың
Арасынан аң алған!
«Керейлер қайда!»-дегенде,
Үш Жүз Қырық қанат Ел едім!
Ай, Шыңғысхан Қаһан Бабам-ай!
«Бізге тоқтар жау жоқ!»-деп,
«Ашамайлы ноқта!» -деп,
Үш Жүз Қырық қанат Керейден
Ордасын бөлдің Төренің!
Керей ханның тұсында,
«Он Екі Ата Абақ!»-деп,
Он Екі Ата Байұлы
Жиырма төрт қанат көтеріп,
«Дау қайда?!-деп жөнедің!
Ай Кенекем, Кенекем
Сен билікке келгенде
Ата сөзден іріді
Бұлақ көзден бүлінді
Абылайдан қалған Сара жол
Қақ Ортадан тілінді
Сары жолақ киіндің
Ақмоладан бақ ұшты
Тар қыспақта жер құштың
Қолдан тайды берекең
Уа Алты Алаштың баласы
Ақ жолыңды ала етіп
Ақ патша алтын аяққа у шашты
Ащы зармен келесің
Ащыға тәтті болсам деп
Зарлыға қуаныш болсам деп
Бекіредей бес қатар
Иірімнен көкке атылған
Екпініне жар құлар
Жайықтың асау жайыны
Маһанбет Ұраншы мен едім!
Ата Жұртым Қазығұрт
Ана Жұртым Өр Алтай!
Атасы мен Анасына оқ атқан
Азғындардың басын кессем деп едім.
-Уа, Алты Алаштың Азаматы
Атаң қазақ болғанда
Алтын бұлақтан су ішкен
Алтын жағалы тон киген
«Зұлмарт» берен тартынып
Төрт құбылысына Ту тіккен
Қаһарынан жау қашқан
Айбарынан от шашқан
Қаһандардан туған жоқпа едің?» («Махамбеттің жырынан» Ілесбек Байжанов, Шымкент).
«Қазақ сөзі ой жүгіртсең бес әріптен тұрады,
Ой жүгіртсең тұнып тұрған тарих оның құрамы.
Дүние тану тарихының ең басында орыны.
Дүние жүзі әуел бастан болған оның тұрағы.
Сенбесеңдер атласты қолға алыңда қараңдар,
Қазақша атау жер бетінде қанша екенін санаңдар.
Қазақ атам ат тұяғы баспаған жер кемде кем.
Адам ата қазақ болған мейлің сенбе мейлің сен.
Мағынасын ашып көрсек бес әріптің енді біз,
Зейін қойып оқы ағайын қызығына келдіңіз.
Сәби тұңғыш келген кезде дүние есігін ашады,
“Қаз” тұрады, “қаз-қаз” аттап жер ананы басады.
“Қазына”жинап, “қазы” болып әділ билік айтады,
Адам ғұмыр “қаза” болып топыраққа қайтады.
“Қазан” айы астық, өнім бабына кеп піскен кез,
Жиған терген ырыс болып “қазанға” кеп түскен кез.
Қазақ деген ғұмыр бойы “қазғанудан” тұрады,
“Темір- қазық ” мемлекеттің бағыт бағдар тұрағы.
“Қазан” деген о заманнан мемлекеттің атауы,
Түсінгенге қазақ сөзі ата баба ұраны.
Қазақ сөзі таусылмайтын кетпейтұғын жыр естен.
Ата-бабам әуел бастан қас жауымен тірескен.
Түсінгенге қазақ халқы өркениеттің басында.
Қазақ болып қалу үшін ғұмыр бойы күрескен.
Қазағымның даналығын ойға салып білсеңіз,
Бес әріпке қанша мағына сыйып кеткен көрсеңіз.
Өз тарихын бес әріпке қалай ғана сыйдырған,
Қазақ атын ата-бабам қойып кеткен сенсеңіз.
Өз бастауын алған екен сонау ықылым заманнан,
Еділ менен Шыңғыстай ер қай ұлтта бар жарандар,
Жирма миллион сөздік қоры қай ұлтта бар қараңдар.
Қазағымның даналығынан ой өрісімді суарам,
Мақтанышпен қазақ болып туғаныма қуанам» (Қ.Насыреддин).
…«Тапжылмай таққа отырып Ұлы Қаған,
Топтасты бір ел болып Ұлы Далам.
Шыңғысхан бар әлемді бағындырды,
Жауына жүрегі оның жылымаған…
Ешқашан елдік үшін аянбады,
Алынды талай шептер қияндағы…
Жүз елу, екі жүз мың әскерменен
Сап құрды Шыңғысханның нояндары!..
Бұл сапта Керей, Найман, Оңғыт, (Уақ) болды,
Жалайыр, Арғын, Дулат, Маңғыт болды.
Бұл сапта Татар, Меркіт, Қаңлы, Қыпшақ,
Қырғыз бен Ойрат, Бурят, Якут болды…
Бұл сапта болды Үйсін, Ноғайың да,
Қоңырат, Қожа, Ұйғыр – талайың да…
Айналған бәрі туыс, ағайынға,
Бұл сапта Алшын – Мұңал-Адайың да!..
Білсеңіз, Жебе ноян – Жорға Адай-ды,
Шыңғысхан неге оны қолдамайды?!
Қолдайды, өзі де Адай, тегі Мұңал,
Ол қалай қазақ арын арламайды?!
Халықпыз терең тамыр, дәбіміз бар,
Халықпыз маңдайында бағымыз бар…
Үш Жүздің кенжесі Адай-Мұңал болса,
Қарашаңыраққа қалайша дауымыз бар?!
Шыңғысхан орындалып мақсатының-
Құрса егер мұңал (моңғол) патшалығын:
Бұл өзі — кенже ұлдың шаңырағы,
Қазақтың шыққаны ғой жақсы атының.
Қазақтың туын көкке тіктегені,
Қазақтың мойындалып мықты екені,
Алтайда адайдың мол таңбалары,
Алтайым қазағымның құт мекені!
Бұл Мұңал кімді тегі құл етпеді,
Түкті екен шеттерінен жүректері.
Әлі де ұрпақтары өр мінезді,
Іске асып ата-баба тілектері.
Іске асып бүгінде елміз асыл арман,
Халқымның келер туып асығы алдан.
Шыңғысханға қытай, ойрат таласып жүр,
Бір кезде бабаларым басып алған.
Біз кезде бабаларым басып алған,
Жауласқан қас дұшпанның басын алған.
Бір кезде Еуропаң, Азияң да,
Қазаққа басын иген орыс-орман…
Дәуірлеп күн кешкен-ді халқым сонда,
Дүрілдеп тұрған еді даңқым сонда
Мәскеуді ортқа ораған Мамай, Орақ,
Тоқтамыс, қандай еді Алтынорда!
Жеттік қой Балтық асып ел шетіне,
Үндістан, Ауғаныстан, Парсы еліне…
Бәрі де бағынышпен күн өткізді,
Шыңғыс-Жошы-Бату әскеріне!!!
Салдырған мәлім сәнді сарайлары,
Жанды ғой бұл қазақтың талай бағы…
Қазақтың шаңрағына ие болған-
Әйгілі Моңғол-Мұңал Адайдағы.
Жайымды ұғарсың сен сезіп көрсең,
(Жаулардан ұтыласың сезік берсең).
Адай мен Қазақ қатар аталады,
Кең байтақ даламызды кезіп көрсең.
Мұңалжар, Мұңалошақ – тұлғаң бөлек,
Сол ошақ Қазығұртта түрған дер ек.
Алатау, Алтай, Сауран, Сырдың бойы,
Тіл таңба, тас таңбаға тұнған дерек.
Халық жоқ жер бетінде моңғол деген,
Ру бар қазағымда мұңал деген.
Жаралған сол Мұңалдан Шыңғыс қаған,
Қазақты ел етудің қамын жеген.
Демеңіз мынау неткен тосын сый ед,
Адайлар – төре тұқым, асыл сүйек.
Жаралған дейді бабам Күн нұрынан,
Шыңғысхан Көктәңірге басын иед!
Жаралған сонау дәуір Сақ жерінен,
Тарихтың алып орнын қақ төрінен!
Қазақты жер жүзіне мойындатты,
Жаралып Алан Қуа – Көкбөріден! (Ғалым Әріп «Қазақ – менің ұраным»)
Ал, Шыңғыс қағанның өзі елінің амандығын ойлап, ұрпағына мынадай сөз қалдырыпты:
«Құлаш бойымнан тұтамы қалса да,
Сен аман бол, Төре елім!
Тұла бойымнан қайратым кетсе де,
Сен аман бол, Ұлысым!».
«Алтын денем қажыса, қажысын,
Алып төрім уыстан кетпесін!
Тұла бойым шалдықса, шалдықсын,
Тұтас ұлысым шашылып кетпесін».
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ АТА-ТЕГІ ӨЗІМІЗДЕ ЖӘНЕ ОЛ ЕҢ СЕНІМДІ ДЕРЕК КӨЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ҚАЗАҚТЫҢ РУЛЫҚ ШЕЖІРЕСІН ЖЕР БЕТІНДЕ ЖОҚҚА ШЫҒАРА АЛАТЫН ІЛІМ ЖОҚ. Бұл ілім ел арасында сопылық (тарихат) жол деп те атала береді.
Атам қазақтың РУЛЫҚ ШЕЖІРЕСІ сөйлейді: Шыңғысханды қазақ деп айтуымыз үшін, міндетті түрде атамызды 105 таңбалы (105 рулы) қазақтың бір руынан шыққандығын дәлелдеуге тиіспіз. Егер біз мұны істей алмасақ, атамызды қазақ деп атауымызға ешқандай құқығымыз болмайды.
— Атамыздың тегі Қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені даусыз. Аспандағы ай менен күн қандай ақиқат болса, Шыңғыс қаған атамыздың тегі қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені де сондай шындық.
— Қазақ (Қазақ қаған, бүкіл әлемді билеген ұлы патша). Қазақтан үш бала: Ақарыс (ұлы жүз), Жанарыс (орта жүз), Бекарыс (кіші жүз).
Түсініктеме: Ақарыс – Аға арыс (ағасы), Бекарыс – Кіші жүз, деп аты айтып тұрғандай қазақтың ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі болып табылады.
Бекарыстан алты ата Әлім, Жетіру және Он екі ата Байұлы қосылып 25 тақта (25 таңбалы) кіші жүзді құрайды.
Байұлынан — Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Есентемір, Шеркеш, Таз, Тана, Жаппас, Ысық, Беріш, кенжесі Адай.
Адайдан екі бала – Құдайке (Ад-гу), кішісі Келінберді (Ад-лу).
Құдайкеден екі бала – үлкені Тәзіке, кішісі Қосай.
Келінбердіден алты бала – Құнанорыс (Рысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау (Жеменей), Тобыш, кенжесі Мұңал.
Мұңалдан — Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы, Алақұнан.
Сонда Шыңғысханның шыққан Қиян (Қият) руы былайша өрбиді.
Адайдан – Келімберді – Мұңал — Жаулы — Жары — Мұрат (Кеще) — Шортық — Бұхар — Құрым — Сүйіндік — Тұрнияз — Айытқұл – Қиян болып таратылады. Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы шежіресінен алынды (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 67 бет).
Қазақ та «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Адай атауы сөз түбірінде Ада (Ата) деген атты иемденген және сонымен қатар Шежіренің де ең соңында тұр.
Шыңғыс қаған өз орнына, яғни Ата жұртына үлкен ұлы Жошыны хан етіп бекітті. Бұл қазақтың отбасылық жүйесімен де толықтай сәйкес келеді, яғни әкесінен кейін әулеттің билігі, болса әкесінің інісіне, жоқ болса үлкен ұлына көшеді. Сол әкенің барлық балалары ең жасы үлкеніне бағынады. Бұл кезінде бүкіл қазақтың, соның ішінде Шыңғысхан қағанатының да айнымас заңы болған. Бұл қағида қазақи орта да күні бүгінде де сол қалпында қолданылады. Қазақтың ұлттық идеологиясының негізі осы.
Осы шежіре деректерінің төмендегідей бұлтартпас топономикалық айғақтары бар:
— Адайдан — Қап (Кавказ) тауының ең биік шыңдарының бірі Адай шыңы, Мұңалияда (қазіргі Моңғолия) Адай атты көл, Адай атты өзен;
— Мұңал мен Жарыдан — Арал мен Қас би (Каспий) теңізі ортасында Мұңалжары (Мұғаджар) тауы;
— Мұңалдан — Шыңғыстаудың ең биік шыңы Мұңал шыңы; (Көңіл аударайық, Шыңғыстаудың ең биік шыңына Атасының аты қойылған).
— Мұңалдан – Алтайдағы Мұңал (Моңғол) даласы;
— Мұңалдан — қазіргі Монғолия мемлекеті;
— Шыңғыстан — Сарыарқа да Шыңғыстау деген тау;
— Жарыдан — тіпті сонау Америка құрылығының Амапа жерінде де Жары атты өзен, Жары атты көл бар. Өзіміздің елде де Жаркент (Жары кент қаласы), Жарбұлақ (Жары бұлақ), Жартас, Жарқұм, Жармыш, Жарма, Жарысу, Жарқұдық (Жары құдық), Жарты, Жаршеке (тау), Жарауыл, Жарын, Жарбөгет, Жарас атты топонимдер толып жатыр. Осы атаулардың барлығы дерлік Маңғыстауда орналасқан.
Мұңал-Жары руы Манқыстауда Адай халқының үлкен бөлігін құрайды. Себебі, Манқыстауда «Жарының мал іздегендері де бір үй толтырады», «Жары көп пе, тары көп пе», «Таяқ лақтырсаң Жеменейге тиеді, егер Жеменей бұғып қалса Жарыға тиеді» деген сөздер ежелден айтылып келеді;
— Бұхардан — Бұхара қаласы (қазіргі Өзбекістан жерінде);
— Шыңғыс қағанның арғы аталары Қаралардан (Түпқараған (Қарағантүп, Қараған түбек), Қараман Ата (бейіт, қорым, алқап), Қарақия (ойпат), Қарамандыбас (ежелгі шумерлер (маялар) өздерін Қарабастар деп атаған – Қарақұрым (Шыңғысхан қағанатының астанасы);
Құрымнан – Қарақұрым (Шыңғысхан қағанатының астанасы);
— Мұңалдан – Қияннан (Қият) – Қарақия (Қара Қия); Қият деген көптеген рулар мен қалалар;
— Қияннан – Қиян (алқап), Қиянды (шатқал), Қияқты (тау) (Маңғыстауда).
— Шортықтан – Шорым атты жер атауы (Маңғыстауда).
Осы рулардан қалған топономикалық атаулар әлем картасында өте көп. Оның бәрін жазатын болсақ, оған арнайы кітап арнау қажет болатыны сөзсіз.
«Тарихи құжаттар бойынша Шыңғысханның атамекенінде Бұрқан, Түрген, Жаркент деген жерлердің бар екені нақты жазылған. Осы үш жер аты да Жетісудың Жаркент жерінде ертеден бүгінге дейін сақталып келеді» (Т.Ә.Тыныбайын Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, шыңғысхантанушы, тарихшы, аудармашы).
Түсініктеме: Жаркент – Жарылардың кенті. Жары өздеріңіз көріп отырғандай Шыңғысхан шыққан рудың аты.
Бұрхан – Бөрі хан деген мағына береді. Бөрі мен қасқыр синоним. Бөрі (Көк бөрі) Алшынның балама атауы.
Түрген – Түрік кенті. Түрген мен Түрік «Түр» деген бір түбірден. «Ген» мен «Кен» де солай. Ал Түрік дегендегі «Ік»-ке келсек, бұл Түрік жігі деген мағына береді. Мысалы, Ақ Кетік – Кете жігі, Бөрік — Бөрі жігі (Шыңғыс ханның руын Бөржігін деп атайтындары осыдан).
«Қиат – ру аты, о баста Қиан дегеннен шыққан, ол моңғолша таудан құлап, тез ағатын су дегенге келеді, ал қиат – соның көпшесі, яғни соңғы «т» дыбысы көптікті білдіреді» (Әбілғазы «Түрік шежіресі». Бұл бүгінгі тіл ғылымы (лингивистика) саласының түсінігіне де қайшы емес. Өйткені «т» дыбысының орал-алтай тілдерінде бір кезде көпшелікті білдіретін қосымша болғанын түркітанушы ғалымдар жете дәлелдеген.
Ғалымдарда Қиян мен Қият бір ұғым, бірінің орнына бірі қолданыла береді деген тұжырым қалыптасқан. Ақиқатында, Қия-ға жалғанған «Н» менен «Т» бір дыбыс емес.
«Н» дыбысы ежелде де, қазірде де «баласы, ұрпағы» деген мағына да, қазіргі «ов пен евтердің» орнына қолданылған. Мысалы, Балықшы Сақ Ғұн – Баласағұн, Сарыны баласы – Сарин, Алтынсарының баласы – Алтынсары, Нұралин, Нұртазин, Майлин, Мұстафин, Мамин, Карин т.т. болып кете береді.
Ал «Т» дыбысы, тек қана толып-толысты дегенді білдіреді. Ежелгі қазақтардың барлық дүниені тоғыз-тоғызбен есептейтіні осыдан. Мысалы, Ұлт – ұл (бала) толысып, ұлтқа айналып тұр, сүт – су ағарып, сүтке айналған, өрт – жанып кеткен, ештеңе қалмаған, жылт – көрінді де жоқ болды т.т. болып кете береді. Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.
Осы «Н» мен «Т» дыбыстарын сөйлету арқылы Қиян мен Қияттың тегін айна қатесіз анықтай аламыз. Себебі, Қиян деген ру аты Адайдың рулық жүйесінен өзге шежірелердің ешқайсысында жоқ. Бола да алмайды. Себебі, адамның тегі көп адамнан емес тек қана бір атадан тарайды. Ал Қиятты барлық ежелгі рулардың ішінде бар десе де болады. Қият көпше мағына береді. Қияттар Қиянның толып-толысқан ұрпағы.
Тарих тағлымы: Бүкіл ғаламды алсаңда, қаншама байлық жисаңда бәрі өзіңмен бірге кетеді. Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының ең абыройлы парызы болып табылады. Бұл парызға соңғы екі мыңжылдықта Шыңғыс ханнан артық адал болған адам жоқ.
ЕрсінСәрсенбі, 09.03.2016
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім-жазғандарың көкірекке қонымды бірақ сіз Шыңғысты адай, мұңал демей қазақ деп сөйлесеңде жетіп жатыр ғой. Менің түсінбейтінім моңғолдар Шыңғысханды осы атымен атайды неге мысалы Цеденбал хунтайшы деп атамайды моңғол екенін дәлелдемек болса.
менСәрсенбі, 09.03.2016
Мұны ғылыми негізде халқаралық деңгейде дәлелдемесе сандырақ әңгіме қатарында қалабермек. Сөзден сөз тудырып басты көзге ұрабергеннен ештеңе шықпайды Мұқамбеткәрім мырза, елді шатастырмай жөніңе жүргенің дұрыс болар. Мұңал түгелі атасы Адайдың өзі күні кешегі адам Шыңғысқа қарағанда, осыған біреу сенеді деп уақытыңды текке өлтіріп шимайлап отырмысың, бос әуре. Жарайды, орыс жасырып бақсын, сонда басқа әлем тарихшылары не бітіріп отыр мұны қазбаламай? Дәлел-дәйексіз оттағаннан абырой таппассың, босқа күлкі болма, сенің шатпағыңа басқа сайттарда да қанып болдық.
Oerken Toqtar uliСәрсенбі, 09.03.2016
Менің білуімше мұңғұл сөзі көне түркі тілінде надан, ақымақ, аңқау деген ұғымды берген. Сборник летописей-де: Оғыз ханның туғандығынмұсылман болғандығын және ер жеткенше исламға жасырын сеніп келгендігі, ол кезде Қара ханның ислам дініне сенбейтіндігі туралы жазылады. Оғыз хан ер жетіп хан болған соң ол қол астындағыларынан ислам дініне кіруді талап етеді. Әкесі қара хан бұған қарсы тұрып, ел екіге бөлініп, араларында ұзаққа созылған соғыс болады. Қара хан соғыста қайтыс болады. Соғыс 70 жылға созылып, ақырында Оғыз хан жеңіске жетіп, Тараз қаласын алады және исламға сенбейтіндерді мұңғұлдар (надандар) деп атап, елінен қуып жібереді. Мұңғұлдар шығысқа қарай көшіп, оғыздармен көрші тұрған екен. Сондағы мұңғұл сөзі шынында кемісту мағынасында айтылған екен. Ал кейін олардың ұрпақтары ислам дінін қабылдап, осы аттан құтылады.
Ал жоғарыдағы Қожырбайұлы Мұхамбеткәрімнің ұзыннан ұзаққа жазып кеткен, Шыңғысхан Адайдан тараған деген сөзінің жөні жоқ. Өйткені, Шыңғысхан адайдан тарау үшін, адайлар жалайыр руына кіру керек. Меркіттер сол кезде одоиттер деп те аталатын көрінеді. Сол одоиттер қазіргі адайлар болу керек.
Құралас руы қазақтың қоралас руы болу керек.
Әсілгі мұңғұл рулары деп қазақтың ұлы жүзіндегі бірқанша рулары атап өтілген: Албан(албат), Суан(сукан), Дулат(дуклат), Жалайыр, Қоралас(құралас), Қойынды(хуйинди) т.б. Ал Жетісұудың кезінде Мұғұлстан деп аталғанын ескерсек, бұл сөздердің шындығына күман келтіре алмайтыныңыз анық.
Oerken Toqtar uliСәрсенбі, 09.03.2016
Мұңғұлдар алланың әмірімен бүткіл дүниені жаулап алған соң өздерін құдыретті көрсету үшін Қытайлар және қарақытайлар өздерін мұңғңлмыз деп атап кетті. Сондағы қытайлар қазіргі қытайдағы моңғолдар, ал қарақытайлар қазіргі Моңғолиядағы моңғолдар болғаны тариқтан анық.
Oerken Toqtar uliСәрсенбі, 09.03.2016
Бауырлар, өткен тарихымызды зерттегендеріңіз жөн-ақ. Бірақ біз өткенімізбен ғана өмір сүре алмаймыз ғой. Еліміз тәуелсіз болғанымен, тіліміз әлі тәуелді. Сол тәуелдіктен құтылу үшін менің латын әліпбиіне көшу туралы толғанысым бар еді. Соған өз ойларыңызды білдірсеңіздер маған да құп болар еді.
http://ult.kz/?p=14669
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Менге! Жоғарыдағы деректер Сіз үшін дәйекті дерек болуға жарамаса, онда Cіp үшін «ҚАЗАҚТЫҢ РУЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫН» сөйлетіп көрелік:
Таңбаны – қазақ руларының жеке куәлігі десе де болады.
Шыңғысхан қағанатының бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба» болған. Бұл таңба бүгінгі Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргададағы Шыңғысханға арналған «обелискіге» салынған. Бұл «Тіл таңбалы Адайлардың», яғни Адам Атаның қарашаңырақ иелері Адайлардың бас таңбасы.
«Арам менен адалды
Айырған бізге Құранды
Құранды берген Құдайды.
«Тіл таңбалы» Адай ек
Әулие Бекет ұранды» Бұл әйгілі жырау Нұрым Шыршығұлының толғауынан үзінді.
Әйгілі «Сырым батыр» дастанында:
«Тіл таңбалы» Адайдан
Атағозы батыр бар» деген жолдар бар.
«Болғалы Алшын — Алшын
Адай қорған,
Қанатын Қаз едік қой қатар керген.
«Сұр жебе», «Тіл таңбалы»
Байрағымды
Жеңіспен желбіретіп Атам келген» (Сабыр Адай).
Маңғыстаулық шежіреші Жетібай Жылқышиевтің (1940-2015) баспадан 1998 жылы жарық көрген «Тіл таңбалы Адайдың ақындары» атты жинағы бар.
«Тіл таңбалы Адайдың ақындары» атанып, түп-тұқиянынан ділмарлығымен, шешендігімен дараланып, Тәңірден өзгеше сый алған жырау бабалардың есім-сойлары төменде келтірілген: Абыл Тілеуұлы Өтембеттегі (1777-1864), Қалнияз Шопықұлы (1816-1902), Нұрым Шыршығұлұлы (1831-190
, Қашаған Күржіманұлы (1841-1929), Ақтан Керейұлы (1850-1912), Аралбай Оңғарбекұлы (1857-191
, Өмір Қараұлы (1856-191
, Өскімбай Қалмамбетұлы (1860-1925), Ізбас Есімұлы (1870-1930), Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966), Бәйімбет Телеуұлы (1876-1931), Көкен Төлепбергенұлы (1882-1970), Түйте ахун Өтесбайұлы (1882-1937). Бұл тізбек күні бүгінге дейін сетінемей, сөгілмей, Құдайдың шынайы дінін уағыздайтын, осы тақырыпты Темірқазық етіп алған «алтын тізбек», асыл көш. Қазір қанша зерттесең де сарқылмайтын дүние, қанша қазсаң да, таусылмайтын қазына». (Мұхит ТӨЛЕГЕН).
“Нұралы ханның тұсында, тіл таңбалы Адай елінде, өзі батыр, өзі би Атақозы деген болған екен» (Тарихшы, мұра жинаушы, жазушы Жайсаң Ақбай «Ерен Ер-Сырым» 2002).
«Маңғыстауда таңба өзге малға емес, тек жылқыға ғана басылатын белгі. Мәселен жолаушылап келе жатқан адам қай рудан екендігі мінген атының таңбасынан белгілі болған. Адайлар жылқысына рулық тіл («Ш») таңбасын басқан. Мұндай таңбалар ешуақытта өшпейтін із қалдырған». Ефименко П., 1-Юридические знаки. Журнал министерство народного просвещения, ч. 1ХХҮ1. СПб., 1874, №11,12; Фиельструп Ф. Стр.97.
Шыңғысханның таңбасы – Адайдың тіл таңбасы. Бұндай таңбаларды Маңғыстаудың Қошқар Ата, Дөңғара қауымы, Шопан ата, Күйеу там, Оғланды, Ескі Бейнеу қауымы, Жаңаөзен қаласынан түрікмен еліне қарай жүз шақырым жердегі Ожабай ата т.б. 0ауымдардан көруге болады.
Осы жерде айрықша тоқталып, ерекше атап өтетін жағдай, жалпы біз Адам деген атты ең бірінші тіліміз шығып сөйлеген кезден бастап алғанымыз ешқандай дауға жатпаса керек. Демек, ең бірінші болып Адам ата мен Ауа ананың тілі шықты. Қаз Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар», Қас би (Каспий) деп аталуларынан Адам атаның қарашаңырағының иесі кімдер екендігі айқын көрінеді.
Сан мыңдаған жылдар бойы бүкіл әлемді билеген қағандардың бас таңбасы «Тіл таңба» болған. Оны екінші балама атаумен Қас би деп те атаған. Бүгінгі Каспий (Қас би) теңізінің атауы да, батыс елі тарихшыларының біздің аталарымызды «язычники» деп атаулары осы айтқанымыздың айдай айғағы.
«Язычник» демекші, бұл сөздің түбірі Язык, қазақша аудармасы тіл. Шындығына келгенде Язык деген сөздің өзі де таза қазақ сөзі. Бұл сөздің түпкі атауы Иазық (орыс тілінде «Иа» деген екі дыбыстың орнына «я» деген бір дыбыс қолданылады), яғни Азық, бұл бүгінгі қазақтың, яғни қазық жұрттың көптеген балама атауларының бірі.
«Ұлым дүниеге келгеннен бері, осы бір құс шықылықтап кетпей қойды деп, қара тасты қайтара жарып көргенде, «хасби» (Қас би М.Қ.) таңба шығады. Есукей батыр әлгі таңбаны үйіне әкеліп, арша-қола тұтатып, оны аса қастерлеп, аластап отырған сәтте, баяғы құс ұшып келіп, шаңыраққа қонады да «Шыңғыс, Шыңғыс» деп шықылықтайды.
…Шыңғыс қағанның тәңірге тән мәртебелі, әулие атанып, ұлы қағанаттың «Хас би» таңбасына иелік еткен мәнісі осылай екен.
Қас би (Каспий М.Қ.) таңба – Шыңғыс қағанатының белгі-мөрі» (Лувсанданзан «Алтын шежіре» Алматы-2009. 23-24 беттер).
Демек, Каспий теңізі Қаз Адайлардың лақап аты. Ең алғаш тілі шығып сөйлегендер, мынау он сегіз мың ғаламға, ондағы барлық құбылыстарға ат қойғандар осы біздің аталарымыз. Теңіздің атауы сондықтан Қас би деп аталған. Қаз елі – бүкіл әлем елдері мәдениетінің ең биік шыңы. Олар бүкіл әлем мәдениеті сайысынан бәйге алғандар. Соған сәйкес «Қас» сөзі де кез-келген ұғымның ең биік шыңы. Қазақтың Қас Сақ, Қас батыр, Қас мерген, Қас сұлу, Қас шешен, Қас тұлпар, Қас жүйрік, Қас дүлділ, Қас қағым, Қас дұшпан, Қас қыр (биіктік), Қасиет, Қас жақсы, Қас шеберлері осы тұжырымымыздың айдай айғағы.
«1206 жылы Шыңғысхан қағанатының ел таңбасында «Көкте тәңір, жерде қаған бар. Әлем иесінің таңба мөрі» деп жазылған (Эренжен Хара-Даван, Чиргис – хаан как полководец и его наследие. Алматы 1991, 19 бет).
Таңбалардың ұқсастығы ру-тайпалардың туыс екендігін білдіреді. Тарақ таңбалы бес тайпаның (төре, жалайыр, төлеңгіт, тарақты-табын, тарақтының өзі) және Мұхтар Мағауин айтқандай «діңі бір үшем бітік» таңбалардың түп атауы бар. Ол «Тіл». Осы көрсетілген үш таңбаның да пішін бір-біріне өте ұқсас. «Тіл таңбаның» қандай болатынын білгің келсе, Тіліңді шығарып айнаға қарасаң жарап жатыр.
Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ шежіресіндегі»: «Төре жоқта Тарақты төре болуға жарайды», – деген де сөзінің сыры осы.
Маңғыстаулық Адайлардың бірнеше таңбасы бар. Олардың негізгілері «Тіл» (Ежелгі шежірелердің бәрінде «Тіл таңбалы Адайлар» делінеді), «Шаңырақ» (ішіне крес салынған дөңгелек, бұл таңба Маңғыстауда бірнеше жерде бар), «Садақ», «Жебе» және «Садақ тартып тұрған салт атты». Бұлай болатыны, олар осы ұғымдардың бәрінің «авторы» деген сөз. Бұл тұжырым дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес.
«Адайлардың оннан аса таңбасы бар. Солардың ішінде бейіт басындағы құлпытастарда ең көп кездесетіндері мына үш таңба: (жебенің ұштары). Бұлар тек қана Адай таңба емес, Оғыз таңба деп те аталады. Алдыңғы екеуінің ұш жағы әр жаққа қаратылып қойыла береді» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы» Алматы-2009. 72 бет).
«Көк түрік халқының билеушілері-аспан түріктері гядье, или адье (а-де, адйе, ахи, эдиз) руларының өкілдері болып табылады. Ру таңбасы — а-де (Зуев Ю.А. Тамги лошадей из вассальных княжеств. 1960, Труды ИИАЭ Каз.ССР. Т. 8. С.132), ескі қазақ руының екі таңбасынан құрылған Адай: (Досанов Т. «Тайна руники». Алматы. 2009. С. 6
. Төменгі таңба Әлемдік Тау мен өзен бейнесін көрсетеді, өзен бастау алады. Адайлықтар өзінің негізгі таңбаларын, қабір тасына салынған әртүрлі графикалық нұсқаларын Садақ-Оқ-Лук-Стрела деп атайды, жоғарғы таңбаны нақты бейнелеу. Бұл белгі Йай тамга — Лук тамга деген атпен белгілі. Йай таңбасы -Әлемдік Тау, сәйкесінше Жәй-Найзағай (қазақ тілінде) -Су Иесінің басты қаруы (Жаңбыр) Аспан Құсы Қазақ дегенді білдіреді. Сондықтан Адай руының таңбасы — Су иесінің немесе Аспан Құсы Қазақ Анасының графикалық коды» (Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Аманқос Мектеп-тегі).
“Сонымен Рулық таңба − графикалық композициясының қисынға (логикаға), жер табиғатының, космостың заңдылықтарына негізделіп кодталған мағынасын табу арқылы сыйға берілетін ілгі (приз). Қандай ғажап! Алтын, Есентемір руларының атаулары мен таңбасы арқылы бізден мүлдем кетіп қалған Меру, Сумеру атты жоғарғы мәндегі сөздер Қаз үйіне оралды! Жаппас (Жап+Бас) атауы мен таңбасына байланысты Әлемдік Жап Басында − Қаз тұрғанын, оған қоса бұл ру атақты Сарматтардың құрамында болғанын және оларды Қазақ деп айырып білгеніміз еш күмәнсіз!”(Т.Досанов. Бағзықазақтың ұлттық жазу концепциясының пәлсапасы. “Таң-Шолпан”, №2, 2005 ж., 144-б.).
«Тіл таңбалылардың» қарашаңырағының иесі бүгінгі Маңғыстаулық Қаз Адайлар. Бұл дауға жатпайды.
Тарих тағлымы: Тайға таңбаны не үшін басады, білесіз бе?! Жоғалмасын, адаспасын, – деп. Демек, тай – біз, таңбамыз – тарих. Бір ғана ой, бір ғана мақсат, бір ғана тілек: таңбамызбен қоса тентіреп кетпесек болғаны.
Шыңғыс қаған өсиетінен: «Сөзді айттың ба – ол жақсы ма, жаман ба, әзіл ме, шын ба, бәрібір – оны қайтарып ала алмайсың; сондықтан әр сөзіңді безбенге өлшегендей салмақтап айт».
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Менге! «Жарайды, орыс жасырып бақсын, сонда басқа әлем тарихшылары не бітіріп отыр мұны қазбаламай? Дәлел-дәйексіз оттағаннан абырой таппассың, босқа күлкі болма, сенің шатпағыңа басқа сайттарда да қанып болдық» дегеніңізге айтарым:
ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ МҰҢАЛДАР ӘЛЕМ ТАРИХШЫЛАРЫ ЖАЗБАЛАРЫНДА
— Белгілі ғалым Владимир Белинский бүкіл саналы ғұмырын Алтын Орда тарихын зерттеуге арнап, мынадай тұжырым жасаған. «Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғысхан – қазақ». Ол өзінің бұл тұжырымын «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптарында келтірген.
Оның айтуынша, Кеңестік тарихшылар қаншама бұрмалағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екендігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шыңғыс ханның ұрпақтары, Алтын Орданың хандарының барлығы Моңғолстанда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ осыны білдіреді, дей отыра Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын көптеген нақты фактілермен дәлелдейді.
«Моңғол империясының негізін қалаған наймандар, керейлер, қияттар мен меркіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қытай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қазақша. Темуджиннің әкесі (қазақша Теміршін болып айтылады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс ханның әйелі — Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер болған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің басшыларын «қонтайшы» деп атаған. Шыңғыс ханды әдеттегі қазақтың құрылтайында хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қазақтар ғана. Қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жерлеген.
Шыңғысхан Шығысқа жорыққа шыққанда түрік тайпалары оны бірден мойындады. Сондықтан ол Қазақстан жеріндегі көшпенділермен соғысқан жоқ.
Наймандар және қазақтың басқа рулары Шыңғысхан империясына оның дүниеге келер тұсында қосылды. Оның Шығысқа жорығы Хорезм билігіндегі елдермен ғана болды.
«Жақын арада Шыңғыс ханның қазақтан шыққаны ресми түрде мойындалады» деп мәлімдейді тарихшы Владимир Белинский.
Түсініктеме: Қайтыс болғандарын жерлейтін, аз адам білетін құпия жер деп, қазақтардың рулық қауымын айтып отыр. Ондай қауымдарды, шындығында да сол рудан өзгелер біле бермейді.
— Авар (Ресей) тарихшысы Мұрат Аджи: «Адайдың аса үлкен Мұңал деген бөлімі бар. Әртүрлі
жазбаларда, соның ішінде Рашид-ад-Динде, моңғолдарды мұғал-мұңал деп жазған.
Жауынгер дай – дах – адайлар жөнінде ежелгі жазбалар өте көп. Европалық Дақтар Римге қарсы тұрған аса ұлы держава болды, ал олардың Азиялық бөлігінде тұратын Дайлары б.ж.с. дейінгі дәуірдің 111 ғасырында аса қуатты Парфияны құрды, оларды Римнің ұлы қолбасшысы Помпейдің өзі сол дайларды «Патшалардың патшасы » деп мойындап теңдессіз баға берді. Мен осы жауынгер ұлы халық Адайлардың Х11 ғасырда Шыңғыс қағанды дүниеге әкелгеніне ешқандай күмән келтірмеймін.
Адай руы. Бұл «Мұңалдың құпия шежіресінде» Байұлылар құрамындағы Шыңғысханның немере ағасы Оңғырдың елі. Менің дерегімде Х111 ғасырдағы Баяуыттың ұрпақтары Байұлы құрамындағы Адайлар болып табылады».
— «Моңғолдар тайпасы Борджигин (Бөрі жігі М.Қ.) мен Тайджиут (Адай жұрт М.Қ.) руларынан тұрды. …Тұтқындардың арасында Джиргоадай (Жорға Адай М.Қ.) атты жас адам болды, ол тайджиуттардың Иисут руынан еді. Оны Шыңғысханның алдына алып келгенде, ол жаулап алушының астындағы атты өлтіргендігін мойындады. Шыңғысханға жас жігіт ұнап қалды, оны кешірді және өзіне қызметке алды. Жаңа қызметшісін болған оқиғаның құрметіне Джебе (садақ оғы) деп атады. Джебенің маңдайына Моңғол Империясының жоғары қолбасшыларының бірі болу жазылды. («Шыңғысхан әлемді жаулаушы» Лео де Хартог).
Түсініктеме: Жебе Адайдың рулық таңбасы болып табылады.
— Орыстың белгілі ғалымы Л.Л.Викторова: «Сол кездің моңғолдары үшін ата-бабаларының өнегесі ұрпағының жадында жатталып қалуына ұмтылу, дәстүрге және туыстық қатынасқа ерекше құрметпен қарау тән болған. Өздерінің шыққан ата-тегін жаңылыссыз жатқа білетін білгір шежірешілер өз білімдерін балаларына ұқыптылықпен беріп отырған. Сол себепті де шежіре кітаптары бірінші дереккөздік мәнге ие».
Түсініктеме: Бұл орыс ғалымының қазақ рулық шежіресіне берген бағасы. Бұл шынында да солай болатын.
— «Жылнамалар жинағының» авторы «моңғолдың шыққан тегі — түрік» деп айқын көрсеткен.
Түсініктеме: Еңбектің авторы Рашид ад-Дин Фаздуллах ибн Абул-Хаир Али Хамадани – Моңғол империясының дәуірлеп тұрған кезінің көз көрген куәгері, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен Олжайту ханның уәзірі болған адам. Осы арада басын ашып айта кетер бір мәселе – бұл еңбектің авторлығы бір адамға телінгенімен, шын мәнінде, «Жылнамалар жинағы» (1300-1310 ж.ж.) – ұжымдық еңбектің жемісі. Заманында білікті билеушілердің бірі болған Ғазан хан ғұлама уәзірі Рашид ад-Динге арнайы тапсырма беріп, қасына мұңғұл халықтарының тарихын мейлінше терең білетін, даланың теңдессіз шежірешісі Болат бастаған алты моңғол шежірешісі мен сол кездің ең мықты деп есептелінетін бірнеше білікті тарихшысын (Абдуллах Қашани, Ахмед Бухари және т.б.) қосып, осы еңбекті жазғызған. Сондықтан да бұл еңбекті өз заманының білімді де білікті мамандары бірігіп шығарған энциклопедиялық жинақ деу артық айтқандық болмайды.
Міне, осы энциклопедиялық еңбекте моңғол халықтарының шығу тегіне қатысты: «Барлық моңғолдар, түрік тайпалары және барлық дала тұрғындары Абулджа ханның тұқымынан тарайды», — деп, ақ қағазға қара сиямен ап-анық етіп жазылған. Автордың мұндағы «Абулджа-хан» деп отырғаны бүкіл түрік халықтарының түп атасы деп есептелінетін Нұх пайғамбардың баласы Йафет (Йафес).
Арнайы тапсырмамен моңғолдар тарихын жазуға арналған шығарманың бірінші томының бірінші кітабының моңғол халықтарының пайда болуы мен олардың түрлі тайпаларға бөлінуіне арналмай, «Түрік халықтарының пайда болуы және олардың түрлі тайпаларға бөлінуінің жағдайы туралы» деп аталып, тек түрік халықтарына арналуы – сол түп бастаудың бірлігін, яғни мұңғұлдардың шыққан тегінің түрік және оның тарихи шындық екенін мойындаудан жасалып отырған іс екенін пайымдау онша қиындық туғызбайды. Егер сол кезде мұндай мойындау болмаса, Бірінші кітап түрік халықтарына арналмас еді…
— Орыс генералы Иванин, монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар деп бағалады. Оның пікірінше бақташы монғолдар, 1211-1216 жылдар аралығында Цзинь имепериясын жаулап алғаннан кейін олардан соғысу тактикасы мен стратегиясын үйреніп, бұл ғылымды жетік меңгергені сонша жарты әлемді бағындырып, өздерінің ұстаздарынан да асып түскен. (О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане. Алматы. Санат. 1998. 28 бет). Осындай пікір білдіргенде Иванин, 100 мың ғана әскері бар, әскери ғылымды меңгермеген монғолдардың өздерінен 3 есе көп, соғыс өнерін жете меңгерген қытайларды қалайша жеңуі мүмкін екендігін ой елегінен өткізуге санасы, яғни ақылы мен білімі жетпеген. Логика бойынша соғысудың тактикасы мен стратегиясын білмейтін бақташы монғолдар, өздерінен 3 есе көп, әскери ғылымы мен техникасы дамыған, соғыс өнерін жете меңгерген қытай әскерін жеңуі, мүмкін емес. Олай болса, Иваниннің монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар ретінде бағалайтыны және олар, соғысуды қытайлардан үйренген дейтін пікірі түп – тамырымен қате.
Себебі европалықтар, Шыңғысхан басқарған монғолдардың Орта Азиядағы Хорезм мемлекетіне жасаған шабуылын, жабайы көшпелі тайпалардың өркениетті елге жасаған шапқыншылығы, деп қабылдады. Олар, монғолдарды дамымай артта қалған жабайылар, деп түсініп, олардың Қайырхан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалау үшін Хорезм еліне жасаған жорығын, жабайы жыртқыш аңның адамға тарпа бас салатын шабуылына теңеді. Хорезм әскерінің Шыңғысхан әскерінен жеңілуін, хорезмшах Мұхаммедтің соғыс тактикасында жіберген қателігінен болған кездейсоқ жеңіліс, деп бағалады. Ал, Шыңғысханды – әлемді жаулап алуды мақсат тұтқан баққұмар, қанышер, жауыз, өзімшіл озбыр билеуші бейнесінде берді. Европа, араб және орыс тарихнамаларында білдірілген осындай пікірлер мен тұжырымдардың, теңеулер мен бағалаулардың Шыңғысхан мен монғолдар туралы шындыққа қаншалықты жанасатындығын тарихи-этнологиялық, археологиялық фактілер мен адамзат қоғамы өрістей дамуының тарихы негізінде қарастырып көрейік.
Шыңғысхан басқаруындағы монғолдар, 1211 жылы Цзинь империясының Уша қаласына шабуыл жасап, төрт жылдың ішінде Қытайдың солтүстігін, Орта Қытай жазығындағы астанасы Пекинді, 1215 жылы басып алған кезде монғол әскерінің саны 100 мың ғана, ал Қытай әскері, олардан 3 есе көп болған. Монғолдар, 1219 жылы Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашқан кезде олардың әскерінің саны 150 мың, ал хорезмшах әскері, олардан 3 есеге жуық көп болған. Осыған қарамастан Шыңғысхан әскері, Цзинь империясының астанасын алып, толық болмаса да жартылай бағындырды, ал Хорезм мемлекетінің әскерін күйрете жеңіп, оны да толық бағындырды. Ресейдің XIX ғасырдағы әскери тарихшысы, генерал М.И.Иванин, монғолдардың соғыс жүргізу тактикасын арнайы зерттеп «О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане» дейтін зерттеу жазған (Алматы. Санат. 199
. Егерде монғолдардың соғысу тактикасына арналып зерттеу жазылған болса, онда монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған. Егерде монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған болса, онда олар, дамымай арта қалған жабайы халық болмаған. Қандай да бір ғылыммен айналысып оны дамыту, адам интеллектісінің бір деңгейде тоқырап қалмай даму үстінде болғандығын дәлелдейтін физиологиялық факті». (С.А.Козин. Құпия шежіре. М-Л. 1941. §200,201).
— «Белгілі тарихшы Г.Н.Вернадский 1913 жылы Санкт-Петербург университетінде оқыған лекциясында Моңғол империясының 1331 жылғы картасында орыс жері де «Алаш» құрамына кіретіндігін, оның империяның Қиыр Солтүстік батыстағы ажырамас бөлігі екендігін атап айтады. Бұл дерек бізге «Алаш этнонимінің түп-төркініне бүгінгіден мүлдем басқа таным тұғырынан, мағына мұнарасынан қарауды талап етеді» (Т.Жұртбай. Түркістан газеті. №23 (653). 18.01.2007). Алаш пен Қазақ синоним емес пе? Моңғолдың тегінің казақ екендігіне бұдан артық қандай дәлел керек.
— Орыс тарихшысы Александр Бушков «Шыңғыс хан және беймәлім Азия» кітабында: Моңғолдардың жартысынан көбі қазіргі кезеңде киіз үйді мекен етеді, ал тұрғындардың білім деңгейі өте төмен дәрежеде. Яғни, Шыңғыс ханның тегі түркі болғандығына сүйенейік… Шыңғыс ханның моңғол болуы еш мүмкін емес. Осы жерде түркілер жайында мәселе қозғалып отыр. Өте ірі көлемде дүниені жаулап алу үшін тек қана үлкен орда ғана емес, сонымен бірге бес қаруы сай, дайындығы мол әскер керек. Моңғолдар ұлттық салт-дәстүр мен мемлекеттіліктен жұрдай болғандықтан, олар аз уақыт ішінде әскер құрып үлгере алмас еді, осылайша бізде Азияда ХІІІ ғасырда мемлекеттілікті құру, кәсіби әскерді жасақтау, басқарушылық жүйені ұйымдастырудың тәжірибесіне кім ие болған деген ең қарапайым мәселенің шешімін тапқандаймыз… Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатудың қажеті шамалы. Сұрақтың жауабы анық. Олар, әрине, сан ғасырлық қағанат пен мемлекет кұру тәжірибесі бар түркі тайпалары екені сөзсіз. Демографиялық есеппен XXI ғасырды ХІІІ ғасырмен салыстыратын болсақ, онда сол кездегі моңғолдардың саны 50-60 мың адамды ғана құрайтын. Ал Шыңғыс ханның әскері 300 мың адамға дейін жететін. Моңғолдарға ақиқатты ажыратып алудың уақыты келгендей, сондықтан да олар өзге халықтың тарихына таласпаулары тиіс.
Одан әрі Александр Бушков былай деп жазады: “Моңғол жазуы ХVІІ ғасырда қалыптасты. Сондықтан да қазіргі кезеңде Шыңғыс ханға жақын болып келетін ешқандай жылнама деректер жоқтың қасы”.
— 1950 жылдардағы Қытай қазақтары көтірілісшілерінің басшысы Оспан батыр жайлы ағылшын жазушысы Гофедей Лияс «Оспан батыр егер бұдан 5-6 ғасыр бұрын дүниеге келгенде аталары Мөңке, Шыңғыс, Темірлан деңгейлес ұлы қолбасшы болар еді» — деп жазыпты. («Намыс». №1 (60). қаңтар 2010 жыл). Ағылшындар Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін білмесе, Г.Лияс бұлай деп жазбаған болар еді.
— ХІХ ғасырда жасаған орыс оқымыстысы Н.Аристов «…кейбірінің түп негізі мың, мың жарым жылға кететін, ежелгі тарихтан танымал белгілі тайпа, рулардың күні бүгінге дейін сол атаумен сақталып келгеніне таң қаламын. Яғни, қазіргі белгілі ру, тайпалардың көпшілігі ежелгі этнонимдерді кейінгі заманға жеткізуші ғана емес, сол ескілікті жұрттардың нақпа-нақ өзі болмаса да, түрленген, түлеп, жаңғырған анық мұрагері. «Арғы тарихта таңбаланған аталы рулардың барлығы дерлік бүгінгі қазақ арасынан табылады”.
Түсініктеме: Бұл шынында да солай, бүкіл әлем елдерінің түп қазығы қазақтың рулық шежіресінде сақталып қалған.
— 1984 жылдың тамызында Британия галымы Нортон Джефферсон Шынғысхан жайында мақала жазып, Шыңғысханды қазақ деп жариялаған.
— «Шындық қап түбінде жатпайды» деген халық мақал-мәтелдеріне сәйкес Шыңғыс ханның
әлем халықтары тарихындағы үлесі тиісті шындықта жазылуы тиіс. Шыңғыс ханға әділ баға беруші ғалымдардың бірі – доктор Эренжен Хара-Даван. Оның «Чингизхан как полководец и его наследие» (Культурно – исторический очерк Монгольской империи ХII-ХIII веков. – Белград, 1929) атты еңбегін атауға болады. Бұл туынды ертеректе жарық көрсе де, кітап авторының моңғол ұлтынан әрі оның Шыңғысхан өмірі мен ол құрған империяның ұзақ дәуірлегені туралы жазған шындығы Кеңес өкіметіне ұнамады. Сондықтан ол көпшілік оқырманның қолына тиген жоқ. Кеңес үкіметі ыдыраған соң, ол өз төл атауымен орыс тілінде, 1992 жылы Алматыда 100 000 данамен басылып шығарылды. Эренжен Хара-Даван Шыңғыс ханды данышпан қолбасшы, кемеңгер елбасы, көреген саясаткер деп сипаттай келе, оның білгірлігін, халықтардың әдет-ғұрыпын, мәдениетін сақтағанын, сонымен бірге өзі құрған империяның басқару жүйелерін, әскери құрылымы мен саяси қарым-қатынастарын қалай ұйымдастырғанын дәйекті деректермен береді. Шыңғысханға әділ әрі дұрыс баға берген ғалымдар Эренжен Хара-Даванмен ғана шектелмейді.
— Олардың қатарында француз ғалымы Рене Груссе де бар. Оның «Империя степей: Аттила, Чингисхан, Тамерлан» деп аталатын еңбегі Ұлы даланың үш тарихи тұлғасына арналған. Еңбек Шыңғысхан империясының шынайы тарихын аша білген. Орталық Азия этностарын қайта біріктіруде Шыңғысхан ұшан-теңіз қажырлы еңбек етіп, әлемге өз империясын паш етті. Ол үш ғасырдай өмір сүрді. Бұл империяның басым этностары түріктер болғаны да баршаға мәлім. Олардың сол империяларды дүниеге әкелуде шешуші қызмет атқарғаны баршаға аян» деп, жазады.
— Биылғы 2015 жылдың 1 қаңтарында «Жаңалықтарда» Британ газеті Шыңғыс ханды ҚАЗАҚ деп
жазып жатыр деген айдармен мақала жарияланған.
«Ағылшындардың “The Guardian” газеті “Постсоветтік әлем: Мұндағы 15 мемлекет туралы сізге ең алдымен нені білу керек” деп аталатын мақаласында Қазақстанға арнайы тоқталып өтіп, әлемге әйгілі тұлға Шыңғыс ханды ең танымал қазақ (император) деп жазыпты. Ал Боратты ойдан шығарылған кейіпкер деп атап өткен екен» … (http://www.theguardian.com/world/2014/jun/09/-sp-profiles-post-soviet-states).
— Шыңғысхан – Еуропа төрінде (19 сәуір 2012 жыл). Жуырда ресейлік Даши Намдаковтың жобасы бойынша қоладан құйылған аттылы Шыңғыс ханның бес метрлік мүсіні Лондон жұртына ұсынылды. Тас мүсін Гайд-парктың солтүстік-шығыс бөлігінен «қоныс тепті».
Шыңғыс қағанның ескерткіші буряттың суретшісі, ұста әрі зергері Лондондағы «Хэлсион» галереясында қойылған ретроспектив туындыларының құрметіне арналған. «Көшпенділер әлемі» атты көрме 5 мамыр мен 7 шілде аралығында жұртшылыққа кереге жаймақ.
Шыңғыс ханның қысыңқы көзі жерге қараған күйі, алақандарын төменнен тіреген ауаға жайған бейнесі көз тартады.
«Бұл жұмыс арқылы мен тарихи тұлғаны бейнелеуден гөрі, аспаннан түскен күйі адамдарға ҚАЙЫРЫМ МЕН ДАНАЛЫҚ сепкен тұлғаны көрсетуге тырыстым. Шыңғыс ханның тірі кезіндегі бейнесі қалған жоқ, оның үстіне деректі айғақтар бір біріне қайшы келеді, сондықтан мүсін-тұлғаны өз қиялымдағыдай етіп сомдадым».
Мұңал (Моңғол) қағанатын құрған қаһарлы қағанның қола мүсіні ішкі қуатын сыртқа тебуімен аса ерекше. Шыңғыс қаған әскери жарақпен атқа қонған күйі аспаннан түскендей әсер береді. «Мен бұл мүсінді сынықтан жинап-тергендеймін. Шамасы маған эпикалық кейіпкерді сомдау бостандық берген сықылды. Өзім сондай мақсат қойдым, сол себепті де мүсін сондай аспандық, әуелік сипатқа ие болды», – дейді автор. (http://www.minber.kz/2012/04).
Шыңғыс қаған атамыздың осындай мүсіні Қазақ даласында бой көтеруі керек еді. Дегенмен әлі де кеш емес.
«Қазыбек бек жазғандай Шыңғыс хан қара қазақтың «қылшығын» қисайтқан жоқ, билікке таласқандарға, солардың соңынан ергендерге ғана қатты келді. Өз еркімен берілген Хорезм қалаларына да тиген жоқ. Үйсін тайпаларын қарақытай езгісінен азат етті. Ыдырап жеке – жеке хандық, уақыт өте келе жеке – жеке халық болуға бет алған қазақ ру – тайпаларын бір хандыққа біріктірді. Түрік қағанатынан соң ұлы дала тайпалары соңғы рет бастары қосылды. Ата мекенінде Моғолстан, Алтын Орда секілді іргелі мемлекеттер бой көтерді. Алтын Орда, Ак Орданың жалғасы болған қазақ хандығына кейінірек Моғолстан құрамындағы Ұлы жүз рулары қосылды. Орыс басқыншылары Қазан, Аштархан хандықтарын қиратып, Ноғай ордасын тоздырған соң, ноғайлардың бір бөлігі қазақ халқына қосылды, 500 мыңдай адамы Туркияға көшті. Шыңғыс хан атамыздың арқасында қазақ елі осы халге жетті. Ел тізгінін ұстағандардың санасы жетсе Қазақ елінің әр қаласында ең құрметті орында Шыңғыс хан ескерткіші тұру керек еді. Тәңірінің көзі түзу болса ұрпағы оны көретін де күн туар!» (Ақылбеков Ш.М. «Шыңғысхан — Аңыз бен ақиқат»).
«Қазақтың ру, тайпаларының таңбалары, моңғол жылқыларының таңбалары, Моңғол Хандығының теңгелері, сондай-ақ, ұлттық ырымдары, мәдениет, салт-дәстүрлерін салыстыра қортындылап, Қазақ пен Моңғолдың арасында аса ерекше байланыс бар деген түйінге келген едім. Осы генетика зерттеуі деген нәрсе алғаш пайда болысымен, Қазақтарда Моңғолдардікі деп аталатын Гаплогрупп С3 неліктен сонша жоғары болады дегенді анықтау үшін Қазақстанның бір топ биологшылары, тарихшылары бас қосады. Кеңес Одағы тарапынан Қазақ ұлтын ерте замандарда сары шашты, көк көзді, ұзын бойлы Еуропа тұрпатты болған, Моңғол шапқыншылығы кезінде зорланып қыз, келіншектері көптеп бала көтергендіктен, Азия тұрпатына ауысты деген үгіт жүргізетін. Бұны Қазақстан ұлысы тәуелсіздік алып, жеке шыға бастаған кезден Қазақ ұлтын құртып, ұлттық азаттық пен мақтаныш сезімін жоюға арналған қасақана ми тазарту екендігін мойындайтын болды.
Менің ойымша, шет елдіктер Қазақ, Моңғолдың тарихи байланысын ұмыттыруды қалайтын сияқты. 2009 жылы Орыстың зерттеушісі Сергей Каржавин: «Еуропа текті Қазақ ұлты Гаплогрупп С3-ті болуы – Жоңғар хандығына беріліп, зорланғаннан болған. Демек, бүгінгі күнгі Моңғолдар – ежелгі Моңғолдар емес, Мәнжі, Қытайлар болмақ» деген 56 беттік жалған зерттеу материалын жарыққа шығарды. Каржавин деген адамның басқыншылық көзқараспен мұндай нәрсе жасағаны анық еді. Неге десеңіз, әдеттегі зерттеу материалы 3-10, жоғарғысы 15-20 беттен тұрады. Және де, ешқандай биологиядан білімі жоқ адам болса да 12 бетті салыстыра қарауға өте оңай.
…Бірақ, көптеген Моңғолдардың Ү-ДНК Гаплогрупп-і С3 болады. Бұл Гаплогрупп С-дан шыққан. С және F осыдан 60 000 жыл бұрын ажыраған. Олай болса, талай жылдар бойы көршілес өмір сүрген Моңғолдар Қытай, Корея, Тибет, Жапон сияқты Азия елдерінің адамдарынан уақыт ағымымен тектік тұрғыдан қаншалықты алыс болса, соған сәйкес дүние-таным, салт-дәстүр, мәдениеті жағынан соншалық алыс тұратыны қызықтырады. Бір жылдың алдында ма деймін, Моңғол мен Корея шығу тегі жағынан бір деген мақала жарық көрген-ді. Енді сол мақаланы мен генетикалық зерттеуім арқылы жоққа шығарып отырмын. Моңғолдарға ең жақын ұлт – Қазақ ұлты. Жалпы дүниедегі адамдардың 90 пайызы Гаплогрупп Ғ-дан тарайды, біз қалған 10 пайызын еншілейміз десек, тіптен Қызыл Кітапқа жазылуға жақын тұрғанымыз жоқ па (күлді)». (Батбаярин Хэрлэн. моңғол тарихшысы 8.10.2015 жыл (http://ult.kz/?p=6233#comment-4417).
«Төртеуің өзара тату болыңдар, бір-біріңе жаулық ойламаңдар».
Қорамсасынан бір оқты шығарып, оны өзі сындырды, содан соң бірнешеуін алып, біріктіріп ұстап тұрып: «кім сындыра алады?» деп сұрады. Ешкім сындыра алмады. Сонда Шыңғыс хан айтты: «Міне, сендер де осы оқ сияқтысыңдар. Егер сендер орталарыңнан біреуіңді билеуші етіп сайлап, соның айтқанымен жүрсеңдер, ешкім де сендерді жеңе алмайды. Егер бірлік болмай, әрқайсың өз беттеріңше бір – біріңе жау болсаңдар, жаңағы жалғыз оқтай бәріңді де талқандайды» (Шыңғыс қаған өсиетінен).
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Менге! «Мұңал түгелі атасы Адайдың өзі күні кешегі адам Шыңғысқа қарағанда, осыған біреу сенеді деп уақытыңды текке өлтіріп шимайлап отырмысың, бос әуре. Жарайды, орыс жасырып бақсын, сонда басқа әлем тарихшылары не бітіріп отыр мұны қазбаламай?» дегеніңізге айтарым:
Авар (Ресей) тарихшысы Мұрат Аджи: «Адайдың аса үлкен Мұңал деген бөлімі бар. Әртүрлі жазбаларда, соның ішінде Рашид-ад-Динде, моңғолдарды мұғал-мұңал деп жазған.
Жауынгер дай – дах – адайлар жөнінде ежелгі жазбалар өте көп. Европалық Дақтар Римге қарсы тұрған аса ұлы держава болды, ал олардың Азиялық бөлігінде тұратын Дайлары б.ж.с. дейінгі дәуірдің 111 ғасырында аса қуатты Парфияны құрды, оларды Римнің ұлы қолбасшысы Помпейдің өзі сол дайларды «Патшалардың патшасы » деп мойындап теңдессіз баға берді. Мен осы жауынгер ұлы халық Адайлардың Х11 ғасырда Шыңғыс қағанды дүниеге әкелгеніне ешқандай күмән келтірмеймін.
Адай руы. Бұл «Мұңалдың құпия шежіресінде» Байұлылар құрамындағы Шыңғысханның немере ағасы Оңғырдың елі. Менің дерегімде Х111 ғасырдағы Баяуыттың ұрпақтары Байұлы құрамындағы Адайлар болып табылады».
Oerken Toqtar uliСәрсенбі, 09.03.2016
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрімге
Шыңғысқан әлі қазақ болған жоқ қой бауырым. Алдымен оның паспортына ұлты қазақ деп жаздырып алайық, сосын оның қай жерде туғанын, кімнен тарағанын сұрастырып біліп аламызғой. Болмай жатса Америкадан алған көкқағаздарыңнан санап жіберсеңдер, дәл ата туысқандарың етіп шығарып бере алатын талантты жігіттер бізден табылады.
Ауыл баласыСәрсенбі, 09.03.2016
«Жамиғ ат тауарихта» біздің моңғол деп жүргеніміз «мұң ұл» екені анық жазылған болса Мәкіңнің де нұсқасы шындық болуы мүмкін ғой. Өйткені Кіші жүз шежіресінде Байұлы (Қыдырқожа) атануы да ұлының көптігінен еді.
ҚарашаСәрсенбі, 09.03.2016
Мәдени мұрамен шығаруға милары жетпедіме әлде әдеиі істедіме үкімет. мақала өте керемет.
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Oerken Toqtar uli-ге! «Шыңғысқан әлі қазақ болған жоқ қой бауырым. Алдымен оның паспортына ұлты қазақ деп жаздырып алайық, сосын оның қай жерде туғанын, кімнен тарағанын сұрастырып біліп аламызғой».
Біріншіден, пікір жазарыңызда Шыңғыс қаған атамыздың мына өсиетін есіңізде ұстауыңыз керек еді: «Сөзді айттың ба – ол жақсы ма, жаман ба, әзіл ме, шын ба, бәрібір – оны қайтарып ала алмайсың; сондықтан әр сөзіңді безбенге өлшегендей салмақтап айт».
Екіншіден, Ата-тегін білмей тұрып қалай паспорт бермекшісіз.
Үшіншіден, адамдар Ата-тегін (рулық шежіресін) айтып ол менің атам деп отырғанда, оған ол сенің атаң емес дауласу өте ұят тірлік. Қазақта бұрын-соңды мұндай сорақылық болып көрмеген. Сіздің бұл сөзіңіз Атам қазақтың шежіре-тарихының бетін «ашып» қарамағаныңызды білдіреді. Орыстың да, өзгелердің де қазақтар жайлы жазған жалған тарихын оқығанды қоюымыз керек. Ол жаққа барсақ, ми батпаққа батып адасамыз. Ол жерден шындықты ешқашан іздеп таппаймыз. Шындықты өз аталарымыздың сөзінен іздеу керек. Мысалы, Рулық шежіреден, «Батырлар жырынан», Шежіре дастандардан, Мақалдар мен мәтелдерден, қанатты сөздерден т.т. Оларға біз үшін, яғни өз ұрпақтары үшін өтірік (жалған) айтудың түкке де қажеті жоқ. Тура Сіздің өзіңіз сияқты, өз балаңызға, келер ұрпағыңызға өтірік айтпайтыныңыздай. Сондықтан, Сізге ақиқатты Аталар сөзінен іздеуге кеңес беремін.
Төртіншіден, Атамыз Қаз Адай бола тұра, Сіз айтты екен деп өзгермейтін болар.
Бесіншіден, өзгеретін адамдардың санасы, яғни ақылы мен білім деңгейлері ғана емес пе?
АсанәліСәрсенбі, 09.03.2016
Осы бір Мұхамберкәрім деген қырт адайды тықпалап қоймайды. Адай деген Шыңғысханның құлдарының қатарында ту шығыстан құлаған, Маңғыстауға 250 жылдай бұрын ғана қоныстанған жұрт екені рас қой. арасынан қазақ халқының Ұлы Отан соғысы «Ақтабан шұбырынды…» кезінде көзге түскен біреуі жоқ. Ел жоңғармен қырылысып жатқанда бұлар Маңғыстауға қашқаны дар шындық. Адайды әбден жаманатты етіп бітті.
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Асанәліге! Сізге күні кешеге дейін қазақтың бес жасар баласына дейін білген қарапайым сұрақтар берейін:
Қазақтың «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» дегені не мағына береді?
Ру деген не?
Ата деген кім?
Адам баласы өзі білмеген дүниені, тек қана өзі ойлағандай болуға тиіс деп ойлауы дұрыс бола ма?
Сіз осы сұрақтарға тұшымды жауап бере алсаңыз, мен Сізді ашық пікір сайысына шақырамын.
Сіздің осы сұрақтарға берген жауабыңыздан оқырмандар Кімнің қырт, Кімнің қырт емес екенін айқын ажырататын болады.
Іске Сәт! Бауырым!
Көпжасар атаСәрсенбі, 09.03.2016
Мұхамбеткәрім мен Асанәліге! Қарашаңырақ деген не?
КенжебайСәрсенбі, 09.03.2016
Асанәлі мен Мұхамбеткәрімге менен де бір сұрақ болсын.
Адай деген сөз не мағына береді?
келінбердіСәрсенбі, 09.03.2016
Адайлар неліктен табиғаты шұрайлы Алатау жақтан басқа қазақтардың руларының арасынан пана таба алмай өздеріне қоныс іздеп кетті.Мұхамбеткәрім аға сіз ондай жасанды тарихты тықпалағанша Алла сақтасын ертең мұнайымыз ортайса біздер ешкімге керек болмай қаламызба осыған не айталасыз.
СерікжанСәрсенбі, 09.03.2016
Асанәлінің сөзінде жан бар. Алайда интуиция мен тарихтың арасын байланыстыра алмай отыр. Адайлар Шыңғысханның тұсында Найман хандығының құрамындағы кішігірім тайпа ғана болатын. Жалпы ол тұста Найман, Керей, Оңғыт (бүгінгі- уақ) Мемлекеттері, жоғарыда қырғыздар, түстікке қарай тағбаштар (бүгінгі- мәнжүрлер), шүршіттер (бүгінгі қытайлар), батыс бетте қидандардың (қарақытай деп кемсітіп атап жүрміз) мемлекеттері ғана болды. Ал бүгінгі жамыраған рулар мен тайпалар осы Мемлекеттердің құрамында, не вассалы, не ықпалында болғаны анық. Мысалы Шәкәрім Құдайбердиев сол кезде арғындардың Найман Мемлекетінің құрамында болғанын ашып жазады. Мұнда тұрған дәнеңе жоқ. Сол сияқты адай да осы Мемлекеттердің бірінің басыбайлысы болғаны анық. Негізі наймандарға тәуелді еді деген пікір орынды. Наймандардың сол тұстағы географиялық орналасуы мен адайлардың мекені қатар жатыр. Ол кезде адайдың ауызға ілінбеуі де оларды найман деп түсінуден туғаны анық. 1204 жылы найман шығыстағы найман Мемлекеті құлаған соң біршама ру- тайпалар жекеленіп кетті. СССР құлаған соң 15 Республика пайда болғаны секілді. Сондықтан адайлардың алдымен найманға, онан соң Шыңғыс ұлысына тәуелді басыбайлы тайпа болғанына қарсы дау айтып қажеті жоқ.
Жалайырдың жалғызыСәрсенбі, 09.03.2016
Адайды, расында да мына Мұхамбеткәрім дүйім елге жеккөрінішті қылды. Осындай арзымайтын тарихшылар жұртты жалықтырды. Бірақ өзі түсінбейді мұны. Әне бұған ерегескендер адайдың көнесін қаза бастады. Әлі талай пәле жазады- ау! Адамдар ойын білдірсе Мұхамбеткәрім баланың сұрақтарын қояды. ой- өрісі осы болған соң да. Сен айтарыңды айттың енді тыңдасаңшы. Жоқ, тоқтамайды. Адай бар қазаққа тұтқа емес қой. Жоңғар шапқыншылығында қолына найза алып Қабанбай, Бөгенбай, Тайлақ, Хангелді, Малайсары, Науырызбайлармен қатар қан төккен бір адай жоқ екені рас. Бықсыта бермесеңші Мұхаметкәрім!
Райым АқтауданСәрсенбі, 09.03.2016
Адайлар Келінберді айтқандай Алатаудың етегінен емес, Шыңғыс тұсында Алтайдың арғы бетінен Арқаға келіп қоныстанады, Арқадан батысқа құлаған. Біз бұл шежірені атамыздан білеміз. Бірақ атам найманмен туыс екенімізді айтпап еді. Жаңалық екен, бірақ та қазақтағы ең көп ру найманмен ағайын болсақ ол да жақсы. бараымыз көбейді.
Мұхамбеткәрім аға, Сіз қызулана бермеңізші. Елге сүйкімімізді кетірмеңіз. Адай көп қазақтың бірі болса да аз емес.
Oerken Toqtar uliСәрсенбі, 09.03.2016
Рашид ад Диннің «Сборник летописей-де» «Меркіттер өздерін одоит деп те атайды» деп жазылған. Сол одоиттер адайлар болуы мүмкін. Сондықтан адайлардың арғы тегін меркіттерден іздеген жөн болар.
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Көпжасар Атаға! Ассалаумағалейкум Ата! Сіздің «Қарашаңырақ деген не?» деген сұрағыңызға берер жауабым:
АДАМ АТАНЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ КІМДЕР? Атам қазақта «қарашаңырақ» деп кенже ұлдың үйін айтады. Қазақ (түрік) мемлекетінің құрылымы, қазақтың отбасы құрылымына ұқсас. Сонау Адам Ата мен Ауа Анадан басталған тектік, отбасылық, туысқандық жүйеге құрылған. Бір әулет, бір отбасы қазақ мемлекетінің кішірейтілген макеті тәрізді. Айталық, бір отбасының (от иесінің) он баласы бар делік. Қазақ дәстүрі бойынша сол балалардың бәрі от иесінің, сонымен қатар ең жасы үлкенінің (от ағасының) айтқанын тыңдап, соған бағынады. От иесі осы ұлдарының бәрін рет-ретімен үйлендіріп, енші бөліп беріп, бөлек үй (отау) етіп шығарады да, өзі өз шаңырағында кенже ұлдың қолында ақтық демі біткенше өмірін жалғастырады. Сонда осы атадан тараған әулеттің иелігі ең үлкен ұлға қалады да, ал қарашаңырақ иесі кенже ұл болып шығады. Ары қарай осылай жалғасып кете береді. Сонау Қазақ атадан бастап бүкіл түрік тілді елдер, яғни өзге де ұлттар мен ұлыстар осылай пайда болған. Бүкіл қазақ бір атаның баласы, сондықтан «Қарға тамырлы қазақ», «Сұраса келе қарын бөле шығар» деп қазақтың екі баласы бір-бірінен жөн сұраса келе ағайын, туыс, құда-жекжат, нағашы, жиен, бөле т.б. болып шыға келмей ме?! Сол үшін де «Қарызын сұраған ұят болмайды, тегін сұраған жат болмайды» делінеді. Осылайша барлық түрік елдерінің қарашаңырағы қазақ елі, ал қазақтың қара шаңырағы кіші жүз (Алшын), оның ішіндегі кенжесі 12 Ата Байұлы, оның кенжесі Адай, ал Адайдың қарашаңырағы Мұңал болып табылады. Сондықтан да, бүкіл түрік елі мұңалды «ару тұқым», ал адайлар оларды «қарашаңырақ» иесі, яғни «мұңал ошақ» дейді. «Мұңал ошақтың» мағынасы сонау Адам атадан бері осы әулеттің (қазақтың) отын өшірмей, дербес мемлекеттігін сақтап, жалғастырып келді деген сөз. Қазақтың да, Адайдың да өзге елдер мен рулардың бәрін аға баласы деп сыйлап, үнемі төрінен орын беретіндері және ас-садақаларында иықтарына шапан жабатындары осыдан болып табылады. Ежелден келе жатқан бұл үрдіс Шыңғыс хан жасысында да айқын көрініс тапқан. «Шыңғыс хан жасысы бойынша әке тағына үлкен ұлы отыру керек те, шаңырақ иесі кіші баласы болуға тиісті». (І.Есенберлин. «Алтын Орда» 15 бет).
Өткен тарихымыздағы бүкіл әлемді билеген Алаш ұрпақтары құрған ұлы қағанаттардың күйреп, бірімен бірі жау болып жүргендері осы жүйені сақтамағандықтан, яғни Атадан безіп маймылды (айуанды) Ата деп, қарашаңырақтың қадірін білмегендіктен болды деп батыл тұжырымдауға болады.
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Oerken Toqtar uli-ге! Мен сіздің сұрағыңызға мектеп оқушыларының сөзімен жауап берейін. «А» дыбысы бүкіл дүниенің бастауы. Адам баласы ғұмырының бастауында тұратын барлық ұғым сөздер осы А-мен басталады. Мысалы, Алла, Ата, Ана, Аға, Апа, Аса (жоғары), Адам, Адай т.т. болып кете береді.
Ал, «О» дыбысы Әліппенің (Алып бидің) 18-ші орынын иемденеді. Демек, «О» дыбысы «Ол (өзі емес өзге)» деген мағына береді.
Демек, Адайды Одойдың ішінен іздегеніңіздің не екенін түсінетін қазақи біілміңіз бар болар деп үміттенемін.
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Жалайырдың жалғызына! Сіз Қазақтың (Өз туған Атаңыздың) қарашаңырағынан безіп, күні кешегі қазаққа «геноцид» жасаған Патшалық және Кеңестік Ресейдің саясатын жалғастырып отырсыз. Себебі, Қазақтың қарашаңырағы Қаз Адайды өлердей жек көрген тек қана патшалық Ресей мен кешегі Кеңес үкіметі болатын.
Бұл ру 150 жыл бойы Патша әскерін Орта Азияға өткізбей келгенінің бәрін жер жастандырып алдарында көсе-көлденең тұрып алған болатын. Ол жайлы Ф.Энгельс «Қазақтың ең ержүрек тайпасы Адайлар бүкіл орта Азияны 150 жыл бойы орыс отаршылдығынан қорғап тұрды» деп жазды.
1870 жылғы Ресей отаршылдығына қарсы Иса мен Досан батырлар бастаған Адай көтерілісі күшпен басылды. Зеңбірек, пулемет, мылтыққа қылыш пен найзаның шамасы келмеді, алыстан қырып, батырларды қолма-қол шайқасқа жақындатпады. Осы көтерілістен кейін Ресей патшасының Адай халқын әдейі тұқыртып ұстау мақсатымен қазақтан бөліп, әуелі Кавказ сыртқы губерниясына (Арменияға), кейін Каспий сыртқы губерниясына (Ашқабатқа) бағынышты еріксіз отар ел есебінде ұстады.
Ресей патшалығы да, одан кейінгі Кеңес үкіметі де Манқыстау адайларын қазақтан ажырату мақсатында, дербес халық деп таныды. Ресейде Адай халқы күні бүгінде де дербес ұлт ретінде тіркеуде тұр. 1920 жылы Бакуде өткен шығыс халықтары съезіне осы елден арнайы делегация шақырылды. Съезге Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Түрікпен т.б. бірге Адайлардың он делегаты барды. Делегацияның бір басшысы О.Көбеев төралқа мүшесі болып сайланып сонда қызметке қалдырылды.
Совет үкіметі орнап, Тобанияз атамыз Адай уезінің Ревком төрағасы болып сайланғаннан кейін оның жігерлі күш салуымен және «от тілді, орақ ауыз» шежірешіл-би, кескір батырлығымен 1920 жылы Орынбор қаласында өткен бүкіл қазақ құрылтай жиынында талай айтыс-тартыстан кейін қайтадан Қазақстанға қосылды. Адай халқы қайтадан қазақ болды. Бұл Тобанияз атамыздың және оның артынан ерген бүкіл Адай халқының ерекше ерлік істерінің бір парасы! Әйтпесе, қаншама ру, қаншама тайпа қазақтан бөлініп өзге елге айналып кетті. Өзге көптеген рулар мен елдер бөлінемін деп жанталасса, Адайлар бөлінбеймін жанталасты. Бұдан асқан бауырмалдық пен ерлік болар ма?
Адайлардың орыс отаршыларымен араласы алақандай Форт-Шевченко қаласының аумағынан асып жарыған жоқ. …«Қазақтың Адай сияқты рулары, шындығында, өкімет Хиуа мен Түрікпенді алғаннан кейін ғана бағынды» деп жазды (Х.Досмұхамбетұлы, Аламан, А. 1991, 409 бет) Олардың 1870 жылғы елге шығып салық жинауы үлкен қарсылыққа ұшырап, Рукин отряды түгел жойылып, арты атақты «Адай көтерілісіне» ұласты. Бүкіл қазақ даласы мен орталық Азия орыс империясының отарына айналғанда, Үстірт пен Манқыстауды жайлаған адайлар оларды мойындамастан Қазан төңкерісіне жетті. Басында теңдік, әділдік болады деген Әлібиге қатты алданып, 1929-31 жылдары Кеңес үкіметінің арнайы қолдан ұйымдастырған кесапатына қарсы тағы көтеріліске шықты. Көтеріліс аяусыз басып, жаншылып, арты аштыққа ұласып бүкіл халық түгелдей дерлік қырғынға ұшырады. Сол кезден бізге жетіп, бертінде ғана танытып жариялау мүмкіндігі ашылған құжатта 1919 жылдары Манқыстауда 300-350 мың адам болса, содан 1935 жылы тек қана 35-40 мыңдайы ғана қалған. Сол аз халықтың өзі орыстар иелік еткен Кеңес үкіметін толықтай мойындамай 1950 жылдарға дейін жетті. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діл, дін, тіл т.б. барлық белгілерінің тек қана Манқыстауда толықтай сақталуының басты себебі де осы болып табылады. Үркінбай Қыдыралин өзінің «Маңғыстау қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы» атты еңбегінің 5 бетінде: «Маңғыстау қазақтарының рулық құрылыс сипаттары басқа жерлермен салыстырғанда анығырақ сақталды. Оны әсіресе олардың жанұялық қатынастарындағы көне әдет-ғұрыптардан байқауға болады. Мұның өзі қазақтың көне тұрмысының сырын ашуға себебін тигізеді. Осындай деректер арқылы қазақ халқы тарихының көмескі жерлерін толықтырарлық деректер жинаймыз» деген С.Руденконың дерегін келтірген. Сонымен қатар оның Манқыстау мемлекеттік архивінен алып жариялаған мына дерегі тіпті көңіл аударарлық: «Манқыстау қазақтарында салт-сананың патриархтық-рулық түрлері басқа жерлерден күштірек болды. Олар қазақ қоғамындағы таптық қарым-қатынастарға өзгеше түр беріп, мазмұны фоедалдық осы қарым-қатынастарды патриархтық-рулық қарым-қатынастарға айналдырған. Сондықтан да олар хан-сұлтандарға бағынбай, өздерінің әдеттік құқығы мен ру басшыларына ғана ден қойғандықтан мұндағы қазақтар басқалардан гөрі еркіндікте жүріп, оларда ер мінездік қалыптасты. Осындай ерекшеліктерін еске алған патша өкіметі де Манқыстау қазақтарына өздерінің ісін өздері әдеттік құқығы бойынша шешетін етіп, оларды жартылай бостандықта да ұстаған». Сондықтан, олар рулық басқару жүйесін және әдеттік құқықтарын ұзақ сақтап келді, дейді. Түп-тамырымен кате тұжырым, патша өкіметіне, өздері 300 жыл бодан болған Шыңғыс ханның төл жұртын, яғни Адам атаның қарашаңырағының иесі Адайларды бағындыру қолдарынан келмеді. Рухы биік ел ешкімге бағынбайды. Әйгілі, әлемде теңдесі жоқ Мұрын жырау Сеңгірбекұлының Алматы да алты ай жырлап тауыса алмаған, тек қана қазақ емес бүкіл түркі халықтарына ортақ 90 мың жолдан артық көлемді шығарма «Қырымның кырық батыры» жырлар топтамасының осы адайлар арқылы бүгінгі күнге жетуі соның айғағы. Ол батырлардың барлығы дерлік осы қазақтардың ата-бабалары болатын. Әйтпесе өзге елдің арын арлап, батырын жырлап не қылсын. Бұл шығарма, жастарға патриоттық тәрбие беру жөнінде ауыз толтырып айтарлықтай мәні бар, дүние жүзілік әдебиетте көрнекті орын алатын Қырғыздың «Манасынан» артық болмаса, кем емес бірден-бір көркем тарихи туынды екені сөзсіз.
Өкінішке орай, сол кездегі қазақтың зиялы азаматтарының арқасында, Мұрын жыраудың өз аузынан жазып алынған бұл дастан, осы күнге дейін халықтың игілігіне толықтай жаратылмай жатыр. Осы жөнінде марқұм Мәриам Хәкімжанқызының да, қазақтың басқа да бірталай зиялы қауым өкілдерінің де әлденеше рет еске салуының нәтижесінде бұл жыр 1989-1990 жылы «Жазушы баспасынан, 2005 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрді. Жыр нұсқасы толық емес. Оның үстіне жыр мәтінінің «цензураға» ұшырағаны анық байқалады. Себебі, осы жырдағы болып өткен барлық оқиғалар Алтын Орда мемлекетінің тарихына қатысты болса да, оның жаулары тек бір ғана «қалмақ» деген атаумен аталған. Құдды бір, қазақтың елі мен жеріне қалмақтан басқа көз алартқан жауы болмаған, қазақтың Алтын Ордасын құлатқан қалмақтар сияқты. Шындық кімнен, неге, не үшін жасырылды??? Оның жауабы біреу-ақ. Ол Кеңестік (орыстық) саясатқа сәйкес келмеді. Себебі, бұл дастандарда жырланған барлық батырлар, әлемге әйгілі тарихи тұлғалар, қазақ батырлары болатын.
Тура осындай ойды Г.С. Карелиннің еңбектері жайлы да айтуға болады. «Г.С. Карелин (1801-1872) патша өкіметінің қуғын-сүргініне ұшырап өмірінің 50 жылын Қазақстанды зерттеуге арнаған, оның 20 жылын Гурьев қаласында өткізіп, сонда жерленген. Г.С. Карелин Манқыстау өлкесін тұңғыш зерттеп, ғылым үшін көп жаңалық ашқан зерттеуші. Бұрын ешкім сырын аша алмаған «дарқан бай өлкені» алғаш рет жан-жақты зерттеп, оның байлығын, халқының мәдениеті мен тұрмысын, оның бойындағы бар асыл қасиеттерін әлемге паш еткен ойлы ғалым. Карелин жинаған материалдар ғылым үшін осы күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Ғалым Манқыстауды мекендеген қазақтардың тұрмыс-салтындағы, шаруашылығындағы өзіндік ерекшеліктерді нанымды ғылыми тұрғыда дәлелдеп көрсетеді. Онда қазақтың кішіпейілділігін, жауына мейірімсіздігін, жалпы алғанда ержүрек, батыр екендігін, сондай-ақ ақкөңіл, адал, достықты құрметтегіш екендігіне сүйсінгені жазылған.
Г.С.Карелиннің Қазақстан туралы жазған еңбектері соншама кең де, саналуан екендігін, бірақ көбі әлі күнге зерттелмей, жарияланбай жатқанын академик Әлкей Марғұланда атап өткен. Шынында да ғалым саяхаттарының ең көрнектісі – Манқыстау сапарындағы жергілікті халықтың өмірі туралы жазғандары әлі күнге дейін арнайы зерттелген емес, шын сыры толық ашылған жоқ» дейді. (Үркінбай Қыдыралин. Маңғыстау қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы). Шынында да бұл еңбек зерттеліп жарияланса, адайдың тегі жайлы соны деректердің табылары сөзсіз.
Қазақтың кең даласын емін-еркін жайлаған аталарымыздың басына сонау ХҮ11 ғасырдан бастап қаралы күндер туды. Жері құнарлы, елі бай даламызға көз алартқан Ресей патшалығы жан-жақтан қысып, қазақ баласының тынысын тарылтып, жерінен айырды. Міне осы кезеңде әлемге әйгілі Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы, кіші жүз ханы Әбілқайыр, орыс басқыншыларына ойсырата соққы беріп, қазақ шекарасын Ойылдан Жайықтың арғы бетіне қарай ысырса, Адайлар Қазаққа Маңғыстау мен Үстіртті қайта қосты.
Тарих тағлымы: Қазақ даласының өзге өңірлері өз жерлерінен айрылып, немесе өз атамекендерін әрең сақтап жатқанда, бұлар жатқа кеткен жерді кері қайтарып, қазаққа қайта қосты.
Күні кеше сан ғасырлар бойы бүкіл әлемге адамгершілік қасиеттері үлгі болған адайлардың бүгінгі ұрпағының тағдыры бәріміздің көз алдымызда. Жан-жақтан тартқылап, қыспаққа алып, адам айтса нанғысыз қырғынға ұшыратса да, ешбір жау олардың биік рухын ешқашан сөндіре алмады. Сол аталарымыз ер болып туды, ер болып өмір сүрді, ұлтының ары мен намысын қорғап ер болып өмірден өтті. Осылайша олар күні кешеге дейін елінің қорғаны бола білді. Содан бүкіл қазаққа аты әйгілі ақын Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш қиян» атты тамаша толғауында мынадай жыр-шумақтарын қалдырды.
…«Еділдің бойы – елді қиян,
Жайықтың бойы – жайлы қиян.
Маңғыстау бойы – майлы қиян,
Айналайын үш қиян.
Адыра қалған жер болдың,
Арқадағы алты Әлім.
Ақкиіктей сенделдің,
Желкедегі Жетіру,
Желді күнгі желкендей
Әрі-бері тербелдің.
Он екі ата Байұлы,
Соры қалың ел болдың.
Алшын, Алшын болғалы,
Адай еді қорғаны.
Адайдан қайрат кеткелі
Қалың алшын сорлады».
Ал Маңғыстаулық Қалнияз ақын:
…«Сегіз арыс Адаймен
Кіші жүз — Алшын ішінде
Теңдесіп ешкім көрген жоқ»… (Маңғыстаудың жыр-дастандары. 78 бет).
«Сондай қару-қайратпен
Айладыр халқын аударып
Маңғыстаудың қараойын
Біздің Адай жерленді,
Жерленгеннен бер қарай
Раһат еді көргені,
Зеңбірегі қардай бораған
Патшаға да бүл Адай
Дін қылышын сермеді,
Ішімізден дүреген
Әулие Бекет – пір шығып
Уа, жарандар, көп еді
Алланың бізге бергені (126 бет).
…Әруақты ерлерім
Еріккен күні желденіп,
Шартарап жұрттан дау шығып
Неше дүркін біздермен
Байқасқан күшін теңгеріп
Россия патшаның
Талай хакімдерін өлтіріп
Біразға дейін көнбедік (127 бет).
…Біздің Адай халқынан
Алты Алаштың баласы
Сескенді дабыл-даңқынан,
Бұл уақыттар болғанда
Дарияларым су алды
Кемерін соғып шалқыған (347 бет).
…Адай деген ел едік
Басқа халық бізбенен
Батырлық пен байлыққа
Бәс етпеген шарқ ұрып,
Ерегескен дұшпанды
Табанға салып тарпыдық (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы-1996. 348 бб).
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жерін, оның ішінде Манқыстау, Үстірт өңірін аралаған ағылшын ғалымы Джон Уорделл былай деп жазба қалдырыпты:
«Қазақтар – тумысынан батыл, ерлікке құштар халық. Олар досқа адал, қонакжай, жатқа да сыйластығы мол адамдар. Ал жауына мейірімсіз, қатал. Олар өте жершіл, жағдайдың ауысуына қарай көңіл күйлері тез өзгереді. Бірақ олар ер көңілді. Қиын сәттің өзінде де әзілге сылтау таба біледі». Бейнеу. Тарихи-танымдық әңгімелер. Алматы 2002).
Сол сияқты Адайлар жайлы тағы бір тарихи дерек ұлы Төле би атамыздың сөзімен төмендегіше беріледі: «Қазығұрт тауының баурайында өткен ас-тойдан Түркістанға қайтып келе жатқанда Төле би, Есен би бастаған бір топ игі жақсылар, ел жағдайын, ел арасындағы кикілжің жанжал, кейбір бозбалалардың жағымсыз мінездерін естіп, әңгімелеп келе жатып, Төле би өзінің Тұрсынбай, Құттыбай дейтін батыр жігіттеріне қарай былай депті:
Асыл тусаң Керей бол,
Үш қазаққа мерей бол.
Уақ болсаң Шоға бол,
Даулы істе жорға бол.
Арғын-Қыпшақ болсаң,-Алтай бол.
Найман-Қоңырат болсаң-Матай бол.
Байұлы болсаң Адай бол.
Үйсін болсаң Ботбай бол.
Бұл атаулы болмасаң,
Қалай болсаң, солай бол! – деп, жоғарыда аты аталған руларды үлгі етіп көрсетіпті. (Бұл дерек филилогия ғылымының докторы Нысанбек Төрекұловтың 1991 жылы жарық көрген Төле би кітабынан алынды).
Қолдан ұйымдастырылған кеңестік соңғы нәубет (аштық) бүкіл қазақ халқын қырғынға ұшыратты. Сол қырғынды ұйымдастырған кеңес үкіметі тарихшыларының өзі 6 млн. қазақтан 1,9 млн. қазақ қалғанын мойындап, жазба деректерде жарияланып жүр. Ал, шындығында аштан өлгендер мен жер ауып кеткендер саны бұдан 4-5 есе көп, яғни сол заманнан бізге жеткен ауызша деректе ол кездегі қазақтың саны 20 млн. тіпті одан да көп болған. Себебі, бүкіл дүние жүзі бойынша 9-шы орын болып келетін ұлан-ғайыр аймақты аз адаммен иемденіп, ұстап тұрып, қорғау мүмкін еместі.
Осылайша 300 жыл жарты әлемді билеген Шыңғыс қаған империясының орнында, бүкіл тарихшылар шатасып жүрген Моңғолия емес, әлемдегі жер көлемі бойынша 9-шы орынды иемденетін қазақ елі бүгінгі күнге жетті.
Менің осы айтқандарымды орыс отаршылары мен соның қолшоқпарлары халықтан жасырып, тарих қойнауына тығып тастау үшін бүткіл халықты қырғынға ұшыратып, сол қырғыннан аман қалған сауатсыз аз халықтың әліппесін, яғни төте жазуын 1930 жылы латынға, 1940 жылы латынды кириллицаға ауыстырды. Және оның үстіне, сол 1930 жылдары туысы Манқыстаулық Адай ата ұрпағынан басшы қызметке адам алынбасын деген қаулы алынды. Сол қаулының күші әлі жойылмай жалғасып келеді. Мен білетін арғы-бергі тарихта ешбір елде бұндай жағдай болған емес. Мұның жалғыз ғана себебі осы Адайлардың сол атақты бабаларымыз Алып Ер Тобыш (Афрасиаб), Еділ патша (Аттила), Қазақ, Оғыз, Бұмын, Тоныкөк Білге, Қапаған, Шыңғыс қағандардың ұрпақтары екендігіміз болып табылады.
Кеңес өкіметінің билігі «Тектіден туған текті ұрпақтарды» билікке араластырудан қорықты. Ақыл-біліммен бағындыруға олардың өресі де жетпейтін еді. Себебі, дана елді билеуің үшін өзіңде дана болуың шарт. Бұл қазақтың ежелгі аңыз-ертегілеріндегі көптеген қиындықтарды бастарынан өткізіп «алтын айдарлы ұланның», яғни текті ұлдың, орыс аңыздарындағы «Иванушка-дурачоктың» қолдары билікке жетуімен толықтай сәйкес келеді. Артының не болғаны бүкіл әлемге аян емес пе? Шындықтын аты шындық, одан қашып құтыла алмайсың.
Тарих тағлымы: Дана елді билеу үшін өзіңде дана болуың шарт. Дананы «баланың» билеуге өресі жетпейді. 1930 жылғы Мәскеудегі СОКП орталық комитетінің туысы Маңғыстаулық Адай Ата ұрпақтарынынан басшы қызметке адам алынбасын деген қаулы алуының басты себебі де осы. Манқыстау халқының «шындық іздеп шарқ ұрып», әділетсіздікке қарсы жиі-жиі бас көтерулерінің негізгі сыры да осында жатыр. Бүгінгі таңдағы орыс тілді билік пен қазақ халқының арасындағы үйлесімсіздік осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.
Бауырым! Жалайырдың жалғызы! Орысты оқығанша Өз еліңнің тарихын зертте, зерделе. Сонда Өз атаңның қарашаңырағын жек көрмейтін боласың.
Тараздың тарланыСәрсенбі, 09.03.2016
Сонымен түйіндейік:
1. Бүгінгі адай деп отырғанымыз күні кеше ғана найманның құрамынан шыққан.
2. Жоңғар шапқыншылығы тұсында, қазақ қырылып жатқанада бастарын алып, Азаттық соғысынан қашып кеткен.
3. Батыр шықпаған ел.
4. Меркіттерді одай деп атаған, кейін келе адайға айналған. Қызығы меркіт бүгін 3 ке бөлініп кетті. Найман, керейде және шапыраштының негізгі бөлігінің көне аты- меркіт.
5. Адай адамзат баласының бастауы.
6. Көк Түріктің қарашаңырағы, себебі-кенже. Осынысы рас. Найман- одайлар қазақ тайпаларының ішіндегі ең жасы.
7. Барлық айтылғандар былжырақ.
8. Мұхаметкәрімнен басқаларың түгелдей боқ білмейсіңдер. Данышпан Мұхаң жасасыыыыынннн.
9. Нұқ пайғамбардан қалған ұрпақ осы одай-адай.
10. Мұхамбеттен басқа пайғамбарлар түгелдей еврей болуына байланысты адай евреймен аталас.
11. Не боп барады?
12. Мұхамбеткәрімге еремін деп мен де пәңгілене бастадым.
13. Тоқтайын…
АдайшалСәрсенбі, 09.03.2016
Мұқанбеткәрім мырза, жасың нешеде? Мұны сұрау себебім: мына зерттеулерің дәлелді деп отырсың, бұларада он-онбес оқырманға дәлелдегеніңнен пайда жоқ, жол жүруге жарасаң жоғары барып, үлкен ғылыми басқосу ұйымдастырып, филолог, тарихшыларды жинап жиын өткізіп дәлелдегенің дұрыс. Өзің білесің, ертең 14-і Отпантауда Қосай Ата ұрпақтары Ұлы Амал мерекесін атқарғалы отыр, сонда алыс-жақын игі жақсылар, қалталы кәсіпкерлер жиналады, аузы дуалы, сөзі өтімді дегендер басқосады. Сол Ұлы жиында осы ойыңды ортаға салсаң қаражат жағы шешілер, қолдаушы-спонсор табылар. Осындай бір игі іс атқарсаң мына көрінгенге көзтүрткі болып жүрген қазағың қайта түлеп, руһы оянары сөзссіз, мұндай игі шараға исі қазақ қарап қалмайды, 100 теңгеден тастасада бар машақатыңды көтереді. Солай ағайын, құр жаза салу бір басқа, халқыңа қызмет ету тіптен басқа. ІСКЕ СӘТ!
Oerken Toqtar uliСәрсенбі, 09.03.2016
Керейлердің ішінде Меркіт деген ру бар. Соларды негіз етіп ДНК сараптамасын жүргізу керек.
АдайшалСәрсенбі, 09.03.2016
Мұқанбеткәрім, мына» тараз тарланға» Әбілқайыр 17 мың қолды бастап барғанша Абылайдың баталмай 2 ай тайсақтап тұрғанын, қолдың бір қапталын Жары Шотан басқарып, көзге түсіп Абылайдың жеке қабылдауында болғанын дәкүменттеп түсіндіріп жіберсең, өтініш.
Oerken Toqtar uliСәрсенбі, 09.03.2016
Қазақтарда мынадай сөз бар «Кешегіден алыс жоқ, ертеңгіден жақын жоқ» деген. Қанша қызылкеңірдек болсақ та кешегіні келтіре алмаймыз, өтті кетті. Ал ертеңіміз өз қолымызда, мысалы, күннен күнге кетіп бара жатқан тіліміздің ертеңгі жағдайы Қазақстандағы, ал шетелдегі қазақтардың тілдері тіпті мүшкіл хәлге өтті. Тіл өлсе, ұлт өлді деген сөз. Қазақ тілі әлі сол баяғысынша орыс қарпінде орыс тіліне тәуелді болып тұр. Сондықтан латын әліппесін ендіруді көп кешіктірмеген жөн. Бұл болашақ жөнінде. Сол жөнінде көбірек ат салысқан жөн болар.
http://ult.kz/?p=14669
БейсенСәрсенбі, 09.03.2016
Серікжан! Иә, ғалымдар Онғытты Уақ деп жазып жүр. Бірақ Онғыт (Үнгіт) 12 ата Байұлының бір атасы Жаппастың құрамында ғой.
Қожырбайұлы МұхамбеткәрімСәрсенбі, 09.03.2016
Тараздың тарланына! «10. Мұхамбеттен басқа пайғамбарлар түгелдей еврей болуына байланысты адай евреймен аталас» дегеніңізге айтарым:
Адам-Адам болғалы 70 000 жылдан бері бүкіл Адамзат баласы бүгінгі қазақтың ана тілінде сөйлеген. Қазақтың ана тілі дегені, менің шешемнің тілі дегені емес, бұл тіл бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз. Қазақтан және оған ең жақын тумалас елдерден басқа ешбір елдің тілдерін Ана тілі деп атамайтын себебі осы. Бұл Адам ата мен оның қарашаңырағының иелері бүгінгі қазақтардың «авторлық» құқы. Адам атаның да, Қазақтың да қарашаңырағының иелері бүгінгі Қаз Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» және Маңғыстау түбегінің сұғына кіріп тұрған теңіздің Қас би (Каспий) деп аталатыны да осыдан. Қас би (Каспий) қазақтың лақап аты. Ал, «Ан» Ман атамыздың (Манқыстау) есімінің сөз түбірі.
Ежелгі шежірелердің барлығы дерлік Тауратты –Тора, Торы, Торы ат деп атаған. Мысалы, «Йаһудилер өздерінің қасиетті кітаптарын «Тора» деп атайды да оны жазбаша, ауызша деп екіге бөледі. Йаһудилердің түсінігі бойынша, жазбаша Тора Аллаһтың Тури Сина (Түріктің Сынды М.Қ.) тауында Хазіреті Мұсаға жіберілген кітабы. Ал, ауызша Тора болса, жазбаша Тораның тәпсірі іспетті болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген «Талмуд» атты кітап болып саналады. Яһудилер ауызша Тораны жете ұғынбай, жазбаша Тораны түсіну мүмкін емес дейді. Жазбаша Тораға Хазіреті Мұсадан (а.с.) кейінгі пайғамбарлардың айтқан нақыл сөздері қосылып кеткен. Христиандар бұл кітапты «Ескі Өсиет» десе, Яһудилер «Танах» дейді. Бізге ол кітап жоғарыда айтқанымыздай Таурат ретінде белгілі.
Тора 5 негізгі бөлімнен тұрады. «Алғашқы пайғамбарлар» бөлімінде Хазіреті Мұса (а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі яһудилер Құдайдың өздеріне уәде еткен мекенге, өлкеге орналасуы, патшалықтың құрылуы мен басқарылуы, яһудилердің пұтқа табынушылармен күресі және қасиетті ғибадатхананың салынуы мен қирауы туралы баяндалады. Кітапта пайғамбарларды «Алғашқы пайғамбарлар», «Соңғы пайғамбарлар» деп екіге бөліп қарастырады.
«Соңғы пайғамбарлар» бөлімінде кейінгі пайғамбарлардың пұтқа табынушылармен болған күресі, жалғыз Құдай түсінігін өзгелерге жаю үшін жасаған еңбектері мен өсиеттері айтылады. Бұл бөлімде негізінен: Ишая (Ишай, Есей), Иремя (Еремей), Хазекиел (Қазақ елі), Хошеа (Косай), Ёел (Ел, Иол), Амос, Обадя, Жүніс, Мика, Нахум, Хабаккуч, Тсефаня, Хазай (Қазай), Зекерия (Зәкәрия) және Малаки тәрізді пайғамбарлардың жазбалары баян етіледі.
Яһудилердің түсінігі бойынша, Танахта келтірілген жырлар тарауы Дәуіт (а.с.) пайғамбар тарапынан жазылған. Тауратта бұл бап «Забур жырлары» деп келтіріледі және ол 150 тақырыптан тұрады. Бұл 150 жырдың 73-ін Дәуіт пайғамбар, қалғанын өзге де ұлы тұлғалар шығарған деген пікірлер бар. Жырлардың жалпы мазмұны Құдай Тағаланың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына таңырқап, шексіз ұлылығын, рақымын, жарылқауын айта келіп, Ұлы жаратушыға шүкіршілігі мен дәріптеуін жеткізеді. Сонымен қатар, өздерінің мұқтаждықтары, қайғы-қасіреттері, жауларының зорлық-зомбылығына деген наразылықтары да сөз болады.
Сүлейменнің нақылдары: Дәуітұлы Сүлеймен пайғамбардың келер ұрпаққа арналған өмір сүру жайындағы ғибрат сөздерді келтіреді. Бөлім 31 тараудан тұрады.
Таңдаулы әндер: Сүлеймен патшаның жазған өлеңі ретінде танылады. Мұнда Аллаһ пен Яһудилер арасындағы сүйіспеншілікті екі жастың арасындағы сүйіспеншілікпен салыстыра отырып, жан-жақты суреттеп, дәріптейді. Бұл бөлім 8 тараудан тұрады.
Уағыздаушы: бұл бөлім Сүлеймен патшаның еңбегі ретінде қабылданады. Сүлеймен пайғамбар бұл уағыздаушы жырында өмір сүрудің терең мағынасын талқылай келе, өмірдің өткінші әрі мәнсіз екендігін сипаттайды. Шынайы өмір дегеніміз Алладан қорқу және Оның әмірлеріне мойынсұнудан тұрады деп келтіреді. Жыр 12 тақырып төңірегінде айтылады.
Рут: Мұнда Дәуіт пайғамбардың дүниеге келуі, РУТ ЕСІМДІ ТЕГІ ЕВРЕЙ БОЛМАҒАНЫМЕН, яһуди дінін қабылдап, ақырында үйленіп, отбасылы болғандығы айтылады. Бөлім бас-аяғы не бәрі 4 тараудан тұрады.
Дәуіттің әкесі Есей, Боғоз бен Руттың немересі. Есей Құдайға адалдықпен қызмет еткен көрінеді. Дәуіт, оның жеті ағасы мен екі әпкесі әлі кішкентай болғанда, әкесі оларды Мұса заңы бойынша тәрбиелеген» (29-бет «Забур» 86:16 ЖД).
МІНЕ ОСЫ ДЕРЕКТЕРДЕН МҰСАНЫҢ ДА (МОЙСЕЙ), СҮЛЕЙМЕННІҢ ДЕ (СОЛОМОН), ОНЫҢ ӘКЕСІ ДӘУІТТІҢ ДЕ (ДАВИД), ОНЫҢ ӘКЕСІ ЕСЕЙДІҢ ДЕ, ОНЫҢ ӘЖЕСІ МЕН АТАСЫ БОҒОЗ БЕН РУТТЫҢ ДА ТЕГІ ЕБРЕЙ ЕМЕС ЕКЕНДІГІ АЙҚЫН КӨРІНЕДІ. МҰСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ АТА-ТЕГІ БАРЛЫҚ ШЕЖІРЕЛЕРДЕ ОСЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН.
…Шежірелер туралы 1‑ші жазба Адам атадан басталатын адамзаттың ата-тегінің шежіресін қамтиды. Яғни, бұл бөлім Нух, Ибраһим, Исхақ, Яқуб, Дәуіт пайғамбарлар мен олардың үрім-бұтақтары туралы баяндалатын 29 тараудан тұрады.
Шежірелер туралы 2‑ші жазбада киелі үйдің құрылысы жайлы баяндалады. Сүлеймен салғызған киелі үйдегі шымылдық және соған қолданған түрлі-түсті жіптер туралы айтылады. Бұл бөлім 36 тарауды құрайды.
«Бес кітап, Тора, Таурат — Інжілдің бір бөлігі болып табылатын Көне Өсиеттің алғашқы бес кітабының аты. Бес кітапты еврейлер Тора (яғни, “нұсқау”, “ғаламға жетекші”), мұсылмандар Таурат деп атайды. Оған “Жаратылыстың басталуы”, “Шығу”, “Левит”, “Сандар”, “Екінші заңдастыру” кітаптары (бөлімдері) жатады. Бес кітапты Мұса кітабы деп те атайды, ол осыдан 3300 жылдан астам бұрын, Синай тауында (Маңғыстаудағы Сынды тауында М.Қ.) Мұса пайғамбарға уахи келгенде түсірілген кітап болып есептеледі. Зерттеуші ғалымдардың (Ж. Астрюк) болжауынша, Бес кітап б.з.б. 444 ж. шамасында біржола құрастырылып болған. Еврейлердің дәстүрінде Тора деп кең мағынада Бес кітаптың өзін (Танах) және оған түсініктемелерді (Мишна, Талмуд) атайды. Бес кітап жаратылыс туралы, Адам Ата мен Хауа Ана, топан су, көне еврейлердің патриархтары (Ибрагим, Жақып, Ысқақ, Жүсіп, т.б.) жайында әңгімелейді. Сол сияқты онда еврейлердің тарихына қатысты көптеген оқиғалармен қоса (көбінесе, Мұса төңірегінде) яхуди дініне қатысты заңдар мен рәсімдер жазылған. Бес кітаптың негізгі идеясы — жалғыз ғана Құдайға (Яхве, Иегова) сыйынып, дін жолымен жүріп-тұру, еврейлерді Құдай таңдаған халық ретінде уағыздау. Таурат ислам мойындайтын төрт қасиетті кітаптың біреуі ретінде шариғат заңдарының, мұсылмандық дүниетанымның қалыптасуына едәуір ықпал еткен» («Бес кітап». Қазақ энциклопедиясы).
Түсініктеме: Еврейлердің Тауратты Тана (Танах) деп атайтын себебі, Бұзау мен Тана синоним. Ал, еврейлер Бұзаудан тарайды. Атам қазақтың «Тана көзін сүзбесе, Бұқа жібін үзбейді» дейтін мақалы бар. Демек, тана бұзаудың есейе бастаған кезеңі және олардың тегі Аналық (Ева, дева) текке жатады. Еврейлердің тегі осы. Олар өздерін Атадан емес, Анадан таратады.
Көне еврей патриархтары деп отырғандарының бәрінің тегі Қазақ (Қаз аға). Олардың бәрі осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Көшпенді елдің тілі өзге елдің тілімен будандаспаған. Құранда осы аталған пайғамбарлармен бірге 25 пайғамбардың аттары берілген. Ежелгі жазбалардың бәрінде де оларды Қазіреті Нух, Қазіреті Ибраһим, Қазіреті Исхақ, Қазіреті Яқуб (Жақып), Қазіреті Дәуіт, Қазіреті Ысқақ, Қазіреті Жүсіп пайғамбарлар т.т. деп бәрінің есімдерінің алдына Қазақ (Қазіреті) деген аталарының аттары аталады.
Қазірет — Аз (Әз), Қаз, Ір (бір), Ет (Ед, Ад) деген біріккен сөздерден тұрады. Өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі Әз (Аз) және Қаз. Ір – ірі, бір, пір, яғни ең алғашқы ата, үйретуші бірінші адам, пір деген ұғымды береді. Ет (Ед) – мына көрші орыстардың «единицасы» осы. Бұл, бізше Ад атамыздың лақап аты. Ал, «І» дыбысы «ы», «и», «й» тобына жатады. Бұл ежелгі қазақтың сөз жасау жүйесінде «ұлы», «баласы», «ұрпағы» деген мағына береді.
«Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Қазақтардың таным — түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Ата 2. Әке. 3. Бала. 4. Немере. 5. Шөбере. 6. Шөпшек. 7. Немене. Мұнан соң туыстық атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін сұрағанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.
…Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 — күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады» (Мақсұтбек Сүлеймен. «Таңғажайып жеті саны» http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=52232).
Түсініктеме: Жеті саны Жеменейдің лақап аты. Жеменей — Бұзаудың екі баласының кішісі. Үлкенінің аты Айтумыс. Жеменейден Семит бөлінеді. Ал, Семит Араб пен Ебрейлердің атасы. Қазақтың жеті мен сегіз санының авторлық құқығы осыларда. Жетінің Жеменеймен, сегіздің Семитпен түбірлес болатыны осыдан. Өздеріңіз көріп отырғандай сегіздің сөз түбірі егіз. Сұрақ: Сегіз кіммен егіз? Әрине, жетімен дер еді, кез-келген есі дұрыс саналы қазақ азаматы.
Оны мына көрші орыс елі де кәміл біледі. Әйтпесе олар жетіні «семь», сегізді «восемь» деп атамаған болар еді. Бұл жерде олар жетінің Жеменей екенін кәміл мойындап, семит-сегіздер жеменей-жетінің ішінен шықты деп отыр.
Муса пайғамбардың ұрпақтары бұзауды пір тұтады. Хайуандар ішінде осы сиыр ғана өлгенін жоқтайтын (тұлыпқа мөңірейтін) жалғыз жануар. Негізінде Мұса пайғамбардың тегі Қосай. Мұса есімінің түбірі Ұс (Үс, Ұш, Үш) болатыны осы. Үш саны Қосайлардың сандық атауы.
Бұл Алып би мен сандық жүйеге де толықтай сәйкес келеді. Ас (1), Әс, Ес, Ис, Ос(5), Өс, Ұс(7), Үс, Ыс, Іс(10) барлығы он түбір сөз жасалады. Ас тобына жатады. Ос (Қосай) өте жақсы деген баға алып, бесінші буында тұрса, Мұсаны құс қылып көкке ұшырған жетінші буын Бұзау-Жеменейлер болып тұр.
…«Сондай-ақ, бұрын НҰХТЫ да тура жолмен жүргізгенбіз. Әрі оның ҰРПАҚТАРЫНАН Дәуітті, Сүлейменді, Айубты, Жүсіпті, Мұса және Һарунды да. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз. 85. Әрі Зәкәрияны, Яхияны, Исаны, Илиясты да (тура жолмен жүргіздік). Олардың бәрі де ізгілерден еді. 86. Әрі Исмаъилді, Әлясағты, Юнусты және Лұтты да (тура жолмен жүргіздік). Әрбірін әлемдерге артық еттік. 87. Сондай-ақ олардың әкелерінен, ұрпақтарынан және бауырларынан да таңдап алдық және тура жолға салып жүргіздік. 88. Алланың тура жолы – осы… (Әл-Әнъам сүресі. 84-88 аяттар). Тәпсір: Өздеріңіз көріп отырғандай жоғары да аттары аталған, аталмаған барлық пайғамбарлар Нұх пайғамбардың ұрпағы (баласы) делініп айқын көрсетілген.
Бұзау (Сиыр) демекші – осы сиыр қазақтың қолға үйреткен үй жануарларының ең алғашқысы. Қазақта сиыр мен сиыршылардың пірі Зәңгі баба делінеді. Қазақтың жыл санау жүйесінде сиыр тышқаннан кейін екінші аталады. Адам баласы мынау 70 000 жылғы ғұмырында ең алғаш қысқа дайындаған астығын ұрлап жеген тышқанды, содан кейін сиырды таныды. Зәңгі — сөз түбірі «әң (аң, ан)» бастауын Маннан (Маңғыстаудан) алады, аналық текке жатады. Аң (ан) мен ананың түбірлес болатыны осы. Аталарымыз қара нәсілділерді Зәңгі деп атаған. Қазақтың қайдағы бір қиырда (өте алыста) қалды ғой дейтіндері осы. Қиыр мен сиырдың түбірлес болатыны осыдан. Сол сияқты сиыр, бұқа, өгіз, тана, қашар, баспақ т.т. бәрі-бәрінің мағынасы осы. Бәрінің бастауы Бұзау. Бұл жеті аталық бөлінбейтін біртұтас тектікті білдіреді. Бөліну осы Бұзаудың сегіз санын иемденген ұрпағы Семиттерден басталады. Жеменей қарашаңырақта қалды, семит бөлініп кетті. Бөліну осы семиттерден басталды. Қазақтың «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ер туған жерінде, ит тойған жерінде», «Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» дейтін мақалдары осылай дүниеге келді. Бұл мақалдың бүгінгі аударма мағынасы «космополитизм». Космополиттерде Атамекен, Отан, Туған жер деген түсініктер болмайды. Олардың көже қарны қай жерде тойса, отаны сол. Бұндай көзқарастағы жандар қазақ үшін аса қауіпті. Өз туған елінің байлығын далаға тасыйды. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бергі, 23 жыл ішінде орыс тілді билік басына шоғырланған көптеген космополиттер қаншама ел байлығын сыртқа асырды, артынан өздері де қашты. Сол далаға «жылап» кеткен миллиардтаған қаражаттар ел мүддесіне жаратылғанда біздің жағдайымыз қазіргіден мың есе артық болатыны айдай ақиқат емес пе? Елімізде сондай билік басына шоғырланған қаражат иелеріне үш рет «амнистия» жарияланды.
Сиыр Алланың адамдарға жіберген ең алғашқы сыйы еді. Сондықтан сый, сыйлық деген ұғымдар дүниеге келді. Бұл ұғымның негізгі авторы Ақ (аға) Арыстан тарайтын Үйсіндер, дәлірек айтқанда осы Үйсін атамыздан тарайтын Сыйлықсары (Жиен), Ақарыс – Жалайырдан тарайтын Сиыршы, Өгіз; Дулаттың Сиқымы, Керейдің Сибаны, Алшын-Байұлының Танасы, осылардың бәрінің бастауы Бұзау Ата болып табылады. Әйгілі Будда діні осылардың арасында дүниеге келді. Бұзау мен Будданың бір түбірден (бір атадан) болатыны осыдан. Бұл дауға жатпауға тиіс. Біздің аталарымыз тарихты осылай жазған. Сол үшінде оларды бүкіл әлем Қаз би (Каспий) деп атаған.
Мұса атамыздың жолын ұстанған Ер Дәуіт пен оның он сегіз мың ғаламға патша болған атақты ұлы Сүлейменнің тегі Қазақ. Шежіре дерегі бойынша Қосай атамыз Адай атамыздың үшінші буын ұрпағы, Адай — Құдайке — Қосай болып таратылады.
Мұса пайғамбар ұрпақтарының Бұзауды пір тұтатынына келсек, Бұзау шежіре дерегі бойынша Адайдың екі баласының кішісі Келімбердінің төртінші баласы, Адайдың алтыншы немересі, яғни Қосайдың інісі. Және оның үстіне Бұзау Адайдың ең жақын туыстықты білдіретін, бөлінбейтін жетінші буын ұрпағы болып табылады. Әйтпесе, Ер Дәуітті бүкіл қазақ халқы Темірші-ұсталардың ұстазы деп пір тұтып, Бұзауды аса қастерлемеген болар еді. Олар ең алғаш емхана ашып, адам емдеп, ағаштан кеме жасап, қатты ағашқа емен, қолдан жасалған қатты затқа темір деп өз есімін беріп, темірден жасалған қаруға «семсер» деп өз есімдерін бергендер де солар болатын. Шындықтан ешкім ешқайда қашып құтылып, олардың «авторлық» құқығын ешкім тартып ала алмайды. Сол үшінде қолдан жасалған ең қатты затқа «цемент», қатты тасқа «кремний» деп ат қойылды. Өздеріңіз көріп отырғандай барлығының авторы Бұзау атамыздың ұрпағы Жеменейлер, барлығының бір ғана «ем» деген түбірден болатыны осы.
Осы жерде алғаш темір қорытып, одан семсер, селебе жасағандар Жеменейлер болса, Қазақтың қайқы қылышы мен пышағының атауы қайдан шықты деген сұрақтың туындары сөзсіз. Қылыш пен пышақты да ойлап тапқандар осылар. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қылыштың сөз түбірінің «ыл» болуы, Жеменейдің ағасы Айтумыстың іште қалған жалғыз баласы Шылым атамыздың атының «ыл» түбірімен сәйкес келуі, және сонымен қатар, пышақтың сөз түбірі «ыш» болатыны да осыдан. Тура қылыштың ұш жағын сындырып алып, үй шаруасына пайдаланып, оны пышақ деп атаған. Жер бетінің түпкір-түпкірлерінде кездесетін Шылым (Чулым) атты өзендер мен елді мекен атаулары осы аталарымыздан қалды.
Таурат қара сөзбен емес жырмен жазылған. Бұл ежелгі жырмен жазылған киелі кітаптардың барлығының авторы қазақтар деген сөз. Тарихы тайыз, сөздік қоры аз, тіл білімі жетіспеген елдердің бұлай жасау қолдарынан келмеген. Ежелгі жырмен жазылған көптеген киелі кітаптарды (Таурат, Забур, Авеста, «Құтадгу білік» т.т. көптеген елдердің менікі деп меншіктеніп алып, мағыналарын толық түсіне алмай жүргендерінің сыры осы. Осы ежелгі кітаптар мен ежелгі Өсиет жырларды меншіктенген елдер мен ұлттардың барлығы да, сол еңбектердің толық мағынасын түсіне алмағасын бәрі бір ауыздан, бұлардың бәрі ежелгі еврей, ежелгі парсы, ежелгі араб, ежелгі монғол, ежелгі қытай тілі деп атайды. Шындығында олардың «ежелгі» деп отырғандарының барлығы қәзіргі қазақтың Ана тілі болып табылады.
Тараздың тарланы! Бауырым! Өзің зерттеп, зерделемеген және дәлелдей алмайтын тұжырымыңды ортаға саларда Шыңғыс қаған атамыздың мына өсиетін басшылыққа алғанымыз дұрыс. «Сөзді айттың ба – ол жақсы ма, жаман ба, әзіл ме, шын ба, бәрібір – оны қайтарып ала алмайсың; сондықтан әр сөзіңді безбенге өлшегендей салмақтап айт».
Мерген83Сәрсенбі, 09.03.2016
Каап, бул пikipталасты жуктеуге бола ма?басынан аягына дейiн руксат па?авт кукык???
болса калай УЛТ.КЗ.жеке озiме саралауга iзденуге
Курметпен окырман.