Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客 » sjanbolat
Viewing all 778 articles
Browse latest View live

Қазақ тілі 63- орында

$
0
0

Қазақ тілі қолдану аясы жағынан әлемде 63 орында
Статистика мәліметіне сүйенсек, әлемде барлығы 3500-дей тіл бар, ал, қазақ тілі қолдану аясы жағынан 63 орында тұр. Бұл жайында бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Оразгүл Асанғазы мәлімдеді.
«Елбасы жүргізіп отырған саясаттың бірі ұлтаралық татулық екені бәрімізге мәлім. Еліміздегі барлық ұлттардың достық пен татулықта тұрып жатқаны барша әлемге аян. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың осыншалықты тамыр жаюы мемлекет құрушы халық – қазақтардың мейірбандығы мен қонақжайлығына үйренген басқа ұлттардың өзара татулығының нәтижесі деу орынды. Өңіріміздегі барлық этномәдени бірлестіктердің күн сайынғы жұмысы татулықты, келісімді сақтауға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойған еді. Алайда, қазақ болып туған әр азамат өз тілінің мемлекеттік тіл екендігіне мақтанып, сол тілде сөйлеу керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде статистикаға жүгінсек, қазақ тілі әлемдік тілдер қатарында қолдану аясы жағынан 63 орында тұр. Мемлекеттік тіліміз араб, ағылшын тілдерден кейінгі үшінші бай тіл қатарында» деді О.Асанғазықызы.
Айта кетейік, ҚХА мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылады.


Ғарышкер Айдын Айымбетов ұшуға бекітілді

$
0
0

Ғарышкер Айдын Айымбетов әнші Сара Брайтманның орнына ұшуға бекітілді

Астана. 22 маусым. Baq.kz – Ғарышкерлерді даярлау орталығының ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты британдық әнші Сара Брайтманның орнына Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға қатысушы ретінде бекітті. Бұл туралы ТАСС агенттігінің зымыран-ғарыш саласындағы дереккөзі хабарлады.

«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен Айымбетов ХҒС-ына қысқа мерзімдік экспедициясының құрамына енгізілді. Оның дублері болып ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев тағайындалды», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы. әңгімелесушісі.

Ғарышқа ұшуға үміткер болған ресейлік бизнесмен Федор Гальчев, әңгімелесушінің нақтылауынша, ғарышқа ұшу идеясынан бас тартқан жоқ, бірақ әзірге осындай сапарға шығуға жеткілікті түрде дайын емес екенін түсініп отыр.

Бұған дейін Росғарыш басшысы Игорь Комаров ТАСС агенттігіне ХҒС-на ұшудан бас тартқан Брайтманның орнына ұшатын адам таяу уақытта анықталатынын хабарлаған еді.

Айымбетов пен Гальчевтан басқа, "Союз ТМА-18М" кемесінде британдық әншінің орнына ұшу тәжірибесі болмаған Прокопьев үміткер болған.

"Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің Байқоңыр (Қазақстан) ғарыш айлағынан ұшуы 1 қыркүйекке жоспарланған. Айымбетовпен бір экипажда орбитаға ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен ұшады.

Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында туған.

Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "жоюшы-ұшқыш" мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Жоюшы-ұшқыш.

Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департаментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.

Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан).

2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті. 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.

Астарлы әңгіме

$
0
0

Атаққұмарлық – адамгершіліктің құнсыздануы Басты мақалалар, Замана 27.06.2015 0 11 рет оқылды Академик Төрегелді Шарманов ағамыздың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Құндылықтар құлдырауы» (13.03.2015) деген мақаласында негізінен ғылым саласындағы әсіреатаққұмарлықты сын тезіне салған. Шынында, қоғамдық өмірімізде дендей бастаған мұндай көлеңкелі көріністер ғылымның беделін түсірумен шектелмейді. Оның зияны ұшан-теңіз. Сауатсыз оқымыстылардың көбеюі – адамгершіліктің азаюы. Ізгі қасиеттердің – ар, ұждан, намыс, ұят дегендердің – құнсыздануы. Жан сезім тазалығының тотыға бастауы. Мұндай күйге түссек дамыған жұрттың қатарына қалай қосыламыз? Ел алдында тұрған ұлы міндеттерді орындау үшін жалған ғалым керек пе? Осынау бәсеке заманында шалағай мамандармен биік деңгейден көріне аламыз ба? Бізге бақайын есептеп, жеңілдің үсті, ауырдың астымен жүргісі келетін жатыпішер жалқаулардың керегі жоқ. Бізге елін, жерін, халқын көркейтемін, сол үшін аянбай қажымас-қайрат көрсетіп, күні-түні жұмыс істеймін деген отаншылдар керек. Әркім өзінің қызмет саласында үздік болғанын қалаймыз. Данышпан Абай атам «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің» деп еді. Ақын бабамыздың тағылымын есінде сақтап, қадір тұтып, бұған соншалықты ынта-ықылас көрсеткендер бар ма екен? Бар. Соның біреуі – кеше ғана өмірден өткен өзіміздің Бельгер. Оның еңбекке қаншалықты жауапкершілікпен қарап, не бітіргенін тізбей-ақ қояйын. Көзі қарақтылар онсыз да біледі. Неміс проблемасы туралы кітап жазу барысында екі-үш рет Гер-ағамен сөйлескенім бар. Әңгіме барысында «Абайдың 15-қарасөзін ұмытпайық» деп «Резюме» деген кітабын сыйлады. «Амантай Кәкен мырзаға. Менің шығармашылық есебім. Қабыл алыңыз. Г.Бельгер. 14.04.2011» деп жазды. Бұл не? Әңгіме, повесть, роман ба? Әлде аударма шығар. Ақтарып қарасам, тақырыптың астына «Биоби­блиогра­фический отчет» деп түсініктеме бері­ліпті. Он екі бөлімнен тұратын кітапта автордың өмірбаяны туралы қысқаша анықтамасынан басқасы оның ғұмыр бойы айналысқан жұмысы – жазған, құрастырған кітаптары, үш тілде – орыс­ша, қазақша, немісше шыққан ұжым­дық жинақтарда, газет-журналдарда жарияланған материалдары, аударған роман-повестері, пьесалары мен сценарий­лері, әңгімелері, очерктері, сыйлық алған еңбектері, т.б. библиография: қашан, қай баспадан шыққандығы бәрі рет-ретімен сұрыпталған. Неткен еңбекқорлық, ұқыптылық, тиянақтылық. Жазушы бауырымыздың тамаша ескерткіші. Тілге тиек болған Абай пікірі, ойлап қарасам, қазақ үшін ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығына арналған сөз сияқты көрінеді де тұрады. Ақын атамыздың ұлылығы да осында болса керек. Любищев деген ғалымның өмірі туралы жазылған хикая осыған куә. Орыстың көрнекті қаламгерлерінің бірі Даниил Граниннің «Оғаш өмір осындай» («Эта странная жизнь») деген повесі бар. Жазарман қиялынан туған аңыз-әңгіме емес, өмірде болған оқиға. Александр Александрович Любищев деген ғалымның өзгеден жеке-дара, басқаға мүлде ұқсамайтын оқшау өмірі туралы деректі туынды. Лекциясын тыңдап, ақыл-кеңесін есту үшін Ленинград пен Мәскеу зиялылары, әсіресе жастар жағы жиі шақыратын көрінеді. Қарсы алып, шығарып салған байсалды оқымыстылар, жас ғылым докторлары, жалпы интеллигенция өкілдері соңынан өріп жүреді екен. Сонша әлпештеп аялайтын ол кім? Сөйтсек, Ульянов сияқты шет аймақ­тағы институтында істейтін, ВАК-тің емес, ректордың бұйрығымен берілген қатардағы профессор. Лауреат та емес, ВАК-қа да қатысы жоқ. Ғылыми еңбектері ше? Онда мін жоқ. Жоғары бағаланады. Бірақ Любищевтен де ірі математиктер мен генетиктер бар ғой. Сөз болып отырған кейіпкеріміздің жер қыртысын жүйелеу, ғылым тарихы, ауыл шаруашылығы, генетика, өсімдікті қорғау, философия, этномология, зоология, эволюция теориясы, атеизм саласындағы ондаған монографиясы мен сан алуан зерттеу еңбектері жарық көрсе де ғылым докторы деген атағы жоқ. Бұған өзі «кінәлі». Себебін сұраса, «ресімдеуге уақыт жоқ» дейтін көрінеді. Сөйтсек, бар ғұмырын ғылымға арнаған ол ондаған жыл бойы өзінің осы мақсатқа қанша сағат, неше минут жұмсағанын күнде, апта, ай, тоқсан сайын есебін шығарып отырады екен. Негізгі көздеген нысанаға қатысы жоқ жұмыс қажетсіз деп, есепке кірмейді. Демек, атақ-даңқ, шен-шекпен алуға қатысты шаруаға уақыт бөлу керек емес. Ал академик Андрей Дмитриевич Сахаровтың мол дәулет, байлыққа деген көзқарасы ерекше екен, дүниеқоңыздықтан мүлде ада болыпты. Сутегі бомбасын жасаған соң Курчатов, Харитон, Келдыш, Королевтердің қатарына қосылды. Оларға ерекше жағдай жасалып, ұсыныс-пікірлерін жүзеге асыру үшін тұтас ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейтін, мемлекет қаржы мен ресурсты аямады. Мұны бәрі бағалады, дәл осындай мейірбандылықтан ешкімнің қол үзгісі келмеді – тек Сахаровтан басқасы. Андрей Дмитриевич материалдық құндылыққа ғажап немқұрайлылық көрсетті. Көптеген сыйлықтардан түскен сол кездегі түсінік бойынша қыруар қаржы болып есептелетін ақшаның жартысын Қызыл Креске, қалғанын онкология орталығының құрылысына берген. Ешкім «рахмет» те демепті. Керісінше, бастықтар түсініксіздік пен наразылық пиғылын қоздырады. Сахаров өз еркімен жоғары мәртебелі жағдайын тастады, қызметінен, өзіне бекітілген машинасынан, жүргізушісінен, өңкей басшылар тіркелген емханасынан бас тартты. Басқалар аса қажет деп есептейтін құрмет пен атақ-даңққа назар аудармады. Оны басқа шаруалар мазалады: өзі бірінші болып жасаған бомбаның адамзатқа қаншалықты қауіпті қару екендігін жария етті. Термоядролық қаруды сынаудың адамзатқа қаншама қасірет әкелетіндігіне жұрттың назарын аударды. Әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін күресті. Әрине, Бельгер, Любищев, Сахаров майдан даласындағы қырғын соғысқа қатысып, батырлық көрсете қойған жоқ дейік. Бірақ олардың іс-әрекеті ерлік жасағаннан да артық еді, өйткені, мағыналы өмір сүрді. Атқарған жұмыстарын өздері табиғи жағдай деп қабылдады, мұның жұмбағы мен құпиясы да осында еді. * * * Атақ-даңққа, шен-шекпенге, орден-медаль сияқты сый-сияпатқа әуестік, сыбайлас жемқорлыққа деген құштарлық сияқты көріністер қай халықта болса да бар. Ал қазақтар арасында ондай ұнамсыз жағдайлар неге орын алады? Бізді ойландыратын мәселе осы. Жағымпаздық, сүйкімсіздік, ұнамсыздық қазаққа қайдан келген? Бұл әр адамның өзіне байланысты десек те, жалпы, ел ішінде қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуалдың ықпалы аз болды деп айта алмаймыз. Тамыры тереңде жатқан дүние. Осыдан 550 жыл бұрын құрылған дербес мемлекеттігіміз кейін сыртқы күштердің араласуымен құлады, екі ғасырдай отаршылықты бастан кешірдік. Тәуелсіздік алғанымызға әлі ширек ғасыр да болған жоқ. Мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін бұл онша көп уақыт бола қоймаса да, едәуір шаруаның басы қайырылды. Әлем мойындап отыр. Әрине, шешілмеген мәселе шашетектен. Осыған байланыс­ты, бірнеше ғасыр бойы отаршылық тауқыметін бастан кешірген, рухани қыспаққа ұшыраған қазақ халқының жадын жаңғыртып, төл тарихымызды тани білудің маңызы ерекше болмақ. Ресей патшалығы отаршылдық сая­сатты жүзеге асыру үшін неше түрлі қитұрқы айла-амал қолданғаны белгілі. Осы мақсатпен Дала өлкесінде елде ықпалы бар, жұртқа сөзі өтетін кейбір ақсақалдар мен байлар, қожалар мен билер, сұлтандардың біразына жүйелі түрде әртүрлі марапат көрсетіліп жатты. Мәселен, қазақтар арасынан шыққан жүзбасы, хорунжий, есаулдар мен одан лауазымы биіктеу деген әскери қызметшілердің іс-әрекеті бодан халықты «ақ патшаның» айбыны мен құрметі алдында қалшылдап тұратындай жағдайға келтіруге жұмылдыруы тиіс еді. «Генерал-губернаторлардың қалауы бойынша өзіне бөлінген төтенше жағдайда жұмсалатын қаржы есебінен ыждағатты қызметі және орыс тілін меңгергені үшін қоғамдық басқарманың бұратана халықтан шыққан қызметшілері құрметті шапанмен немесе ақшалай сыйлықпен марапатталуы мүмкін», – делінген «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереженің» 106-бабында. * * * Сатқындыққа апарар жолдың бірі – әсіреатаққұмарлық. Ұлы Маркс атап өткендей, мұның қоғам үшін аса қауіптілігі сол, сенімді сатқындыққа, сүйіс­пен­ші­лікті өшпенділікке, өшпенділікті сүйіспеншілікке, адамгершілікті көрген­сіздікке, көргенсіздікті адамгершілікке, құлды мырзаға, мырзаны құлға, нақұрысты ақылдыға, ақылдыны нақұрысқа… айналдыра алатын жойқын күш екендігінде. Бұл дегеніңіз, дүниені төңкеріп тастай алатын табиғи және адамгершілік қасиеттердің жаппай сапырылыстырылуы деген ұғым. Черняевтің оңтүстік өңірді жаулап, жеңіске жетуіне жергілікті адамдар көмектесті, отаршылардың сый-құрметін алды. 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының жеңіліп, оның көсемі Кенесары хан мен серіктестерінің түгелдей қырылып-жойылуы, себеп-салдары туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Бұл жеке әңгіме. Қазақ ханы қырғыздармен болған соғыста қолға түсіп, солардың қолынан қаза тапты. Осыдан кейін қырғыздардың Батыс-Сібір генерал-губернаторының белгілі құрылымдарымен астыртын байланысы құпия болудан қалды. Өйткені, хан қазасынан кейін Кеңесарыны жеңгендерге және оны қолдап, көп жағдай жасаған орыс отрядтарының бастықтарына үкімет марапатын беруге ынта көрсетіп, бастамашылдық жасаған Ресей жағы болатын. 1847 жылдың 19 мамырында П.Горчаков князь әскери министр А.Чернышовке «қырғыздарды мара­пат­тауға келсек, оларға тапсыру үшін жоғарғы басшылыққа өтініш жасап, маған 6 алтын және осыншама күміс медаль жіберсеңіз» деп жазады. Нәтижесінде, Қамбар Асыланов, Сары Алтаев деген сұлтандар «ыждағат көрсеткені үшін» («за усердие») наградталды. Қырғыз жасақтары жетекшілерінің бірі Жанқарша би (Жанқараш) Исходжин (Есқожин) алтын медальға ие болды. Қырғыздың бетке ұстар әскери элитасына алтын, күміс медальдар, қымбат шапандар, тіпті әскери шендердің берілуі оларды Ресейге іш тартып, тіл алғыш одақтасына айналдыруы тиіс деп есептелді. Шынында, бұл сый-сияпаттарды алып жатқандар Ресей азаматтары емес қой. Қырғыз манаптары, билері, батырлары – барлығы 12 адам – алтын медаль алды. Кенесары әскерін қырып-жойып, патша сарайы алдында ерекше сіңірген қызметі ескеріліп, Ормон хан орыс армиясының подполковнигі деген шенге ие болды. Өкініштісі сол, Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы шығып, сатқындық көрсеткен, сол үшін ақ патша үкіметінің «ыстық ықыласына» бөленген өз қандастырымыз да аз емес еді. * * * Совет заманының басшылары марапаттау, сый-сияпат көрсету, орден, медальдарды тарату мәселесіне әртүрлі көзқараста болды. Шет жағасын көрдік те. Дегенмен, кейбір деректерге тарихи таным тұрғысынан қарап, бірен-саран оқиғаларды еске түсіре кеткеніміз артық болмас деп ойлаймыз. «Кеңестер Одағының барлық қарулы күштерін іскерлікпен ұйымдастырып, Ұлы Отан соғысын гитлерлік Германияны толықтай жеңуімен аяқтағаны үшін И.Сталин 1945 жылдың 26 маусымында екінші рет «Жеңіс» орденімен марапатталады. Сонымен бірге, тағы да маршалдар бастамасымен «біздің Отанды және оның астанасы Москваны қорғаудың ауыр күндерінде Қызыл Армияны басқарып, гитлерлік Германиямен күресте ерекше ерлік пен табандылық көрсеткені үшін» Кеңес Одағының Батыры атағымен наградталады, бұған Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса берілуі тиіс еді (О.С.Смыслов. Загадки советских наград. //М., 2005). Құрметті атақ беріліп, қолбасшы орденімен екінші рет қошеметке бөленгені туралы хабарды Сталин жаңа шыққан «Правда» газетінен оқып-біледі. Бұл туралы өзімен бұрын ешкім ақылдаспағандықтан көсемнің ашу-ызасы қайнайды. Кремльге келіп, маңайындағыларды жинайды, олар Сталиннің қаһарына ұшырайды. – Қалай құтылуды өздерің білесіңдер, бірақ мен орденді алмаймын, – дейді ол. Алайда, бес жылдай уақыт өткен соң бірде саяжайда, кешкі ас үстінде, бұрынғы сый-сияпаттар туралы әңгімені Иосиф Виссарионович өзі қозғайды. Сол кездері екі жұлдызды әрі екі «Жеңіс» орденді Батырдың бейнесі барлық жерде әлдеқашан жарқырап тұратын. Ақыры, Н.Шверник, Бірінші май мерекесі қарсаңында, 1950 жылдың 28 апрелінде, оның «70 жылдығына байланысты» үшінші Ленин орденімен қоса 1945 жылғы наградасын тапсырады. Мерейтой кең көлемде атап өтілді. Сарай адамдары күтпеген сыйлық жасайық деп Сталин орденін белгілеуді қолға алады. Шақа сарайының (Монетный двор) музейінде, көрме-заттың үлгісін көрсетуге арналған орында басқаларға ұқсамайтын, станокпен көбейтілмеген өзіне ғана тән, тек дайындама есебінде жасалған небәрі екі дана орден сақталған. Қалай десек те, Кеңестер Одағында тағы бір абыройы биік қошемет түрі дайын болған сияқты еді. Орден «өзіне» ұнаса да, соңғы шешуші кезеңде қасарыса қалғаны (алдын ала келісімін берген болатын). Оның қарауына орденнің он үш үлгісі, «И.В. Сталиннің 70 жыл толуы құрметіне мерекелік медаль белгілеу», «Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайту туралы халықаралық сталиндік сыйлықты белгілеу» туралы жарлықтардың жобалары тапсырылады. Міне, осылардың ішінен ол соңғысын ғана таңдайды, ал мұндай орден тек өлгеннен кейін белгіленуі керек деген ойын білдіреді. – Әр нәрсенің өзінің уақыты болады, – дейді партия көсемі. – Орден онсыз да белгілі адамдарға емес, елеусіз қалған ерлерді көпке таныстыру үшін беріледі. Иә, Сталин жолдас не айтарын білетін. Партия көсемінің қызметі аздай, Министрлер Кеңесін қоса басқарған (1958 жылдың наурызынан бастап) Н.С.Хрущев жалған мадақ пен арзан атаққа, мансап пен шенге үйір болды, боссөзділікке салынды, он жылда үш мәртебе Социалистік Еңбек Ері, Кеңес Одағының Батыры атанып, көптеген сыйлықтарды еншілеп, мемлекеттік марапаттарды құнсыздандыра түсті. Оның темір-терсекке құмарлығы ерекше болды. Д.Қонаев «Өтті дәурен осылай» деген естелік кітабында былай деп жазады. Хрущевке «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медалін тапсырдым. Хрущев балаша қуанды. Тебіренгені сонша, мені қапсыра құшақтап, өмірі істемеген тірлігін көрсетті. Ел алақандары қызғанша дуылдата қол соқты». Л.И.Брежневтің тұсында орынды-орынсыз орден-медаль үлестіру, құрметті атақтарды тарату одан әрі жалғасты, бірақ бұл қоғамдағы моральдық-психологиялық хал-ахуалды жақсарта қойған жоқ. Керісінше, мұндай жағдайдың қалыптасуы тіпті, сол сый-сияпаттарды таратуға тікелей қатысы бар деген шенеуніктердің өзіне ерсі көрінді. Белгілі жазушы, публицист Л.Млечин Брежнев туралы жазған кітабында бір назар аударарлық деректі келтіреді. КОКП Орталық Комитеті әкімшілік органдарының бөлім жетекшісі Н.Савинкин партия көсеміне шағым жасайды: – Біз атақ үлестіру мен орден таратуды тоқтата тұруымыз керек. Мүлдем құнсызданып кетті. Брежнев таң қалады: – Коля, сен, немене, темірді аяйсың ба? Ала берсін. Алады, сосын жуады, көңіл-күйі көтеріледі, жұмысқа ынтасы артады. Оларды мұндай мүмкіншіліктен неге айырасың? Өткеннен сабақ алайық. Әсіреатақ­құмар­лықтың адамгершілікті құнсыз­дануына ұшыра­татындығын әр­дайым есте сақтайық. Амантай КӘКЕН, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті ардагері, отставкадағы полковник.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/06/27/68080

Әлем Лидерлері Нұрекең туралы

$
0
0

Әлем Лидерлері Назарбаев туралы не ойлайды?
© www.peoples.ru © www.peoples.ru
Жақында Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қазақ Көшбасшысына өзінің жылы лебізін білдірген сөздері қазақстандық БАҚ-та жарық көрді. Бұл өзге мемлекеттер басшыларының Нұрсұлтан Әбішұлының саяси беделіне қатысты айтып отырған алғашқы лебізі емес. Бұған дейін де әлем көшбасшылары қазақ оғланы туралы ойларын ашық айтып келеді. «Қамшы» порталы солардың бір сыпырасын назардарыңызға ұсынады.

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан Президенті:

«Мен қырғых халқы атынан, осы елдің Президенті ретінде, Қазақстан Президенті - біздің ақсақалымыз, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлына көрсетіп отырған көмегі мен қолдауы үшін үлкен алғысымды айтамын. Менің бұл сөзім кейбіреулерге ұнамай қалуы мүмкін. Дегенмен Назарбаев мырза тек Қазақстанның ғана көшбасшысы емес, ол - әлем лидерлірінің бірі. Ол бүкіл түркі жұртының мақтанышы. Оның еңбек жолы бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға бағытталған»

Джордж Буш, АҚШ Президенті (1989-1993жж.):

« Сіздің «ядросыз әлем» жобаңыз бұл – жаһандық саясаттағы ешкім қайталай алмайтын қадам болды. Мен және Америка халқы Сізге және Қазақстан халқына қашанда ілтипатымыз ерекше. Сіздің қиын-қыстау кезеңдердегі ұстанған саяси және экономикалық реформаларыңыз – әлемдік саясаттағы үлкен жетістік деп білеміз. Бұдан әрі де Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық, ынтымақтастық байланыс нығая түсетініне сенімім кәміл.

Барак Обама, АҚШ Президенті:

«Президент Назарбаев әлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз әлем» жобасы- әлем көшбасшыларын таң қалдырған жоба болды. Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, әлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы – қазақстандықтар әлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне ие болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанды әлемдегі ең тұрақты мемлекетке айналдырды».

Владимир Путин, Ресей Президенті:

«Нұрсұлтан Әбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Менің таң қалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен – ол өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда – сентименталды адам бола алады. Ол ұқыпты әрі әділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы».

Кофи Аннан, БҰҰ бас хатшысы (1997-2006жж.):

«Қазақстан- өзге де ТМД елдерімен салыстырғанда ерекше мемлекет. Онда тұрақтылық, бейбітшілік және экономикалық өсім бар. 1991 жылы Президент Назарбаевтың бастамасымен, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанда, біз Назарбаевтың осы бір бастамасына қайран қалған болатынбыз. Өйткені БҰҰ әлем елдерін ядродан бас тартуға үндеп келе жатқанына 60 жылдан асты. Бірақ нәтиже жоқ еді. Мұның бәрі Президент Назарбаевтың еңбегі».

Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы:

«Президент Назарбаев әлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері әлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс».

Маргарет Тэтчер, Ұлыбритания преьер-министрі (1979-1990жж.):

«Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі саяси ойыншылар бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған қатты сенемін және оның бастамаларын қолдаймын».

Абдолла Гүл, Түркия Республикасының экс-президенті:

«Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз қазақ мемлекетін құрудағы түркі халықтарының бірлігін нығайтудағы еңбегін жоғары бағалаймыз. Осы орайда сізді «Түркі елдерінің ақсақалы» дей келе үстіңізге ақ шапан жауып, басыңызға ақ бас киім кигізуге, қолыңызға киелі аса таяқ ұстатуға рұқсат етіңіз. Сіз бүкіл түркі жұртының лидерісіз!»

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:

«Аса қадірменді Президент мырза, менің аяулы бауырым! Алдыңғы жылы Түркиядағы Президентті ұлықтау рәсіміне сіз арнайы келіп қатыстыңыз. Мен мұны сіздің маған ған емес, барша түрік жұртына құрметіңіз деп түсінемін. Сіз түркі жұртының ақсақалы ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықты нығайтуға аянбай тер төгіп келесіз. Мен сізді үлгі тұтатынымды жасырмаймын».

Ислам Каримов, Өзбекстан Президенті:

«Мен білемін, дүниеде ерекше жаратылған адамдар болады. Олардың ақылы жыл ұзарған сайын арта береді. Қарапайым адамдарда қартайған сайын жадынан жаңылып, қарттықтың көлеңкесіне сүйенеді. Ал дара туғандар керісінше болады. Оларға Алла Тағала даналық берген. Олар Алланың ерекше сүйген құлдарынан болса керек-ті. Президент Назарбаев осындай азамат!

Ағылшын және түрік тілдерінен аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

qamshy.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/alem-liderler-nazarbaev-turalyi-ne-oylaydyi-70784/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

ҰЛТ РУХЫН ШЕКАРАМЕН БӨЛМЕЙІК

$
0
0

ҰЛТ РУХЫН ШЕКАРАМЕН БӨЛМЕЙІК

Қасиет тұнған қара жердің төсінде он бес миллионнан астам қазақ бармыз. Оның он миллиондайы атажұртта отырмыз. Қалған үштен бір бөлігі жұмыр жердің әр пұшпағында, шекара сыртында өмір сүруде.

Сол шекарамыздың екі беті бары белгілі. Сырттағы ағайындармен, яғни шетелдердегі қа­зақ диаспорасы өкілдерімен байланыс жасау Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығына жүк­тел­ген. Мұның өзі өте кең көлемді жұмыс. Бұлай бо­латыны, алдымен диаспора ұғымының аясы өте кең. Себебі, тағдырдың жазуына сәйкес, өз жерінде отырып та шет мемлекеттер құрамында қалып кеткен қазақ ауылдары аз емес. Мұндай елді мекендер Қазақстанмен көршілес елдердің бәрінде бар. Олардың қазақ ирреденттері деп аталуға тиіс тұрғындарын да қазір біз диаспора атандырып жүрміз. Қауымдастықтың ең негізгі міндеті осы диаспора өкілдерінің рухани қа­жет­тіліктерін қанағаттандыру, тілін, мәдениетін, ұлт­тық салт-дәстүрлерді сақтауына жәрдем ету, ата­жұртқа деген ықыласын ояту болып табылады. Кейбіреулер ойлағандай, Қауымдастық кө­ші-қон мәселесімен айналыспайды. Көші-қон­мен, оралмандар мәселесімен қазір атағынан ат үркетіндей, еліміздің үш бірдей министрлігі айналысуда. Қауымдастық үшін қазір диаспора өкілдерімен рухани жақындық алдыңғы орынға шығып отыр. Сан-салалы бұл істің бір көрінісі ретінде біз қазір шетелдік қазақ авторларының туындыларын жариялауға, қазақстандық ав­тор­лардың еңбектерін диаспора өкілдері ара­сында тарату мен насихаттауға көңіл бөлудеміз. Шекара арқылы бөлінген бір ұлт өкілдерінің арасын жақындатуға тиіс істің қай-қайсысы да біздің ұйым үшін жат емес.
Шекара атаулының екі беті бары белгілі, де­дік. Өзіміз қазанында қайнап келген бергі бет­тегінің бәрі де бізге түсінікті. Тура алақан­да­ғы­дай. Ал, арғы бет туралы не білеміз? Қазақ қай жерде жүрсе де оның түп-тамыры, тілі мен мә­дениеті бір екендігін бәріміз мойын­да­ға­ны­мызбен, біз мойындауға тиіс тағы бір ақиқат бар. Ол – арғы беттегі қандастарымыздың жан­дү­ниесін түсінуіміз әлі де төмен екендігі. Қазіргі әдебиетіміздегі үңірейген осынау олқылықтың орнын Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан шығып жатқан кі­таптар біршама толықтыра алады. Тақырыптық, идеялық, көркемдік жағынан қайталанбас ерек­шеліктерге толы, еларалық маңызға ие шетелдік қазақ авторларының кітабын басып шығаратын бұл баспа орнының өнімдері өзгеше. «Ата­жұрт­тан» шыққан кітаптар алыстағы ағайынның жа­нын бізге жақындата түсуге арналған.
«Алғаш шекара түбіне келгенде маңайыма үді­рейе де таңқала қарап қалдым. Дәл алды­мыз­дағы тор темірдің ар жағында бірнеше жыл­дан бері бізге қауіп төндіреді деп айғайлап, бір­ден-бір жау санап келген Совет Одағының тер­риториясы көсіліп жатыр», деген жолдарды өз қандасымыз, Қытайдағы талантты қазақ жазу­шысы Тұрсынхан Әлқанұлы бауырымыз жазған. Арғы беттің сан түрлі саяси өткелегін бастан кешірген Қытай қазақтарының бергі бет туралы ойлары қызық. «Түнде ұйықтап жатқанда С­овет Одағының шпиондары баспалап келіп, бай­лап алып кететіндей, болмаса олардың тың­шылары ағаш-ағаштың арасында тығылып жат­қандай елестейді» оларға... Сөйте тұра қан­мен бе­рілген түйсік арқылы атамекен – Қа­зақ­стан­ды ерекше қадір тұтады. Т.Әлқанұлының «Тірлік­тен теріп алғандар» атты повестер мен әңгіме­лер жинағындағы арғы бет кейіпкер­ле­рінің жү­регінде атажұртқа деген сартап сағыныш бар. Шекара түбіндегі Мойке деген жерде шөп шауып жүрген «жігіттер... темір тор­дың ар жа­ғына аяқ­тарын алмакезек өткізіп, «міне, мен де Совет Одағына бардым» деп жырғап қалатын», – дейді автор.
Кереғар дүние-ай, десеңізші!.. Бала кезі­мізде қазақ жерін «басып алған» қытайлықтар бергі беттегі біздің де түсімізге жиі енуші еді ғой.
Т.Әлқанұлының «Тірліктен теріп алғандар» жи­нағындағы қысқа әңгімелерді, әсіресе, «Апам қа­шып кетіпті» повесін қазіргі әдебиетіміздің үздік туындылары қатарына жатқызуға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ар­наулы бағдарламасы бойынша кітаптары шығарылып, еліміздегі ең ірі кітапханалар жүйе­сі арқылы таратылғанымен, көпшілік назарынан орын­сыз сырт қалып келе жатқан шетелдік талантты қазақ авторлары аз емес. Бұлардың қа­тарына Қытай қазақтарының арасында ал­ғаш­қылардың бірі болып, роман жанрына қалам тарт­қан жазушы, марқұм Күнгей Мұқажанұлын жат­қызуға болар еді. Тіл мен стиль жөнінен ол дара тұр. Бұл ерекшелігі Күнгей шығарма­шы­лы­ғын шеберлік шыңына жетелеп әкелгендей кө­ріне­ді. Кестелі, оралымды тіл мен селкеусіз сти­ль жазушы әңгіме, повестерінің өн бойына қан жүгіртіп, жан бітіріп тұрғандай сезіледі. Әр сөз бен сөйлемнің ар жағынан тірі бейнелер, та­ныс кейіпкерлер бой көрсетіп отырады. Сон­дықтан болу керек, К. Мұқажанұлы шығар­ма­ларының кейіпкерлері әрбір қазақ ауылында жүр­гендей болып тұрады. «Ортеке» тарихи әңгі­ме­сіндегі Мырза Залың атанған Ботыхан бей­несін алайықшы. «Марқұмның мұраты – мақтан еді. Соның құлы болып, не алуан қиындыққа шы­дағаны бар» деп әңгімеленетін Ботыхандар қай ауылда жоқ. Басқа ел, басқа жүйеде өмір сүр­генімен, ол бергі беттегі біздерге де жат емес.
Әркімнің мақтаны әртүрлі. Семіздікті бақуат­тылықтың белгісі деп ұққандықтан шығар, Мырза Залың өзінің етжеңділігін көрсетіп қалуға құ­мар. Елден асқан ірі емес. «Түйе үстінде тымақ­тай болып Ботекең отырды» деп суреттелетін ол өзін атан түйе ғана тарта алатындай салмақ иесі сезінеді. Төңірегіндегілердің үнсіз әжуаға айналдырып жүргендігімен мұның шаруасы жоқ. Ботыханның айналасына қарап, қазақы ке­ле­меж­дің құдіреттілігіне таңқаласың. Шаруасын дөң­гелентіп, тәп-тәуір мал мен бас құрап отыр­ған Ботыханның қазақы әжуаны суша сіміріп, майша сіңіретініне еріксіз күлесіз.
Жылылыққа толы Күнгей Мұқажанұлы шы­ғар­маларының атажұрттағы оқырмандарымен то­лық қауышар күні де, шынайы бағасын алар ке­зі де алда екендігі анық.
«Атажұрт» баспа орталығынан соңғы жылдары жарық көрген сүйекті шығармаларды шола қа­рағанда, Сұлтан Жанболаттың «Ежелгі ұлыс та­рихы» кітабы ерек көзге көрінеді. Бұл кітап – жанкешті еңбек жемісі. Автор қазақ жеріндегі ең көне, ежелгі тайпалардың бірі саналатын Үй­сін елінің тарихын зерттеуге 30 жыл өмірін ар­напты. Ол Қытай жылнама­ла­рын­дағы қазаққа қа­тысты талай шындықтың бетін ашады. Шың­жаң өңіріндегі белгілі ғалым, айтулы қаламгердің са­раптаулары сарабдал, ойлары дәйекті, тұ­жы­рымдары берік. Үйсін ұлысының б.з.б. ІІ – І ға­сырларда өз заманына сай ірі де қуатты мемлекет болғандығын С. Жанболат жан-жақты ашып көрсетеді. Бір сүйсінерлігі, бұл шығарма жергілікшілдіктен, жікшілдіктен ада-күде таза.
Моңғолиялық Ғалыммұрат Хабсатарұлының «Қа­зақ болмысы» кітабын ұлт жанашырының үні, тіп­ті, жанайқайы деп қабылдағанымыз абзал. Ата-бабалары Баян-өлгейге қоныстанғалы талай ғасыр өтсе де, Қазақстанды Отаным деп бі­летін Ғ. Хабсатарұлының туындысын шынайы пат­риотизм жемісі деуге болады. Шығармада ұлт­тық болмысымызға қатысты құбылыстарға байыпты талдау жасалынып, соқталы ойлар ай­тылады.
Тәпей Қайысқанның «Сексеуілдің шоғы» жыр жи­нағы, Өнерхан Өгізбайұлының «Тағдыр тал­қы­сында» атты повестер мен әңгімелер жинағы да оқырман ықыласына лайық дүниелер. Шекара сыртындағы ағайындарымыздың рухани әлемін танытарлық мұндай шығармалардың жиі жарияланып тұруы керек-ақ, әрине.
«Атажұрт» баспа орталығынан соңғы жылдары ғана жарияланған кітаптардың кейбіріне қыс­қаша шолу жасап өттік. Ал, Қауымдастық бас­па орталығы жұмыс істей бастаған 2000 жыл­дан бері еліміздің мәдени-рухани өміріне үлес болып қосыларлықтай басқа да сүйекті туын­дылар аз жарияланған жоқ. Қажығұмар Шабданұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Батырхан Құсбегин, Халифа Алтай, Жақсылық Сәмитұлы, Зардыхан Қинаятұлының шығармалары қазақ әде­биеті мен мәдениетіне, тарихына айтулы жаңа­лық болып енді. Түптеп келгенде, диаспора өкілдерінің шығармашылығына қамқорлық жа­сау шекараның екі бетіндегі ұлтымыздың тұ­тас­тығына қызмет етумен тең. Соңғы кезде бұл іске ҚР Мәдениет министрлігіндегілердің ықыласы не­ліктен азая бастағаны түсініксіз. Министрліктің бағ­дарламасына шетел қазақтары шығар­ма­ла­ры­ның енуі қиын болып барады. Өзіндік ерек­ше­ліктерге, еларалық маңызға ие шетелдік қа­зақ авторларының кітабын басып шығару ісіне ар­найы бағдарлама арқылы ұзақ жылдар бойы қам­қорлық танытып келген ҚР Мәдениет ми­нистр­­лігі ұстанымының берік болуын қалар едік.
Серік Рәсілов,
Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы
«Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы.

Көздің көру қабілетін ....

$
0
0

Астана. 9 шілде. Baq.kz – Қазіргі адамдарда, әсіресе жастарда көзге түсетін күштің көбеюінен соңғы онжылдықта көз аурулары жиі туындай бастады. Компьютермен жұмыс істеудің әсерінен ғана емес, бөлмелердегі салқындатқыштың ауаны кептіріп жіберуінен де «құрғақ көз» синдромы пайда болады. Экологияның нашарлауы, күйзеліс және өзге де сыртқы факторлар түрлі офтольмологиялық аурулардың туындауына алып келеді дейді окулист мамандар.

Егер сіз көзіңіздің айналасындағы ауруды сезінсеңіз, қабынуды байқасаңыз, көзіңізден шаршағандық және қызарғандық көрінсе, көзіңіз жасаураса немесе көруіңіз нашарласа, онда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Тек көз маманы ғана ауруыңыздың неден екенін анықтап, оның емдомын жасап бере алады. Ал, егер дәрігерге көрінуге мүмкіндігіңіз жоқ болса үй жағдайында көзге түрлі жаттығулар жасау арқылы да көз ауруынан айығуға болады.

Көздің көру қабілетін қалыпқа келтіретін тәсілдер:

1. 20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз. Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз.

2. Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз.

3. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңыз да, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз.

4. Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.

5. Компьютерде немесе жұмыс орнында көзіңіз шаршағанда мынадай жаттығу жасауыңызға болады. Екі қолыңызбен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзіңізді жауып отыруыңыз керек. Көзіңіздің демалғанын сезгеннен кейін қолыңызды босатуыңызға болады.

6. Дәрумендерді көбірек пайдаланыңыз. Әсіресе көкөністер мен жемістердің құрамында көздің көру қабілетін жақсартатын дәрумендер көп болады.

7. Күн сайын қайнатылған қырық қабат жапырағын жеңіз. Күн сайынғы тамақтануда қайнатылған және шикі сәбізді және грек жаңғағын пайдаланған дұрыс.

8. Шаршаған көзді сумен шайып шаршағанын басуға болады.

Ұқтыру

$
0
0

Отбасына қолқанат қыз бала керек.
Үрімжідегі дендері сау, ағартушы, білімді, мінезді, баласыз екі қарт жұбайлардың отбасына бірге тұрып, бірге азызқтанатын қолқанат қажет.Газ арқылы екі уақ шай мен түскі тамақ дайындасудан сырт машиналасқан тазалық - басты міндет. Үйде ханзуша, комьпютер (电脑) үйренетін жағдай жақсы.Еңбекақысын келісіп бекітуге болады. Бейілі түскендер s2019360101@qq.com ға (ханзуша, төте жазуша, латынша не осы крилше) хат жазып сөйлесер.

Қай дәрумен қай тағамда бар?

$
0
0

Қай дәрумен қай тағамда бар?

Ауырмау үшін, денсаулық жақсаруы үшін С дәруменін қабылдау керек, В1 дәрумені бар азық-түлік тұтыну шарт деп жатамыз. Ал бұл дәрумендер қандай тағам құрамында кездесетінінен хабарымыз бар ма?

В1 дәрумені ет өнімдері, жұмыртқа, бауыр, нан, жарма секілді тағамдарда көптеп кездеседі.

Ал В2 дәрумені бауырда, жұмыртқада, ет тағамдарында, асбұршақта, ашытқыда, баданада көп.

В6 дәрумені бұршақты дақылдар мен ет өнімдерінде баршылық.

РР дәрумені (никотинді қышқыл) немесе В3 дәрумені сұлу жармасы, бидай ұны, асқабақ, саңырауқұлақ, қызылша көкөністерінің құрамында кездеседі.

С дәруменін барлық жеміс-жидек пен көкөніс құрамынан кездестіруге болады. Бұл дәруменнің ең мықты қайнар көзі – қара қарақат, құлпынай, шабдалы, киви, қызыл бұрыш, өрік, аскөк, ораздық, орамжапырақ, қымыздық жапырағы, долана және цитрустік жемістер.

D дәрумені балық майы, саңырауқұлақ, жұмыртқа және ет өнімдерінде ұшырасады.

Ал E дәрумені астық өнімдері мен жаңғақтарда көп.

К дәрумені картоп, қызанақ, сәбіз, ақжелкен өсімдіктерінде бар.

Бауырдан, көкөніс жапырақтарынан, бұршақ тұқымдастарынан фолацин кездестіруге болады.

Ал калийдің қайнар көзі – картоп, жеміс-жидек және көкөніс.

Фосфор элементі балық, сүт және бұршақ өнімдерінде өте көп.

Натрий ас тұзында бар.

Темірді адамдар көбіне ет өнімдерінен алады.

Йод пайдалы элементін теңіз балығынан кездестіре аласыз


50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдік

$
0
0

50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдік

Астана. 4 желтоқсан. Baq.kz - Қара зере (черный тмин) - ерекше емдік қасиеті бар өсімдік.

Қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай. Медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В дәрумендері, линолей, олеин,пальмитин, эйкозен, стеарин, альфа-линолен қышқылдары құрайды.

Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынандай ауруларға ем екендігі белгілі:

Қандағы холестеринді азайтады;

Ағзаны улы заттардан тазартады;

Иммунитет жүйесін күшейтеді;

Инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;

Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;

Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;

Құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;

Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;

Ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;

Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе т.б.);

Өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады;

Несеп жолдарын тазалайды;

Ішті жүргізеді;

Ішек құрттарын жоюға көмек береді;

Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;

Сүйелді кетіреді;

Жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем;

Белсіздікке ем;

Семіздіктен арылуға көмектеседі;

Тәбетті арттырады;

Асқазанның ойық жарасын (язва) жазады,

Етеккiр циклын қалпына келтіреді, т.б.

Қара зере майы. Қара зеренің, негізінен, дәнектері мен майы емге пайдаланылады. Мәселен, қара зере майы аллергияны, қышыма мен псориазды бәсеңдетуге, демікпеге қарсы ағзаның иммунитетін арттыруға, асқорыту қиындағанда, жоғарғы қан қысымы байқалғанда емге пайдаланылады. Түрлі витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтермен қатар, қара зере майының құрамында көмірсулар, белоктар мен майлар да бар. Өсімдік майы негізгі маймен қатар майлы қышқылдардан да түзіледі. Осы себепті аталғандардың соңғысы қанықпаған майға жатады. Зерттеуші медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В витаминдері, линолей қышқылы, олеин қышқылы, пальмитин қышқылы, эйкозен қышқылы, стеарин қышқылы, альфа-линолен қышқылы құрайды. Ол сондай-ақ нигелон семохиропинон немесе меланин секілді арнайы белсенді компоненттерге де ие.

Қара зере шайы. Бүгінгі күні қара зеренің дәндерінен қайнатылған арнайы шай да жасалады. Бұндай шай көбіне іш кебу, іш өту және өт шаншуы сияқты ауруларға ем. Жас босанған сүті аз әйелдерге де оның пайдасы зор.

Қорыта келгенде, Қара зере - расында да емдік қасиеті мол шипалы өсімдік. Оның өлімнен басқаның бәріне ем екендігін бүгінгі медициналық зерттеулер бірінен соң бірі дәлелдеуде.

Айтыс ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

$
0
0

Қазақ халқының осы қастерлі өнері ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
Бұл күндері Намибияның Виндхук қаласында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясы өтіп жатыр. Оның жұмысы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс – импровизация өнері» атты номинациясы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді.
Бұл шараға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізге белгілі айтыс­керлер Б.Имашев пен А.Тұрсынбаева қатысуда. Айтыскерлердің сессияның отырысында сөз етіп отырған асыл өнердің таныстырылымын көрсетуі жоспарланған.
Еске сала кетейік комис­сия­ның былтырғы отырысында елімізден ЮНЕСКО тізіміне «Қазақтың дәстүрлі домбыра күй өнері» және Қырғызстанмен бірлесіп ұсынған «Киіз үйді жасау­дың дәстүрлі білімдері мен дағ­дылары» атты номинациялар енген болатын, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Сізше қалай?

$
0
0

Бiзге қағаз жүзiндегi емес, iс жүзiндегi Тәуелсiздiк керек!

Бiздiң қағаз жүзiндегi Тәуелсiздiктi тойлап жүргенiмiзге дәл 24 жыл болды. Ал iс жүзiндегi Тәуелсiздiктi...

Ендi ерiксiз осы жерде Ататүрiктiң түрiк жастарына арнаған өсиетi еске түседi: “Ей, түрiк жастары! Сенiң бiрiншi мiндетiң – түрiк Тәуелсiздiгiн қорғау және сақтау! Сенiң тiрлiгiңнiң де және болашағыңның да жалғыз негiзi, жалғыз тiрегi – осы, Тәуелсiздiк! Бұл – сенiң ең қымбат байлығың!”.

Ататүрiктiң айтуынша, бiздiң ең жалғыз сүйенiшiмiз де, ең жалқы тiрегiмiз де – Тәуелсiздiк! Ал ендi бiз өз Тәуелсiздiгiмiздi, ең қымбат байлығымызды қайтiп қорғап, сақтап жүрмiз? Бiр ғана мысал. Ұлттың тәуелсiздiгi – ең алдымен, ұлттық тiлдiң тәуелсiздiгi. Ал бiздiң тiлiмiз тәуелсiз бе? Жоқ, тәуелдi. Орыс тiлiне тәуелдi. Аяқ-қолы түгел шырмаулы. Орыс тiлiнсiз аттап баса алмайды. Кейбiр, iлуде бiр оқу орындары болмаса, сiз Қазақстанда қазақ тiлiнде жоғары бiлiм ала алмайсыз. Жоғары оқу орындарының бәрi де – орысша, орыс тiлiнде. Ал ендi кез келген өзбек Өзбекстанда жоғары бiлiмдi өзбекше алады? Өйткенi Өзбекстанда бәрi – өзбекше! Түрiкменстанда да солай. Тәжiкстанда да солай. Украинада да солай. Тек Қазақстанда ғана...

“Украина” дегеннен шығады, осы жақында ғана Украина билiктiң бүкiл сала-сатыларын ресейпиғылды кадрлардан толық тазартып шықты. Не үшiн? Тәуелсiздiк үшiн! “Егер билiкте ресейпиғылды кадрлар отырса, ресейпиғылды кадрлар жүрсе, Украина ешуақытта өзiнiң дербестiгiн, өзiнiң ұлттық ерекшелiгiн, яғни ұлттық Тәуелсiздiгiн сақтай алмайды!” дедi Украина президентi П.Порошенко. Ал бiзде ше? Бiзде керiсiнше, билiкке қазақтiлдi, қазақпиғылды, қазақжанды, бiр сөзбен айтқанда, ұлттық кадрларды жолатпауға тырысады...

Не керек, бiз әлi ұлттық сана-сезiмнiң әлсiздiгiнен, халықтың рухани оянбауынан, бодандық психологиядан, құлдық мiнезден арыла алмай отырмыз. Мәңгүрттерiмiз өз алдына, ендi қоғамымызды “көзқамандар” (термин – академик Рахманқұл Бердiбаевтiкi) қаптады. “Көзқамандар” деген кiмдер? Көзқамандар – ақыл-есi ауысқандар емес. Бұлар мектеп, университет бiтiрген, жоғары лауазымды қызмет атқарғандар болуы да әбден мүмкiн. Кейбiреулерi талай елдердiң тарихы мен философиясын жатқа айтып, жаңғақша шағып бередi, әдiлдiк, адам құқығы, өркениет, достық, ынтымақ, бейбiтшiлiк секiлдi сөздердi судай сапырады. Сырттай қарағанда, мiнсiз шешен, сәуегейден бетер бiлгiр, ел тағдырын өз алақанындағыдай кесiп-пiшiп, сынап-мiнеп отыратындар тәрiзденедi. Бiрақ бұлардың жазылмайтын ауруы, айықпас дертi–туған халқының тiлi мен дәстүрiн, тарихы мен тағдырын танып-бiлуге деген немқұрайдылығы, немкеттiлiгi. Сөз жүзiнде бұлар отаншыл болып көрiнiп, былай шыға бере елдiң қас жауларымен тiл тауып, халықтың түпкiлiктi мүддесiн оп-оңай сатып кете бередi. Мәңгүрттер есiнен айырылған мiскiндер болса, көзқамандар –ұлтымызға, ұлттық ерекшелiгiмiзге, елдiгiмiзге саналы түрде қарсы шығатын қаскүнемдер.

Өкiнiшке қарай, бiзде қазiр көзқамандар тым көп. Қағаз жүзiндегi Тәуелсiздiктi мiсе тұтып жүргенiмiз де осыдан...

Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ

$
0
0

Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ: Өмірлік қағидам – ізденген іздегенін табады

30.12.2015
Айқын-ақпарат

http://aikyn.kz/image/s/w/621/18774-6-maira_m_hamed_yzy_m_rl_ru.jpg
Майра Мұхамедқызының өмірі ғажайыптардан тұрады.

Бейжіңде ән сабағының мұғалімі он жылдың арасында ата жұртына оралып, қазақ операсының «примадоннасына» айналып қоймай, әлемнің ең мәртебелі сахналарының бірі – Париждің «Гранд опера» теартының солисі атанды. Өз өміріндегі ең үлкен жетістіктері мен өкініштері, басымдылықтары мен әлсіздіктері, мақсаттары мен армандары жайлы әнші «Айқын» газетіне ашып айтқан еді.

Астанаға жол

– Астанаға оның ызғарлы ауа райына қарамай, неге дәл қазір «Астана операға» келуге шешім қабылдадыңыз?
– Елбасы шақырған соң, қалай бас тартамын?! Оның үстіне Астана – мен үшін арман қала. Жаңа үйге кірген адамның көңіл күйі керемет болады ғой, сол сияқты жаңа театр, жаңа орта, жас энергия мені шабыттандырады. Театрда ән салғаныма жиырма жыл болса, енді жаңа тынысым ашылып, алдағы жиырма жылда осында өнер көрсетемін деп ойлаймын.
– Ал нені өзгерткіңіз келер еді?
– «Астана опера» ғимараттың әдемілігі, заманауи техникалық қондырғылары арқылы әлемдегі үздік бес театрдың қатарына кірген. Дегенмен, шетелдерде театр туралы сөз болғанда ең алдымен : «Онда кімдер айтады? Кімдер келіпті?» деп сұрайды.
Опера, балет – өнердің биік шыңы ғой. Халықтың деңгейін жоғарылатып, театр әр аймақ­тардан қойылымдарды тама­шалауға адамдар ағылатын орынға айналса деп армандаймын.
– Сіз әзірге «Гранд Операда» солист атанған жалғыз қазақ­стандық екенсіз. Француз және қазақстандық театрлар арасында айырмашылық бар ма?
– Францияның бес ғасырға жуық опера тарихы бар. Біздегі, мәселен, «Астана операға» бар-жоғы үш жыл болды. Сондықтан әрине, салыстыруға келмейтін жағдайлар бар. «Гранд опера», «Метрополитен опера» сияқты үлкен театрларда барлық жағдай әншілер үшін жасалған. Әр қойылымдағы үзіліс– 20-30 ми­нут, бұл уақытта әнші асықпай келесі бөлімге дайындық жасай алады. Біздегі 15-20 минуттық үзілісте әртістер киімдерін әрең ауыстырып үлгереді. «Гранд Операда» бір әншінің артынан он адам жүгіреді. Мыңдаған қыз­метшілерді киімдеріне ғана қарап ажыратуға болады. Барлығы соңғы техникамен жабдықталған. Қазір «Астана операны» да әлем­дік деңгейге сай деуге болады. Соған келе жатырмыз. Астанаға көшуімнің бір себебі – әлемдік талапқа сай өнер ордасында жұмыс істеу.
Кеңес дәуірінен келе жатқан көне театрлардағы жағымсыз үрдіс –қойылым болса, әншілерді таластырып қояды. Ал мұнда келісім шарттық жүйе қалыптаса бастаған. Әнші алдын ала қандай қойылымға қатысатынын біліп, соған бір ай бұрын әзірлік жасайды. Шетелдік театрларда 2-5 жыл бұрын келісімшарт алы­нып, рөлге дайындық басталады. Ал сахнаға шығар кезде тек: «Enjoy!» (Ләззат ал!) дейді. Яғни сахнада әнші еркін, еш қиын­дықсыз, рахаттанып өнер көр­сетеді.

Тәжірибе мен абырой «қасықтап» жиналған...

– Кейде біздің опера әншіле­ріне артистік шеберлік, шына­йылық, сезім жетіспей жататын сияқты кө­рінеді. Кезінде Мария Каллас ән­шілік шеберлігінен гөрі артис­тілігі, сахнадан тыңдар­ма­нын бау­рап алатын харизмасы арқылы аңызға айналды емес пе? Айтпақ­шы, сіз де артистизм үшін халық­аралық жүлдеге ие бол­ғансыз...
– Мария Каллас өмірі – әрбір опера әншісі үшін дара жол. Ол өзінің дауысына көңілі толмай, оны күйіп қалған сүттің иісіне ұқсатқан. Бірақ оның сахнада образды берудегі шеберлігі, харизмасы теңдессіз. Ол сахнада ойнамайды, музыканы жасайды. Оның ғажаптығы сонда – өзі орындайтын шығарманың әрбір нотасын терең біледі. Сондықтан ол музыканың ішіне кіреді, ал музыка оны сахнадағы бейнені жасауға жетелейді. Қазіргі жастардағы ең үлкен кемшілік – музыкалық шығарманың нотасын жақсы меңгермеуінде. Тіпті кейбір әріптестер режиссерлер қойылымды қояюға келгенде, ноталарын көтеріп жүреді. Ал нотаны қанық білмей, музыканы меңгермей, образға кіру мүмкін емес. Мен бір операға дайын­далған кезде, ең алдымен музы­касын тыңдаймын. Сол образды үздік сомдаған ондаған әнші­лер­дің бейнетаспаларын қараймын. Қазіргі бар байлығым – үйімдегі екі жүзден артық опералардың бейнетаспалары. Соларды зерт­тей отырып, өзімнің Ажарым, Вио­леттам қандай болуы керек­тігін түсінемін. Бірақ кейде сондай бір ішкі түйінмен, ерекше серпілісте сахнаға келгенде, режиссер өзінің айтқанын алға тартып, көңілді су сепкендей басады. Мәселен, «Абай» опера­сында мен Ажардың зарды қазақи дәстүрімен шашын жайып жі­беріп отырып айтуы керек десем, шетелдік режиссер өзінің ұғымы бойынша қойғысы келеді.
– Сіз ойнаған сол рөлдердің іші­не өзіңізге ең жақыны қайсысы?
– Бір операда бір бала тапқан­дай күш кетеді. Ананың он баласы болса да, біреуін жақсы көріп, екіншісін жек көре алмайды. Сол сияқты әрбір рөлім маған ыстық! Өйткені оның әрқайсысына жанымды салдым, жүрегімді бердім. Операда әрбір әншінің мүмкіндігіне, дауыс диапазонына қарап, репертуар бөлінеді. Деген­мен, жас ұлғая 18-20 жастағы қыздардың рөлінен кетіп, кеңірек, драма сопраноға өзгеріп отырады.
– Дауыс жаспен бірге өзгере ме?
– Әрине. Әсіресе, әйел адам босанғаннан кейін гормондары өзгеріп, тамырлары кеңейеді. Бала емізіп жүріп те, шетелдерде «Травиата» операсындағы Вио­лет­таны орындадым. Сонда дауысым драма сопраноға ауысып кетті ме деп таңғалдым. Тынысым кеңейіп, дауысым жуандап кет­кендей көрінді. Сосын ақырын­дап, бұрынғы дауысыма қайта келе бастадым. Бірақ жастау ке­зімдегі «Риголеттадағы» Джиль­даны, «Лучияны» айттым. Жас келе репертуар өзгергенімен, да­уыс тембрі қалады деп ойлай­мын.
– Өнерде де жастықтың өз артықшылығы болғаны ғой?
– Пласидо Домингоға журналистер қазіргі жастардың мүмкіндігі мол, керемет дауыс­тары бар екенін айтып, сұрақ қойған екен. Содан ол: «Мен өзімдегі тәжірибені ешқандай жастыққа айырбастамаймын. Өмір бойы ізденсе де, дәл мендегі тәжірибені жинай ала ма?!» депті. Тәжірибе мен абырой маңдай термен «қасықтап» жиналған. Кейде жастарға қызыға қараймыз, бірақ тәжірибеге келгенде, жетіңкіремей жататыны да рас.
– «Астана операда» өзіңізге жаңа кейіпкерлер ашасыз ба?
– Доницеттидің «Полк қызы» операсында Маридің қиын әрі қызық партиясы бар. Бірақ он­дағы бір күрделі мәселе – бұл опера да тенор дауысын шарық­татып, тоғыз рет доны алуы керек. Бұл – өте күрделі! Бір доны алу үшін тенорлар қорқып, жүгіріп кетеді. Сондықтан бұл партияны орындау– тенор үшін тірі бауыз­далғанмен бірдей. Егер Медет Шотабаев, Мейір Байне­шов сияқты тенорларымыз жүрексін­бей, айта алатын болса, қоюға болады. Өйткені осы операға қатысты тенормен қиындық барлық әлемдік театрларда кездеседі. Керемет бір техника, күшті дауыс керек. Сосын «Дон Паскуале» деген комедиялық операда Норинаны айтқым ке­леді. Оған да тенор тапшы. Қазір «таяқ тастасаң, сопраноға тиеді». Ал мықты тенор әлемде үлкен сұранысқа ие.
– Өзіңіз арман ететін рөліңіз бар ма?
– Баяғыда Мария Каллас айтқан «Медеяны» орындағым келеді. Оны айту үшін өте күшті актриса болу қажет. Оны керемет айтып шығатыныма сенемін. Бұл операда ана баласын қызға­ныш­тан өртеп жібереді. Психо­ло­гия­лық жағынан күрделі дра­малық шығарма. Оған жас ұлғайған шақта бару керек деп ойлаймын. «Анна Болейн» да – жақсы опера. Сахнада ханшайым, патшайым­дарды сомдағым келеді. Өте бір тәкәппар да қатігездеу, жаны махаббатқа талай күйген,қайратты да, мінезді рөлдерді ойнауды армандаймын. Соған өзім келе жатқан тәріздімін.

Примадонна деген ат жауапкершілік жүктейді

– Әлемнің талай сахнасына өнер көрсеттіңіз. Соның ішінде ерекше есіңізде қалғаны қандай?
– Америкада айрықша жылы қабылдады. 2005 жылы «Вашинг­тон Операда» айтқан кезде, көрермендер ұзақ қол шапалақтап тұрды. 2006 жылы Францияда «Махаббат шәрбаты» операсында көрермендер орындарынан тік тұрып, он бес минуттай қол соқты. Францияның оншақты қаласын осы операмен араладым. Адинаның рөлін көп орындап, оны өзіме әбден сіңіріп алғанмын. Содан кейін «Гранд опера» театрында «Богема» операсында Мюзеттаны айттым. Оны да көпшілік жақсы қарсы алды.
– Рөлдің жақсы шығуына не маңыздырақ: техникалық шеберлік пе, дайындық па, әлде көңіл күй ме?
– Кейде бір кішкентай рөлді режиссер өте тамаша етіп шы­ға­рады. Мысалы, Шекспирдің «Жазғы түндегі түс» деген опера­сын қойған кезде, бір-екі қызық­ты кішкентай рөл бар. Соларды ойнаған әншілерді халық іздеп келіп, гүлдерін беріп, қолтаңба алып жатады, басты рөлдегілер солардың көлеңкесінде қалады. Кейбір опералардың костюмдері керемет болады. Мысалы, Мо­царт­тың «Сиқырлы флейтадағы» Түн патшайымы Айдың ішінен шыққан кезде көрермендерді таң тамаша қалдырады. Көпшілік дәл сол көріністі тамашалау үшін барады. «Абай» операсының кос­тюмдері қандай керемет! Көрер­мендер ең алдымен операдағы костюмдер мен декорацияны айтып жатыр.
Сосын, әрине, көп нәрсе көңіл күйге байланысты. Өмір сүрудің мақсаты– көңіл күйде. Әнші алғашқы нотадан музыкаға беріліп, көңіл күймен айтқан кезде көрерменді еріксіз баурап алады. Жанды музыканың бір қасиеті – әнші жүрекпен береді, көрермен оны қайтарады, онда жаңа көңіл күйге ғана емес, жаңа ой пайда болады. Театрдың құдіреті – осында.
– Кітапты жазатын жазушы бар, бірақ оны түсінетін оқырман керек. Қазіргі көрерменге көңіліңіз тола ма?
– Әрине, бәрі деңгейге байланысты. Қойылымға келген көрерменнің басынан не өтті, ол өзі қандай адам? Сол сияқты бір көрермен костюмге қызығады, екіншісі оркестрге қарап оты­рады. Әркімнің талғамы – бөлек.
– Ал қазақстандық аудито­рияның еуропалықтан өзгешелігі бар ма?
– Барлық жерде тыңдарман бірдей. Олардың жүрегін жаулап алу әншіге, дирижерге бай­ланысты. Сосын «примадонна» деген ұғым бар. Әр операда бір жетекші болады. Мысалы, бізге Доминго келсе, бойымызға қан жүгіріп, рухымыз көтеріліп, өзімізді жақсы жағынан көрсетуге тырысамыз. Неге театрлар қыруар ақшаға жұлдыздар шақырады?! Мәселен, шетелде мен де кіммен айтатынымды сұраймын. Ва­шингтонда Мирелла Френимен қатар ән салатынымды білгенде, бір жыл бойы толқып, қасына барғанда тамсана қараумен болдым. Ол – біз үшін кумир ғой. Тірі аңызбен сахнада ән салу– әр әнші үшін бақыт. Бибігүл Төлегеновамен бірге айтсам, «Бибігүл апа!» деп қуанып, сол кісінің қалай дайындық жасайтынын көріп, одан не үйренуге болатын іздер едім. Қазір «примадонналар заманы өткен» деп жатады. Бірақ онымен келісе аламаймын. «Алдыңғы дөңгелек қалай айналса, соңғы дөңгелек солай жүреді». При­мадоннаға қарап басқа әншілер бой түзейді.
– Сізді де қазақстандық басы­лымдар «примадонна» деп жазады ғой...
– Егер солай айтса, соған лайық болуға тырысамын. При­мадонна деген атты арқалап жүру – үлкен жауапкершілік. Бұл жаңа міндеттер жүктейді. Көңіл күйің болмаса да, сырқаттанып тұрсаң да, сахнаға шығу керек. Сахнаның бір құдіреті – адамдарды емдейді. Театрда бірнеше сағат ән салғанда тынысым ашылып, ауырғанымды да ұмытып кетемін. Үйге ән салып ораламын. Тіпті көңілім құлазыса да, музыка тыңдаймын. Музыка лезде мені жазады. Музыка мені жылатады. Көңілімді сындырып, жүрегімді езіп жіберетін бірнеше әуен бар.
– Қандай?
– Вангелис деген заманауи керемет композитор бар. Оның әр шығармасы ғажап! Соның «Дұға» деген музыкасын тыңда­сам болды, өне бойым қалтырап, көз жасыма ерік беремін. Жа­нымды зар қақсатады. Рихард Штраустың «Таңы» жүрегімді елжіретіп, өне бойымды босатып жібереді. Сосын қуантатын музыкалар да бар. Көңіл күйім болмаса, үйде соларды тыңдаймын.

Желкеден үнемі «ұят» деген бір нәрсе тартып тұрады...

– Сіз бір сұхбатыңызда қатты құлазып жүрген кезде бір операға барып, серпіліп, тіпті өміріңізді өз­гертіп жібергеніңізді айтып едіңіз...
– Ол кезде нағыз депрессияда жүрген едім. Қытайда ән сабағы­нан алты жыл мұғалім болдым. Ал менің сахнаға шығып, ән салғым келеді. Бейжіңде театрларда әншілер қабылдау үшін шек қойылған. Оған кіру мүлдем мүмкін емес. Сондай күндердің бірінде әнші құрбыларымның
бірі телефон шалды. Онымен бұрын Бейжіңде кешке қарай ән салуға бірге жаттығатынбыз.Ол жоғары ноталарға шыға алмай­тын, мен төртінші актавадағы Ми, Ля, би мольға шығып, таң қалдыратынмын. Содан кейін ол Италияға барып, опера әншілері конкурсынан бірінші жүлде алып келіпті. Артынша Бейжің опера театрында «Травиатаға» қатысып, соны тамашалауға мені шақы­рыпты. Ол кезде қатты күйзелісте жүргенмін, қойылымды көріп отырып, ағыл-тегіл жыладым. Қасымда отырған адамдар: «Ауырып қалдыңыз ба?» деп сұрап жатыр... Бұл бір жағынан қатты соққы болса, екінші жағынан депрессиядан шығуыма күш берді. Ертесінде күйеуіме қайда болсын, ән салғызса, Африкаға да кетуге даяр екенімді айттым. Ақыры алдымен Мәс­кеуге, сосын Алматыға келдік. Бұл 1991 жылдың қаңтар айы еді. Қазақстан тәуелсіздік алмаған. Содан елге қайта оралып, 1994 жылы Қазақстанға түбегейлі көшіп келдік.
– Қазақстандағы алғашқы рөліңіз есіңізде ме?
– Мына сәйкестікті қара­ңызшы, сол Қытайдағы құрбым ойнаған «Травиата» операсымен Алматыдағы опера және балет театрында сахнаға шықтым. Сонда арияны бүкіл жан тәніммен беріліп, барымды салып орында­ғаным соншалықты, қолымда ұстаған бокалды лақтырып келіп жіберіппін. Екі жағымда жасы да, егдесі де бар, көп әртістер: «Қы­тайдан келген қыз қалай айтады?» қарап тұрған. Ол кезде ешкімді танымаймын, орыс тілін білеймін, ешкіммен сөйлеспеймін де. Бәрі аңтарылып қалған. Декорацияда істейтін әріптесімнің: «Мынаны қараңдар, бокалды майыстырып жіберді, мынадан бірдеңе шығады!» деп әзілдегені әлі есімде.Іштегі буырқанған ұм­тылыс, құштарлық, тілек – бәрі бір-ақ шыққан ғой.
– Сіз Қытайдан кетуге шешім қабылдай отырып, тағдырыңызды өзгерттіңіз. Тағдыр, сәттілік деген­ге сенесіз бе? Әлде барлығы адам­ның қолында ма?
– Кеше түнде мені бір ойлар мазалап, түнгі үшке дейін көз ілмедім. Өмірде көп қателік жібердім. Сол қателіктің барлығы жастықтан болды деп ойлаймын. Бірақ сол қателіктер ақылды болуға жетелейді. Өмірде өте көп жақсы адамдар көмектесті. Бірақ соның қадірін біліп, сәттілікті ұстауым керек еді. Мен өз талан­тыма ғана сендім, қасымдағы көп адамның жақсылығын елеусіз қалдырдым. Талант – бір мәселе, мүмкіндікті пайдалану – екінші мәселе. Маған көмектескен бір адамның сөзі мәңгі сабақ болып қалды: «Майра, балықтың етін көп же!» деді. Француздардың сондай мақалы бар. «Балықты көп же, жадың мықты болады, жақсылықты ұмытпай жүр» дегенді білдіреді. Сол кезде жас­тықтың буымен оның сөзінің астарына мән бермедім. Егер сол сөздердің мәнісін дер кезінде түсінгенде, кім біледі, қазір әлемді аралап жүрер ме едім.
– Қайда отырар едіңіз?
– Нью-Йорктегі «Метропо­литен-Операда», Лондондағы «Ковент-Гарденде»! Өмірім бас­қаша болар еді. Әлемдік деңгейде өнер көрсетер едім.
– Сонда таланттан жоғары тағы бір нәрселер керек болғаны ғой?
– Менің өмірімдегі кедегі­лерім «ұят болады», «басқаларды мазаламайыншы», «өз талан­тым­мен алып шығамын ғой» деген тежеуіш ойлар болыпты. Мен көмек қолын созған адамдардан айырылмауым керек екен. Өнерде ұялмау, тіпті кейде бетсіз, бір­беткей болудың маңыздылығын енді түсініп отырмын. Жас ұлғай­ғаннан кейін ақыл енді кіріп жатқан сияқты. «Бұйыртқаны осы шығар» деп тағы өзімді уатып қоямын.
– Дегенмен, өміріңізде екі рет басқа елдерге, алдымен Қазақ­станды, одан кейін Францияға барып, өз талантыңызбен көпші­лікті мойындаттыңыз. Сіздің та­бысқа жетудегі ең басты қасиетіңіз қандай?
– Еңбекқорлық. Еңбекқорлық мүмкіндік береді. Бірақ еңбек­қорлық берген мүмкіндіктің мүмкіндігін одан әрі қолданбаса, сол орында тұрып қалуға болады. Керек уақытта керек орында болу. Қажетті адамдармен танысып, керек келісімшарттарға дер кезінде қол жеткізу. Өмірде бе­рілетін мүмкіндік пайдаланыл­маса, қайтып оралмайды. Желке­ден үнемі «ұят» деген бір нәрсе тартып тұрады.
– Ал сіз сияқты дарыны мен еңбегіне сенетін жас өнерпаздарға не ақыл айтар едіңіз?
– Қазіргі жастар өте ақылды. Олар менен ақыл сұрамайды (күледі). Ақыл сұрамаған адамға не ақыл айта аламын?
– Ауылда сізге ұқсағысы келе­тін қаншама жеткіншектер бар?
– Өмірлік қағидам – ізденген адам іздегенін табады. Бүгін бе, ерте ме, кеш пе, бәрібір табылады. Арман жоғалмауы керек. Ең бастысы арман анық қойылса, бәрі соған жетелейді. Кейде өз өміріме қарап отырсам, көп адамдар кездейсоқ көмектесіп, ақыры бәрі жабылып «Гранд Операға» жеткізіпті. Алғаш Парижге барғанда, Тирумф аркасына барып бекінгенім есімде: «Наполеон, сен кезінде жеңіспен осында келіп едің ғой. Ал мен енді Парижді бағынды­рамын!» «Гранд операның» табалдырығын аттағанда келген алғашқы ой: «Мен осында ән саламын!». Қазаннан келген Рудольф Нуриев Париж театрын «жаулап» алған. Бүгінгі күнге дейін соның репертуары қойы­лады. Міне, ол армандады, барды, қойды, жетті. Армандарым көп. Егер қолдаушымыз болып, итеріп жіберсе, мен де жүгіріп кетер едім.
Бірақ өнердің қызығын қуып, жас кезімде ана бола алмадым. Қырық жастан асқанда ана атанып, аяқ-қолымды енді жинап отырмын.Бұл да маған оңай соқпады. Бірақ ана болу бақытына ие болдым, өмірдің мәнін түсіндім. Қазір балама жанымды да, қолымдағы бар мүмкіндігімді де бере аламын.
Кейде жоғарыда бір күш мені жетелеп «енді мынаны, енді мы­наны көр» дейтіндей көрінеді. Қазіргі тұрып жатқан үйімнің дәл қасында мешіт бар. Әр жұма сайын намазға қатысып, Аллаға құлшылық етемін. Алладан басқа көмекшім қалған жоқ. Жанды да, дауысты да, күтпеген игілікті де Алла берді. Маған барлығы, дәрігерлер де, ғалымдар да: «Балаң болмайды» деген. Бірақ Алла маған бала берді. Жыл өткен сайын Аллаға деген сенімім ұлғайып барады. Мүмкін біреу мені діншіл болып кетті дер. Оларға: «Алла мені жұмаққа ма, тозаққа ма, қайда жіберсе де, разымын» деп жауап беремін. Бірақ бұл дүниедегі міндетім – Аллаға құлшылық ету және баламды имандылыққа тәрбиелеу.
Қалған өмірімді «Астана операға» арнап, армандарым осында орындалады деп сенемін. Қазақстанға келгенде еліміздің тәуелсіздік алғанына үш жыл болған, енді «Астана операның» ашылғанына үш жыл толып отыр. Мұны бір жақсылықтың нышаны деп қабылдаймын.
– Жаңа жылдан не күтесіз? Қандай армандарыңыз бар?
– Қазір мен алғашқы кіта­бым­ды жазып жатырмын. Бір жазып, бір жылап, кітабымды әлі бітірген жоқпын. Келесі жылы алдымен қазақша, одан кейін орыс тіл­дерінде жарыққа шығады. Ағыл­шын, қытай тілдеріне ауда­рылуы мүмкін. Онда қырық жыл­да айтылмаған әңгіме, жарыққа шықпаған фотосуреттер болады.
Енді өнерге қайтып келдім. Ендігі қырық жылым «Астана Операмен» тығыз байланысты болады деп сенемін. Армандарым көп. Қазақ тарихында істелмей жатқан жұмыстар бар. Оларды айтып емес, іспен көрсеткім келе­ді. Сол кезде оларды «арманым­ның бірі осы болатын» деп айтатын боламын.

Сұхбаттасқан Айжан КӨШКЕНОВА

«Шындық шыңына бұрылу» туралы ұстаным

$
0
0

«Шындық шыңына бұрылу» туралы ұстаным және ырбикүлдер мен жырбибайлар

Әлемнiң көптеген елдерiнде материалдық байлықтың, спорттың және мағынасыз, мазмұнсыз, тек ырғақ қуаты ғана алға шыққан жеңiл әндердiң бiрiншi орын­ға көтерiлiп, адамды адам ететiн рухани құндылықтардың ең кейiнгi қатарға ысырылуына байланысты, талай тағдырлардың түсiнiгi, дүниетанымы, әрi олардың өз замандастарын бағалауы да үлкен өзгерiске ұшырады.

“Тек баюдың жолын үйрен,

бiр күнiңдi бос етпе!”

Адамдығың бар ма, жоқ па,

алынбайды есепке...

Нарықта мың қалтарыс

бар жең ұшынан бұрылар,

Елдегi ең құрметтiлер – ең

тойымсыз ұрылар,

Байлық кiмде болса,

соның маңдайының нұры бар,

Ұрлық заңға айналған соң

рух жырын кiм ұғар?..

Қайда барсаң көз арбайды

тойшыл мейрамханалар.

Түнгi клуб, түнгi күлкi – ойсыз

сайранханалар

Шаршау бiлмес табыс көзi

ретiнде танылды.

Тек Байлық пен Қызықшылық

басты мұрат саналып,

Ғасыр түпкi рухани

компасынан жаңылды.

Баз бiр шағын қалаларда үш

жүз мыңдай халқы бар,

Сөз жоқ, үш мың нәпсi

күйттер арнаулы үй сән құрар.

Әр адамның пенделiк

осалдығынан,

Даңғаза шуға, думанға

босаңдығынан

Саудагерлер ардан аттап,

бақ табуға талпынар,

Қазiр Ар мен Намыстың да

материалдық нарқы бар...

Көшелерде жұртты бұрар

пендешiлiк арнаға,

Жан-жағыңнан анталайды,

Нәрсiз көзi қанталайды,

Кiлең арсыз, пайда-нарқы

ақырған бiр жарнама,

Көре алмайсың iзгiлiкке

шақырған бiр жарнама,

Жарнама емес, секiлдi бiр

Орнама не Торнама.

Қандай бедел ұсынбақпыз

бiздер келер заманға?

Неден қаштық,

Ненi шаштық,

Ненi бастық табанға?

Талай табан нұрлы ойларды

айналдырды сабанға,

Сол сабанға қарап ендi

айқындалар бағаң да.

Ескермедiк, сенiм арту

қылмыспен тең екенiн

Рухани байлығы жоқ,

айдыны жоқ адамға...

“Шығыстағы жаулап алған елдерге қандай саясат қолданамыз?” деп сұрағанда, Гитлер: “Оларға ертеден-кешке дейiн музыка бере беру керек. Ойлануға, кiтап оқуға мүмкiндiк қалдырмаған жөн. Өйткенi адам неғұрлым рухани жағынан саяз болса, солғұрлым өзiн бақытты сезiнедi” деп жауап берген екен. Гитлердiң сол мақсаты бүгiнгi таңда күллi әлемде алға шықты. Қазiр елiмiздегi кез келген телеарнаны басып қалсаңыз, бiреудiң ыңырсып немесе екi иығын жұлып жеп, секiрiп ән салып тұрғанына немесе жеңiл күлкiге құрылған әзiлдер легiне куә боласыз. Ендi әлгiлер айтып тұрған әндердiң базбiрiнiң сөзiне назар бұрсаңыз, таңданғандықтан жағаңызды ұстайсыз. Мазмұн, мағынадан жұрдай, бостекi сөздер.

Бұрын Кеңестер одағы ке­зiнде радиоларда, телеарналарда Көркемдiк кеңес жұмыс iстейтiн. Олар қабылдануға тиiстi әннiң сөзiн, музыкасын үлкен тексерiстен, сын елегiнен өткiзетiн. Сол Көркемдiк кеңес жойылғалы берi ширек ғасырға жуықтады. Қазiр кез келген адам телеарналарға барады да, өз ақшасына түсiрткен бейне­баян­ды ұсынады. Қасына (жасырын түрде) 5 мың немесе одан да көп долларды қояды. Бiттi. Бұл заманда сатылмайтын ештеңе қалмады. Әлгi мағынасыз, көркем­дiктен жұрдай әндi бiр ай бойы, тiптi, күнiне екi-үш реттен телеарнадан қайталап отырады. Жуырда бiр қалталы сазгерсымақтың екi сағаттық көлемдегi мазмұнсыз, ажарсыз әндерiн бiр аптаның iшiнде үш телеарна жарыса көрсеттi.

“Ақшаң болса қалтаңда,

Талтаңдасаң талтаңда.

Егер ақшаң болмаса,

Жәутеңде де жалтаңда”, – деген өлеңнiң дәуiрi туды.

Көп жыл бұрын бүкiл қазақтың мақтанышына айналған Әбiлахат Еспаев, Шәмшi Қалдая­қов, Нұрғиса Тiлендиев, Әсет Бейсеуов секiлдi сазгерлердiң әндерi телеарналарға қажет­сiзденiп, анда-санда ғана бе­рiлетiн болды. Телеарналардағы бүкiл уақыт қалтасы қалың сазгерсымақтар мен әншi­сымақ­тардың жекеменшiгiне айналды.

Бiрде, Астанада, Шәмшi Қалдаяқов әуендерiне арналған ән кешiнде, Қазақстан Респу­бликасы Премьер-министрiнiң идеология саласын басқаратын орынбасары Бердiбек Сапар­баевқа мен, бiр топ адамның көзiнше, телеарналардағы тек қалта мүддесiн көздеген сауда туралы, бұрынғы Көркемдiк кеңес хақында, елiмiзде рухани құндылықтардың шамамен елуiн­шi, алпысыншы қатарға ысырылғаны жайлы, баспа­сөздегi, телеарналардағы рухсыздықтан, жастарымыздың рухани санасы, түсiнiгi тым төмендеп кеткенiн, жуырда бiр топ студенттермен жолыққанымда, олардың 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнен мүлде бейхабар екендiгiн әң­гiмелегенiмде, ол: “Рас, бiз бұл салада материалдық байлықты ғана ту етiп көтерiп, адамды адами биiкке апаратын рухани құндылықтарымызға назар аудармағандықтан, халқымыздың рухани саласын, парасатын құлдыратып алдық. Ендi мен жаңа бағыттағы жұмысқа көшемiн. Телеарналардағы тек ақшаға бас ұрған рухсыздықты доғартып, бұрынғы Көркемдiк кеңестi тiрiлтемiн. Өзге де идеологиялық арналардағы жөн­сiздiктердi реттеуге бар жi­герiммен кiрiсемiн”, – деп едi. Өкiнiшке қарай, Сапарбаев бас­қа қызметке ауыстырылды...

Тiрi кезiнде ұлттық мүддеге кереғар келiп, билiктiң ыңғайына жығылып, “1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезiнде алаңға шыққандар маскүнемдер, нашақорлар, бұзақылар едi”, “оларды жазалауға үндеген КОКП Орталық комитетi саяси бюросының шешiмi дұрыс едi” немесе “2011 жылғы желтоқсанда Жаңаөзенде билiк тарапынан қарусыз жас­тар­ға оқ жаудырудың еш ағаттығы жоқ” дегендi қуаттаған қалам­герлердiң кейбiреуiне қазiр зәулiм ескерткiш қойылып, оларды шырқау даңқ биiгiне көтеруге үлкен жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Сонда әлгiлердiң рухани сатқындығын, ұлт мүддесiн аяққа бас­қан пендешiлiгiн мүлде ескермей, өлең мен қара сөз құраудағы шеберлiгiне ғана құрметпен қарауға тиiстiмiз бе? Олардың сөзi бөлек, iсi бөлек болғанын жасыруымыз, бүркемелеуге тырысуымыз әдiлеттiлiк пе?

Бүгiнгi таңда Қазақстан Жазушылар одағының 800-ден астам мүшесi бар екен.Солардың елдiк, ұлттық, тiлдiк мүдде күресiнде 10-15-i ғана бiзбен бiрге. Қалғанының барлығы өлеңдерiнде, мақалаларында, әлеуметтiк желiдегi парақшаларында, естелiктерiнде “Ұлтты, тiлдi, рухани құндылықтарымызды қорғауымыз керек, сол үшiн күресуiмiз қажет” деп құлшына жазады. Ал iске келгенде бәрi дерлiк үстелiнiң астына кiрiп, бұғып қалады. Сорымызға қарай, кейiнгi жылдары елiмiзде сөзi басқа, iсi басқа адамдар шоғыры қаптап кеттi. Осыған орай, бiрнеше мемлекеттiң алдыңғы қатарлы адамдары қолдаған мынадай ұстаным жарияладым: “КIМ ШЫНДЫҒЫН ЖОҒАЛТЫП АЛСА, КIМ “АҚТЫ – АҚ, ҚАРАНЫ – ҚАРА” ДЕП АЙТУДАН ҚАЛСА, ЯҒНИ, СӨЗI БАСҚА, IСI БАСҚА БОЛСА ЖӘНЕ ЕЛДIК, ҰЛТТЫҚ МАҚСАТТАРДАН БО­ЙЫН АУЛАҚ САЛСА, ОЛ – ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ҒАНА МҮДДЕСIН КӨЗДЕГЕН РУХСЫЗ АДАМ”.

Қазiргi кезеңде “шыншыл ақындық неге қадiрсiз?” және “өтiрiк өлең құрастырушылар неге тым көбейiп кеттi?” немесе “нағыз қаламгердi, нағыз ақынды қалай танып, бағалаймыз?” деген сұрақ жұрт назарын жиi алаңдататын болды. Ендеше осы сұраққа жауап беруге ты­рыс­қан және қазiргi көтерiлген проблеманы өз шама-шарқынша қорытындылауға бағытталған мына жыр жолдарына назарларыңызды бұрғым келедi:

“Өлең құрау – ақындықтың

көп қырының бiр түрi.

Тек сол үшiн оны ардақтау,

жөнсiздеу һәм күлкiлi.

Дәуiрi мен билiгiне

саналғанмен алымды,

Ұлтын сатқан ақындар бар,

бiрақ жыры дарынды...

Ерлiгi жоқ, елдiгi жоқ, аузы

ғана белсенер,

Сөзден iсi алшақ жатса,

оған қалай ел сенер?

Неге бүгiн ұлт мүддесi

науқас жандай теңселер?..

Мұндай шақта ақындық күш

тек шындықпен өлшенер.

Нағыз ақын әр кезеңде

өзiн қағып үлестен,

Рухани мүдде шыңы – шындық

үшiн күрескен.

Шындық кәусар ақындыққа

болу керек асыл ән,

Шындықты айтып ер

Махамбет айырылған басынан.

“Ақындар аз сын сағатта

сөзден iсi зорайған”,

Десек-тағы “Абай қашан

жол iздептi оңайдан?”

Ел, ұлт жайлы сырларымен,

Жыры биiк тұрғанымен,

Iсi үшiн мен Махамбеттi

биiк қоям Абайдан!

Бұл ақындық ұстанымым

қалыптасқан талайдан...

...Шындығы жоқ пенделердi

басар уақыт көшкiнi.

Даңққа мойын созғанымен,

Том-том өлең жазғанымен,

Шындығы өлген

ақындардың ақын емес ешбiрi!

Шындығы өлген мiнезсiздiк

болмақ кiмнiң мақтаны?

Қазiр барлық салаларды

мiнезсiздер қаптады.

Басшыларға жағымпаздық

бұл кезеңде дара күш,

Содан ақынсымақтардың көбi

“туфли жалағыш”...

Шыншыл ақын болу деген –

азаптың ең азабы,

Сол азапқа төзе бiлу –

ғажаптың ең ғажабы...

Ақындық күш – айтылмаған

ой-сезiмдер жиыны,

Ол биiктен бой көрсету –

қиынның ең қиыны!

Басты мақсат – өз халқыңның

сан ғасырлық ағысын,

Жеңiсi мен жеңiлiсiн, тiлiн,

рухын, намысын,

Жүрегiңнiң санасынан,

елегiнен өткiзу,

Және оның қасiретiн,

Ұлтқа, тiлге бас иетiн,

Қалың елге жырмен,

iспен, мiнезiңмен жеткiзу.

Жеткiзе алмай дiрiлдесең...

ол – шошыну, тосылу,

Үркектердiң, қорқақтардың

қатарына қосылу.

Ондайлардың маңдайына

мәңгiлiкке сор қатқан,

Ешқашанда шыншыл ақын

шыққан емес қорқақтан!

Ақынға егер сөзiне сай

шындық парқы қонбаса,

Одан үлкен өрiс күту,

жеңiс күту далбаса...

Кейде ұқсап көрiнгенмен

заңғарға,

Сөзi басқа, iсi басқа,

екiжүздi жандарға,

Батыл, қарсы бағыт ұстау –

әдiл өмiр талабы.

Пенделiкпен тiрескен жан,

Шындық үшiн күрескен жан,

Сол шындықтың айбыны

мен беделi боп қалады!

* * *

Шындық кейде қалың

“арпа iшiндегi бiр бидай”,

Неге әдiлдiк күресiнде

жұрттың көбi “Тымпибай?”

Рухсыздыққа кiм шын

мiнез көрсетпесе қырғидай,

Ондайлардың бүгiнгi аты –

Ырбикүл мен Жырбибай.

Мұхтар ШАХАНОВ

Болашақ данышпандар

$
0
0

Данышпандар даңғазаны сүймейді

30.12.2015
Жолдасбек Дуанабай

296
Томас Эдисон мектептен келген соң анасына ұстазы берген бір жапырақ қағазды ұстатты.

Анасы еңірегенде етегі жасқа тола отырып, ұстазы жазған хатты баласына дауыстап оқыды: «Сіздің ұлыңыз – данышпан. Біздің мектебіміз тым кішкентай. Мұнда ұлыңыздың деңгейіндегі, оны оқыта алатын мұғалім жоқ. Өтінемін, бұдан былай өзіңіз оқытыңыз».
Арада айлар аунап, жылдар жылжиды. Анасының уақыты жетіп, қайтыс болады. Бұл кезде Эдисон өз ғасырының атағы шыққан өнертапқыш еді. Ол күндердің күнінде отбасылық мұрағатты ақтарып отырып, әлгі хатты көзі шалды. Ашып оқыды, хатта былай жазылған еді: «Сіздің ұлыңыздың ақыл-есі дамымай қалған. Біз оны басқа балалармен бірге оқыта алмаймыз. Сондықтан оны үйде өзіңіз оқытсаңыз екен дейміз».
Эдисон сол кезде анасының не себепті көз жасын көлдеткенін ұғып, өзі бірнеше сағатты жылаумен өткізді. Есін жиған соң күнделігіне: «Томас Алва Эдисон ақыл-есі дамымай, артта қалған бала болды. Парасатты да батыр анасының арқасында өз заманының ұлы данышпанына айналды» деп жазып қойды.

Бұл – өмірдің өз шындығы. Ол кезде медицинаның дамымаған уа­қыты, білім алудың да жолы ауыр бо­л­атын. Нан тауып жеудің әуресі көп, бүгін бар адамның ертесіне аш­тан өліп жатқан шағы. Осы се­кілді сан түрлі қиындыққа қара­мас­тан, небір ұлы адамдар дүниеге кел­ді, әлемді дүр сілкіндіретін жаңа­лықтар ашты. Соның бәрі де адам­заттың дамуына жол көрсетті, білім мен ғылымды ұштастырып, келешектің керемет боларын дә­лелдеді.
Шынында да, ғасырлардан-ға­сыр­ларға жалғасқан ізденістердің шек­сіздігі қайран қалдырады. Маң­дай терінің жемісін көруге асыққан адам­дардың айласы да, пайдасы да көп жаңалықтары жаға ұстатуға ай­налды. Тіпті адам ғарышқа да ұшты, роботтарды жұмысқа жегіп қойды, ғимараттар мен үйлердің іші-сырты түгілі көшелерді де күзететін құрал­дар жасады. Адамдарды аурудан айықтырудың, тірі алып қалудың сан түрлі амалын тапты. Айталық, ке­ше ғана ғаламторда қытай дәрі­гер­лері тоқтаған жүректі 7 сағаттан соң қайта соқтырғаны туралы ақ­парат тарады (бұдан бұрын жүректің тоқтағанына 6 сағат өтсе, оны қайта тірілту мүмкін емес деп саналған). Трансплантация жүргізгеннен кейін екі сағаттан соң және донор де­не­ден алғаннан кейін 7 сағаттан соң ғана жүрек соға бастаған. Бұл – ме­­­­дицинада кездесетін сирек құбы­лыс. Жүрек демекші, адамның аман жүруін қамтамасыз ететін ағзаның айналасында жағымды жаңалық­тарды қазақстандық дәрігерлер де та­маша меңгерумен қатар, өз өне­табыстарын өмірге әкелуде.
Жаңалық атау­лы күнде ашыла­ды. Тек оны тәжіри­бед­ен өткізу мен әлемге тарату бір­шама уақытты алады. Мәселен, ал­ғашқы теледи­дар­дың ебедейсіз әрі ауыр болғаны бел­гілі. Оның ор­нын қазір плаз­ма­лық теледидар басты. Ком­пью­терлер де сондай өзгерістерге ұшы­рады. Тіпті қолға ұстап жүре­тін­ноутбуктың шығуы да жұртты селт еткізгені анық. Мы­на­ны қараңыз­шы, Финлян­дияның Solu компа­ния­сы қалта компью­терін ойлап шы­ғарыпты. Сыртқы қа­баты ағаш­тан жасалған құрыл­ғының экраны 10 шаршы санти­метр. Бағасы 350 доллар тұратын ком­пьютер алдағы көктемде жұрт қо­лына тимекші.
Ұят та болса айтайық, неміс ға­лым­дары «электрлі тарақ» ойлап тауыпты. Басы биттеген адамдар бұл тарақты пайдаланса, биттен бір тәулік ішінде құтылады. Денсау­лық­қа ешбір зияны жоқ. Неміс ин­же­нерлері тарақ тістерінің ара­сы­на жоғары кернеулі тоқ жүр­гіз­ген. Тістердің ұштары электрод қыз­­метін атқарып, айналасына энер­гия шашады. Сол себепті элект­родтар арасынан өтетін тоқ ауа молекуласын тотықтырып, оны газ­дан салқын плазмаға айнал­ды­рады. Артынша ауа молекулалары бит­терді қырады. Мұның өзінде шаш арасындағы температура өзге­ріссіз қалады.
Адам бойында болатын битпен күрес ертеден бері жалғасып келеді. Ол ауру тудыратын әрі жұқпалы зиян­кес саналады. Әлемнің көп­теген елi әлі күнге биттен толық арыл­мағанын да айта кеткен орын­ды.Сондықтан неміс ғалым­дары­ның жаңалығы жерде қалмасы анық.
Айтпақшы, жер шары халқын тол­ғандыратын ең күрделі мәселе – сирек кездесетін жұмбақ дерттер. Соның бірі – анорекция. Ғалымдар мұны емдеудің жаңа тәсілін тауып­ты. Осы секілді жағымды жаңалық­тар адамзаттың игілігіне айнала бер­се, одан келер жамандық жоқ. Данышпандар көбейген сайын даму үрдісі жеделдейді. Тек ақыл-ой кү­шін жақсы нәрсеге ғана жұмсағанда ұта­рымыз көп болмақ.
Жаңалық ашу – жасқа қара­май­тын заман келді. Сондықтан да бо­лар, талантты баланың тағдырына алаңдауға негіз бар. Тоғыз жасар Данияр Құрманбаев та жақында жылдам есептеу қабілетімен жұртты таңырқатты. «Бірінші арнаның» «Супердетки. Мужское/Женское» атты бағдарламасының кейіпкеріне айналған ол өзі туралы: «Мені мұға­лім Арайлым Жамбылқызы дайын­дады. Біз абакус есептерін елестете бастаймыз, сосын жауабын шы­ға­ра­мыз. Маған қиын емес. Менталь­ды арифметика маған көп көмек­те­седі: мұқият болуды, тез ойша есеп­­­теуді үйрендім. Бұған дейін тек ба­ғандармен көбейтіп, бөлетінмін, ал енді оны ойша есептеу де қолым­нан келеді. Үзіліс кезінде балалар маған жақындап мұны қалай жа­сайтынымды сұрап жа­та­ды» дейді.
Әрине, Даниярдың ал­ғыр­­лы­ғы­на қатысты жеңіл пі­кір айтушы­лар да бар. Бі­рақ кез келген бала Да­­нияр­­дай бола ал­ма­сы анық. Қайта біз осындай да­рын­ды ба­лаларды қам­қор­лыққа алып, олар­дың жал­­п­ы ор­та­лығын ашып, әр қа­дамын қа­­даға­лауды іске асыр­­сақ, нұр үсті­не нұр бо­л­ар еді.
Тағы бір ақпарат ал­­матылық Әділ­сұлтан Лепес «10 теңсіз­дік­тің ба­ла­малы дәлелі: тұрақты ша­маны айыру­шы тәсіл» атты кі­табын орыс және ағылшын тіл­дерінде Петер­бор­да басып шы­ғар­­мақшы.
О.Жәутіков атын­­дағы респуб­ликалық маман­дан­­дырыл­ған да­рын­ды балаларға арналған физика-математика орта мек­теп-интернаты оқу­шысының моног­ра­фиясына Санк-Петербор мемлекеттік элек­т­ротех­ни­ка­лық университеті қы­зығу­шы­лық білдірген. Қазақстан­нан шық­қан вундеркинд туралы уни­верси­теттегілер оның Болгария ғылыми-инженерлері бәйгесіндегі жеңісінен кейін білген. «Біз бұл кі­тапты тең­сіз­діктің көп тәсілі жи­нақ­талған­дық­тан, бастысы Йенсен теңсіздігі қам­тылғаны үшін басып шығару туралы шешім қабылдадық. Бұл ең­­бек оқырманның ой-өрісін кеңей­­теді. Өйткені өмірде мамандар кейде осындай тәсілге де жүгініп жа­т­ады, ал мұнда оның жүзі бар» дей­ді жоғары оқу орнының өкілі Сер­гей Винников.
Вундеркиндтің ұстазы Ибрагим Ибатулин: «Әділсұлтанның кітабы, ең алдымен, экономистерге қызық бо­лады. Өз зерттеулерінде олар ма­тематикалық аппаратты қолдануға қор­қақтайды, сөйтіп, қарапайым сызбалы функцияны жөн көреді. Алай­да экономикада орын алып жат­қан процестер, кейде әлдеқайда күрделі боп келеді» дейді.
Қазақтанда дарынды балаларға ар­налған мектептер баршылық. Бі­рақ олардың бар жетістіктерін бір ар­наға тоғыстыру мен жаңалық­та­рын аяқсыз қалдырмаудың жолын қа­растыруға мүмкіндік аз секілді. Сондықтан өте дарынды балалар-ды бір мектепке жинап, олар тура-лы ком­пьютерлік база жасау қажет.
Мысалы, Facebook әлеуметтік же­лісінің негізін қалаушы және бас директоры Марк Цукербергтің жұ­байы Присцилла Чан тегін бас­тауыш мек­тебін ашқалы жатыр. Олар әлеу­меттік желілерінде жаз­ғандай, са­бақ үш жастан басталады. Оқушы­лар­ға 12 жас, яғни мектепті аяқта­ған­ға дейін медициналық қызмет көр­сетіледі. «Присцилла бі­лім мен ден­саулық сақтауды бірік­тіретін жаңа білім беру түрін іске қосқаны үшін қуаныштымын» деді Марк.
Оның алғашқы оқушылары аз қамтылған отбасылардан болмақ. Мек­теп 2016 жылғы тамыздан бас­тап өз жұмысын бастайтын болады. Мұны керемет идеялардың бірі де бірегейі деуге болады. Осы секілді әлемдік тәжірибені жедел қолға алу, замана үрдісінен қалмау – Білім және ғылым министрлігінің басты міндеті болуы тиіс. Өйткені Қазақ­станда ғылымға құштарлық бәсең­сіген жоқ. Өкінішке қарай, біз ғы­лымға құштар балалардың басы-қа­сында болатын мықты ұстаздардың білімі мен білігін толық пайдалана алмай отырмыз.
Ұлыбританияда бизнес сала­сын­­дағы 2010 жылдың «Ең үздік жас іскер» сыйлығын қазақстандық Ольга Кубасова жеңіп алған. Өске­мен қаласының тумасы 26 жас­тағы жас ғалым қатерлі ісік дертіне шал­дыққандарды ажалдан араша­лауға сеп болатын ғылыми жаңалық ашқан. «Азаттық» радиосына бер­ген сұхбатында ол: «2007 жылы құ­рылған Image Analysis Ltd компа­ниясының алғашқы өнімі дәрі­гер­лердің ревматизм-артрит сырқаты бар науқастарға нақты диагноз қо­юы­на көмегі бар бағдарлама болды. Бірнеше минуттың ішінде түсіріле­тін томографиялық сурет артритке шалдыққан адамның дерті туралы нақтырақ мәлімет беріп, адам өмі­ріне қауіп төндірген алғашқы бел­гілерді анықтайды.
Бұл компьютерлік бағдарлама артритті емдеуде дәрігерлер үшін таптырмас құралға айналып отыр. Осы­ған дейін радиологтар рентген арқылы сүйектерді көріп, магнитті-резонанс томографиясымен сүйекті қаптап тұрған ұлпаны зерттеп кел­се, енді Image Analysis компа­ния­сы­ның жасап отырған бағдар­ламасы томография көрінісіндегі көмескі тұстарды айқынырақ көрсете ала­ды.
Мұның ерекшелігі науқасқа диаг­нозды дәл әрі жылдамырақ қоя алады. Мамандар үшін өте тиімді әрі нәтижесін тез шығарады. Бір сәт­те диагнозды анықтап, оның дең­гейі туралы мәліметтер береді. Әдет­те артритпен ауыратын адам қол-аяғын рентгенге түсірген кезде бір қалыпта ұзақ жата алмайды. Тексеру кезінде дене мүшесі аздап қоз­ғалып кетсе, мамандар қате диаг­ноз қоюы мүмкін. Бұл клини­ка­лық ортада жұмыс процесін жақ­сар­ту үшін ең жақсы құрал болып отыр» дейді.
Осы секілді дарынды жастардың шетелде қалып қоюына жол бермек керек. Қайта аса күрделі де қажетті саланың білікті мамандарын Отанға оралуына, ойын барынша іске асыр­уы­на, қаржылай қолдаудан қашпау мәселелерін қарастырған жөн.
Жақында Астанада жылдың ең үздік жас ғалымдары марапатталды. Бас жүлде Назарбаев университе­ті­нің түлегі Дана Ақылбековаға бұ­йыр­ды.
Жас ғалымдардың жұмысымен танысуға келген Үкімет басшысы: «Менің ойымша, бұл бағытта алға жыл­жуға мүмкіндік беретін инсти­тут­тар құру – ол мемлекеттің мін­де­ті. Ал не істеп, қалай жұмыс жасау бойын­ша Үкімет көмек бере алмай­ды. Өздеріңіз өз идеяларыңызды жү­зеге асыруларыңыз қажет. Әрбір мемлекет, әрбір Үкімет жетекшісі елін­де Силикон алқабының бол­ға­нын қалайды. Бірақ кез келген мем­лекет мұны жасай алмайды. Бұл орай­да, біздің міндет – сіздерге қо­лайлы жағдай жасау болып отыр» деді.
Бірақ қолайлы жағдайдың арғы жа­ғында көп мәселелер де қылаң бе­­ре­тіні анық. Біз соны шешудің жо­­лын қарастыруымыз керек се­кілді.
Әрине, жас ғалымдардан қаш­қалақтап отырған ешкім жоқ. Үкі­мет­тен бөлінген миллиарттаған тең­ге жақсы жобаларға бөлініп, жаң­алық авторларына қолдау жа­салуда. Биылдың өзінде болашағы бар 10 жоба анықталып, сыннан сәтті өтті. Бірақ жастар сол өнер­та­бысын қалай іске асырады? Олар­дың ел ішінде таны­малдылығын қа­лай арттырамыз? Осы сұрақтарға жауап іздеген жан бар ма?

Дерек пен дәйек:

Үнді елінің 3-сынып оқушысы Рубен Пол қалта телефондарына арналған қосымша шығаратын «Прудент Гэймс» компаниясының бас директоры болды. Небәрі 9 жасында компания басқарған ол киберқауіпсіздік мәселесіндегі конференцияларда сөз сөйлеп жүр. Ал оның әкесі – баласы басқаратын компанияның бизнес әріптесі. Оның айтуынша, зерек бала ақпараттық техникаларға 5 жасынан қызыға бастаған. Сол кезден-ақ ол Scratch программасында еркін жұмыс істеген. Кейін көп ұзамай мектеп есептерін шығара алатын өзінің алғашқы қосымшасын ойлап шығарыпты.

Сөз соңы:

Мәселен, телеарналардан болмашы нәрсеге күлдіруге тырысатын «ыржалақ» бағдарламаларға көзіміз де, бойымыз да үйреніп барады. Алайда бұл жақсы нәрсе емес. Міне, солардың орнын ұлт болашағына қажетті танымдық бағдарламалар басса, нұр үстіне нұр болар еді.Елдің ертеңі әншілерге емес, ғылымқұмар азаматтарға байланысты. Біз ғылыми бағдарламалар арқылы балалардың сауатын ашып, білімін толықтырып, осы салада саналы түрде жұмыс істеуге құлшындыра аламыз. Сондықтан танымдық бағдарламалар қатарын толықтырып, жас ғалымдардың жаңалықтарын насихаттау үздіксіз жүргізілгені жөн. Бұл ынталандыру елдің келешегін кемелдендіреді. Данышпаны көп ел озады, дарақылары көп ел тозады.

Құран аяттары жазылған Невский дулығасы

$
0
0

Құран аяттары жазылған Невский дулығасы

content/uploads/bfi_thumb/170438-INNERRESIZED600-600-2-mkmr9w3otjr4wnek7yxpgoof04x2e2b6pwvi34guvi.jpg

Тарихшылар арасында атақты орыс қолбасшысы Александр Невскийдің дулығасындағы алтын әріптермен жазылған Құран аяттарының қалай пайда болғаны туралы дау-дамай әлі күнге басылмай тұр. Бұрын олар дулығаны орыс шеберлері құйғанын айтып, араб тіліндегі аяттарды көрнекілік үшін пайдаланғанын алға тартқан-ды. Алайда жақында БАҚ беттерінде бұл дулығаның орыс қолбасшысына Алтын Орда билеушілерінің тарапынан сыйлыққа берілгені туралы тарихи дерек жарық көрді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, дулығадағы жазу «Сафф» сүресінің 13-ші аяты екені нақтыланды. Қазақша мағынасы: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Алла жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар (Мұхаммед с.ғ.с.), мүміндерді қуандыр» (61:13). «Уә башшир әл-муминин» – «Мүминдерді қуантыңдар».

Бұл туралы зерттеуші Саят Рахымберді: «Араб жазуымен өрнектелген дулығалардың барлығы да Алтын Орда астанасы Сарай-Батуда жасалған. Алтын Орда әміршісі Бату ханның өзі де, оның әкесі мен атасы да қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. Сол кездегі Сарай-Бату шаһары түгелдей шеберлердің қаласы болған десек те қателеспейміз. Қала тұрғындарының басым көпшілігін қару-жарақ соғушылар, темірден түйін түйген қолөнер шеберлері құраған. Александр Невский дулығасына келер болсақ, оның Алтын Орда билеушілерімен жақсы қарым-қатынаста болғаны белгілі. Бату ханның ұрпағы Сартақтың Невскиймен тамырлас болып, бір-біріне тарту жасаған. Алайда, Сартақ бар болғаны бір-ақ ел билеген. Одан кейін хан тағына ислам дінін қабылдаған Берке хан отырған болатын», — дейді.

Дулығадағы жазу туралы тарихшылар әлі де зерттеу үстінде. Кейбір ақпарат құралдары Бату ханның ордасында тәрбие алған Александрдің бас киімінде Құран аяттарын жазылуы заңды екенін айтады.

Айта кетсек, Невскийдің дулығасы Ресейдің елтаңбасында бейнеленген. Бұл дулығаны Невскийден кейін әйгілі Михайл Романов патша киген екен. Араб каллиграфиясымен өрнектелген бұндай бас киімдер атақты Иван Грозный мен князь Федор Мстиславскийде де болған.

«Ұлт ақпарат»


КЕЛЕСІ ПАРЛАМЕНТТЕ ОТАНҒА ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ БОЛУЫ КЕРЕК

$
0
0

КЕЛЕСІ ПАРЛАМЕНТТЕ ОТАНҒА ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ БОЛУЫ КЕРЕК

http://www.qamshy.kz/public/img/previews/569c701e11a1c11202657_462977100529763_6513967976602471295_n.jpg

Бүгінде өз тарихи Отанына түрлі жолдармен 1 мллионға жақын қазақ қандастарымыз қайтып оралды. Бұл жерде «қандастар» деген сөзді бекер қолданып отырған жоқпыз. Өйткені олар кешегі бір сұрқылтай замандарда амалсыздан үйірінен бөлінген өз бауырларымыз. Қазақта «өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас» деген сөз бар. Бүгінде қазақ үшін «өзінен туған ұл» кім? Ол осы елім деп, жерім деп келіп жатқан ағайын. Қазақтың қара баласы. Ал, сатып алар «құл» кім? Ол жан бағысқа келіп жүрген, тілі, ділі бөтен жат жұрттық келімсектер. Олар түбі ел болмайды. Ал сенімен ел болатын, тірлігі де, тағдыры да біте қайнасып, тұтасып кететін, ел басына күн туса ту түбінде тұрысатын сол «өзіңнен туған ұл» болмақ.
Қазір алмағайып заман басталды. Әлемдік ірі елдер дұниежұзіндегі ресурстар мен ықпал аймағын қайта бөліске салуға кірісті. Құндылықтар өзгерді. Әлемде зорлықты күшке зорлықты күшпен жауап беру әдетке айналды. Құдайға шүкір, Елбасының сындарлы саясатының арқасында, Қазақстан бейбітшілік аралы іспетті өзін өзі сақтап тұр. Дегенмен, қауіп-қатер жоқ емес. Енді ғана буыны бекіп келе жатқан мемлекетімізді одан ары нығайту үшін, іш пен сырттағы қазақтардың бір кісідей бірлігі, мемлекетшілдігі мен ортақ күш-жігері қажет.
Бүгінгідей күрделі кезеңде, Қазақстанда өзінің геосаяси мүддесі бар кез келген ел біздің біртұтас ұлт ретінде өсіп-өркендеуімізді, қазақ халқының санының өсуін қаламайды. Олар елдегі тіл мәселесі мен демографиялық жағдайдың осы беті қалуын қалайды, т.т.
Осындай жағдайда қазаққа тек қазақтың баласы көмектесуі керек. Қазаққа тек қазақтың жаны ашуы керек. Сол себепті, шеттегі ағайынды мүмкіндігінше елге тарту Қазақ елінің стратегиялық міндеттерінің бірі болып қала беруі тиіс. Бұл ретте, Елбасы қол қойған «Көші-қон туралы заң» бұдан алдын бір сәт кідіріп қалған көші-қон үдерісіне жаңа серпін беруде. Осы келелі өзгерістер, биыл өткелі отырған Парламент сайлауына дөп келіп отырғаны да, істің әрі қарай сәтті жүруіне үлкен үміт ұялатады.
Бұл орайда, өз басым, келесі Парламентте шеттен келген қандастардың өкілдері де болуы керек деп ойлаймын. Әрине, шеттен келген қандастар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан соң, Қазақстан азаматы болып табылады. Ал «ҚР азаматтық туралы Заңы» азаматтығы бар кез келген азаматқа сайлау және сайлану құқын береді. Дейтұрғанмен, қазіргі кезде шеттен келген ағайындар өздерінің осы қүқын толық іске асыра алмай келеді. Оның көптеген объективті және субъективті себептері бар. Ең бастысы олардың бір жерде шоғырлы қоныстана алмауы. Оның үстіне, тілдік-психологиялық және кейбір мигрантофобиялық т.б кедергілерге байланысты, олар округтер бойынша сайлауға түскенде қажетті дауыс жинай алмайды. Нәтижесінде, ұлт мүддесі зардап шегеді. Бұған дейін, көші-қон үдерісінде кейбір қателіктер орын алды десек, бұл қателіктер дәл осы жоғары билік дәлізінде Отанға оралған қандастардың бірді-екілі өкілінің болмауымен тікелей байланысты. Сондықтан, бүгінде ұзын саны 1 мллионға жетіп жығылатын Отанға оралған қандас бауырларымыздың арасынан келесі Парламент сайлауында, жалпы қоғамның және сол ағайындардың өз қалауымен бір-екі депутат Мәжіліске немесе Сенатқа сайланса нұр үстіне нұр болар еді.
Бұл шындап келгенде, елге оралған ағайын мен мемлекеттің арақатынасын реттеуде белсенді рөл ойнайды. Отанға оралған қандас бауырларымыз сонда ғана өздерінің толыққанды құқын сезінетін болады. Бұл–бір. Екіншіден, мүндай шешім мемлекет тарапынан көші-қон үдерістерін жүйелі жолға қоюға, диаспора саясатын тиімді түрде үйлестіріп отыруға көмектеседі. Отанға оралған қандастарымен және диаспора өкілдерімен жұмыс жасау басқа елдердің тәжірибесінде де жиі кездеседі. Мысалы, Қытай Халық Республикасы әр кезекті Халық құрылтайы сайламында шетелден келген қандастарына 35 мандат береді. Бұған Ганконг, Макао және Тайваньнан сайланған депутаттарды қосқанда жалпы саны 96 адам. Бұл депутаттар елдегі саяси-экономикалық, мәдени үдерістерге атсалысумен бірге, «Отанға оралған қандастар қауымдастығы» арқылы шетелдегі қытай диаспорасымен жүйелі жұмыс жасайды.
Біз– аз халықпыз. Дүниежүзінде 11 миллионнан астам қазақ бар деп күпигенімізбен, оны төңірегіміздегі қара орман елдермен салыстырып, Қазақстанның ұлан-байтақ жер аумағынна шаққанда түкке тұрмайды. Біздің жеріміз кең, халқымыз аз. Бір ғана экономикалық тұрғыдан алып қарағанда бұл кері пропорция. Тек шетелдік жалданбалы жұмыс күшіне арқа сүйеу мәселені түбегейлі шешпейтіні былай түрсын, оның соңы көптеген проблемаларды пайда қылуы мүмкін. Бұл мәселені түбегейлі шешудің екі жолы бар. Оның бірі – ішкі демографиялық жағдайды жақсарту; екінші, сырттағы ағайындарды бар күшпен тарту. Егер бұл істі жақсы жолға қоя білсек, жақын арада (шамамен 2016-2022 жылдар) тағы да 1 ммиллион қандасымыз Отан құшағына оралады. Бұл ел экономикасын дамыту, қазақ тілінің әлеуетін арттыру, елдегі демографиялық тепе-теңдікті қалыпқа келтіру үшін үлкен септігін тигізеді. Бұл үшін, үкімет пен Отанға оралған және келем деуші ағайын арасында көпір қызметін атқаратын, қолынан іс келетін білікті азаматтарды Парламент пен атқарушы билік салаларына тарту ауадай қажет.
Менің бір түсінбейтін мәселем бар: Ол болса ҚР азаматтық және сайлау туралы заңдарына сәйкес, елімізде өмір сүретін барлық ұлттың өкілдеріне тең құқық берілген. Олар окруктер бойынша сайлау арқылы Парламентке келеді. Бірақ, артынан олардың өкілдері Қазақстан халықтар Ассамблеясы арқылы Парламентке тағы да келіп жайғасып жатады. Сөйтіп, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдеріне Парламенттен орын алуға қосарланған құқық берілген. Ал, шетелден оралған қандас бауырларымыз, өздерінің қоғамды ұйыстырушы белсенді фактордың бірі екеніне қарамастан, Парламентте бірлі-жарым мандатқа да қолы жетпей келеді.
Қазір шетелден келген қандастардың проблемасын олардың өз проблемасы деп қарайтын қате түсінік қалыптасқан. Біле білсек, ол тек оралмандардың ғана проблемасы емес, жалпы Қазақстандық қоғамның, қазақтың проблемасы. Сол себептен, БАҚ құралдары шетелден келген ағайындарды көбінше жақсы жағынан көрсетіп, олардың арасындағы шама-шарқынша елге өз үлесін қосып жатқан азаматтарды, дарынды жастарды, көп балалы отбасыларын көбірек нәсихаттаса деп ойлаймын. Сол арқылы қоғам оларды масыл санайтын түсініктен арылар еді.
Шетелден келген қандастарымыз бұған дейін республикалық деңгейдегі үлкен қоғамдық ұйыымдарға біріккен емес. Көбі саяси партияларда да жоқ. Олардың бірден-бір сенетіні Елбасы мен «Нұр-Отан» партиясы және ҚР Парламенті. Бұл басқа партияларды жамандағаным емес, айтпағым, Отанға оралған қандастардың ең әуелі Елбасы мен билік партиясынан, еліміздің заң шығарушы органы Парламенттен көп үміт күтетіндігі. Сол себепті, ҚР қарапайым азаматы ретінде, үлкен саяси науқан алдында өз ойларым мен ұсыныстарымды ортаға салдым.

Тарих ғылымдарының докторы
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Тұрсынхан Зәкеннің "Фейсбуктегі" парақшасынан алынды.

Қазақстаннан қашып жатыр

$
0
0

Өзге ұлт өкілдері Қазақстаннан қашып жатыр

Қазақия азаматтарының басым көпшілігі жаппай шет елге қоныс аударып жатқандығын бұған дейін жазған болатынбыз. Жалпы, екі мыңыншы жылдардың басында елден кетіп жатқандар саны жыл сайын азайып отырған болса, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш қайта өсіп отыр. Мәселен, 2004 жылы елден көшкендер саны — 65 мың, ал, 2005 жылы 52139 адамды құраған. Сондай-ақ, 2006 жылы — 33 мың, 2013 жылы 24484 адам Қазақ елінен шет елге қоныс аударған екен. Өкінішке қарай, соңғы жылдары тарихи отанына оралғысы келетін қандастарымыз да күрт азайып кетті. Бұл әрине алаңдатарлық дүние.

Араға бірнеше жыл салып шет елге қоныс аударушылардың саны қайтадан артып жатыр. Мәселен, 2014 жылы елімізден шет елге қоныс аударушылар саны 29 мыңға жетсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 25 мың адамнан асып түскен. Бұл соңғы екі жылдың көлемінде шет елге қоныс аударушы азаматтардың саны қайтадан артқанын аңғартады. Осы ретте елімізден шет елге көшкендердің ұлты қандай және олар қай елге көшіп жатыр деген орынды сауал туындайды.

Статиcтикалық мәліметтерге жүгінсек, шетелге қоныс аударушылардың басым көпшілігі орыстар және олар Ресейге көшіп жатыр. Мәселен, 2014 жылдың алғашқы 6 айында Қазақ елінен Ресейге 11 мың 400 адам көшіп кеткен. Жалпы, РФ-ға көшіп барған елдердің ішінде Қазақ елінің азаматтары көш бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, Қазақстаннан – 30,5, Өзбекстаннан – 21,2, Украинадан – 13 пайыз орыс тарихи отанына қоныстанған. Олардың 64,2 пайызы Орталық және Сібір федералды округтарына орналасқаны белгілі болып отыр. Негізінде Ресей билігінің дәл осы аймаққа орыстарды көптен шоғырландыруы тегін емес. Өйткені, аталған аймақ Ресейден іргесін бөліп, өз алдына бөлек мемлекет болғысы келіп отыр. Міне, осыған тосқауыл ретінде Кремль отандастарын шетелден жаппай шақыруға мүдделі.

Әлеуметтік желілерге көз шалсақ, қазақ ұлтшылдары орыстардың тарихи отанына оралып, өз жөнін тапқанын құптап отырғанын анық аңғаруға болады. Себебі, дәл қазіргі таңда еліміздегі мемлекет құрушы қазақтардың үлес салмағы 66 пайыздан енді асқан. Бұл көрсеткіш тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда жаман емес шығар. Алайда, ұлттық мүддемізді батыл шешкіміз келсе қазақтың үлес салмағы кем дегенде 70 пайыздан жоғары болуы керек.

Алайда, біздің Үкімет орыстардың тарихи отанына оралғанын қаламайтын секілді. Мәселен, өткен жылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев ресейлік ЖОО-лар қазақстандық жастарды өздеріне жиі шақыратынын айтып, оған алаңдаулы екенін жасырған жоқ. Сондықтан, БҒМ орыстілді оқушылар үшін ҰБТ кезінде бірқатар жеңілдіктер жасауды көздеп отырғанын да айтты.

– Біз осы жоба арқылы жастардың өзге елге кетуіне тосқауыл қойғымыз келеді. Сондықтан, Ұлттық бірыңғай тестілеудің тәртібіне өзгерістер енгізудеміз. Бұл ретте Ресейдің, АҚШ-тың тәжірибесіне сүйендік. Аталған жоба жемісін берсе, ҰБТ бір реттік науқан емес, түлектердің талап-тілегіне қарай өткізіледі, – дейді Такир Балықбаев.

Қош, сонымен, ҰБТ мерізімінің өзгеруіне жастардың Ресейге жаппай оқуға кетуі негізгі себеп болып отыр екен. Әйтсе де, аталған министрліктің «оқимын» деген баланың «бетін қақпай, белін буудың орнына» неге тосқауыл болып отырғаны түсініксіз. Өйткені, қазақ «қасқырды қанша асырап бақсаң да орманға қарап ұлыйды» деп бекер айтпаған. Сондықтан, министрлік «орыс жастары кетіп жатыр» деп қайғырмай, керісінше шет елдегі қандастарымыздың мәселесіне алаңдаса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, шетелде «отаныма оралсам екен» деп жүрген 5 миллионнан астам қазақ бар. Олардың басым бөлігі – қылшылдаған жастар.

Үкіметтің өзгелерге тосқауыл қоймай, «келем» деген қандастарын солтүстік өңірлерге әкелуіне не кедергі? Бұл, әрине, ең біріншіден «Мәңгілік ел» боламыз деп отырған елдің болашағы үшін маңызды. Соңғы екі жылдың ішінде тарихи отанына оралған қандастарымыздың саны 10 есе төмендеп кетті. Бұл әрине алаңғдатарлы дүние. Әйтсе де өткен жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы, қандастарымызға даңғыл жол ашады деп сенейік.

Серғазы АСЛАНБЕК

Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық әлеуеті

$
0
0

Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық әлеуеті

Еліміз болашақта әлемдік қауымдастықтағы өркениетті елдердің қатарынан қалмай нық және мығым тұруы үшін халқымыздың саны өсуі керек

Қазіргі жаһандық үдерістер жүріп жатқан өркениетті әлемдік қауымдастықта еліміз өз орнын иеленіп, өзге елдермен терезесін теңестіре бастады. Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бергі ғасырға татырлық үлкен табыстарға қол жеткізіп, іргелі елдердің көшіне ілесе алды. Біздің мемлекетіміздің әлі де нығайтуына қатысты бар аса маңызды мәселелердің бірі – ол демографиялық ахуал жағдайы. Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әлем халқының демографиялық ахуалына қатысты мынадай мысалдар келтірді: «Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпы әлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жауапкершілігіне сөзсіз әкеледі.

Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түсті. Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар» [1]. Яғни, елдігімізді сақтауымыз үшін қазақ халқының саны өсуі керек. Оған мемлекет тарапынан жағдайлар жасалуы қажет. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі баянда болуы үшін демографиялық саясаттың механизмдерін жетілдіруіміз керек.

Совет Одағының ыдырауы мен жаңа құрылған тәуелсіз мемлекеттердің нарықтық қатынасқа ауысқан өтпелі кезеңі күрделі демографиялық толқындарын туғызды. Бұл жағдайды егемен еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешіруге мәжбүр болды. Өтпелі кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы саны азаюы, өлім-жітімнің көбеюі, бала туудың кемуі, осының салдарынан табиғи өсімнің құлдырауы. Мұндай белең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді.

Егемендіктің алғашқы жылдары кезінде үдеріс алған демографиялық дағдарыстың ең ауыр салдары – Қазақстан халқы 1989-1999 жылдар аралығында 1,5 млн-нан астам адамға, яғни 8,2%-ға азайды. Халық саны азаюы 2002 жылға дейін созылып, 2003 жылдан бастап аз да болса өсе бастады. 2005 жылдың басында 15 млн-нан асты. Бұл жағдайдың негізгі себебі тек 1991-1999 жылдарда сыртқа кеткен көші-қон нәтижесінде республика халқы 1 млн 54 мыңнан астам адамға кеміді.

Сыртқа кеткендердің басым көпшілігі өз тарихи отандарына қайта оралғандар еді, олардың ішінде тек 1993-1998 жылдары 1 млн-нан астам шығыс славян (орыс, украин, беларусь), 400 мыңға жуық неміс болды.

Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуал және шетелдердегі қазақтар мен оралмандар мәселелеріне қорытынды жасай келгенде, қазақтар қалай көбейеді деген сұрақ туындайды. Ол заңды да, себебі ұлан ғайыр жері бар, ал халқының саны бар болғаны 15 млн ғана Қазақстан мемлекетінің әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келіп, әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарына жататыны үлкен ой және қатерлі күдік туғызады. Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін Елбасымыз 2015 жылға дейін республика халқы санын 20 млн-ға жеткізу қажеттігін баса айтып келеді.

Міне, сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық сала айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына Үкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылуы қажет. Бұл жөнінде совет заманындағы бай тәжірибені қайта жандандырып, кеңейтіп, байта түсу, ол үшін мемлекеттік қор құраған да жөн. Ал сырттан келетін оң көші-қонға келсек, шетелдердегі қазақтарды елге қайтару үшін мұнан да күрделі шаралар іске асса жөн болар еді. Мүмкіндігінше квотаны шектемей, егер оны алып тастауға болмаса, қазақтар тұратын шет мемлекеттермен дипломатиялық жолмен көші-қон үдерістерін жеңілдетіп, тездету, ал көшіп келгендер үшін барлық жағдайды жасау да керек [2].

Әлемге шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, алқалы жиналыс өткізген Бірінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 1992 жылғы 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алматы қаласында өтті. Құрылтайдың басты мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойлау, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау. Құрылтай барысында әлем қазақтарының ұйытқысы болатын қауымдастық құрылды. Ең бастысы – тұңғыш Құрылтай алыстағы ағайынның елге оралатын ұлы көшіне қозғау салып берді.

2002 жылы қазанның 23-інде Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы өткізілді. Қалай көшіп келу, білім алу, еңбек ету мәселелері қаралды. Қазақстанға 2 млн қазақ көшіп келуге дайын отырған. Дүнижүзі қазақтарының ІІІ Құрылтайы 2005 жылы 28-30 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізілді. Бұл құрылтайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1991 жылы бастап 2005 жылы шілде айына дейін елімізге барлығы 110 мың 591 оралман отбасы қоныс аударғандығын айта келіп, еліміздегі қазақтардың саны алты жүз мыңға жуық адамға көбейгендігін атап өтті. Елбасы тағы бір тоқталған мәселе: әлемдегі әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұрады. Сондықтан, олардың бәрін бір мезгілде туған Отанына көшіруге мүмкіндік жоқ екенін ашық айтып, шет елдерден жайлы қоныс, сыйлы кәсіп пен қадір-құрмет көріп отырған қандастарымызғға екі ел арасын жалғастыратын алтын көпір ретінде жылы орындарымызды суытпаймыз деген ағайынның да пайдасы мол деген ойын айтты. Ал олардың балаларының атамкенге келіп, білім алып, туған Қазақстанды бірге түлетуіне барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Бұл Құрылтай іскерлік бағытта өтті.

Шетелдегі қазақтардың жалпы саны 5,5 млн адам болса, олардың негізгі бөлігі Қытай, Моңғолия, Түркия, Иран сол сияқты Ресей мен Өзбекстанда және басқа елде де тұрады. 1991-1995 жылдар ішінде Республикаға 137919 адам келсе, оның жартысынан көбі 69819 адам немесе 5-6% жақын шетелдерден негізінен алғанда Ресей, Украина, Тәжікстан, Балтық елдері мен Кавказдан көшіп келді. Моңғолиядан 61040, Ираннан 4372, Түркиядан 2007, Қытайдан 443, Ауғанстаннан 18 адам оралды.

2000 жылдардың басында жақын шетелден келушілер легі көбірек болды. Әсіресе көрші елдердегі экологиялық апатты аудандардан өз бетімен келгендер көп болған. Келгендер ауа-райы қолайлы, бірақ жұмыс орындары аз оңтүстік аймақтарға орналасуда. Өзбекстанға квотаның көп бөлінуіне қарамастан, квотадан тыс келушілер легі өсуде. Квотадан тыс келген оралмандарға да алғашқы кезде көрсетілетін бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілуі қажеттілігі, олардың қазақстандық ортаға бейімделулерін жеңілдетер еді. Сондай-ақ, қазақтар жиі орналасқан сырт жерлерге барып, көші-қон жұмыстарын алдын ала дайындайтын, ұймдастыратын шағын мемлекеттік ұйымдар ашылса. Бүгінде шетелден келген этностық қазақтардың ең көп қиындық көрсеткен мәселесі – тұрақты тіркеу. Тұрақты тіркеуі жоқ адам оралман куәлігін ала алмайды, яғни жұмысқа да орналаса алмайды. Бұл алыстағы отандастарымыздың атажұртқа келуіне үлкен кедергі болып отыр. Осындай олқылықтардың шешім табуы шетелдегі отандастарымыздың атажұртқа көптеп келуіне бұрынғыдан да кең жол ашар еді [3].

Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінде «этносаралық келісімді нығайту ұдайы күш-жігер жұмсауды қажет етеді» деп, ұлтаралық қатынастардың өзінен өзі реттелмейтіндігіне, олардың астарында сан алуан әлеуметтік, саяси, психологиялық қайшылықтар барлығына назар аударады.

Жаһандану заманында ұлттар мен ұлыстар, бір жағынан, топтасып, өзара байланысып, біртұтастыққа икемделсе, екінші жағынан, бұл үрдістердің ұлттар арасында күрделі қайшылықтар тудырып, ұлттық мемлекеттер мен олардың мәдениетінің тағдыры алаңдатып отыр. Тәуелсіздік алып, ұлтына төнген қауіпсіздікті сезінген қазақ ұлтының біраз өкілдері бүгін ана тіліне, мәдениетіне, дәстүріне бет бұрды. Бүгінгі ұрпақ ұлттық құндылықтар арқылы кешегі ұрпақпен де, ереңгі ұрпақпен де байланысуға мүмкіндік алады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық патриотизм өскен сайын басқаларды шеттету заңдылыққа айналады деген болжамдар ақталмады. Қазақ ұлты жалаң этнопопулизмге бой алдырмады. Еліміздегі этностар да күрделі мәселелерді ой елегінен өткізіп, жаңа этно-ахуалға бейімделуде.

Жаһандану қазақ ұлтының болмысына әртүрлі деңгейде ықпал етуде. Этностарға ішкі ұлтаралық ахуалдың да, тарихи отандарының да ықпалы бар екені анық. Біртұтас қазақстандық қоғамдағы күнде өзгеріп тұратын күрделі ұлтаралық мәселелерді біржола шешу мүмкін емес, оны реттеу – қоғамның, мемлекеттің, әр азаматтың күнделікті парызы [4].

Тәуелсіздік жылдарында 1 миллион қандасымыз қайта оралды. Оның өзі – үлкен жақсылық. Себебі, қазіргі жаһандық жағдайда ұлтының ұлт болып сақталуы үшін көп мәселені ескру қажет. Соның ішінде халық саны өсуі керек. Ал, халық негізі екі түрлі жолмен көбейеді. Біріншіден, жергілікті жұрттың табиғи өсіміне жағдай жасап, мемлекет тарапынан қамқорлықты әлде болса жақсартып, күшейте түсу қажет. Екіншіден, шет мемлекеттерде шашырап жүрген қазақтардың елімізге келуіне, тұрақтанып тұрып кетулері үшін көрсетілетін көмектерді нақтылау және қадағалау қажет. Сондай-ақ, оларды ортаға бейімдеу, жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері мемлекеттік деңгейде жете бақылануы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей еліміздің басты байлығы – халық екені баршаға мәлім. Сондықтан, еліміз болашақта әлемдік қауымдастықтағы өркениетті елдердің қатарынан қалмай нық және мығым тұруы үшін халқымыздың саны өсуі керек. Яғни, қазақ халқы алдағы уақытта іргелі елге айналып, тәуелсіздігін баянды етуге сәтті қадамдарды қазірден айқындай түсуі қажет.

Қанат Еңсенов, тарих ғылымдарының кандидаты

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан, 2012. – 1-5-бб.

2. Асылбеков М. Х. Қазақтар қалай көбейеді? // Егемен Қазақстан, 9 желтоқсан, 2012. – 5 бет.

3. Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау (1991-2008 жж.). Тарих ғыл. канд. дәр. алу үшін дайындалған дисс. Авторефераты. Алматы, 2010. – 17-б.

4. Айталы А. Ұлтшылдық пен ұлтсыздық // Егемен Қазақстан, 27 маусым, 2012. – 3-б.

Тұмаудан сақтаныңыз!

$
0
0

Тұмаудан сақтаныңыз!

Астана. 19 қаңтар. Baq.kz – Қазақстанда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың көтерілуі алдыңғы эпидемиялық маусымдарды талдау бойынша қаңтардың аяғына және ақпанның басына келеді. Кейіннен мамыр айында сырқаттану бірлі-жарым жағдайларға дейін азаяды. Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мамандарының осылай деп ресми мәлімдеп отыр.

Қазақстан Республикасында тұмау вирусының айналымына мониторинг жасау және вирустың жаңа штаммдарын анықтау түрінде тұмауды және тұмау тәрізді ауруларды (ЖРВИ) эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесі қамтамасыз етілген.
Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында жыл сайын 1 желтоқсаннан бастап ел халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттану жағдайына және Қазақстандағы, сонымен бірге шетелдегі тұмау вирусының айналымына күн сайын мониторинг жүргізіледі.
Ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп сипатталады. Бақылау деңгейлерінен арту анықталған жоқ. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанудың 9 %-ға өскені байқалды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанудың 13%-ке төмендегені байқалады.
Ауырған адамдардың негізгі үлесі 14 жасқа дейінгі балаларға келеді және ол жалпы сырқаттанудың 70%-ін құрайды. Ағымдағы эпидмаусымда тұмаудан болған бір өлім жағдайы тіркелді.
Республиканың аумағына инфекциялық аурулардың әкелінуі мен олардың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде келетін адамдарға қашықтық термометриясын қолдана отырып мониторинг жүргізіледі.
2015 жылдың басынан бастап қазірге дейін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде 2 млн. 560 мыңнан астам адам тексерілді, этиологиясы инфекциялық және инфекциялық емес ауруға күдікті, дене қызуы көтерілген 30 науқас анықталған.
Зерттеу нәтижелері бойынша тұмау штаммдарының адамантандарға тұрақтылығы және тамифлю мен реленз сияқты вирусқа қарсы препараттарға сезімталдығы сақталғаны анықталды.
Республиканың барлық өңірлерінде тұмау вирусының айналымы анықталды, тұмаудың зертханалық расталған 270 жағдайы тіркелді. Маусымның басында болжанғандай, республиканың аумағында А(H1N1), A(H3N2) және В тұмау вирустары айналымда.
Алдыңғы жылдардағы сияқты Қазақстан аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалды инфекция, риновирустық және аденовирустық инфекция сияқты тұмауға жатпайтын инфекциялар да анықталған.
Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады.
Бүгінде республика бойынша тұмауға қарсы 1 млн 700 мыңнан астам адам егілді (халықтың жалпы санының 10,0 %-і), оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 1 089 139 адам (созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммун жетіспеушілігі, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері және жүкті әйелдер), жұмыс берушілер есебінен 500 мың адам, ақылы клиникаларда 135 мың адам егілген.
Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – ол ерекше емес профилактика. Ерекше емес профилактика организмнің өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге болады. Ерекше емес профилактика ретінде иммундық түзетуші препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және басқалары), поливитаминдер қолданылады.
Профилактика әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет.
Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі тиіс. Науқас үйде болғанда оны оқшаулап, бөлмені жиі желдету және барлық беттерді сүртіп, ылғалды жинау жүргізе отырып, науқасқа жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде өңдеген дұрыс болады.
Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі әсіресе ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жиі жуу болып табылады.
Арнайы бақылау адам қолының күнделікті мұрын мен көздің бөліндісімен, сілекеймен 300 ретке дейін жанасатынын көрсетті.
Иммунитетті көтеретін профилактиканың қолжетімді әдістерін де пайдалану туралы ұмытпау керек (пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп ішу, құрамында С витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнімдері сияқты өнімдерді қолдану, сондай-ақ белокқа бай өнімдерді қолдану).
Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрастылы себезгі мен бассейнді пайдалануға дейін организмді шынықтыру қажет.
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге бару керек.

Қырымның тағдырын қайталауы мүмкін бе?

$
0
0

Солтүстік Қазақстан Қырымның тағдырын қайталауы мүмкін бе?

Қазақтілді аймақ халқының өсуі мен орыстілді аймақтардағы халық санының азаюы немесе ешқандай да өзгеріссіз қалуы келешекте мемлекеттік тілдің басымдылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар аймақтардағы экономикалық жағдайлардың да өзгеруіне әсер етеді.

Аймақтағы экономиканың дамуына адамдардың экономикалық белсенділігі ғана әсер етіп қоймайды, ең басты себеп – халық санының молдығы мен қалыптасқан еңбек нарығы. Қазақстандағы еңбек нарығының дамымағандығының де негізгі себебі халық санының аздығы болып отыр.

Сондықтан Айдос Сарым: «Орыстілді аймақтардағы халық санының азаюы аталған облыстардың экономикалық жағдайына тікелей әсер етеді. Осылай жалғаса беретін болса солтүстік аймақтардағы халық саны 1 млн. адамға қысқарады, ал есесіне, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында халық саны 5 млн. дейін өседі», – дейді.

Аталған солтүстік және шығыс облыстардағы соңғы 10 жыл ішіндегі халық саны өзгерісін былай көрсетуге болады.

Павлодар облысы

Қостанай облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

2004

745 238

913 435

674 497

1 455 412

2015

775 778

881 456

571 759

1 395 324

%

3,9%

-3,6%

-15,2%

-4,1%

Павлодар облысында халық саны шамамен 4% ғана өскенімен, Солтүстік Қазақстан облысында халық саны 15,2%-ға төмендеп үлгерген. Бұл, біз жоғарыда айтып отырған, шартты түрде орыстілді аймақтар деп алған облыстарымыз.

Ал Қазақстандағы қазақтілді аймақтар деген шартты атау берілген аймақтардың халық саны былайша өзгерген:

2004

2015

%

Қызылорда облысы

607 491

753 148

19,3%

Оңтүстік Қазақстан облысы

2 150 256

2 788 404

22,5%

Маңғыстау облысы

349 668

606 892

42,9%

Алматы қ.

1 175 208

1 642 334

28,4%

Астана қ.

510 533

852 882

40,1%

Бұл аймақтардағы халық санының бұлай оң бағытта өсуі көші-қонмен және халықтың демографиялық потенциалымен байланысты. Әрине, Алматы және Астана қалаларына халықтың не үшін ағылып жатқаны белгілі. Негізгі еңбек нарығы да дәл осы орталықтар екендігі түсінікті. Маңғыстау аймағындағы халық санының өсуі де тікелей мұнай саласындағы еңбек нарығының қалыптасуымен байланысты.

Алайда қандай үдеріспен болсын қазақтілді аймақтардағы халық санының өсуі қуантарлық жайт. Халық санының өсуі аймақтың экономикасына жағымды әсерін тигізеді: еңбек нарығының қалыптасады, экономикалық белсенді адамдардың көбейюіне әсер етеді. Сонымен қатар, бұл аймақтардағы халық санының өсуі қазақ тілінің де дамуына әсер етеді деп ойлаймыз.

Дегенмен, басты проблема мұнда емес. Ендігі кезекте социологтарды толғандырып отырған мәселе – солтүстік аудандардағы халық санының азаюы. Айдос Сарым «солтүстік аймақтардағы халық санының азаюы Қырымның тағдырын қайталауы мүмкін» дегенді айтады. Сондықтан бұл аймақтардағы халық санын барынша сақтап қалу қажет.

Солтүстік аймақтардағы миграцияның басым көпшілігі иммиграциямен қатар, аудан халқының еліміздің ішкі аудандарына қатынасуы үлкен үрдіске айналған. Әсіресе, солтүстік аймақ халқы Астана қаласы шоғырланып жатыр. Ендігі кезекте солтүстік, шығыс аймақтардағы халықты сақтап тұруға барынша өзекті болмақ.

Әсіресе, иммиграция процесін бастап отырған славян ұлттары өкілдерін қазіргі зерттеуші социологтар шартты түрде үш топқа бөліп алады: Қазақстаннан кетемін дейтіндер (≈30%), Қазақстанда қаламын дейтіндер (≈30%) және ешқандай шешім қабылдамаған, екіойлы азаматтар (≈30%). Айдос Сарым дәл осы үшінші категориялы топты сақтап қалуға күш салу керектігін айтады. Ол үшін солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін, бұл аймақтағы халықтың жай-күйін, ойымен, пікірімен танысу керектігін айтады.

Саясаткер бұл аймақ халқының тұрақсыздығы бәрінен бұрын мемлекеттік тіл мәселесінің шешілмегендігімен байланыстырады. «Қарапайым ғана мысал, кез келген банктің қызметін жүгінуге барсаңыз, қызметкерлер міндетті түрде екі тілде қатар қарсы алады. Финанс саласындағы компаниялар қызметкерлерінен мемлекеттіктілді меңгеруін талап етеді. Сондықтан да алдағы уақытта еңбек нарығында мемлекеттік тілді меңгерген мамандар әлдеқайда сұранысқа ие болады», – дейді саясаткер.

Солтүстік аудандардың мемлекеттік тілде «сөйлей алуы» Қазақстанның өзінің ішінде бәсекеге қабілетті екендігін таныта алатын еді. Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері де шет елдерге (Ресей, Украина) көшіп әуре болмас еді. Ал халықтың сыртқа кетпей ел ішінде қалуы Қазақстан экономикасына оң ықпалын тигізер еді.

Слямбеков Қымбат

Инфографика eurazis.kz сайтынан

Viewing all 778 articles
Browse latest View live